Биотехнологияның негізгі мақсаты қандай? Биотехнология қандай ғылымдармен байланысты (толық) Биотехнология


Рекомбинантты ДНҚ технологиясын сипаттаңыз (почти толық)



бет39/60
Дата09.01.2024
өлшемі116.08 Kb.
#488716
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60
Принципы и методы получения биопрепаратов

Рекомбинантты ДНҚ технологиясын сипаттаңыз (почти толық)

Рекомбинантты ДНҚ технологиясы (РДТ) in vitro жағдайында әртүрлі ДНҚ молекулаларын, бөтен гендерін біріктіру технологиясын іске асырып, кейін реципиент организмде олардың репликациясын жүргізіп инженерия аясындағы жетістік деп сипаттауға болады. Рекомбинатты ДНҚ технологиясының тірі клеткада, in vivo жағдайында мутация және рекомбинация негізінде жүретін дәстүрлі клеткалық селекциядан айырмашылығы осында.
Екінші айтарлықтай айырмашылығы: Рекомбинантты ДНҚ технологиясы - бұл мүлдем түрлі генетикалық материалдарды қосу және клондау. Ал дәстүрлік селекцияда бұл мүмкін емес. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы молекулалық биология, нуклеин қышқылдарының химиясы, гендік-инженерлік энзимология жетістіктері арқылы тінаралық тосқауылдарды жеңуге мүмкіндік береді.
Дәстүрлік селекция алдымен жаңа штаммпродуценттерді, осімдіктердің жаңа сортын, жануарлардың жаңа түқымын алуда белгілі нәтижелерге қол жеткізеді. Кейін алынған онімнің фенотиптік өзгерістеріне жауапты гендерді анықтауга зерттеулер жүргізеді. Ал РДТ алдымен генетикалық өзгерістердің багдарламасын жасайды, содан кейін өнімді алып фенотиптік қорытындысын жасайды.
Кейбір зерттеушілер РДТ гендік микрохирургия деп атайды, бірақ ол рестриктазалар мен лигаза ферменттері арқылы жүзеге асатын химиялық хирургия. Сонымен қатар, РДТ - бүл дәстүрлік селекцияның жалғасы, мутантты организмдер алу кезінде мутация мен рекомбинация-ларды практика жүзінде қолдану нәтижелерініц анализі. Спонтанды және индуцияланған мутациялар, рекомбинацияның әр түрлі әдістері (конъюгация, трансформация), in vitro-дa ДНҚ рекомбинантты молекуласын жасау - мұның бәрі зерттеу нысаны ген болатын клеткалық және молекулалық генетиканың эволюциялық жетістіктері.
Рекомбинантты ДНҚ технологиясын түсіну бірнеше себептер бойынша маңызды:
1. Бұл саладағы ақпараттық тың жаңалықтар шын мәнінде таңқаларлық.
2. Қазіргі уақытта бірқатар аурулардың молекулалық табиғатын зерттеу стратегиясы жасалған.
3. Гендік инженерия әдістері көмегімен адам нәруыздарын терапиялық мақсаттар үшін жеткілікті мөлшерде алуға болады.
4. Гендік инженерия нәруыздық вакциналар мен диагностикалық мақсаттар үшін нәруыздық препараттар алудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.
5. Рекомбинантты ДНК технологиясы диагностикалық міндеттерді шешуде және бірқатар аурулардың даму қаупінің дәрежесін анықтауда тиімді болып отыр
6. Орақ жасушалы анемия, талассемия т.б ауруларға гендік терапия қолдануға мүмкіндігі пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет