Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы Шымкент, 021 Әож 557. 1: 547. Ббк 28. 072 Есимова А. М., Ибраимова Ж. К. «Биомассаны алу және өңдеудің биотехнологиясы»


Бактериалы энтомопатогенді препараттар



бет44/57
Дата11.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#477170
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57
Лекциялар жинағы

Бактериалы энтомопатогенді препараттар
Қазіргі уақытта бактериалы препараттар жәндіктердің 160 түрімен күресуде қолданылады. Бұл препараттарды алу үшін спора түзуші Bacillus thuringiensis бактериялары кеңінен қолданылады. Бактерияның споралары жәндіктің денесіне түсіп, оның ішінде өсіп, дамиды. Вегетативті жасушалар тез көбейеді, анықталған ұлпаларды жояды, кейіннен жәндікттердің ішкі ортасының көп бөлігін толтырады. Bacillus thuringiensis штамдары культивирлеу процесінде спора түзіп қана қоймай, сонымен қатар токсинді компоненттер қатарын синтездейді, олар бактериалы жасушада (эндотоксиндер) және культуралды сұйықтықта (экзотоксиндер) жинала алады. Токсиндер бактериалардың өсу үрдісінде кристалл түрінде бөлінеді. Қазіргі кезде төрт токсин белгілі, олар табиғаты бойынша ақуызды заттар, бірақ химиялық құрылысы әртүрлі. Токсиндердің физика – химиялық қасиеттері де әртүрлі. Олардың біреуі, мысалы: термостабильді, ал басқалары термолабильді және т.б. температура әрекетіне азырақ тұрақсыз болады. Кристалды токсиндер, жәндіктің денесіне түсіп, әртүрлі әрекет етеді: олардың біреуі, мысалы, ішектің жасушаларын зақымдайды, басқалары РНҚ синтезіне әсер етеді, кейіннен бұл жәндіктің өлуіне әкеледі.
Токсинді заттар, спора және кристалл негізінде Bacillus thuringiensis әртүрлі штамдарын синтездеумен мынадай бактериалы препараттар алынған: энтобактерин, инсектин, алестин, экзотоксин, токсобактерин, дендробациллин, битоксибациллин.


Энтобактерин өндірісінің технологиясы
Микробтық патогендер өндірісінің негізінде энтомопатогенді бактерияларды түптік культивирлеу мақсатында жасушалардың культуралды сұйықтықта максималды жиналуы немесе токсиннің жиналуы болып табылады. Бактериалы энтомопатогенді препараттардың энтобактерин өндіру технологиясы төменде келтірілген.
Энтобактерин өндірісінің технологиялық үрдісі кез-келген микробиологиялық өндіріске сәйкес микроорганизмдерді түптік культивирлеу әдісіне негізделген келесі сатыларда жүреді:
1.Егіс материалын алу;
2.Қоректік ортаны дайындау және залалсыздандыру;
3.Ауаны залалсыздандыру;
4.Ферментация;
5.Культурльды сұйықтықты концентрлеу;
6.Препаратты буып түю және кептіру;
Егіс материалын алу. Энтобактерин өндірісі үшін бастапқы культура Bacillus thuringiensis болып табылады. Зауыт лабораториясында фагтың болмауына өндірістік штамға бақылау жасалып тексеріледі және культуралды сұйықтықтың вируленттігі және өнімділігі тексеріледі. Егіс материалын алу үшін, культураны 3 л конусты колбада өсіреді. Егіс материалы өсірілгеннен кейін 1мл-де, 1,7 млрд. спора түзілуі керек. Өндірістің барлық сатыларында ашытқы полисахаридті қоректік орта (АПС) қолданылады, оның құрамы, %:
Азықтық ашытқы 2-3
Жүгері ұны 1-1,5
Кашалот майы, көп емес 1

Қоректік орта

Залалсыздан-ған ауа

Егіс материалы



Ферментация




Культуралды сұйықтықты
сепарирлеу

фугат

Паста






Шашыратқыш кептіргіш






Пастаны тұрақтандырғыш




Құрғақ концетрат




Ыдыстарға құю




Стандарттау және буып түю




Энтобактерин




Энтобактерин

26 cурет. Энтобактерин өндірісінің технологиялық сызба нұсқасы


Қоректік ортаны залалсыздандыру мен дайындау дәстүрлі әдістермен жүргізіледі. Колбадан алынған егіс материалын залалсызданған ортаға егіс аппаратына көлемі 0,05 % мөлшерде ортаның көлеміне қарай егеді.


Аппаратта культураны өсіру үздіксіз араластыру мен аэрациялаумен 28-300С температурада және аппаратта 0,14-0,15 МПа қысымда жүргізіледі. Культивирлеу ұзақтығы 35 – 40 сағатқа созылады. Егіс материалын өндірістік ферментерге жіберер алдында бөгде микрофлора мен фагтың барын бақылап тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет