БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы Әбіш негізгі мектебінің тарих



Дата25.02.2016
өлшемі65.7 Kb.
#18869
БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы

Әбіш негізгі мектебінің тарих

пәнінің мұғалімі

Ерекешова Назгүл Темірболатқызы
Сыныбы: 5 сынып

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Тақырыбы: Ақмола тарихы, Ақмоланың негізінің салынуы, Ақмола туралы алғашқы мәліметтер, Ақмола – сауда және мәдениет орталығы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;

ә) дамытушылық: Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту, тарихи карталармен жұмыс істеуді үйрету;

б) тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа, ел тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын ояту, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география, бейнелеу өнері,

Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, талдау, салыстыру, топтастыру, шығармашылық жұмыстар, картамен жұмыс,

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, тірек – сызбалар, қосымша материалдар, суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, таратпа карточкалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Қызығушылықты ояту:

Өзіңді тексер: « Ия – жоқ» тестісі

  1. 1715 жылы қазан айында Жәмішев бекінісінің іргесі қаланды.

  2. Бекініс салуға жоңғарлар батыл қарсы шықты.

  3. 1720 жылы Семей бекінісі салынды.

  4. Бекіністердің салыну себебін орыс өкіметі жоңғарларға қазақтардың шапқыншылығынан қорғану үшін деп түсіндірді.

  5. 1720 жылы Өскемен, Черноярская және Коряковская бекіністері салынды.

  6. Бұл бекіністер патша үкіметінің Ертіс өзені бойындағы жағдайын күшейту үшін өте қолайлы плацдарм еді.

  7. Бекіністі қамалдарды салу үшін подполковник И.Д.Бухгольц бастаған әскери экспедицияға жүктелді.

  8. Бекіністі қорғаушылар арасында аштық басталып, И.Д.Бухгольц 7000 адамымен бірге кері қайтуға мәжбүр болды.

ХҮІІІ ғасырда қазақ жерінде салынған тағы қандай бекіністерді білеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ: §17. Ақмола тарихы, Ақмоланың негізінің салынуы, Ақмола туралы алғашқы мәліметтер, Ақмола – сауда және мәдениет орталығы

Сабақтың жоспары:

1. Жаңа округ ашуға әзірлік

2. Ақмола округтік приказының ашылуы

3. Ақмола – аймақтағы ірі сауда орталығы

4. Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі

5. Ақмоланың ай сәулелі Астанаға айналуы

Сабақтың эпиграфы:

Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді,

ол ең алдымен тарихтан тағылымсабақ алу үшін зерттеледі.

Н.Ә.Назарбаев



Мағынаны тану:

Картамен жұмыс: Ақмоланы көрсету

ХІ – ХІІІ ғасырларда қазіргі Астананың шет аймағында қыпшақтардың Бозоқ деген ортағасырлық қаласы болған. Ол сауда жолдарының тоғысқан торабында еді. ХІХ ғасырдың 30 – жылдарының бас кезінде мұнда Ақмола сыртқы округі орталығы салына бастады. Ақмола бекінісінің салыну тарихы ХІХ ғасырдың басында сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының бастамасымен қолға алынды. 1830 жылы подполковник Ф.К.Шубин бастаған отряд іске кірісті. Бекіністі салуға үш себеп болды:



Біріншіден: Екіншіден: Үшіншіден:

Болашақ округ орт-на Өзеннің екі өңірін алып Экспедиция мүшелері

таяу жерде Есілдегі жатқан шөбі шүйгін мал отын етіп жағуға болатын

жүк тиелген сауда жайылымы мен көк жасыл талды тоғайға да назар

керуен-і тоқтай алатын кең жазира қызықтырды. аударды.

Қараөткел атты өткел

бар еді.

Хронологиялық кесте:




Уақыты

Басты оқиғалар

1.

2.

3.



4.

5.

6.



7.

8.

9.



10

11

12



13

14

15



16

17

18



ХІ – ХІІІ ғ.ғ.

1830 ж.


1832 ж. 9 қаңтар

1832 ж. 22 тамыз

1838 ж.

1845 ж.


1845 ж.

1852 ж.


1862 ж.

1865 ж.


1868 ж.

1870 ж.


1875 ж.

1876 ж.


1880 ж.

1882 ж.


1893 ж.

1914 ж.


Бозоқ ортағасырлық қаласы болған

Ақмола бекінісі салына бастады

Ресей императоры І Николай бекіністің ашылуына рұқсат берді.

Ақмола бекінісі салтанатты түрде ашылды

Тұңғыш мешіт ашылды

Ақмола бекінісіне 100 – ге жуық отбасы көшіп келді

Тұңғыш почта бөлімшесі ашылды

Тұңғыш екі жәрмеңке ашылды

Ақмолаға қала атауы берілді

Сауда айналымы 1,5 млн тоннаны құрап, Ақмола ең ірі сауда орт. айналды

Қала Ақмола уезі мен аймақтың орталығы болды

Қалалық басқарма құрылды

Полиция басқармасы құрылды

Қазақ балаларына арнал,ан интернат ашылды

Қаржы кассасы ашылды

Қалаға саяси жер аударушылар келе бастады

Қалалық бақ отырғызылды

Қала тұрғындарыныңы саны 16,5 мың адамға жетті.



Оқулықпен жұмыс:

Ақмола XIX ғ. даланың ірі сауда және экономикалық орталығы болды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола округтік қала болып жарияланды. 1893 жылы Ақмола халқы 6428 жанды құрайтын, 3 шіркеуі, 5 мектеп, училищесі, 3 зауыты бар уездік қала болды.

Қала дамуының кезекті кезеңі тың жерлерді игеру кезеңіне келеді. 1960 жылы 100 мың тұрғыны бар Ақмола тың өлкесінің орталығына айналды. 1961 жылы Ақмола қаласы Целиноград болып өзгертілді және жаңадан құрылған Целиноград облысының орталығы болып жарияланды. Еліміз тәуелсіздік алған соң 1992 жылы қалаға қайтадан бұрынғы Ақмола аты берілді.

Ақмола облысы – Республикамыздың ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы. Жер қойнауында алтын, уран, бокситтер, сурьма, мыс, кварц құмдары т.б пайдалы қазбалар кездеседі.

Ақмола 1997 жыл 20 қазандағы Қ.Р-ң Президенті жарлығымен және Қ.Р-ң Парламентінің мақұлдауымен 1997 жыл 10 желтоқсанда Қ.Р-ң Елордасы болып жарияланды.

1998 жылы 6 мамырда Ақмола аты Астана болып өзгертілді.

Есілдің сол жақ жағалауына салынған әсем үйлер, әкімшілік ғимараттар «Жаңа Астана» деген атау алды. Қазір тек астаналықтар ғана емес, Елорда қонақтары да «Астана дүниежүзіндегі ең әсем қалалардың біріне айналады»,- дейді. ЮНЕСКО шешімімен Астанаға « Бейбітшілік қаласы» құрметті атағы берілді.



«Қаланың қалыптасу тарихы»

«Ақмола бекінісі – Ақмола округтік приказы – Ақмола – Целиноград – Ақмола - Астана»



Оқушылардың шығармашылық жұмыстары:

«Астанаға саяхат» слайд арқылы түсіндіру.

Біздің сыныпта Ақордамызда болып қайтқан, таңғажайып нысандарды өз көзімен көрген оқушылардың пікірін білейік. Гүлнұр мен Абылай.



Шығармашылық тапсырма: Өлеңнің екі жолы берілген, қалған екі жолын жалғастыру керек.

Оқушылар жеке өз бетінше ұйқасымен толықтыру қажет.

«Ей, Астанам, Астанам,

Өзің болшы бас қалам...»



ІҮ. Сабақты бекіту: «Тарихи домино» ойыны.

  1. 1862 жылы 26 қыркүйекте Ақмола ресми түрде округтық қала болды.

  2. Ақмола бекінісінің ашылуына Құдайменді сұлтанның ықпалы зор болды.

  3. ХІХ ғасыр ортасында Ақмола мал өнімдерін фабрика – зауыт бұйымдарына айырбас жасаудыңорталығы болды.

  4. Орыс ғалымы Г.Н.Потанин Ақмоланы болашақ қазақ елінің астанасы болса деп армандаған.

Қорытындылау: «Венн диаграммасы»:

Ақмола

Целиноград

Астана

ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ең ірі бекіністердің бірі, сауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Ресей мен қазақ елін жалғастырушы алтын көпір



ҚазақАКСР – гі ағарту мен мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, одан қалды тың игеру кезінде одан кейінде астық өндірудің отаны болған, сол сияқты табиғи байлығымен ерекшеленді

Қазақстанның орталығы, еліміздегі саясат, экономика, мәдениет, ағарту, өнер т.с.с. құндылықтарымыздың бастауы. Ай сәулелі ажарымен ерекшеленген, қазақ елінің символы. Болашақтың қаласы.



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Елорданы Астанаға көшіру бастамасымен миллиондардың тарихи миссиясына арна ашты, жаңа Астана озық идеялар мен нақты істердің ұйытқысына айналды. Астана - ұлттық тарихымыздың айбары һәм мақтанышы. Ендеше, осы бақ – дәулет кемел ұлттық идеямен көмкеріліп, ұзағынан болғанын тілейік.

Ү. Бағалау: оқушыларға өзіндік бағалау парағы беріледі.

ҮІ. Үйге тапсырма беру: §17. Ақмола тарихы, Ақмоланың негізінің салынуы, Ақмола туралы алғашқы мәліметтер, Ақмола – сауда және мәдениет орталығы 109 – 114 бет.

«Астана – кеше, бүгін, ертең» - деген тақырыпта эссе жазу, қосымша материалдарды оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет