«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы


Субсидияны қалай алуға болады?



бет2/4
Дата05.07.2016
өлшемі331 Kb.
#180717
1   2   3   4

Субсидияны қалай алуға болады?

  1. Ең алдымен, банкке жаңа кредит беру жөнінде өтініш түсіру керек, егер сіздің қолыңызда игеріліп жатқан кредит бар болса, онда субсидия алу жөніндегі арызыңызды және субсидия беру мақұлданған жағдайда кредит бойынша пайыздық ставканы тиісті деңгейге дейін төмендету жөніндегі өтінішіңізді қоса беруіңіз керек. Өтініш формасын «Даму» қорының сайтынан ала аласыз: www.damu.kz

  2. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісіне өтініш етеді және келесі құжаттарды ұсынады:



Кұжаттар Тізімі

1.

Кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуден өткені жөніндегі куәлігі (мөр басылып/кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі);


2.

Лицензия – егер қызмет түрі лицензия алуы тиіс болса (мөр басылып/кәсіпкердің қолы арқылы куәландырылған көшірмесі);


3.

Жарғы, құрылтай шарты (егер құрылтайшы біреу болса, онда құрылтай шарты қажет емес). Акционерлiк қоғам акциялар эмиссиясының нобайы мен акционерлер реестрінен үзінді беруі керек (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы куәландырылған көшiрмесi);


4.

Бюджетке төленуi тиiс мiндеттi төлемдер бойынша қарыздың жоқтығы немесе көлемi туралы (өтiнiш қабылданардан 30 күннен кеш болмауы тиіс) салық органынан алынған анықтама қағазы;


5.

Кәсiпкердiң қаржылық декларациясының көшiрмесi оның соңғы қаржылық жылын қамтитын қаржылық есебiнiң көшiрмесiмен бiрге немесе/және Web сайттарда жарияланған кәсiпкердiң қаржылық ахуалы туралы сараптама жасауға мүмкiндiк беретiн, кәсiпкердiң дебиторлық және кредиторлық қарызы (борыштың көлемi, қордаланған мерзiмi және тауарлар мен қызмет түрi) ашық көрсетiлген ақпарат;


6.

Кәсiпкердiң жобаны жүзеге асыру талаптары мен болжамдық мерзiмi қамтылған бизнес-жоспары.



  1. Әкімдік қажет құжаттар мен мәліметтерді толық жинап алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде сіздің жобаңызды Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына жібереді. Кеңес субсидиялау мүмкіндігі (не мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды.

Кәсіпкер

Банк
1




2 6 6

Әкімдік

Экономикалық даму және сауда министрлігі

4




5
3

Қор


Аймақтық кеңес (АҮК)
6

4. Сіздің жобаңызды АҮК мақұлдап жатса, әкімдік Кеңес шешімін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне (Министрлік) жібереді.

5. Кеңес шешімімен танысқан Министрлік не сіздің жобаңызды бекітеді, не қайтарып береді. Бұл жайында әкімдікті құлақтандырады.

6. Министрліктен жоба бойынша мәлімет алған әкімдік сізді шығарылған шешіммен таныс етеді.





  1. Банк сіздің жобаңызды бекіткені жөнінде Министрліктің хатын алған соң, субсидиялау жөнінде үш жақты келісім жасалады, яғни, сіз, «Даму» Қоры және банк үшеуіңіздің араңызда.

Үш жақты келісім

Кәсіпкер



Банк

Қор





  1. Әрі қарай сіз субсидияланбайтын пайыздық ставка бойынша банктің сыйақысын өтеуді банкпен арада жасасқан келісім-шартқа сай жүргізе бересіз.

  2. Егер сіз қандай да бір себептермен кредит бойынша дер уақытында төлем жасауды тоқтатқан болсаңыз, онда субсидия бойынша жасалатын төлемдер де уақытша тоқтатылады, ал әрі қарай мүлдем тоқтатылуы мүмкін.

Кредит бойынша субсидия төлеу қандай жағдайда тоқтатылады?

Субсидиялау төмендегідей жағдайларда тоқтатылуы мүмкін, егер:



  • субсидияланатын кредит мақсатсыз жұмсалып жатса;

  • кәсіпкер үш ай қатарынан банк алдындағы міндетті өтемдерін төлей алмаса;

  • кредит мерзімінен бұрын толық өтеліп жатса;

  • АҮК «Даму» Қорының және/не әкімдіктің өтінішімен (ескертуімен)тиісті шешім шығарып Министрліктің келісімін алып жатса.

Субсидия төлеу жөнінде Аймақтық үйлестіруші кеңес шешім шығарғанға дейін субсидия төлеуді «Даму» Қоры тоқтата алады.


Кепілдендіру
Кепілдеме – отандық кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың тағы бір жолы. Бүгінгі күні көптеген заемшы компаниялар банктерден алған бұрынғы кредиттерін қайтара алмай отыр. Сондықтан да банктер қазір несие беруде және несие алушыны бағалауда бұрынғыға қарағанда қатаң талаптар қоюда. Оның сыртында көптеген компаниялардың кепілдік мүмкіндігі де бола бермейді, сол себепті де басталған бизнесті дамытуға, не жаңа бизнес ашуға заем алу бүгіндері өте қиын. Осының салдарынан көптеген кәсіпорындардың жағдайы жабылудың сәл алдында деуге тұрарлық. Мұндай компанияларға қолдау көрсету үшін мемлекет бизнеске жаңа кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру қажет деген шешімге келді. Яғни, бұл кепілдеме бойынша, егер кәсіпкер алған кредитін өтей алмаса, онда оның банк алдындағы міндеттемелерінің жартысын мемлекет өз мойнына жүктейді деген сөз. Бұл банктік тәуекелдерді де біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше банктер де ел экономикасының басымды секторларындағы жобаларды жүзеге асырып отырған кәсіпкерлерді барынша кредиттей бастайды. Ендеше бұл секторларда шығарылатын өнім ауқымы да ұлғайып, жұмыс орындары көбейе түспек, өз тарапынан бұл – жергілікті бюджетке аударылатын түсімдер де ұлғая береді дегенді білдіреді.
Кепілдемені қандай кредиттер бойынша алуға болады?

Кепілдеме – көбіне өндірісті жаңартып модернизациялауға, кеңейтуге бағытталған жобалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін берілген жаңа кредиттер бойынша берілуі мүмкін. Айналым қаражатын толықтыруға кредит сомасының 20%-ына дейін жұмсалуы мүмкін.


Кепiлдiк қандай сомада берiлуi мүмкiн?

Әрбiр жобаға берiлетiн кепiлдiк кредит көлемінің 50%-нан артық болмайды


Кепiлдiк қанша мерзiмге берiледi?

Кепiлдiк мерзiмi 10 жылдан аспайды.


Жобаға өз қаражатымен қатысу керек пе, олай болса өз қаражатының мөлшері қандай болу керек?

Кәсіпкер жобаға:



  • не жобаның жалпы құнының 15%-нан кем емес қаражатымен;

  • не жобаның жалпы құнының 25%-нан кем тұрмайтын мүлкімен қатысуы қажет.



Кредиттер бойынша қандай компаниялар кепiлдiк ала алмайды?
Егер сіздің:

* жобаңыз құнына қосымша салық (акциз) қосылатын тауарларды шығаруды көздесе;

* несие мемлекеттiк даму құрылымы арқылы берiлсе;

* сiздiң кәсiпорныңыз минералдық шикiзатты қайта өңдеуден өткiзетiн металлургиялық өндiрiс қатарына жатса және ҚР Үкiметiнiң 2008 жылдың 31 желтоқсанында қабылдаған №1344 қаулысына сәйкес, iрi салық төлеушiлер тiзiмiнде болса несие бойынша кепiлдiк ала алмайсыз.



Бұрын берілген кредит бойынша кепілдік алуға болады ма?

Егер Сізге кредит берілген болса, онда Сіз кредит бойынша кепілдік ала алмайсыз, себебі бұл Бағдарлама талабына қайшы келеді. Қор кепілдігі Банкке Банк қаржыландыруды жүзеге асырған кезге дейін беріледі.
Кәсіпкер қай мезгілде кепілдікке қол жеткізе алады?

ЖКС кепілдікке қол жеткізу өтінімінің орташа мерзімі (жобаны АҮЖ қарауына шығаратын күннен бастап, Кепілдік шартына қол қойылғанға дейін) 32 жұмыс күнін құрайды. Банктердің ЖКС кепілдік алу өтінімдерін қарастыруы және құптауы бұл мерзім ішіне кірмейді.

Сонымен қатар кепілдік алу мерзімі 32 жұмыс күнінен көбірек болуы мүмкін, оның себебі ЖКС мен банктердің жоба бойынша толық, жедел және дұрыс ақпарат берулеріне байланысты болады.
Кепiлдiктi қалай алуға болады?

1. Ең алдымен, банкке бару керек. Банк жобаны сараптан өткiзiп, талаптарға сай келген жағдайда кредит көлемi мен кепiлдiкке қажеттi сома көрсетiлген хат бередi.

2. Банктен алған хатпен бiрге сiз әкiмдiкке барасыз.

3. Әкiмдiк жобаңызды кепілдікті беру/бермеу туралы шешімді қабылдайтын Аймақтық үйлестiру кеңесiнiң (АҮК) қарауына ұсынады.

Кәсiпкер

Банк
1




5


2 4 4

Әкiмдiк

6 8


3

Қор

АҮК

Экономикалық даму және сауда министрлігі


4

7

4. Әкімдік АҮК жобаны мақұлдағаннан кейін Қорға және Банкке мақұлданған жобалар тізімін жіберіп, жобаңыздың мақұлданғаны жөнінде сізді хабардар етедi.

5. Аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралған жобаңыздың шешiмi туралы хабарлама қолыңызға тиiсiмен, сiз банкке қажеттi құжаттарды өткiзесiз.

6. Банк кепiлдiк берудiң мүмкiндiктерiн қарастыру мақсатында «Даму» Қорына сiздiң құжаттарыңызды жібереді.

7. Оң шешім қабылданған жағдайда «Даму» Қоры келісім алу мақсатында Кепілдік шартын жасасуға даярлығы жөнінде Экономикалық даму және сауда министрлігіне хат жолдайды.

8. Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісілгеннен кейін Қор банкке кепiлдiк берілерден бұрын жолданатын хатты жiбередi.

9. Кәсіпкер, Банк және Қор шартқа отырғаннан кейін үш жақты Кепілдік шартын жасасады.



Үшжақты Кепілдік шарты

Кәсіпкер


Банк



«Даму» қоры





Кепiлдiк алу үшiн қандай құжаттар қажет?




Құжат атауы

нысаны

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар пакетіндегі барлық құжаттар немесе құжаттарды қабылдап алу-тапсыру тізімдемесі

Банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және Банк мөртабанымен расталған түпнұсқа

3

Банктен кредит алу өтінімі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

4

Кредитті Қаржы агентінің Кепілдігімен беру туралы Банктің уәкілетті органының шешімі, экспертные заключения кредит, кепілзат және заң және Банк тәуекелдерін басқару басқармасының сараптамалық қорытындысы

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

5

ЖКС жыл басына шаққандағы қаржы құжаттары және өтінім берген (расшифровка кредиторлық және дебиторлық берешек соңғы есепті күнге және берешек туындаған күнді,жоспарлы өтеу күні мен берешек затын көрсете отырып, Жоба ұсылатын күнге жіктеу,негізгі қаражатты жіктеу) кезге ЖКС мөрімен расталған келесі есебі

Банк мөрімен расталған көшірме

6

ЖКС қаржы жағдайы, несие берешегінің бар-жоғы, сонымен қатар қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, құжаттарды қарастыру кезіне шаққандағы мезгілде (№ 2 картотека) төленбеген есеп-айырысу құжаттары туралы қызмет көрсететін банктен берілетін анықтама

Банк нысаны бойынша түпнұсқа

7

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық шоттар туралы мәлімет

түпнұсқа

8

Лицензия – егер қызмет түрi лицензияланатын болса, (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);


Нотариалды куәландырылған көшірме

9

Жобаны іске асыруға қатысты құжаттар (бар болса)

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

10

Бизнес-жоспар

түпнұсқа

11

Банк атынан Банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжаттар

Банк мөрімен расталған көшірме (Банк Кепілдік шартын жасасу кезінде ұсынуы мүмкін)


ЖКС құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын құжаттар

 

Егер ЖКС жеке кәсіпкер болған жағдайда:



 



Құжат атауы

нысаны

1

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

2

Қазақстан Республикасы салықтөлеушісінің куәлігі немесе ЖКС салықтөлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

3

Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі немесе Қазақстан Республикасының заң актілерімен қарастырылған патенті

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

4

Қойылған қолының үлгісі және мөр бедері бар құжат

Нотариалды куәландырылған көшірме

5

ЖКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредитті есеп алуға келісімі

түпнұсқа

 

Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда.



 



Құжат атауы

нысаны

1

Жарғы, құрылтайшылық келiсiм (құрылтайшы бiреу болса, құрылтайшылық келiсiм қажет емес). Акционерлiк қоғаммен келiсiм жасауда акциялар эмиссияларының анықтамасы мен акционерлердiң реестрлерiнен көшiрме қосымша берiледi (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);


Нотариалды куәландырылған көшірме

2

Кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (кәсiпкердiң мөрi/қолы арқылы бекiтiлген көшiрмесi);

Нотариалды куәландырылған көшірме

3

Қазақстан Республикасы салықтөлеушісінің куәлігі;

Нотариалды куәландырылған көшірме

4

ЖКС уәкілетті органыныңбірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген түпнұсқасы немесе көшірмесі;

5

Банкте және Қаржы агентінде құжаттарға ЖКС атынан қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаны жеке куәландыратын құжат, сонымен қатар оның өкілеттілігін растайтын құжаттар

Банктің уәкілетті тұлғасының түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесі

6

Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Нысан бойынша Қаржы агенті бекіткен түпнұсқа

7

Кредит тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі

Нысан бойынша банк бекіткен түпнұсқа

8

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар және ЖКС мөр бедері бар құжат

Нотариалды куәландырылған көшірме

9

ЖКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредиттік есепті алуға келісім

түпнұсқа



Екінші бағыт: Кәсіпкерлік секторды сауықтыру


Субсидиялау


Бағдарламаның бiрiншi бағытына арналған бөлiмде бiз банктiк несиелердiң пайыздық ставкаларын субсидиялаудың тетiктерiн қарастырдық. Дәл осы жағдайда да қолданылатын тетiк бiр. Айырмашылығы, субсидиялар кәсiпорынның бұрын алған несиесiн арзандату мақсатында берiледi. Экономикалық өрлеу кезеңiнде кәсiпорындар өндiрiстi дамыту үшiн аса iрi көлемде кредит алды. Олар түсетiн табыстың есебiнен қайтаруға үмiттi едi. Бiрақ дағдарыс кезiнде кәсiпорын кiрiсi күрт төмендеп кеткендiктен, бүгiнде кәсiпорындардың бiразы банктер алдындағы борышын өтеуге қауқарсыз. Мемлекет келешегi жарқын компанияларға көмек қолын созуға ниеттi. Сондықтан несие бойынша сыйақы ставкаларының бiр бөлiгiн төлеуге мемлекет дайын.
Қандай несиелер бойынша субсидия алуға мүмкiндiк бар?

Бағдарлама аясындағы субсидияны бұған дейiн алынған несиелер бойынша алуға болады:



  • стандартты

  • 1-санаттағы күмәнді

  • 2- санаттағы күмәнді

  • 3- санаттағы күмәнді

  • 4- санаттағы күмәнді

  • 5- санаттағы күмәнді

  • үмiтсiз.

Несиелердi топқа бөлудi Қаржылық бақылау агенттiгi тарапынан бекiтiлген ережелерге сәйкес банктер жүзеге асырады.

Сонымен қатар, егер кәсiпкердің қолында жұмыс iстеп тұрған кредит жүйесi болса, субсидиялау жоба мақұлданғаннан кейiн де аталған кредиттік жүйе аясындағы жаңа борышты да қамтиды.



Несиенiң ең жоғарғы сомасы қай мөлшерде болуы мүмкiн?

Субсидияланған кредит көлемi кәсiпкер-борышкердiң жекелеген жобасы бойынша 3 млрд теңгеден аспауы тиiс. Несие сомасы әр жоба бойынша борышкермен бiрiккен тұлға/компанияның несиесiне қатысты қарыздар қаперге алынбай, жеке есептеледi.

Тек ерекше жағдайда ғана Экономиканы модернизациялау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия борышкер-кәсiпкерге Бағдарламаның 3 млрд теңгеден астам несие алуына мүмкiндiк беретiн екiншi бағытына қатыстыруға шешiм қабылдауы мүмкiн.

Субсидиялар қанша мерзiмге берiледi?

Субсидиялау мерзiмi 3 жылдан аспайды.



Қаржылық көмек алуға қанша уақыт кетедi?

Жобаны қарастыруға және бекiтуге қатысты шараларға шамамен екi ай уақыт қажет. Жұмыс iстеп тұрған несиеге қатысты кредиторлық қарыз көлемi кредиторлар комитетiне өтiнiш бiлдiрiлген күннен бастап жазылады. Сауықтыруға қатысты көмек осы сомаға байланысты берiледi.


Пайыздық мөлшерлеменің қандай бөлігін мемлекет жабады?

кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдығы кемінде 12% (теңгемен берілген кредит) және жылдығы кемінде 10% (валютамен берілген кредит) кредиттерге ғана субсидия бөлінеді, оның:



  • 7% (теңгемен берілген кредит болса) және 5% (валютамен берілген кредит болса) Борышкер төлейді;

  • 5% (теңгемен және валютамен берілген кредит болса) мемлекет өтейді.

Соның өзінде Банк:

  • Борышкер бастамашылық ететін кредиттеу шарттарының өзгеруімен байланысты;

  • Борышкердің кредит бойынша міндеттемені бузуына байланысты өндіріп алынатын кредитке байланысты комиссия, алым немесе өзге төлемдерден бөлек, ешқандай комиссия, алым немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды.


Бағдарламаға кiмдер қатыса алмайды?


  • минералдық шикiзаттарды өңдеумен айналысатын металлургиялық өндiрiс кәсiпорындары және iрi салық төлеушiлер тiзiмiне енгендер;

  • өзiнiң қаржылық-экономикалық ахуалы, несиелiк немесе басқа да қарыздары туралы ақпаратты толық көрсетуге келiспейтiн кәсiпорындар;

  • кредиторлық комитетте қаржылық-экономикалық сауықтыру жоспарын мақұлдатпаған кәсiпкерлер Бағдарламаға қатыса алмайды.



Сауда саласындағы кәсіпкерлер Бағдарламаға қатыса алады ма?

Жоқ, қатыса алмайды, тек сауда желілерін салуға және пайдалануға бағытталған кредиті бар, қазақстандық тауарөндірушілердің мынадай қолдау бағдарламалары бар кәсіпкерлер болмаса:

- тауар жеткізуді жүзеге асырушы қазақстандық өндірушілермен кемінде 2 жылға шарт жасасу;

- қазақстандық өндірушілердің тауарларын іске асыру - кемінде 30% тауар ассортименті;

- қазақстандық тауарлардың тауарайналымы – өткен есепті жылдағы жалпы тауарайналымында кемінде 60% ;

- азық-түлік тауарларын, оның ішінде азық-түлік кәрзеңкесіне кіретіндерін, бөлшектеп сатуды жүзеге асыру;

- қызметін сауда нысаны аумағында жүзеге асырушы қазақстандық кәсіпкерлерге жалпы сауда көлемінің кемінде 60% көлемін беру;

- қазақстандық өндірушілер және/немесе өндірушілермен үлестес қазақстан өндірушілерінің тауарларын жеткізуді жүзеге асырушы кәсіпкерлер алдындағы тауарларды қабылдап алған күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуді жүзеге асыру;

- қазақстан тауарларын сату сөрелерінде орналастыру бойынша барынша тиімді талаптар ұсыну

- қазақстандық өндірушілер үшін кіріс боеустарының күшін жою;

- сауда желілері есебінен сауда желілері өткізетін қазақстандық өндірушілердің жарнамалық акцияларын жүзеге асыру;

- жергілікті атқару органдары мен сауда кәсіпорындары арасында негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасу.

Банктердің бұрынғы кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін сауда желілерін іріктеу критерийі:

- негізгі қызмет түрі бойынша кемінде құрамында 100 адам жұмыс істейтін бөлшек сауданы жүзеге асырушы;

- дүкендерінің жалпы көлемі - кемінде 2 000 шаршы.м;

- акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) Қазақстан Республикасының резидентіне (резиденттеріне) не болмаса Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке кәсіпкерлерге тиесілі заңды тұлғаның меншік құқығында болуы;

Кәсіпорынның сол салада жұмыс істеу кезеңі - кемінде 2 жыл;

2 және одан көбірек сауда объектілерінің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет