«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат.
Биылғы жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен «Бір ел-бір кітап акциясы аясында таңдалған Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының ел болып оқылуы біздің облыс үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені бұл шараға Ақжайық топырағында дүниеге келген ақынның 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Соған орай Ж.Молдағалиевтың «Мен-қазақпын» поэмасын оқу мен насихаттауға байланысты облыс кітапханаларында көптеген шаралар өткізілді.
Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы 15 қыркүйек күні қаладағы зиялы қауым өкілдері және студенттер, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жерлесіміз, жұбантанушы, өлкентанушы Жайсаң Ақбайдың «Жұбан: Мен-қазақпын,биікпін, ерікті ұлмын» кітабының таныстырылымын өткізді. Кешті педагогика ғылымының докторы, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік аграрлық –техникалық университетінің кафедра меңгерушіс Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев ашып, «Танымдық тағылымы мол туынды» тақырыбында кітап туралы баяндама жасады. Бұдан кейін сөз алған облыс әкімінің кеңесшісі, республикалық дәрежедегі зейнеткер Б.Жұмағалиев, журналист, Жұбан Молдағалиевтың шығармашылығын терең білетін Б.Қуатов, зиялы қауым өкілдері Ә.Нұрғалиев , Қ.Тұрашев, Ғ.Хаймулдин т.б пікір айтса, жас ғалым, әдебиетші А.Ахметұлы кітаптың келер ұрпақ үшін құндылығына тоқталды. Сондай-ақ кеште «Жұбан оқуларының» жүлдегерлері , студенттер Х.Ғабсаттар мен Б.Зинешов «Мен-қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды. «Жыры-інжу, рухы-биік Жұбан ақын» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, кітап мазмұны бойынша слайд көрсетілді.
Осындай шара Ақжайық аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен жерлесіміз, ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына орай жарық көрген Жұбантанушы Ж.Ақбайдың «Жұбан: Мен – қазақпын, биікпін, ерікті ұлмын» және Б.Есқалиевтің редакторлығымен аудан көлемінде шыққан «Жайықтың Жұбаны» кітаптарының тұсаукесері өткізілді. М.Әуезов атындағы ОЖББ мектептің мәжіліс залында өткен айтулы шараға аудан әкімі А.Иманғалиев, аудан әкімінің орынбасары М.Жұматова аудан әкімінің орынбасары Б.Хайруллин, аудан әкімінің орынбасары Н.Рақымжанов, өлкетанушы Ж.Ақбай, Жәңгір хан атын. БҚТУ ұстазы, ғылым докторы А.Қыдыршаев, аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының орынбасары С.Аймұқашев, аудандық мәслихат хатшысы Д.Жақсыбаев, сондай –ақ аудандағы білім ошақтары мен барлық мекеме басшылары, он сегіз округ кітапханаларының меңгерушілері мен аудандық кітапхананың кітапханашылары, «Муза» ШОО мүшелері қатынасты.
Акция аясындағы шараларды өткізу Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасы да тыс қалған жоқ. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ұсынылып отырған шығарманы кеңінен зағип оқырмандар арасында дәріптеу мақсатында Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» атты поэмасын дауыстап оқу ұйымдастырылды. Зағип оқырмандар үшін поэма «Мен қазақпын» бедерлі-нүктелі қаріп түрінде басылып шығарылып, оқырман қауым назарына ұсынылды. Сонымен қатар «Жыр шұғыласы» Жұбан Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау зағип оқырмандардың қатынасуымен өткізілді.
Байқаудың бірінші бөлімі Батыс өңіріне терең танымал, Жұбанды дүниеге келтірген киелі топырақ - Тайпақ өңірінде туып-өскен ақын жайлы сыр шерту үшін Жұбан ақынның көзін көрген жерлесі, інісіндей сырлас болған, қалың көпшілікке танымал журналист Қуатов Базарғали кездесу өткізіліп, Екінші бөлімі Жұбан ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқаумен жалғасты. Байқауға 11 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі І-ІІІ орындар мен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды. Жұбан Молдағалиев өлеңдерін мәнерлеп оқудың ең үздік шебері»- бас жүлде- «Гран- При»- кітапхананың зағип оқырманы Рая Мукашеваға Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасынан директор орынбасары С.Кенжебаева тапсырды.
Аудандарда өткізілген шараларға тоқталатын болсақ. Бөкей орда ауданына қарасты ОКЖ—дегі аудандық кітапхана, Тайғара, Кеной, Жамбыл, Көктерек ауылдық кітапханалары кәсіптік лицей және мектеп оқушылары арасында «Мен-қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқудан сайыс өткізсе. Орда, Саралжын, Мұратсай, Искра, Бисен ауылдық кітапханалары «Қазақ өлеңінің жырдариясы», «Ақын мәртебесі - ел мерейі» ,«Жүректе жарқын бейнесі» тақырыптарында кітап көрмелерін ұйымдастыры , «Өлмес өмір-өшпес жыр» тақырыптық кеш, «Тұлғалы ақын» әңгіме, «Жұбан оқулары кітапханада» апталық, «Жыр шұғыласы» поэзия кеші, «Жұбан жыры тербетеді» сайыс кештерін өткізіп, «Қазақ өлеңінің жырдариясы» папка, картотека жинақтап , әдебиеттеріне шолу өткізді.
Бөрлі ауданындағы барлық кітапханаларда акция бойынша кітап көрмелері жасақталды. «Өргелең өмір өшпес өнеге» атты кітап көрмесі Жарсуат, Пугачев ауылдық кітапханаларда жасақталса, «Қазақ елі - Жұбанды оқимыз» Аралтал ауылдық кітапханасында, «Халық поэзиясының алыбы» Қызылтал ауылдық кітапханасында ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Бөрлі жерінің жергілікті ақындарымен Ж.Молдағалиевтың мерей тойына арналған еске алу кеші 14- мамыр айында аудандық кітапханада оздырылды. Іс-шараға №4 мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысып, Ақдәулетова Жанар, Хамитова Айгерім, Сейітова Фарида, Габдулов Әділ, Амангелді Айдар «Мен қазақпын» поэмасыннан үзінді оқыды. «Жүректе жарқын бейнесі» атты поэзия кеші өткізілді. Қалалық №3 мектеп оқушылары ақынның туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Жарсуат ауылдық кітапханасында «Айбынды азамат ақын» атты ауызша журнал «Кітап құмар» (5-6 сынып) клуб мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Кеште Ж Молдағалиевтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды Димитрово ауылдық кітапханасында «Жұбан жайықтағы қазақтың рухын көтерді» атты зерделі әңгіме жасөспірімдер арасында оздырылды. Қызылтал ауылдық кітапханасы жанындағы «Жыр жазамын жүрегіммен» атты әдеби клубының мүшелері және Қызылтал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімідері арасында оқу марафоны өткізілді. Оқу марафонында «Мен қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқыған оқушылар бағалы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде қыркүйек айынының 15-і мен 25- аралығында «Жыр толғауы- Жұбан» атты онкүндік өткізілді. Онкүндіктің алғашқы күні аудандық кітапханада «Жыр арқауы-Жұбан» атты көрмеге шолу жүргізілді. Кітапханаға келген оқырмандарды көрмемен таныстырып, ондағы қойылған мәліметтер мен деректерге шолу ұйымдастырылды. Аудандық кітапхананың оқу залында аудандық «Жұбан оқулары» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты - Ақжайықтың аса көрнекті ақиық ақыны Ж.Молдағалиев шығармашылығын оқырмандар арасына кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауға қатысушы үміткерлердің орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың Жұбан шығармаларын кеңінен меңгеруіне жол ашу. Байқауға 10 үміткер қатысты.
Аудандық кітапханада «Жұбан және желтоқсан» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияны мақсаты оқырмандар арасында Ж.Молдағалиев шығармашылығын кеңінен насихаттау, желтоқсан оқиғасындағы ақынның бейнесін баяндау.
Конференцияның ашылу салтанатында Қ.И.Сәтпаев атындағы орта мектептің 7 «а» сынып оқушылары ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп орындады.
Кітапханашылармен қатар баяндамада сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, тарихшы Т.Қиясов көптеген мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, Жұбан ақынның желтоқсан оқиғасындағы сөйлеген сөздерін баяндап, оқырмандарға көптеген мағлұматтар берді. Конференция барысында ақынның өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, «Жыр арқауы-Жұбан» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Жарыссөзге түскен оқырмандар қауымы ақынның өлеңдерін оқып, өздерінің көзқарастарын білдірді.
Сондай-ақ «Бір ел-бір кітап» акциясы мен Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығы тұспа- тұс келуіне орай кітапханашылардың кәсіби– іскерлік қабілеттерін дамытуға арналған кітапханашылардың аудандық «Үздік Жұбантанушы» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты- ақын шығармашылығына тереңірек үңілу, кәсіби-іскерлік қабілетті шыңдау болды.
Байқауға аудандағы 27 кітапханадан 21 кітапханашы қатысты. Байқау барысында кітапханашылар ақынның 1 өлеңін жатқа айтып, блиц-сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналып өткізілген ісшаралардың бағдарламаларын қорғау, яғни әрбір кітапханашы өзінің іскерлік шеберлігін көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік Жұбантанушы» атағын, І орынды Қ.Бақтыгереева /ақтау ауылдық кітапханасының кітапханашысы/ ІІ орынды М.Жұмашева /Шежін/, ІІІ орынды Б.Есбол /аудандық кітапхананың абонемен бөлімінің кітапханашысы/ иеленді. Сонымен қатар «Мен қазақпын» поэмасын мәнерлеп оқығаны үшін Н.Балагулова /Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы/, блиц сұрақтарға жақсы жауап беріп,өзінің біліктілігін көрсеткені үшін А.Каналиева / Белугин ауылдық кітапханасының кітапханашысы/, өзінің мол тәжірибесін ортаға салғаны үшін
А.Зайнуллиналар /Оян ауылының кітапханашысы/ көзге түсіп, марапатталды. Осы онкүндік аясында барлық кітапханаларда Ж.Молдағалиев шығармашылығына арналған папкалар жинақталып, газет-журналдар беттеріне мақалалар жазылды. «Бір ел-бір кітап» акциясын насихаттау ауылдық кітапханаларда өз жалғасын табуда.
Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты аудандық кітапханада № 19 кәсіптік мектеп және мектеппен бірлесіп «Қыран жырдың қанаты» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 10 жасөспірім үміткер қатысып, 1 шарт «Мен - қазақпын» өлеңін жатқа айтып, 2 шарт « Мен Жұбанды жырлаймын» ақынға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу, 3 шарт «Жыр додасы» - ақын өлеңдерінің бастапқы шумағы оқылғанда әрі қарай жалғастырып жатқа айту сындарынан өтіп, «Мәнерлеп оқу шебері», «Үздік оқырман» атты номинациялармен марапатталды. Құспанкөл ауылдық кітапханасында «Мен Жұбанды оқимын» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке 19 балалар қатысты. Балалардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін нығайтуда ақынның туған жерге жазылған дастандары мен очерктері оқылды.
Сондай-ақ барлық кітапханада «Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» поэзия күндері өтті. Шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат беріліп, оның ерлік туралы, отанға деген сүйіспеншілік, туған жер мен елге деген сағынышқа толы өлеңдері, лирикалық жырлары туралы баяндалды.
Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының “Бір ел-бір –кітап” акциясы шеңберінде , ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы жайында “Жасдәурен балалар кешенінің тәрбиеленушілерімен кітапхана қабырғасында және Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар аулында оздырылды. Шаралар ақынның сөзіне жазылған жасөспірімдердің сүйікті рэп-әншісі Ерболат Құдайбергеновтың “Мен қазақпын” атты рухты музыкалық әнімен ашылды. Шара Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. .
Бір ұлттың атынан әнұранға пара-пар поэма жазған,ең алдымен ақындығымен, азаматтығымен,қайсарлағымен талайды тәнті еткен біздің өлкеміздің мақтанышы жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің шығармаларын насихаттауға арналған іс-шаралар одан әрі қыркүйек айында жалғасатын болады..
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана 21 қыркүйек күні Батыс құраманың 5515 бөлімшесі сарбаздарымен «Бір ел-бір кітап акциясы, ҚР халықтары тілдері мерекесі және ақын, қайраткер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ж.Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу шаралар аясында «Қазақ тілі мен сен үшін мақтанам» тақырыбында шара өткізді.
Шарада сөз алған Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана директорының орынбасары Сара Көшәліқызы кітап оқудың мәртебесін көтеру мақсатында жыл сайын республика көлемінде «Бір ел-бір кітап» акциясы ұйымдастырылып келе жатқандығын айта келіп, алғашқы үш жылда Абайдың «Қара сөздері», М. Әуезовтың «Қилы заманы», М. Жұмабаевтың лирикалық жырлары насихатталса, биыл қазақтың ақиық ақыны, жерлесіміз Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы насихатталып жатқандығына тоқталды
Шараға ақынның замандастарының бірі, запастағы офицер, көп жылдар Алматы қаласында тұрған, Қазақстанның ағарту ісінің үздігі Социал Пұсырманов қатысып, Жұбан Молдағалиевтың шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Сарбаздар «Қан басқан қағаз», «Қазақ тілі» өлеңдері мен «Мен-қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды. Шараны Батыс құраманың идеологиялық қызметкері Ш.Меңдіғалиев қортындылады. Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 қырқүйек күні Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен-қазақпын» поэмасын оқуға байланысты кеш ұйымдастырылды. Кеште «Мен-қазақпын» поэмасы оқылып, ақын сөзіне жазылған композиторлардың әндерін колледж студенттері қатысты
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі,байырғы журналист Базарғали Қуатов ақынның өмірі, шығармашылығы, кездескен сәттері туралы ойларын студенттерге айтты.
2010 жылдың 24 қырқүйек күні Акция аясындағы шара қаладағы Қазақ-түрік лицейінде жалғасты. Кешті лицей директорының орынбасары Кенжалиева Ботакөз Сағындыққызы құттықтау сөз сөйлеп алғысын білдірді .Поэзия кешінде Гарифуллин Алишер «Ана туралы баллада»,Зайтлесов Аслан «Хатшыға хат», Сансызбаев Жандос «Жағаңда тұрмын Жайығым», Қабылсихов Ерлан «Білем білген бір қазақты» өлеңдерін және басқа да лицей оқушылары «Мен-қазақпын» поэмасынан үзінділерді жатқа оқыды.
28 қыркүйек күні №34 қазақ гимназиясының акт залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп мектептің кітапхана қызметкерлері ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кеш оздырылды. Бұл кеште ақынның «Сенемін адамға», «Түсімде көрдім анажан», «Тайпақ деген жерім бар», «Мен қазақпын» атты өлеңдерімен мен поэмалары оқылды.
Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бердіғалиева Раухан Жылқыбайқызы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға таныстырып өтті.Ақын А.Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн»атты өлеңін 7-сынып оқушылары Құлманов Ұлағат пен Құрмашев Арман оқыды. Бұл кеште облыстық кітапхана қызметкерлерінің күшімен ақынға арналған кітап көрмесі мен слайд ұйымдастырылды.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада 1 қазан күні өткізілген республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясын қортындылау және Алаштың ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына байланысты еске алу шаралары аясында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталған мерекелік шараларға қатысушылар кітапханадағы «Жыры - інжу, рухы - биік Жүбан ақын» атты кітап көрмесін аралап, сондағы рухани жәдігерлермен танысты.
«Жұбан залының» ашылуын тамашалады. Залдың лентасын ақынның жары София Мәлікқызы мен қала әкімі Самиғолла Хамзаұлы қиды. «Ақын мәртебесі-ел мерейі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына ақынның жары София Мәлікқызы балалары Қуандық-Сағадат, және Азамат-Айгүл облыс әкімінің орынбасары Серік Кенжебекұлы Сүлеймен, Қазақстан Республикасы кітапханалар ассоциациясының төрайымы, тарих ғылымының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов, Азамат Ыбырайұлы Мамыров, Рита Бекжанқызы Сұлтанғалиева, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары Тлекжан Хасенұлы Рысқалиев, Абат Сатыбалдыұлы Қыдыршаев, Жұбан ағамыздың замандастары республикалық дәрежедегі зейнеткер, Ұлы Отан соғысының ардагері, облыс әкімінің кеңесшісі Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы, Жұбан Молдағалиев туралы жақында жарыққа шыққан «Жұбан: Мен-қазақпын, биікпін, ерікті ұлмын» кітабының авторы Жайсаң Ақбай және басқада ел ағалары, облыс, қала мекемелерінің басшылары, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілері, аудандық кітапхана директорлары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қала орталығындағы кітапхана қызметкерлері қатысты «Ақын мәртебесі-ел мерейі» тақырыбындағы конференцияны облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов ашты.
Сонан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қүттықтау сез сөйлеп, жерлес ақын мерейтойының Ақ Жайықтың рухани-мәдени өміріндегі айрықша маңызын атап өтті. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры Серікқали Шарабасов «Адамзаттың Жұбаны - ұлттық рухтың жыршысы» атты баяндамасында ақын өлеңдеріне терең талдау жасады. Ғалым-оқытушымен бірге сол жоғары оқу орнының студенттері де ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ал Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессоры, философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев ақын өлеңдерінің пәлсапалық астарына көңіл аударды. Жерлес ақың Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның «Жұбан жырларындағы әйел-ана бейнесі» атты баяндамасы қағазға шұқшиып оқымағандықтаң баяндамадан гөрі жүрек тебіренісіне көбірек ұқсады.
- Жұбан ағамыз, - деді ол шын мағынасындағы ұлтшыл еді. Өле-өлгенше сонысы айнымай кетті. Соңынан қалған біз әлі күнге дейін ұлтшыл бола алмай келеміз. «Ұлтшыл» деген сөзден қорқамыз ба, қалай өзі ?! Оның сонау жылдары « Мен-қазақпын!» деп айдай әлемге жар салуының өзі төтен ерлік. | Меніңше, оның есімі «Xалық Қаһарманына» әбден лайық. Бұл - енді келешек ұрпақтыі еншісіне тиер іс. Жұбан атындағы ауыд мектеп тек Ақ Жайық өңірінде емес, Астана мен Алматыда да жарқырап тұруы тиіс.
«Оқитын ел-озық ел» тақырыбында баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми –талдау Орталығының жетекшісі Маржан Валиулина баяндама жасап, «Бір ел-бір кітап» акциясының маңыздылығына, Жұбан ағамыздың «Мен-қазақпын» поэмасын ел болып оқуға таңдалуының мәніне тереңірек тоқталды.
Конференцияда сондай-ақ өзге де баяндамалар тыңдалды Бұдан басқа жиын барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты түрлі суреттерден слайд көрсетілді. Конференция жұмысы «Жұбантану-өркениеттің шыңы» тақырыбындағы секциялық отырыспен жалғасты. Секцияда кітап оқу проблемасы мен жұбан шығармашылығының зерттелуі туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері Б.Қарақыз, М.Валиулина, ҚР кітапханалар қауымдастығының төрайымы Р.А.Бердіғалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің магистрант-оқытушысы А.Ахметұлы, Жұбанның замандасы С.Пұсырманов, Ақжайық, Шыңғырлау аудандық кітапханаларының директорлары Р.Мусағалиева мен Г.Қуанаевалар өз пікірлерін білдірді. Конференция жұмысының қортындысы бойынша арнайы шешім қабылданды. Конференцияны және «Бір ел-бір кітап» акциясын ұйымдастырудағы белсенділіктері ұшін бір топ облыс кітапханашылары ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара Жұбан Молдағалиевтің туған күні қарсаңындағы дәстүрлі «Жұбан оқулары» байқауымен аяқталды.
Киелі Ақжайық топырағынан нәр алып, қияға қанат қаққан, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырған, өр дауысты, айбынды ақын, аяулы жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің ұрпағына қалдырған мол мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2001 жылдан бастап, ақынның кітапханаға есімі берілгелі бері, жыл сайын ақынның туған күніне орай дәстүрлі “Жұбан оқулары” байқауы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. «Жұбан оқулары» биыл 10-шы рет өткізіліп отыр.
Жұбан жырларын осы 10 жыл ішінде 500-ге тарта еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін оқып, осы шараның қатысушылары болды. Осы оқу отбасы мүшелерінен бастап өзге ұлт өкілдері арасында да өткізілді.
Биылғы байқау облыстық деңгейде болғандықтан бұрынғы байқаудан өзгешелеу болды, яғни ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқумен қатар, оның өмірі мен шығармашылығын кейінгі жас ұрпақ тереңірек білсе деген талапта қойылды Сонымен қатар ел болып оқуға таңдалған «Мен-қазақпын» поэмасын жатқа білуде бүгінгі талапкерге қойылып отырған шарттың бірі болса, ақындардың Жұбан рухына арналған өлеңдерін білуі де бүгінгі байқаудың талабы. Байқау мынандай шарттардан тұрды
-
Жыр саған туған жер» айдарында байқауға қатысушы Жұбанның бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілілік дәрежеде болуы тиіс.
-
«Жыр додасы» айдарында үміткерлер «Мен қазақпын» поэмасын жатқа толық білуі шарт. Үміткерлер конверт суыру арқылы, конвертте берілген поэманың кез-келген шумағынан әрі қарай жалғастырып оқу керек;
-
«Жұбан рухына арналған жырлар» айдарында үміткерлер танымал ақындардың Жұбанға арнап жазған өлеңдерін конверт суыру арқылы таңдап жатқа оқып беру керек. (конвертте авторы мен өлеңнің тақырыбы көрсетіледі)
-
«Біз білетін Жұбан ақын» - сұрақ-жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы «Жорға» ойыны сияқты. Үміткер 1 минут ішінде Жұбанның өмірі мен шығармашылығына қатысты 10 сұраққа жауап беру керек. Байқауға қатысушыларға байқаудың әр шарты бойынша 1-5 аралығында балл қойылады, ал төртінші шарты бойынша әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
«Жұбан оқулары» байқауына 12 ауданнан 12 үміткер қатысты. Байқауға қатысушыларға ақын-жазушылар мен жұбантанушы ғалымдардан құралған әділқазылар алқасының мүшелері әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарды марапаттау ақын ескерткіші жанында ақынның туған күніне орай 5 қазан күні ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен және Жұбан жырларын оқумен жалғасты.
«Жұбан оқулары» облыстық байқауының нәтижесінде Ақжайық ауданынан Кухаев Біржан Амангелдіұлы, Қаратөбе ауданынан Нұрсейітова Назерке Бисенғалиқызы І орынға, Казталов ауданынан Мұхамбетқалиева Әсем Әділғалиқызы ІІ орынға, Зеленов ауданынан Жұмабаева Назерке Ыбырайқызы ІІІ орынға ие болды, сондай-ақ байқауға қатысушылардың барлығына «Алғыс хат» пен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
Байқау қортындысына арнайы жерлес ақын, Қазақстан Жазуылар Одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева қатысып, ақын туралы өз лебізін білдірді. Шараға №2 Ж.Молдағалиев атындағы орта мектептің оқушылары мен «Қарылғаш» балалар бақшасының тәрбиеленушілері қатысты.
“Бір ел бір кітап” Акциясы аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен-қазақпын» поэмасын оқуға облыста 480-ге тарта түрлі шаралар өтіп, оған 10500-ге жуық оқырман қатысты. Мұның өзі елімізде төртінші рет өткізілген Акция кітап оқитын оқырман қатарын көбейтуде өз нәтижесін бере бастағанының айғағы.
Жұбан шығармашылығын насихаттау үшін кітапханашыларға көмек ретінде «Қазақ өлеңінің жырдариясы» атты биобиблиографиялық құралды және «Қас-қағым сәт» фото-суреттер жинағын облыстық кітапхана дайындады.
Ж.Молдағалиев атындағы
Батыс Қазақстан облыстық
ғылыми-әмбебап кітапхана директоры Р.Ж.Исатаева
Орындаған: Кенжебаева С.К.
Тел:507690
Достарыңызбен бөлісу: |