Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №3 хаттама



Дата24.02.2016
өлшемі42.17 Kb.
#14802
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 3 хаттама
2015 жылы есептеуіш техникаларына техникалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметтерін мемлекеттік сатып алу


Астана қ.


2015 жылғы 30 қаңтар сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2015 жылы есептеуіш техникаларына техникалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 816 666,67 (сегіз жүз он алты мың алты жүз алпыс алты) теңге алпыс жеті тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 11-4/32 бұйрығының және Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2015 жылғы 19 қаңтардағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «AVAS» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- «АТФБанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалдың операциялық және кассалық қызмет көрсету бойынша филиалдың директорының орынбасары А. С. Күлманованың және бас есепші И.И. Харинаның қолдары қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «АТФБанк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалыдың 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 1862 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 15 қаңтардағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен берілген 2015 жылғы 17 қаңтардағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «AVAS» ЖШС, Астана қ., Отырар көшесі 15 үй және мұндай шарттардың бағасы 816 666,67 (сегіз жүз он алты мың алты жүз алпыс алты) теңге алпыс жеті тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 11-4/32 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы есептеуіш техникаларына техникалық және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Отырар көшесі 15, мекен-жайы бойынша орналасқан «AVAS» ЖШС -нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 2014 жылғы « 6 » ақпанға дейін ««AVAS» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы

А.Қ. Евниев









Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары




Р.А. Түкішева



Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г. Ж. Баймаханова


Хаттамаға қосымша

Экспертное заключение

на соответствие предлагаемых потенциальным поставщиком услуг по техническому обслуживанию и ремонту вычислительной техники в 2015 году способом из одного источника на соответствие требованиям технической спецификации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 11-4/32
Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по техническому обслуживанию и ремонту вычислительной техники в 2015 году (далее – Техническая спецификация), предоставленной АО «Казагромаркетинг» сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 11-4/32.

Эксперт А. Котельников

31.01.2015 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет