Демесінова айнұр айтжанқызы қызылорда қаласы қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында күріш ауыспалы егісінде



Дата01.07.2016
өлшемі275.29 Kb.
#171252
түріДиссертация

ӘОЖ 631.153.3:631.582:633.358 (574.54) Қолжазба құқығында



ДЕМЕСІНОВА АЙНҰР АЙТЖАНҚЫЗЫ
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ҚАРАУЫЛТӨБЕ ТӘЖІРИБЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСІНДЕ

ҚЫТАЙ БҰРШАҚ ДАҚЫЛЫН ӨСІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

6М080100-Агрономия мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аграрлық –техникалық факультетінің «Ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясы» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

доцент Б.Қ Кенбаев

Ресми оппоненті: ауыл шаруашылығы ғылымдарының

докторы, Л.А. Тохетова

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 2012 жылы «___» маусымда сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, №4 оқу ғимараты. Аграрлы-техникалық факультеті, 201-дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К. Бәйсейітова көшесі, №100) танысуға болады.

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Б.Қ. Байжанова



КІРІСПЕ
Еліміздегі егіншілік саласының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды бағыты – бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі. Арал өңірі жағдайында ауыл шаруашылығын көтерудің негізгі бағыты – күріш егіншілігін интенсивті дамыту. Бірақ, Сырдария өзені суының жетіспеушілігіне сәйкес күріш өндіруді арттыру мүмкіндігі жылдан жылға шектелуде. Дария суының алдағы уақытта көбеймейтінін ескерсек, Қызылорда облысында егіншілік құрылымына өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Осыған сәйкес суды аз талап ететін, экономикалық тұрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізіп, егіншілік саласын әртараптандыру керек. Бұл жағынан алғанда қытай бұршақ дақылы бағалы азықтық, жемшөптік дақыл әрі дәрілік өсімдік.

Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешендерді заманауи талапқа сай, жетілдіру оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде ауылдық, аумақтық әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі болып саналады.

Қызылорда облысында күріш ауыспалы егісіне әртараптандыру бағытында енгізілген қытай бұршақ дақылын өсірудің маңызы ауыспалы егістегі орны және топырақ өңдеу, тыңайтқыш қолдану, суару, күтіп-баптауды зерттеу.

Қызылорда облысында әртараптандыру бағытында күріш ауыспалы егістігіне қытай бұршақ дақылы 2010 жылдан енгізіле бастады. Қытай бұршақ - дәнінің химиялық құрамына байланысты түрлі мақсатқа пайдаланатын дақыл. Оның дәнінде 35%-дан аса ақуыз, 17-25 % май және 20 % артық крахмал болады. Қытай бұршақ өсіру арқылы шаруашылық екі құнды өнім - ақуыз және өсімдік майын алады. Қоректік заттарының өте қолайлы үйлесуінің арқасында оны тағамдық, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде кеңінен өсіреді [2].

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты Қызылорда облысында астық өнімін молайту үшін ауыл шарушылығы өндірісін әртараптандырып, бәсекелестік мүмкіндігін арттыру керек. Қызылорда облысының күріш ауыспалы егістігінде қытай бұршақ дақылы өсіру технологиясы бұрын аз зерттелген.

Бұл мақсатта қытай бұршақ дақылын күріш ауыспалы егісіне енгізіп, өсіру агротехникасын жетілдіру, дән өніміне күшті әсер етуші фактор – минералды, тыңайтқыштарды беру (қолдану) мөлшерін және әдістерін белгіліп, өндіріске енгізуге ұсыну.

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

- Қытай бұршақ дақылының өніміне минералды тыңайтқыштарды беру мөлшері мен енгізу тәсілдерінің әсерін анықтау,

-күріш ауыспалы егістігіндегі топырақ құнарлығын көтеру;

-әртараптандыру мақсатында күріш ауыспалы егісінде қытай бұршақ дақылын енгізіп, егіс көлемін ұлғайту.



Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Қызылорда облысының ауа райы жағдайында байланысты өсіру ерекшелігін анықтап, күріш ауыспалы егісінің топырақ құнарлығын көтеру, дақылдан мол өнім алу жолдарын анықтап жаңа тұжырымдама жасау;

Егіншілік саласын әртараптандыру мақсатында бұршақ тұқымдас дақыл– қытай бұршақты күріш ауыспалы егісіне енгізу, оларды мелоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлі дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық құндылығы және практикалық маңызы. Суармалы егіншілік жағдайында қытай бұршақ дақылы өнімділігін қалыптасуына минералды тыңайтқыштар мөлшері мен енгізу тәсілдерінің елеулі әсері бар екені белгілі болды.

Өнімділікті арттыруға қолайлы оңтайлы тыңайтқыштар мөлшерін, енгізу мерзімін, тәсілдерін анықтауға мүмкіндіктер береді. Тәжірибе жұмыстары Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қарауылтөбе тірек пунктіндегі 8 танапты ауыспалы егістігінде жүргізілді.



Жұмыс нәтижелерінің талқылануы және мақұлдануы. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Ауыл шаруашылығы өндірісі технологиясы» кафедрасының мәжілісінде баяндалып талқыланды. Жұмыс нәтижелерінің бойынша үш мақала ағымдық баспаларда жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация компьютерде терілген текст бойынша –80 бетке жазылған, 5 тарау, қорытынды өндіріске ұсыныстар және 25-кестемен, 3-суретпен өрнектелген. Пайдаланылған әдебиеттер саны-65


Негізгі бөлім

Зерттеу нысандары және тәжірибе жүргізу әдістемелері. Тәжірибе эксперименті 2010 жылы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-де, Қараултөбе тәжірибе шаруашылығының 7- танапты күріш ауыспалы егістігінде жүргізілді.

Қытай бұршақ тұқымын себер алдында фунгицидпен өңделді. Қытай бұршақ сорты Мисула. Қытай бұршақтың өсу кезеңдерінде фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізілді. Зертханада далалық тәжірибеде өңделген тұқымның өсу энергиясы, өнгіштік қасиеті және тұқым микрофлорасы анықталды.

Тәжірибе нұсқасының 200 м2 көлемі бір қатарға 3 нұсқада орналастырылып, 4 қайталау бойынша жүргізілді. Зерттеу жұмыстары 2010 жылы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының» далалық тәжірибе шаруашылығының 7-танапты ауыспалы егістігінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Күріш ауыспалы егістігінде қытай бұршақ дақылының биологиялық ерекшелігін және оның өсіру технологиясының негізін зерттеу үшін келесі пәнаралық әдістерді пайдалану тиімді: фитопатологиялық, физиологиялық, агротехникалық, биологиялық, химиялық, селекциялық, биотехнологиялық және математикалық әдістерді қолдануды қажет етеді. Зерттеу обьектісіне қытай бұршақ дақылының «Мисула 1092» сорты

Қытай бұршақтың ауыспалы егістегі орны. Қытай бұршақтың биологиялық ерекшеліктеріне сай ауыспалы егісте дұрыс орналастырудың аса зор маңызы бар. Бұл кезде қытай бұршақ дақылына алғы дақылдардың қалай әсері бар екенін ескеру қажет.

Ауыспалы егістің көмегімен топырақтың құнарлылығын арттыру, дақылдардың өнімін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту, танаптардағы арамшөптердің санын азайту, өсімдіктерді аурудан, зиянкестерден қорғау, топырақты су және жел эрозиясынан сақтау мәселелері шешіледі.

Ауыспалы егістің экономикалық негізі ғылыми жұмыстарға сүйеніп анықталған, егілетін дақылдардың алатын жер көлемі әр дақылдың алатын жер көлемін белгілегенде мына жағдайлар есептеледі:

1. Шаруашылық орналасқан жердің ауа - райы, топырағы.

2. Шаруашылықтың келешекке өркендеу бағыты.

3. Ауыл шаруашылық өнімдерін сату жоспары.

4. Мал шаруашылағына қажет жем - шөппен толық қамтамасыз етілуі.

Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі - барлығында дерлік міндетті түрде жоңышқа егіліп, үш жылдай ұсталады. Жоңышқа арқылы танаптардың құнарлылығы көтеріледі,арам шөптер азаяды. Келесі егілетін дақылдардың аурулары мен зиянкестерден қорғау жеңілдейді. Жоңышқа 2-3 жыл бойы өте сіңімді, протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді.

Жоңышқа дақылы жоғарғы сапалы мал азығы болумен қатар оның егін шаруашылығында алатын агротехникалық орны ерекше. Әсіресе Қызылорда облысы жағдайында жоңышқасыз ауыспалы егістің тиімділігін арттыру мүмкін емес.

Жоңышқа егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді. Жоңышқа тамырлары шіріген кезде топыраққа тік дрендер пайда болады, өсімдікке зиянды тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін 30-36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты суларын пайдалана отырып, оның деңгейін 1,5-2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен жоңышқа арам шөптерді мейлінше тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға әсерін молынан тигізеді.

Жоңышқаның осындай көп қаситтері егіншілік мәдениетін арттырып, басқа дақылдардан, әсіресе күріштен тұрақты мол өнім алуға нақтылы жол ашады. Қазіргі экономикалық және экологиялық қиыншылықтар кезеңінде, тыңайтқыштың, гербицидтердің тапшылығына байланысты жоңышқа егісінің көлемін және оның өнімділігін көбейту негізгі шаралардың бірі болып табылады.

Ауыспалы егісті игеру үшін әрбір шаруашылықта оның ротациялық кестесі жасалады. Сөйтіп, күріш ауыспалы егісінің тиімділігін арттыруда, әсіресе жоңышқа егісінің агротехникасын дұрыс сақтау маңызды шара болып табылады

Күріш ауыспалы егіс жағдайында қытай бұршақ дақылынан дән және көк балауса алу үшін мелиоративтік танаптарда таза күйінде немесе жүгерімен аралас егуге болады. Алғы дақылға өте талғампаз қытай бұршақты көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік дақылдардан кейін беде, жүгері және көп жылдық шөптерден кейін орналастырады.

Қытай бұршағы күріш ауыспалы егіс жүйесіне енгізу алғы дақылдар құрамын байытатын топырақтағы азот балансын жақсартады, ең негізгісі өсімдік ақуыздарын көбейтуге үлкен үлес қосады.

Қытай бұрашақ өзі басқа өсімдіктерге жақсы алғы дақыл, өйткені тамырындағы түйнектік бактериялар арқылы гектарына 45-110 кг азот жинай алады. Ал бұл гектарына 12-24 тонна көң енгізгенмен бірдей.

Осымен бірге қытай бұршақтың арамшөппен жөнді күресе алмайтынын да ескеру қажет болады. Агротехникалық шараларды қолданған жағдайда қытай бұршақты кез келген дақылдан кейін орналастыруға болады. Бірақ көптеген ғылыми зерттеу мекемелердің және шаруашылықтарының тәжірибелері қытай бұршақты астық дақылдарынан кейін жақсы өнім беретіні анықталды.

Қызылорда қаласы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында біздің жүргізген минералдық тыңайтқыштың қытай бұршақ дақылының өсіп дамуына әсері көрсетілген. Сонымен қатар минералдық тыңайтқыштың қытай бұршақ дақылының өсіп дамуына бес вариант, үш мәрте қайталау бойынша зерттелді.

1. нұсқа – бақылау, тыңайтқыш енгізілмеген;

2. N60;

3. N 60,P90;

4. N 90,P90;

5. N 60+30,P90




1 бақылау

2 N60

3 N 60, P90

4 N 90, P90


5 N60+30,P90

1 бақылау

2 N60

3 N 60, P90

4 N 90, P90

5 N60+30,P90

1 бақылау

2 N60

3 N 60, P90

4 N 90,P90

5 N60+30,P90

Кестеде көрсетілгендей, бақылауда нұсқасында тұқым өнімділігі 24,2 ц\га болса, N60+30,P90 енгізілген нұсқасында тұқым өнімділігі 29,9 ц\га, құрғақ ауа массасы 59,8-82,7, протеин 10,8-14,9 пайызға жоғарылаған.



Зерттеу нәтижесі. Топырағын өңдеу және тыңайтқыш қолдану жүйесі. Топырақты жақсы баптап, дұрыс өңдеген кезде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің дұрыс өсіп жетілуіне пайдалы микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай туады. Бұл кезде топырақта қоректік заттар мен ылғал көп жиналады, арам шөптер азаяды.

Қытай бұршақ топырағын өңдеу жүйесі мүмкіндігіне қарай терең және қопсытылған топырақ қабатын қалыптастыру, арамшөптермен тиімді күресу, топырақта ылғал жинау мен сақтау шараларын қамтамасыз етуге бағытталады. Көп жылдық арамшөптерді аз жерлерде алғы дақылды жинап алған соң бір рет 6-8 см. ЛДГ-10, ЛДГ-15 құралдарынмен сыдырта жыртады, екінші рет арамшөп өне бастағанда БДТ-10 тырмасымен 10-12 см тераңдікке тырмалайды. 10-15 күн өткеннен кейін ПТК-9-35 немесе ПЛН–6-35 соқаларымен 25-27 см тереңдікке сүдігер жыртылады.

Топырақты жырту қабаты таяз болса, танапты терең қопсытып барып толық тереңдікке жыртады. Қытай бұршақ себілгенше егістік 8-10 см тереңдікте 2-3 рет өңделеді, одан кейін себу алдында 6-7 см тереңдікте жүргізген жөн. Қытай бұршақ егісін арамшөптерден тазартудың тиімді шараларының бірі гербицидпен өңдеу. Себу аяқталысымен, бірақ тұқымның шығуына 4-5 күн қалғанда қытай бұршақ егістігі базагран гербицидімен өңделеді. Гербицид шиін, күрмек сияқты арамшөптерге қарсы қолданылады.

Гумус мөлшері 1,5-2 пайыз аралығында болатын Қызылорда облысы топырағы жағдайында егістікті базагран гербицидімен өңдегенде гектарына 1,6-1,8 кг әсер етуші заттар қолданылады.

Сонымен қатар, себуге бір аптадай қалғанда арамшөптерге қарсы базагран гербицдін қолдану өте тиімді. Танапқа Базагран (2-4 л\га) гербицидінің ертітіндісін ОН-400, ОВТ- 1В машиналарымен шашып, БЗТС-1,0, БДТ-7 тырмаларымен сіңіреді. Суармалы жерлерде егістіктегі арамшөптердің 85-90 пайызына дейін жояды.
2-кесте. Қытай бұршақ егістігінде себу алдында және себуден кейін топырақ өңдеудің нәтижесі


Тәжірибе варианттары

Себу алдындағы топырақ ылғалдылығы, ℅

Тұқымның егістікте өнуі,℅

1 ш.м арамшөп саны

Жапырақ

көлемі мың.м\га



Тұқым өнімділігі

ц\га



1-культивация

15,4

80,5

26,2

32

24,5

100

2-культивация

17,6

85,7

17,3

33

26,9

109,8

3-культивация

17,8

88,1

13,6

37

29,6

120,8

+ гербицид

17,8

87,9

3,9

41

31,5

128,6

Кестеде көрсетілгендей, қытай бұршақ егісіндегі біржылдық арамшөптер мен олардың өнуін болдырмас үшін себу алдында топырақ өңдеу мен бірге гербицид енгізу жақсы нәтиже береді. Бірінші және екінші культивация кезінде тұқым өнімділігі 24,5-26,9 ц\га болса, үшінші культивация+гербицидпен өңдегенде өнімділік 29,6-31,5 ц\га артқан.

Қытай бұршақтан көк балауса масса және дән өнімі интенсивті құралуы жиналуы өсу дәуірі ішінде ұзақ уақытқа созылады. Сондықтан бұл дақылдың қоректік заттарды өз бойына жинауы, қабылдау сіңіріуі біркелкі емес.

Культиваторлау жұмысын бірнеше қайтара жүргізудің аса үлкен пайдасына қарамастан, арамшөптер толық жойыла қоймайды. Себебі арамшөптердің дәні көктемде ғана өнбейді, ол бүкіл жаз бойы өсе береді. Қытай бұршақты себер алдында және сеуіп болғаннан кейін жүргізілген культиваторлау жұмысы арамшөпті жойып ғана қоймай, қытай бұршақ өсімдіктері тамырындағы түйнек бактерияларының көбеюіне үлкен әсерін тигізеді.

Тыңайтқыш енгізу. Қытай бұршақ бүкіл вегетациялық кезеңінде қоректік заттардың жеткілікті болуын тілейді.

Қытай бұршақ егісі берілетін органикалық тыңайтқышқа (көң) сезімтал дақыл. Күзгі жыртудан кейін астына гектарына 20-25 тонна көң енгізу, әсіресе құрамында органикалық бар, күріш өсіруші аймақтардағы шалғынды-батпақты топырақты жерлерде өте тиімді. Алғы дақылдар астына енгізілген органикалық тыңайтқыштардың қалдық әсерін қытай бұршақ өсімдігі тиімді пайдаланады.

Қытай бұршақ органикалық және минералдық тыңайтқыштарды өте қажет етеді. Әдеби мәліметтерге қытай бұршақ топырақтан 142 кг азот, 35 кг фосфор, 35 кг калий пайдаланады.

әсіресе қоректік заттарды гүлдену-тұқым салу кезінде көп қажет етеді. Топырақтыі сапасына байланысты гектарына 15-25 т. Көң, 60-80 кг-нан азот пен калий және фосфорит ұны немесе суперфосфат түрінде 80-120 кг, фосфор енгізіледі. Қышқыл топырақтаға 2-3 тен 8-10 тоннаға дейін әк қоладанылады.

Көнді толық фосформен калийдің қажетті мөлшерінің жартысын сүдігер жырту алдында беріп, қалған минаралды тыңайтқыштар мөлшерін көктемгі қопсытуда (азот) - тұқым себу кезінде қатар аралықтарға (түйіршіктелген суперфосфат) және үстеп қоректендіруде пайдаланады. Калий тыңайтқышын ол жетіспейтін топырақтарға қолданады.
3-кесте. Минералды тыңайтқыштың мөлшері және түрінің қытай бұршақ өнімділігіне және қоректік зат жинауына әсері


Тәжірибе варианты

Өнімділік,ц\га

Қоректік зат жинауы 1 га,ц

Құрғақ-ауа массасы

Тұқым

Протеин

Фосфор (P2 О5 )

Калий

2,О)



Бақылау (тыңайтқышсыз)

59,8

24,2

10,8

0,47

0,99

2 N60

78,2

27,2

12,6

0,67

1,23

3 N 60P90

75,2

27,3

12,4

0,58

1,15

4N 90P90

76,0

26,6

12,3

0,56

1,13

5N 60+30,P90

82,7

29,9

14,9

0,67

1,30

Кестеде көрсетілгендей, бақылауда нұсқасында тұқым өнімділігі 24,2 ц\га болса, N60+30,P90 енгізілген нұсқасында тұқым өнімділігі 29,9 ц\га, құрғақ ауа массасы 59,8-82,7, протеин 10,8-14,9 пайызға жоғарылаған.

Бұл жағдай қытай бұршақтың азот тыңайтқышын жақсы қабылдап өз бойына сіңіру қабілетінің жақсарғанын, сол сияқты өсімдіктердің жапырақ алақандарының ұлғаюына, фотосинтез өнімділігінің артуына және дән түсімінің көбеюіне жақсы әсерін тигізеді.

Тұқымды себуге дайындау және себу. Тұқым себу алдында жақсылап тазартылады, бұдан кейін микроэлементтермен өңделеді. Микроэлементтер өсімдіктерге өте аз мөлшерде керек болғанымен, олардың жақсы өсіп дамуына өте пайдалы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында зерттелген микроэлементтер ішіндегі өте пайдалысы – моливден мен кобальт. Бұл элементтер түйнек бактерияларының дамып жетілуін күшейтеді, өсімдіктердің жапырақ алақандарының ұлғаюына, фотосинтез өнімділігінің артуына әсер етеді. Сөйтіп, қытай бұршақтан мол өнім алуға үлкен себеп болады.

Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты «Тұқым шаруашылығы және селекция» бөлімінде қытай бұршақ дақылының «Мисула 1092» сортының себу нормасы келесі кестеде көрсетілген.


4-кесте. Қытай бұршақ дақылын егіп өсіргенде себу нормасына байланысты өнім құрылымының өзгеруі


Себу нормасы, кг/га

Өсімдіктер саны, дана/м2

Өсімдік биіктігі,

см


1 өсімдік өнімі

1000 дәнінің массасы,

г


Өнімділігі, ц/га

саны, дана

бұршақбас

ондағы дәндер

60

14

34

3,4

4,4

162,0

18,5

90

18

45

3,2

4,2

155,0

25,0

120

20

47

3,0

4,1

147,0

26,2

Кестеде көрсетілгендей себу нормасына байланысты 60 кг\га (162 мың дән) сепкенде өнімділігі 18,5 ц\га, 90 кг\га (155 мың дән) сепкенде өнімділігі 25,0 ц\га және 120 кг\га (147 мың дән) сепкенде 26,2 өнімділікті құрады.

Себу алдында қытай бұршақ тұқымын тазалау керек. Тұқымның тазалығы 95-98 пайыздан, шығымдылығы 80-90 пайыздан төмен болмай, дән ылғалдылығы 14 пайыздан аспауы крек.

Себу мерзімі, әдісі және мөлшері. Қытай бұршақты топырақтың жылылығы 10-12°С жеткенде еккен тиімді. Мұндай кезең облыстың оңтүстігіне 10-28 сәуірде, ал солтүстік аймақтарда 29 сәуір - 3 мамыр аралығында болады. Қытай бұршақ осы кезден ерте егілсе, оның тұқымы көгеріп шіриді, ұзақ уақыт жер астында қалып өсімдік көгі сирек болады

Қытай бұршақ тұқымын қатарарлығы 60 см етіп кең қатарлы әдіспен СКОН-4,2 немесе СОН-4,2 көкөніс сепкіштерімен себу қажет. Себу нормасы әр гектарына 550-750 мың дән немесе 85-90 кг тұқым. Егер топырақ ылғалды болса тұқымды себу тереңдігі 4-5 см, ал топырақта ылғал аздау болса 6-7 см тереңдікте себілгені дұрыс.

Қытай бұршақ дақылының өсімдіктерін егістікте дұрыс орналастыру олардың жақсы өсіп дамуына аса қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан егу әдісі және себу нормасы әр шаруашылықтың топырағына және ауа райы жағдайына байланысты әр түрлі болады. Қытай бұршақ – күн сәулесіне өте сезімтал дақыл. Оны жаппай қалың етіп еккенде өсімдіктер күн сәулесін дұрыс қабылдап пайдалана алмайды. Ондай жағдайда өсімдік жапырақтары ерте сарғайып түсіп қалады. Шанақтарының саны азаяды, өсімдік өнімі төмендейді. Сондықтан республиканың оңтүстігіндегі және оңтүстік шығысындағы суармалы жерлерде қытай бұршақты себудің ең тиімді әдісі кең қатарлап егу және екі қатарлап ленталы етіп егу болып табылады.



Егістікті күтіп-баптау және суару жүйесі. Топырақ қабыршақтарын жойып, өсімдік көгінің жер бетіне шығуын жеңілдету және арамшөптерді жою үшін жеңіл немесе орташа тырмалармен қытай бұршақтың қатар аралығын көлденең тырмалау керек. Көгі жер бетіне шыққаннан кейін бірінші рет тырмалау қытай бұршақ үш нағыз жапырақ болып нығайған кезде жүргізіледі.

Қытай бұршақтың қатар аралығын өңдеу зиянды арамшөптердің (қамыс, шиін, күрмек) жойып, өсімдіктердің жақсы өсіп – дамуына қолайлы жағдай туғызады. Бірінші өңдеу - қытай бұршақ нағыз үш жапырақ болған кезде 10-12 см өңделеді, екінші рет арада 10-12 күн өткен соң, ал үшінші рет дақыл гүлдеу алдында КРН-4,2, КРН-5,6 культиваторларымен 6-8см жүргізіледі. Дақыл гүлдегенге дейін егіс қопсытылып тұрады.

Қытай бұршақ егістігін суару. Гүлдеу кезеңіне дейін топырақтағы ылғалдың аздығына төзімді келеді, ал одан кейінгі кезеңдерде суды жеткілікті мөлшерде керек етеді. Ал, бұл қытай бұршақтың өсіп-дамуы, жалпы құрғақ затының құралуы мен фотосинтез өнімділігі ерекшелігіне байланысты.

Қытай бұршақтың дақылының фотосинтез өнімділігі және биосалмағының құралу жылдамдығы гүлдеу кезеңіне дейін көп емес, ал гүлдеу және шанақтану кезеңінің аяқталуы аралығында аталған көрсеткіштер жоғары болады. Кейін бұл көрсеткіштер мөлшері біртіндеп азаяды. Сондықтан өсу дәуірінің әрбір кезеңінде қытай бұршақ ылғалға және қоректік заттарға талабы әртүрлі. Осыған сәйкес, Сыр өңірінің күріш өсіруші аймақтарында қытай бұршақ дақылының бүкіл өсіру дәуірін үш кезеңге бөлген дұрыс.

Бірінші кезең – қытай бұршақ өсімдігінің көктеп шыққаннан гүлдеу кезеңіне дейін. Бұл кезеңде фотосинтез өнімділігі төмен өсімдіктің өсуі және жалпы құрғақ салмағының құралуы баяу. Сондықтан бұл кезеңде қытай бұршақ ылғалды көп қажет етпейді. Бұл кезеңде агротехникалық шаралар мыналар: егістіктің қатар аралығын өңдеу жұмыстары, үстеп қоректендіру, бір рет суару және қатар аралығын өңдеу.

Екінші кезең - қытай бұршақтың гүлдеу кезеңінен бастап, барлық буындарда шанақтардың пайда болуының аяқталу аралығы. Бұл кезең ішінде фотосинтез өнімділігі көп артады, өсімдік тез өсіп, жалпы биомассаның құралуы ең көп мөлшерде болады. Оның үстіне қытай бұршақ өсімдігінің жылдам өсіп, жалпы биомассаның интенсивті құралу жаз айларының ең ыстық кезеңіне (шілде-тамыз айының бірінші жартысы) сәйкес келеді. Сондықтан, қытай бұршақ дақылы бұл кезеңде ылғалмен және қоректік заттармен толық қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Осыған сәйкес, қытай бұршақ егістігін әрбір 12-14 күн сайын 4-5 рет суару керек.

Үшінші кезең – шанақтану фазасы аяқталуы кезінен өсімдік толық піскенге дейін. Бұл кезеңде шанақтардағы дән толысып қалыптасады. Қытай бұршақ өсімдігінің фотосинтез өнімділігі және құрғақ затының құралу қарқыны біртіндеп төмендейді. Аталған кезең ішінде ауа-райы біртіндеп салқандайды да, қытай бұршақтың суды қажет етуі азаяды.

Қытай бұршақтың өсуі, тамыр жүйесінің қалыптасуы, жапырақ алақандарының құралуы фотосинтез өнімділігі және басқа биологиялық қасиеттері бұл дақылды суару тәртібіне байланысты көп өзгереді (5-кесте).


5-кесте. Қытай бұрашқ дақылын суару режиміне байланысты тамыр жүйесінің өсуі, өнімінің құралуы және жем-шөп сапасы


Суару нұсқасы

Нақтылы суару сызбасы

Топырақ қабытындағы тамыр салмағы, ц\га

Өнімділігі,ц\га

Жемшөп өлшемі, ц\га

Қорытыла-тын протеин, ц\га


0-20 см

20-40 см

Дән

Көк балауса

60-60-60

0-1-1

5,8

3,6

18,6

165,5

34,9

5,8

70-70-70

1-3-1

6,1

4,4

25,4

218,2

45,8

7,6

70-80-70

1-4-1

6,8

4,7

22,9

259,4

54,5

9,1

80-80-70

2-4-1

4,6

2,7

22,4

248,0

52,1

8,7

Қытай бұршақ өсімдігі 70-80-70 пайыз нұсқасында суарылған жағдайда тамыр жүйесі жан-жақты және терең бойлап өсіп, өте көп болады, жапырақ алақандары мөлшері артық болып, мол биосалмақ құрайды.

Қытай бұршақ суаруға сезімтал дақыл. Күні өте ыстық, ауаның ылғалдылығы төмен Қызылорда облысы жағдайындағы күріш өсіруші суармалы жерлерде қытай бұршақ дақылы ең көп мөлшерде дән мен балауса өнімін бірінші кезеңде далалық ылғал сиымдылығы - 70 пайызы, екінші кезеңде - 80 пайызы, үшінші кезеңде – 70 пайызы деңгейінде суарылғанда береді. Ол үшін қытай бұршақтың гүлдеу дәуіріне дейін бір рет гүлдену және шанақтанып дән байлай бастаған кезеңде әрбір 12-14 күн сайын 4-5 рет суарылуы тиіс.

Қытай бұршақ егісін суару майда жүйектермен жүргізіледі. әрбір суарудан кейін өсімдіктер айқасып кеткенше қытай бұршақ егісі қатараралығын өңдеп отырған жөн.

Қытай бұршақтан жоғары өнім алу үшін оның егісін уақтылы баптап күту керек. Егістегі топырақтың үнемі ылғалды болуы оның қопсыған борпылдақ болуы арамшөптерден таза болуы қажет. Қытай бұршақ дәнінің өніп шығуы үшін астық тұқымдас өсімдіктерге қарағанда ылғал екі есе көп қажет болады. Сондықтан сепкеннен кейін тез каток жүргізудің маңызы үлкен. Тұқым тез көктеп шығу үшін және арамшөптерді жою үшін қатарға көлденең етіп жеңіл мала жүргізеді. Тұқым көктеп шыққаннан кейін жер бетінде қабыршақ пайда болса мотыга қолданылады. Қытай бұршақ егісінде көктеп шыққаннан бастап шанақтардың толық қалыптасуына дейін топырақ ылығалдылығы 80 пайыз, ал одан әрі 70 пайыз төмен болмау керек.


Kүріш ауыспалы егістігінде өсірілген қытай бұршақ дақылының экономикалық тиімділігі.
Қытай бұршақ дақылын Қызылорда аймағында күріш ауыспалы егісінде өсіру үшін Арал аймағы өңірінің табиғи-климаттық жағдайы зерттеліп дақылдың өнімділігінің нәтижесі ойдағыдай көрсеткішке жетті.

Қытай бұршақ дақылын өсіруге кеткен шығындар мен одан түсетін пайда, экономикалық тиімділік пен өзін - өзі өтеу мерзімі 1 га қытай бұршақ дақылы үшін анықталды. Жалпы шығындар ∑ Sш = 17470 тг/сағ 1 га үшін, жалпы пайда ∑ Sn = 21837,5 тг/сағ ал экономикалық тиімділік Sт.п = 4367,25 тг/сағ құрады. Өзін - өзі өтеу мерзімі 2,5 жыл.


Қорытындылар мен ұсыныстар
Жоғарыдағы тәжірибе нәтижелерін қорыта келе, қытай бұршақ дақылы Қызылорда облысы аймағында әртараптандыру бағытында - өсіру үшін Арал өңірінде табиғи – климаттық жағдайына қарай зерттеліп, негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалды. Қызылорда облысы аймағында соңғы жылдардағы ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру көрсеткіштері талданып, күріш және негізгі дақылдарға қоса рапс, қытай бұршағы және басқа дақылдарды әртараптандырып, жоғары өнім алуға болатыны анықталды.

Қытай бұршақ дақылын өсіруге кеткен шығындар мен одан түсетін пайда, экономикалық тиімділік пен өзін - өзі өтеу мерзімі 1 га қытай бұршақ дақылы үшін анықталды. Жалпы шығындар ∑ Sш = 17470 тг / сағ 1 га үшін, жалпы пайда ∑ Sn = 21837,5 тг/ сағ ал экономикалық тиімділік Sт.п =4367,25 тг/сағ құрады. Өзін - өзі өтеу мерзімі 2,5 жыл.

Қазіргі кезде Қызылорда облысының Жаңақорған және Қазалы аудандарында мемлекеттік сорт сынау учаскесінде Қазақстан -2309, Ласточка, Болашақ, Жансая, Анастасия, Белянка және Аннушка сорттары сынақтан өтіп жатқан сорттар.

Күріш ауыспалы егісіндегі бұршақ тұқымдас өсімдіктер басым, жақсы дамыған көп жылдық шөптер олардың шымы мен көрпе көгін жырту топырақтағы органикалық заттар қорын толықтырудың тиімді амалы болып табылады. Топырақты органикалық заттармен толықтыруда жасыл тыңайтқышқа арнап түйе жоңышқаның көк балаусасын жыртып тастаудың да маңызы кем емес.

Мал азығында жетіспейтін белоктық заттардың жетіспеушілігін жою, халық шаруашылығы үшін аса маңызды проблеманың біріне жатады. Бұл проблеманы жан-жақты шешудің негізгі жолы қытай бұршақ дақылының егіс көлемін көбейту және оның өнімін арттыру мәселесі болып табылады.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі:


1. К.Б.Бегалиев., Б.К.Байжанова., Демесінова А.А. «Сортовые особенности выращивания рисовых культур в условиях Кызылординской области» «Ключови въпросы в съвременната наука 2011» VІІ международна научна практична конференция, София «Бял ГРАД- БГ» ООД, 2011, том 35

2. Ж.Абильдаева., Демесинова А.А «Вредители и болезни сои в рисосом севообороте Кызылордиской области меры борьбы с ними» «Современный научный вестник» научно –теоротический и практический журнал, 70-71 стр. «Руснаучкнига», г. Белгоград

3. Б.Қ.Бәкірұлы., Б.Қ.Кенбаев., Б.Есіркесінқызы., ДемесіноваА.А «Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары – рапс, қытайбұршақ және арпаны жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу» «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы». Қызылорда 2012, 137-140 бет.

4. Б.Қ.Кенбаев., Демесінова А.А «Қытай бұршақ дақылын зерттеудің далалық эксперименттер мен тәжірибе қорытындыларын өңдеу әдістемесі» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы. Қызылорда 2012, (Баспада) у

5. Ж.Әбілдаева., Демесінова А.А «Қызылорда облысы жағдайында қытай бұршақ дақылдарының аурулары мен зиянкестері және олардан қорғау шаралары» «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің хабаршысы». Қызылорда 2012, (Баспада)

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Күрішбаев А. К. Қазақстан Республикасындағы астық өндірісінің жай – күйі және проблемалары. Жаршы. – 2003, №11-Б.3-6

2. Жайлыбай К.Н.,Кенбаев Б.Қ., Медеуова Ғ.Ж. Егіншілікті әртараптандыру өсімдік шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалану және астық өндіруді молайту жолы. Актуальные проблемы ботанического ресурсоведения материалы международ. Научный конференции Алматы. 2010. 93-96 б.

3. Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М., Сағымбаев С.,Құламбаев Қ., Баймбетов К. Арал өңіріндегі суармалы жерлердің қазіргі жағдайы және дәстүрлі емес дақылдар өсіру перспективалары. Жаршы.-2004. № 3. Б44.

4. Ақылов А.К Соя. Алматы. Қайнар,1978

5. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., АпушевА.Қ., Серекпаев Н.А., Шестакова Н.А., Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2011 457 б

6.Тоқтамысов Ә.М., Қиясов Қ.М. Күріш ауыспалы егістігінде соя дақылын өсірудің агротехникасы. «Қазақстан Республикасы өнеркәсібі мен аграрлық секторының даму перспективасы: ғылым, инновация, әлеуметтік-экономикалық аспектілері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 1-том. Қызылорда, 2010 175-179 б

7. Карягин Ю.Г. Соя. Алматы, «Қайнар», 1978. 5-11 стр.

8. Системе сельскохозяйственного производства Кызылординской области. – Алматы, «Бастау» 2002 ж. 150-155.

9. Бойко А.Т., Карягин Ю.Н. Соя высокобелковая культура Рекомендации выращиванию сои ОАО «VITA». Алматы. 2004.-21 с.

10. Бәкірұлы Қ. Күрiш ауыспалы егiсiндегi әртараптандыру дақылдары – рапс, соя және арпаны жалға егiп өсiру технологиясын өндiрiске енгiзу// Сыр дидары. – 2011. №18 (52). – 30 қыркүйек

11. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта М: Колос 1980 416с.

12. Юдин В.А. Методы агрохимических исследовании М: Колос 1980 366 с.

13. Жанзақов М. М. Егіншілік. Қызылорда «Тұмар», 2010 ж

14. Мерзликин А.С. Экономическая эффективность применения удобрений. М.: Росагропромиздат. 1989 – 79 с




РЕЗЮМЕ
ДЕМЕСИНОВА АЙНУР
СПЕЦИАЛЬНОСТЬ – 6М080100- АГРОНОМИЯ
ТЕХНОЛОГИЯ ВОЗДЕЛЫВАНИЯ КУЛЬТУРЫ СОИ В РИСОВОМ СЕВООБОРОТЕ КАРАУЛТЮБИНСКОГО ОПЫТНОГО ХОЗЯЙСТВО ГОРОДА КЫЗЫЛОРДЫ
Введение. Основным направлением развития сельского хозяйства в условиях Приаралья является интенсификация производства ведущей культуры региона риса. Однако из-за острого дефицита поливой воды ориентация только на эту культуру была бы неверным подходом с точки зрения продовольственной безопасности региона. В связи с этим, в рамках программы диверсификации растениеводства Кызылординской области, в условиях маловодья и развития животноводства выращивания сои в рисовом севообороте, как ценной кормовой культуры является направлением.

Цель и задачи научной работы. Основная цель магистрской диссертационной работы- разработать агротехнику сои в рисовом севообороте как диверсификационную культуру (обработки почвы, применение удобрений полив, уход за посевами) так как в условях Кызылординской области технология возделивания сои мало изучено.

Актуальность темы. В рисовом севообороте Кызылординской области соя внедрена в 2010 году, как диверсификационная культура. Разработана способы обработки почвы сои, применение минеральных удобрений, режим орошения, уход за посевами.

В связи с тем, что в ностоящее время для Кызылординского области приоритетным направлением в развитии сельского хозяйство, является развитие животноводческой отрасли. Поэтому разроботка технологии возделывания сои, как ценного кормовой и мясличной культуры является весьма актуальной задачи.



Основная цель работы. Изучение технологии возделывания сои в условиях Кызылординской области как диверсификационную культуру, выявить особенности его выращивания и рекомендовать производству с целью, увеличение посевных площади и повышения продуктивности.

Научная новизна. В условиях Приаралья в 2010-2011 годы впервые изучена агротехника выращивания сои и внедрена как диверсификационная культура в рисовой севооборот. Определены: влияние предшественников, сроки посева, способы обработки почвы, режим орошения, оптимальные дозы минеральных удобрений.

Практическая ценность работы. По результатом исследований разработана технология возделывания сои в рисовом севообороте в экстремельных почвенно-климатических условиях Казахстанского Приаралья.



Обьем и структура диссертации. Диссертационная работа состоит из введения, обзора литературы, пяти разделов, заключения и списка использованной литературы. Обьем диссертации состоит из 80 страниц, 25 таблиц, 3-фотографий.

SUMMARY
DEMESINOVA AINUR
SPECIALITY – 6М080100 – AGRONOMY
THE TECHNOLODY OF CULTIVATOIN CULTURE OF CHINESE PEA IN RICE ROTATION OF KARAULTUBE EXPERIMENTAL FIELD-CROP CULTIVATION FARM OF KYZYLORDA TOWN
Introduction. The main direction of development of agriculture in the conditions of Aral area is the tensification of production of the main culture rice. However because of severe shortage of irrigation water orientation only on this culture would be an incorrect approach from point sight of food programme of region. In this regand, within program of diversification of plant growing of Kyzylorda region it is, in conditions not much of water soya cultivation in rice crop rotation.

Purpose and problem of scientific work. The main objective master dissertational works-to develop an agrotechnology of soya in a rice crop rotation as diversification culture of processing of the soil, application of fertilizers watering, care of soya crops. In Kyzylorda region technology cultivation of soya is little stndied.

Actuality of Research. In rice crop rotation of Kyzylorda region the soya is in troduced in 2010 as diversificational culture. The agrotechnology of processing of the soil of soya, application of mineral ferilizers, watering, care of crops is developed.

Soya – valuable and perspective culture. Protein of this culture contains all irreplaceable amic acids. Grain contains 35 % of protein, 17-25 % of oil and more than 20 % of starch. Two most important source of protein in animal husbandry are lond-term and annual bean cultures, including soya.

Mair objective of work. Cultivation of soya in the conditions of Kyzylorda region as diversificationally culture and to establish features of cultivation of soya and to recommend in production, to increase cultivated areas. Definition of in fluence mineral fertitizer on productivity of soya, studying of dose and ways application of fertitizers.

The structbre and quontite of the disser tation work. Dissertion had hiritter ob computer according to the text 80 page, 5 chapters, work consists of conclusions 25 shedule, picture 3. Used literatuves 65.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет