ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042-18-2.1.001/03-2013
|
«Менеджмент» пәнінің оқу-әдістемелік материалы
|
|
5В050600» - «Экономика», «5В050800» - «Есеп және аудит», «5В050900» - «Қаржы», «5В051000» - Мемлекеттік және жергілікті басқару», мамандығы студенттері үшін «Менеджмент»
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей 2013
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
Басқару- бұл ұйымның мақсатын құру және оған жетуді жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бқылау процессі
3аңдылық - бұл тұрақты, құбылыстар арасында қайталанатын байланыс.
Методология –бұл зерттелетін мәселенің нақты құрылымы.
Ұйым – бұл адамдар тобы, олардың қызметі жалпы мақсатқа жетуuе арнайы түрде бағытталған
Бизнес – жеке бастың, мекеменің пайдасын арттыруға бағытталған іс, кәсіпкерлік, сауда.
Биржа – ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды көтерме нарықта стау, мұнда бағалы қағаздар да, шетелдік валюта да сатылады.
Бәсекелес - әдетте, бәсекеге өзара жекелеген адамдар, топ-тоқа бөлінген адамдар тоды және фирмалар мен кәсіпорындар түседі. Бәсекелестердің әрекет етуі әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Шаруашылықтар арасындағы бәсеке – бұл жұмыс нәтижесін жақсартуға бағытталады.
Делдал – бәлгелі бір келісімді үйлестіруші, оғвн көмектесуші делдал адам.
Менеджмент ұғымы - өндірісті басқару, өндірісті басқару принциптерінің әдістерінің құралдары формаларының жиынтығы.
Менеджер - өндірісті, өткізу және қызмет көрсету саласындағы босқару жөніндегі кәсіптелген маман, оның қолында белгілі бір әкімшілік, шаруашылық, дербестік болады. Бизнес дегеніміз – белгілі бір өнімді, тауарды сату арқылы пайда табуға бағытталған қызмет.
Құн өлшемі – ақша кез – келген нәрсенің құнын бізге түсінікті түрде жеткізу үшін қолданылады. Мысалы, 10 жұмыртқа 85 теңге болса, жұмыртқаның құнын ақша арқылы есептей аламыз.
Жиналатын қаржы – сонымен біз ақшаға тауар беріп ал ақшаны бас тауар сатып алу үшін қолдануымыз керек.
Менеджменттің негізгі түрлері.
Ұйымдастырушылық басқару оның негізгі объектілері, ұйымды құру процестері, ұйымды басқару жүйесін және құрылымын қалыптастыру, инструкцияларды құрастыру нәтижесінде ұйымды қалыптастыру қалыпты жағдайлары құрылады.
Өндірісті басқару техникалық процестіңнегізгі параметрлерін қолдауға бағытталады. өнімді шығарудың ағымдағы көлемі анықталады. Құрал жабдықтарды және техниканы жөндеу баға санасына бақылау жасау.
Материялдық техникалық қамсыздандыру мен дайын өнімнің өтімділігін басқару. Шаруашылық келісім шарттарды бірлесе отырып жасау шикізаттарды материялдарды сақтау, жеткізу, сатып алу, сатып алушыларға немесе тұтынушыларға тауарды жеткізу.
Инновациямен басқару. Жаңалықтарды енгізу, яғни ғылыми зерттеулер нәтижелерінің объектілері өндіріске жады енгізе білу.
Маркетингті басқару. Нарықты зерттеу сұрақтарымен айналасады. өтімділіктің каналдарын қалыптастыру, баға саясатын талдау жарнамасын жасау.
Кадрларды басқару. әлеуметтік басқару түрінде кең тараған маманданған кадрларды дайындау еңбекті ынталандыру жұмысшылар жұмысшылардың еңбегінің жағдайларын жақсарту еңбектік дауларды шеше білу.
Қаржылық басқару. Ұйымның қаржының жоспарын құру, қаржы ресурстарын қалыптастыру, бөлу ағымдағы және алдағы қаржылық жағдайға баға беру.
Функция дегеніміз – міндеттерді н/е мақсаттарды шешу жиынтығы. Жоспарлау кез келген ұйым және фирманың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру, қызмет ету стратегиясын таңдайды. Өнімді алдағы уақытта қалай өтетіндігін жоспардайды.
Ұйымдастырушылық функция. Ұйымды және фирманы құру оның құрылымын қалыптастыру қамтамассыз ету.
Бағыттау функция. Ұйымның жұмысын жақсы жоғары нәтижеде алу үшін бағыттай білу, шығынсыз жұмыс істей білу.
Мотивациялық функция. Жұмысшыла және кәсіпорын басшылары шығынды аз жібере атырып, жоғары пайда алуға ұмтылу керек.
Бақылау функциясы. Ұйымның қызметінің нәтижелерін және оның қызметкерлерінің жұмысын белгілі бір уақыт өйткеннен кейін бақылап, бағалап, тексеріп тұру
Мақсат дегеніміз – нақты соңғы жағдай және қалаулы жетістік. Бұған жетугу әрбір топ ұмтылады.
Құрылым дегеніміз – басқару деңгейлерініңлогикалық қарым – қатынасы.
Технология – бұл құралдардың инфрақұрылымының жабдықтардың квалификациялық дәрістердің техникалық білімдердің жиынтығы материалда, материалда ақпаратта, адамдарда қажетті анықталған өндіріс тәсілі.
Комуникация – бұл екі немесе бірнеше адамдар арасындағы ақпаратпен алмасу процесі.
Сыртқы комуникация бұл кәсіпорынның сыртқы ортамен қатынасы.
Шешім – бұл альтернативаны таңдау. Шашім түрлері: 1. алдын ала бағдарланылған шешім. 2. бағдарланылмаған шешім. 3. интуитивті. 4. талдау негізіндегі шешім. 5. ұтымды шешім
Интуитивті – адамның ойында қалыптасқан шешім. Талдау негізіндігі – интуициямен қатар өйткен, тәжірибеде қолданылған білімдер мен шешілген шешім. Ұтымды – объективті аналитикалық басқару процесі негізіндегі қабылданған шешім.
Шешім – нақты өмірді, объектіні қарапайым түрде көрсету.
Статегиялық жоспарлау – жетекшімен қабылданатын әреккеттермен шешімдер жиынтығы, бұлар арнайы статегияларды дайындауға көмектеседі, негізінен ұйымның мақсатына жетуге арналады.
Стратегия – бұл грек тілінен аударғанда генерал өнері деген мән береді. Стратегия жан жақты бөлшекті кешендік жоспар.
Миссия – ұйымның құрылуының ерекше себебі миссияны қалыптастыруда келесі жағдайлар есепке алынады.
Процедура – нақты жағдайда қабылданатын әрекеттердің жиынтығы.
Ереже – нақты жағдайда да не істеу керектігін көрсетеді.
Саясат – шешім қабылдаумен әрекеттердің жалпы бағдарламасы.
Тактика – нақты қыска мерзімдік стратегия.
Бақылау – бұл ұйымның мақсатына жетуді қамтамасыз етуші процесс.
Мотивация - өзін және басқаларды ұйымның мақсатына жетуге ояту және ынталандыру процесі.
2. Дәріс тақырыптары бойынша қысқаша түсініктеме.
Модуль 1 Менеджменттің теориялық-әдістемелік негіздері
Тақырып 1. Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны
1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып « қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағыу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тілінде Ocsford сөздігінде бұл ұғымға мынадай тұсініктер беріледі:
А) Адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі.
Ә) Билік және басқару өнері.
Б) Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
В) Басқару органы әкімшілік бөлігі.
Менеджмент бұл нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. Менеджмент бұл нақты мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі. Американ экономисті Леотивтің анықтамасы бойынша менеджмент бұл - өнім, технология ,өндірісті ұйымдастыру басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инабациялау, жаңалық мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принцптерін тәсілдермен формалардың жиынтығы. Сонымен менеджменттің бастапқы ұғымы бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек менеджер арқылы әрекет ете алады. Жеке кәсіпорын өзінің құқықтық формаларына қарамастан басшылығы болу тиіс.
2. Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам. “Менеджер бұл жауынгер ” оған қателесуге болмайды. Өзінің жеке мүдесін фирма мүдесіне бағындыра білдіруге өзінің жанұясы фирманың гүлденуі үшін күресуі тиіс.
Жапонияда менеджер мектебінің негізгі жапон корпорациларын болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орның жүздеген тыңдаушылар осы өсиет қайталайды. Менеджердің табиғатына Дракер осындай сипаттама береді. Оның пікірінше менеджер арнайы екі міндетті атқарады және ол міндеттер әскер кәсіпорын жұмыскерлерінде ешқайсында жоқ. 1. Қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндіріс құру.
-
Кезкелген шешімді қабылдау іс- әрекетке кіріскенде.
Барлық менеджмент үшін олардың қызмет орнына қарамастан ортақ қызмет болады.
А) Менеджер іскер кәсіпорын мақсатын орындайды.Сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады.
Ә) Менеджер ұйымдастырушы болуы қажет.
Б) Менеджер көтермелу шараларын қамтамасыз ететін тығыз байланыс орнатады.
В) Менеджер ұйым іс- әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді.
Г) Менеджер адамның қызмет жағынан кемелденіп, жоғарлатуын қамтамасыз етеді.
3. Алғашында менеджментті жалпы алғанда адамдар топталып жұмыс істеген жерде адамдардың қоғамдық үш сферасында болған.
А) Саяси сфера – топтар арасында тәртіпті қабылдау үшін болды.
Ә) Экономикалық сфера – өндірісті және ресурстарды топтау және анықтау.
Б) Қорғаныс сферасы – бұл жаулардан және жабайы аңдардан қорғану үшін.
Ерте қоғам кезінде адамның қызметін бағыттап отыру үшін адамдар қажет болды. Мысалы: Египеттік пирамида басқарушы өнердің ескерткіші болып табылады. Өйткені ондай құбылыстарды мұқият жоспарлау, көп адам жұмыс жасағандықтан солардың қызметін қадағалау қажет болды.
Менеджмент даму кезеңдерін теориялау және практикалау қарап отырып мынадай тарихи кезеңге бөлуге болады.
1. Ежелгі кезең б.з.д. 9 – 7 ғ. бастап бұл ең ұзақ дамыған кезең. Қазіргі 18 ғасырға дейін қамтыды. Кезең бастапында басқару тәжірбиесі өте баяу жиналды. Алғашқы қауымдың құрылыс бірігіп етуді басқару және ұйымдастыру үшін 9 – 7 мың. жылдары таяу Шығыста шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне көшу бастабында, яғни өндіруші экономикалық басталды. Менеджменттің дамуынан осы өндірістік экономикалық көшу көп әсерін тигізді. Ежелгі Египет мемлекеттік шаруашылықты басқарудың үлкен тәжірбиесі болды. Бұл уақытта дамыған мемлекеттік басқару апараты және оларға қызмет ететін топ қалыптасты.
Сократ грек философы басқаруды ерекше қызмет сферасы деп сипаттама берді.Ол әр түрлі басқару фориалар таңдау негізінде басқарудың жан – жақты принціпін алға қойды.
Платон ( 428 – 348 ж. ж. ) мемлекеттік басқару формаларын классификациясын жасады.
Александр Македонский б.з.д. 356 – 323 ж. ж. теориясын жауынгерлерді басқару және практикасын жасады.
2. Индустриялық кезең ( 1776 – 1890 ж. ж.) Бұл кезеңге мемлекетік басқарудың дамуынды А. Смит ол тек классикалық өкілі ғана емес. Ол еңбектің әр түрлі формалардың бөлінуі мемлекет пен мемлекет басшысына сипаттама берді. Қазіргі заманға ғылыми бағыттармен менеджмент мектептері қалыптасты. Р. Оуэннің еңбектері көп әсер етеді. Р. Оуэннің өндірісті басқару әділеттілігі және жұмысының еңбек және жұмыс жағдайын жоғарлату мәселелері қазір маңызды байланысты. Басқару теорияның есептеу техниканың шығуы және пайдалануына байланысты. 1883 жылы ағылшын математигі Гэобидж қазіргі заманғы цифрлы машинаның үлгісі аналитикалық машина жобасын жасады. Оның көмегімен сол уақытынан бастап, басқару шешімдері оперативті түрде қабылдана бастады.
3. Жүйелеу кезеңі 1856 – 1960 ж. ж. Басқару туралы ғылым үнемі қозғалыста болды. Жаңа бағытта мектептер қалыптасты. Ғылыми аппараттар өзгерді. Уақыт ағымына байланысты менеджменттің басқару тәсілдерінің зерттеуінің бағыттары өзгереді. Негізінен алғанда менеджмент 19 ғасырда өндірістік революция нәтижесінде пайда болды. Өндірістің алғашқы типі фабриканың пайда болуын көптеген адамдарды жұмысын қамтитын қажеттілігі жекелеген қожайынның олардың басқаруынан мүмкіндік болған жоқ. Соның нәтижесінде ең жақсы жұмысшылар таңдап, оларды оқыта бастады. Олар алғашқы менеджер болып табылады. Менеджмент облысындағы алғашқы зертеулер классикалық мектеп арқылы жасалынады. Зертеулер нәтижесінде адамдар қасиеттер бойынша параметрлі анықтап көмектесе алмады.Қорытындыда мінез – құлық концепциясы маңызды емес тұжырымға келуге болады.Менеджментке ғылым ретінде қарау құралы алғашқы қадамды Ф. Тейлор жасады. Ол адам тиімділігі емес, ұйым қызметінің тиімділігіне қарады. Ғылыми басқару мектебінің дамуына әкелді. Ғылыми басқару концепциясы арқылы менеджмент тұрақты ғылыми зерттеу Тейлор өзінің фабрикалы басқару менеджмент. Еңбектің түрі ғылыми қалыптасты Жылберт есімдерімен байланысты. Олар еңбек қозғалысы аймағына зертеулер жүргізді. Тронометражды сонымен қатар жұмыс орнының ұйымдастыру ғылыми принцпін жасады. 1916 жылы зертеуде тұтас бағыт қалыптасқан. Алғашқы ғылыми мектеп бірнеше атаумен аталады.
а) Ғылыми
ә) Классикалық
б) Дәстүрлі
Бұл идеяның басқаруының бірі Анрей Фаель болды. Ол басқару процесін бес негізгі фунцияға бөледі:
а) Жоспарлау
ә) Ұйымдастыру
б) Мамандарды таңдау, орналастыру
в) Жетекшілік ( мативация )
г) Бақылау
Фаели еңбегінің арқасында фирманың ұйымдастырушылық құрлымы деген ұғым қалыптасты. Фаельмен жасалған принцптерін басқарушының бір түрі әкімшілік, тұрақты қорытындысы деп мойындады. Менеджмент облысындағы дамудың тағы бір кезеңі 1930 жыл. Осы мектептің өкілі Оуэн фабрикадағы адам жағдайын жасады. Адамгершілік мектебі пайда болды. Беки борастик мектеп ( тәртіп) мінез құлықтарын бақылады.
-
Ақпараттық кезең 1960 – 2000 . Осы кезден сандық ықпал пайда болды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1. Менеджерлерге қойылатын талаптарға сай, басқару жұмысын ұйымдастыру
2. Кейбір кәсіпкерлерге тән кемшіліктерге сипаттама беру
3. Менеджерлердің іс-әрекетінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар (АҚШ, Жапон елдерінде)
Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Тақырып 2. Менеджменттегі жүйелі ықпал
1.Жүйенің кез келген типке қолдану бір шама шақты абстракты ұғым. Философияның жүйелер сандар жүйесі, байланысты жүйелері, белгілі беру жүйелері, құрал жүйелері дегендер болады. Жүйенің біреуі физикалық техникалық мәндеріне концепцияның өзіндік үлесімі болып саналады. Жүйелік бұл табиғат құбылысының жалпылама қасиеті. Қоғам әр қашанда ұйымдастыруда болады және белгілі бір жүйе ретіндежұмыс істейді. Карл Маркс осы тарапында қоғам тұтас ретінде дамиды деп көрсетті. Табиғи байланыс осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болды. Оның мақсаты дамуы қоғамның барлық элементтінің өзінің бағындыруға немесе соған жетіспейтін орган құруға бағытталды.
Жүйе – күрделі бірлікті құрайтын бір – бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектінің жиынтығы немесе кешені белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп арналды, бірнеше білімнен тұратын тұтастық. Жүйе тұтастай құрлымды құрайтын жаңа қасиетке ие болған өзара әрекетесетін элементтің жиынтығы. Бүкіл жүйені шартты түрде 3 түрге бөлуге болады:
1. Техникалық
2. Биологиялық
3. Әлеуметтік - экономикалық
Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және жүйедегі дербес жұмыс істейтін бөлімдерін шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтықты түрде тарматар деп атайды.
Әлеуметтік – экономикалық жүйе ең күрделі динамикалық дамудың, өзін – өзі басқаруып жүйе саласына жатады. Әлеуметтік негізгі қасиеттеріннің белгілері тән: ал, мұның өзі оларды қалыптастырып жұмыс істеу және даму үшін айрықша маңызы бар.
2. Кез келген жүйеде элементер өзара тығыз байланысты әрі белгілі бір әдістерімен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесуі жүйедегі әлемдер арасындағы байланыс арқылы көрініп, ал олардың өзі заттың немесе ақпараттың болуы мүмкін. Кез келген жүйе сияқты кәсіпорын жекелеген элементтің ұйымдастыру бірлестігін, ал оның ерекше бірлескен бөлігі жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрлымды құру. Әрбір элемент өзіне тән функция орындайды. Оның өзіндік орны болады және өзара тәуелділігі жүйеге қатынасы. Осыған байланысты болды. Жүйенің жалпы қасиеті – ол Иеиархиялық, яғни жүйеге неғұрлым енгенде оның элементіне ену және керсінше жүйе элементтінің дербесті ала отырп, өзі жүйеге айналды. Әр деңгейде жүйе өзінің белгілерімен және елшіліктермен өзгешеленеді. Құрлымдық заңдылық және жүйенің жақсы жұмыс істеуді көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген өндірістік бөлімшелер басқару буындары атқару міндеттер жүйедегі жалпы түрткі мақсатқа жетуге бағытталған. Егерде кез келген бөлімшенің басқару буынының мақсаты, бірақ тұтастай жүйе құрамына келмесе, онда жоғары деңгейдегі жүйе тарапынан енгізуін талап етеді. Әлеуметтік – экономикалық жүйенің маңызды қасиетті. Оның дербестігі және өзін – өзі басқаратындығы , бұл жүйенің белгілі бір заңдарға негізделген өздік басқару органы және өз бетінше өздігімен дамуынын қабілеті бар. Жүйенің 2 түрі бар: ашық және жабық.
1. Ашық жүйенің ерекше сыртқы ортамен тығыз байланысты энергия, мәліметтер, материалдар.Жүйе шекарасы арқылы енетін сыртқы ортадан мәліметтер енетін объектілер экономикалық, саяси бәсекелестік.
2.Жабық жүйенің белгілерінің нақты шекарасы болды. Оның іс – әрекеті қоршаған орта жүйенің бір шама тәуелсіз.
Ашық жүйе өзін – өзі қамтамасыз ете алмайды. Оның өмір сүруі сыртынан келетін мәліметтерде және материалдарға тәуелді болады. Басшылар ашық жүйелерін жұмыс істеу ұйым сыртқы ортадан мәліметтер капитал адам ресурстарын материалдарды алады. Осы өнімдерін қызметтер ұйымның сыртқы ортаға шығын компонентер болып саналады.
3. Кез келген ұйымдастыру компониялар жүйе ретінде алуан түрлі затарды сыртқы экономикалық ортаға шығарды және одан кез келген өнімді немесе қызмет алуға сөйтіп, сыртқы экономикалық ұғымын белсенді қатысып орнатуы мүмкін.
Сыртқы экономикалық орта. Сыртқы экономикалық орта элеметтеріне жататыны: капитал, машиналар, ғимараттар, тауар қорлары, кеңсе жабдықтары, әр түрлі аспаптар, сондай-ақ қолда бар ақша;
- жұмысшы күші. Қойылған мақсаттқа жету, міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мамандықтағы жұмысшы күшімен қамтамасыз ету.
- баға деңгейі. Мәселен, инфляция (ақшаның құнсыздығы) коммерсиялық кәсіпорындардың қалыпты қызметін бұзып қана қоймай, еңбек өнімділігін де кемітеді.
- жоғары білікті кәсіпкерлер мен әкімдердің болуы өте жоғары бағаланады.
- үкметтің қаржы және салық саясаты экономикалық ортаның маңызды элементі.
- сатып алушылар. Тұтынушыларды тарта біру үшін кәсіпорын адамдар нені қалайтынын және нені алғысы келетіндігін біліп отыру тиіс.
Сыртқы технологиялық орта. Іскерлік белсендік пен технология арасында тығыз байланс бар. Аумалы – төкпелі дүниеде кез келген коммерциялық кәсіпорын өмір сүру үшін технологияның соңғы жетістіктерінен хабардарт болуы тиіс, өйткені оның өзі таур немесе қызмет көрсету арқылы өндіріс процесі ретінде де, сондай-ақ жұмыс тәсілін жетілдіру үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Жүздеген жылдар бойы америкалық әлеуметтік дамуда бірқатар әлеуметтік сенім қалыптасты. Ал, мұнымен басқарушы санаспай тұра алмады. Бұлардың ең бастылары мыналар:
-
Сенімділіктің болатын себебі сол, жұмыс істегісі келетін адамдарда алуан түрлі мүмкіндіктер болатындықтан, осы мүмкіндіктерді пайдалану қажет.
-
Бизнеске сену және кәсіпорын басшысын құрметтеу.
-
Тұрмыстың барлық саласында, әсіресе, іскерлік қыметте бәсекелестіктің және бәсекелесу қабілетінің қажеттілігіне сену.
-
Жеке адамдардың нәсіліне, діни сенім мен нанымына қарамаста құрметтеу.
-
Өз меншікіне иелік ететін билеушіні, оның кәсіптік білімін саясй орынын құрметтеу.
-
Білімге сені және оны құрсеттеу.
-
Қисынды (логикалы) процестерге, ғылым мен техникаға сену.
-
Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығына жәнеде бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.
Сыртқы саяси орта. Басқарушының саяси және заңды ортасы әлеуметтік ортамен тығыз байланста болады. әдетте әлеуметтік қысымның және әлеуметтік проблеманың нәтижесіне қабылданады.
Саяси орта, әдетте, саяси және үкмет басшылары мен заң шығарушылардың көзқарасы мен әрекетінің орталығы болғандықтан, мұның өзі әлеуметтік талап пен сенімнің бәсендеуі мен көтерілуіне қарай өзгеріп тұрады.
Сыртқы этикалық орта. Этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас элементіне жатады да, практикада жалпы қабылданған және қолданылып жүрген жеке бастың жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан тұрады. Кейде этикалық талаптар заңдарда нақты қарастырылады.
Кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйе біршама дербес, бірақ өзара байлансты екі бөліктен тұрады: басқарылатын (басқару объектісі) және басқарушы (басқару субъектісі).
Басқарылатын жүйе деп, ретке келтіру мақсатындабасқару ықпалынжүргізуге арналған объектіні, яғни белгіленген жүйеге жетуге мүмкіндік беретін даму формасын айтады. Оның өзі өндірістің алуан саласындағы процесті жүзеге асырады.
Бақарушы жүйе – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмыскерлер жйынтығы.
Басқарушы жүйе – бұл «нені» немесе «кім» басқарады, ел басқарылатыны – «нені» немесе «кімді» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар – «басқару субъектісі» мен «басқару объектісі».
Басқаратын және басқарушы жүйелер субъектіден объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен байлансты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
-
Жүйенің тармақтары құру
-
Ашық және жабық жүйелердің ерекшеліктерін талдау
-
Менеджменттегі сыртқы және ішкі ортасына сипаттама беру
-
Кәсіпорнының басқару саясатын құру
Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
Достарыңызбен бөлісу: |