Бұл еңбек оқырманын ізгілікке, адамгершілікке, туыстық қарым-қатынасты сақтауға үндейді. Кітап жалпы көпшілікке арналған. Ббк 86,2 д 80



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата09.04.2024
өлшемі0.83 Mb.
#498161
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Дұға өміріңді озгерт

Дуаға қарсы дүға
Адам болған соң елдің пендешілігінен қорғанып, біреу-
дің сөзі, біреудің көзі, біреудің тілі тимесе дейміз. Қара ниет-
тілердің дуа, сиқырынан сақтанып жүреміз. Бірақ сақтанудағы 
әрекетіміз кейде берекетсіз болып жатады. Сиқырға сиқыр-
мен, дуаға дуамен жауап беріп әлек болатындар бар. Өмірімізді 
өзіміз қиындатпай, ілім ізденіп, намазымызды түгендеп, Ал-
ладан келген сүрелердің мағынасын түсініп, жүрегімізден өт-
кізсек талай бәлекеттерден қорғалған болар едік. Пайғамба-
рымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басынан 
өткен мына бір оқиғада сиқыр, дуа, күншілдіктен сақтайтын 
сүрелер келтірілген. 
Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 
қызметінде Ләбид ибн Асам атты бір яһуди жігіт бар еді. Яһу-
дилер Ләбидтің соңынан қалмай жүріп Пайғамбарымызға 
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қастандық жасайды. 
Оны Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
тараған кезде түскен шашын әкелуге жұмсайды. Сөйтіп сиқыр 
жасаудың әрекетіне кірісіп, дуаланған затты Пайғамбарымыз 
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) су ішетін құдыққа та-
стайды. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 
су ішкен сайын жағдайы нашарлап, тіпті дәрет алған-алмаға-
нын білмей қалатын дәрежеде болады. Қатты қиналған соң 
Раббысынан жәрдем сұрайды. Алланың қалауымен көктен екі 
періште түсіп, бірі бас жағына, екіншісі аяқ жағына тұрып:
- Алланың елшісіне не болған?
- Ол дуаланған.
- Оны кім дуалаған?


28
- Ләбид ибн Асам.
- Қалай дуалаған?
- Құрма ағашының кепкен қабығы, тарақ және түскен 
шаш арқылы.
- Ол зат қайда?
- Құдықтың ішінде, – деп өзара әңгімелесті.
Таңертең Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі 
болсын) сахабалармен бірге құдыққа барады. Арасынан бір кісі 
құдыққа түсіп әлгі затты алып шығады. Ішінен тарақ, шаш 
және он бір рет түйінделген жіп шығады. Сол арада Жебірей-
іл періште Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі 
болсын) «Фәлақ» пен «Нәс» сүрелерін жеткізді. Осы екі сүрені 
қосқанда он бір аят шығады. Әр аят оқылған сайын дуаланған 
жіптің бір түйіні шешіледі. Әр аятты оқыған сайын Алла ел-
шісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жағдайы жақ-
сарады. 
Фәлақ сүресі
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Қул ә’узу бираббил-фәлақ, мин шәрри мәә халақ, 
уа мин шарри ғаасиқин изә уақаб, уа мин шаррин-нәф-
фәәсәәти фил-’уқад, уа мин шарри хәәсидин изәә хәсад»
Мағынасы:
1. Таңның Раббысына сиынамын. 
2. Жаратқан нәрселердің кесірінен.
3. Қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен.
4. Түйіншектерге дем салған дуалаушылардың кесірінен. 
5. Һәм қызғаныштан тұла бойын өрт шалған көре алма-
ушылардың күндеген сәтте кесірінен, – деп айт.


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет