2.2 Әңгіме , повестеріне шолу
Тұңғыш рет жарық көрген әсемдік әлемі- әдебиеттің мәңгілік тақырыбы тырнақ алды туындысы.
«Адамдық негізі әйел» (1917) Салт ат , сабау тіршілік иесі әйел заты. Бір ошақтың түтінін түтеткен , үйдің ұйытқысы , аяулы жар, ардақты ана , сыйлы әже, аяулы қарындас – әйел тақырыбын , оның азаматтық құқығын, бас бостандығы, беретін тәлім-тәрбиесі, адамгершілік негізі- ананың басындағы тұман сейілмей, қоғамдық қарым-қатынас пен рухани тәрбие дұрыс жолға аяқ баса алмайды дейді.
«Қорғансыздың күні» - бұл шығармасында басты қасиеттері-бостандықты сөзсіз қорғау. Жетімдіктің аяусыз тағдырын суреттей отырып, жазушы қорғансыздың қорғаусыз өтетін күнінің азапқа толы екенін көрсеткендей. Басты кейіпкер Ғазизаның өмірден түңіліп, мола басына барып жан тапсыруы, оның жан тебіренісі мен ызғырық боранның сұрапыл суретін арпалысты сәттің жан тебірентерлік күйі бейнеленген. Бұл әңгіме қазақ елінің қиын да күрделі өмірі туралы мұңлы, зарлы ән.
Сондай- ақ «Қыс суреттеріндегі» -Рабиға , «Жетім» әңгімесіндегі құлдыққа, қорлыққа шыдамаған Қасым, «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасы 1927 жылы Жетісу өңіріне ғылыми-шығармашылық сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге ел аралап, болашақ шығармаларына материал жинап, сол материалдар негізінде осы шығармасы туындаған. Бұл шығармасының мазмұны жазықсыз соққыға жығылып, жалаңаш қалып үсіп өлген Тектіғұл жайында болмақ, «Кім кінәлі» шығармасындағы соққыға жығылған , дертке шалдыққан Ғазиза – бұлар шынымен қорғансыз, панасыз қалған жандар, ішкі дүниесіне үңіліп, жан құбылыстарын табиғат құбылысымен адам көңілін көріністерге сәйкес суреттеу тәсілінің шебері екендігін айғақтай түскен туындылар.
Дәстүрлі тақырыптар, образдар қайталанбай, өмір құбылыстарымен адамдар бейнесін кең , анық, нақты түрде тереңдей түскен. Адам әрекеттерінің психологиялық дәлелдемелерін белгілеуге бейімділігін орыс әдебиеттерінің классиктері Л.Толстой, Н. Тургенов, А.Чехов, М. Горькийдің дәстүрінше қалам туындыларынан көре аламыз.
«Манас жыры» - 1927-1929 жылдары Аспирантурада оқып жүріп, жаз айында қырғыз еліне барады.. Қырғыз елін аралап жүріп «Манас» жырын зерттеп, ел аузынан дастанның кейбір үзінділерін жазып алады. Осы уақыттарда Мұхтарды сыңаржақ сындар мен «халық жауы» ретінде әшкерелеген мақалалар басылады. Соған қарамастан ол 1952 жылы Фрунзе қаз. Бішкек қаласындағы «Манас» жыры туралы конференцияда сөз сөйлеп, қырғыз халқының ұлы эпосын ақтап алуға зор үлесін қосады.
«Сегіз аяқ» өлеңі. Бұл туралы Бексұлтан Нұржекұлының қолжазбасында былай делінген: «Мен 1960 жылы Астанадағы жалғыз университетке оқуға түсіп, 2 курста Мұхтар лекция оқиды дегенді естіп, қашып барып соңғы партада отырып Мұхаңның лекциясын тыңдадық. Сонда естіп, түртіп алғаным Абайдың «Сегіз аяқ» үлгісіндегі өлеңі бар. Кейбіреуі оны Абайдікі деп қайта-қайта ұсынады. «Сегіз аяқты» әуелі мен жазып едім. Кейін Абай сегіз аяқ олай жазылмайды, былай жазылады деп , содан соң өзі жазып еді.»-дейтін.
«Ескілік көлеңкесінде» - әкесінің ескішіл тәрбиесінде болған байдың қызы Жәміш қайтыс болған анасының орнына шалға әйелдікке келісім береді. Өзінің шынайы махаббаты Қабыштан да шалды дұрыс көреді. Бірақ жігіт өзінің махабаты үшін күреседі. Дегенмен қаусаған кәрі шалды таңдағаны үшін жек көреді. Қарама-қарсы қос сезімді жігіт бойындағы психологиялық арпалыс кешірім мен өшпенділік сезімі шынайы түрде шебер суреттелген.
Мұхтар Әуезов еңбектерін оқып отырғанда ол кісіні бірнеше қырлы жақтарынан жан-жақты көруге болады.
«Үйлену» әңгімесіндегі Оспан секілді сенімді, көзі ашық оқыған жігіт қаладан келіп Жәмиланы алып кетуі ерлікпен сай.
Ал, «Кім кінәлі» шығармасындағы Ислам адал мінезді, мінезі биязы, сезімтал жан, бірақ дәрменсіз жанның күйі суреттелген.
«Сөніп- жану» шығармасындағы кейіпкер Сыздық зейінді пысық, тез ғашық болатын сезімтал жігіт. Бірақ тез қималдағыш дегенмен мұндай жігіттердің тез алданғыш болатынын көрсеткен.
«Оқыған азамат» шығармасы арқылы пасық, дүние қоңыз адамдардың пасық мінезі суреттелген. Өлген жолдасының әйеліне үйленіп, мал- мүлкін иеленіп, осы мақсатта досының шешесін өлімге итермелеген Жұмағұл- пасық, жауыз, қу, арамза мінезді адам екенін суреттеген.
Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтың тағы бір қырынан ашатын болсақ- оның порвестерінде де үлкен мән жатыр.
«Қаралы сұлу» повесінде жесір қалған Қарагөздің бір жағынан өмірдің азабына берілмей күресіп, қайраттылық танытып алты жыл бойы күресуі, қайғылы халі суреттеледі. Жастық албырт сезімін құрбан ете отырып, арудың пенделік аппақ тілегін жазушы қолдай отырып, психологиялық күшпен шебер бейнеленген.
«Көксерек» - шығармасындағы әділетсіздік қасқырдың күшігі арқылы беріледі. «Қасқырдың күшігін қанша асырасаңда , қара орманға қарап ұлидының» кейпін келтіреді. Басты кейіпкер Құрмаштың асыраған бөлтірігінің малға шауып, Құрмашты өлтіргенін, ел басына туған қырсық болғаны, осының бәрі қалай баяндалған десеңші. Аңның қолға бағынбауын, үйренгісі келмегендігін бейне бір кек алі арқылы адамдарға жеткізгісі келетінін жазушы осы тұста көрсетеді, баяндайды. Шығарма астарында адам мінезіне сай келетін тәрбиелік мәні зор тәлім жатыр десекте болар еді.
Таудай шығармашылық талап пен талпынудың , дамылсыз ізденудің, табанды еңбектенудің нәтижесі- халық құрметіне бөленіп, биіктерден жарқырады.
«Қилы заман» повесі бойынша 1961 партизан,министрі,жазушы,ғалым Әди Шәріпов былай дейді:Мен ауруханада жатқанда Ұлт-азаттық қозғалысын арнайы тақырып етіп көтерген әлеуметтік мәні мен жауапкершілігі мол бұл қадамға көркем сөздің шебері батыл түрде қадам жасағанын көреміз. Феодалдық салт, әдет-ғұрыптың сара қылықтарын, патша мен болыстың, бай мен бидің әділетсіздігін сынап- мінейтін дәлме-дәл дәлелдемелер мол. Табиғаттың керемет суреті, образдардың байлығы, тілдің шеберлігі көріністердің байланыстылығы, адамдардың ішкі дүние құбылыстары бұл повестке арқау болған.
Даңқты, дарынды тұлғаның зертееу жұмыстарына тоқталар болсақ, ауыз толтырып айтарлық. Ірі іздерінің бірі қудалауда жүріп, қырғыздың Манас жырын жазып алып, философиялық саладан, тіл ерекшелік жағынан қырғыз халқының көне байлығы екендігін дәлелдеген.
Өмірінің 1955 жылдардан кейінгі уақыттарда шет елдерге сапарға аттанған шақтарында алған әсерін және көрген –білгенін ақпарат беттерімен және бұқара халықпен бөлісіп жүрді.
Әдебиет саласындағы сүбелі еңбегінің бір бөлігі аударма еңбектері. Европа мен орыс драмматургиясынан аударған шығармалары: В. Шекспердің «Отелосы», Б. Пруттың «Князь Мистиславы», А. Афиногеновтың «Қорқынышы», К. Треневтің «Любовь Яроваясы», Н. Погогдиннің «Ақсүйектері», А. Кронның «Флот офичері», Н.Гогольдің «Ревизоры», және тағы басқалары.
Сонымен қатар ол кісі Бауыржан Момышұлы туралы жазуды да қолға алуды ойлайды. Оны Бауыржан Момышұлының 1942 жылы 8 тамызда Мұхтар Әуезовке жазған хатынан көреміз. Онда былай деп жазған: «Отан соғысын тақырып етіп күресемін. Ол ат үсті емес, әдеби мағына , мазмұнына терең түсініп, біліп алып бастаймын деген ниетің мені көп қуантады. Солай етпеуіңе болмайды.» Осыдан соң 1943 жылы Алматыда Бауыржанмен кездесіп сұхбаттасады. Мұхтар Бауыржанның лекциясына қатысады. Сонда Бауыржанның мына айтқан сөздері Мұхтарға ауыр ой салады. «Мен ұстазбын, оқушы жүрегіне жол тауып, шындықтың сөзін сөйлеп, нағыз азамат тәрбиелеу арманым» осы сөздерді оқып отырып, ойландым да ұялдым дейді. «Қазақ мұғалімі» 24 қазан 2001 жыл.
Белгілі жазушы ,Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дүкенбай Досжанның «Ғажайып ғұмыр адамдары» атты кітабынан Мұхтар Әуезовтың шығармашылық өмірінен көлемді дүниелерді оқып, мынадай түйін түюге болады.
Әуезовтың өміріне байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінде , Ташкенттегі орта Азия университетінде ,Семей облыстық архивінде Ғылым академиясында жатқан том-том кітаптарды қопарып, ғұмырнамалық өмірбаянын жазып шығуға Дүкенбай Досжан бақандай үш жылын арнайды. Нәтижесін Мұхтар жайлы 33 баспа табақ, қолжазбаны санағанда мың беттей еңбек жазылыпты. Мұхтардың бұрын баспа бетін көрмеген сүйіспеншілікке толы ғашықтық хаттары табылған. Хаттар осы күнгі Мұрат Әуезовтың шешесі –Фатима Ғабитоваға арналған.
Ұлы жазушының «Абай жолы» романының алғашқы , бірінші кітабын жарыққа шығарып, көңілін бір демдеген шағы. Фатимамен 29 жылдардың аяғында танысса да іштегі ынтазарлық сезімін біраз уақыт бүгіп келгенге ұқсайды.
Достарыңызбен бөлісу: |