Бөж тақырып: Іскерлік (бизнес) философиясы Орындаған: Абдилат Ә,Мақажан а топ: ппп-011 ф қабылдаған: Шадинова г жоспар



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі70.26 Kb.
#463255
  1   2   3
БӨЖ философия





БӨЖ

Тақырып:
Іскерлік (бизнес) философиясы

Орындаған:Абдилат Ә,Мақажан А


Топ:ППП-011 Ф
Қабылдаған:Шадинова Г
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Қазіргі уақыттағы бизнес түрлері

  1. Қорытынды

I.Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
ХІХ ғасырдың екінші жартысында кәсіпкер және капиталист арасындағы айырмашылықтарын көрсетудің мүмкіндігі пайда болды. Экономисттер кәсіпкер мен менеджердің (капиталисттердің) арасындағы шекараны бөлуге тырысқанымен, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Америкада – Френсис Уокер, Ұлыбританияда – Альфред Маршалл, Германияда – Мангольд және т.б. зерттеушілер көптеген қиыншылықтармен кездесе отырып, барлық назарларын кәсіпкерлік қызметке бөлді. Зерттеушілер кәсіпкерлік қызметтің экономикалық тепе-теңдік шарттары ретінде инновациялық компоненттердің маңыздылығын, машина және технологиялық процестерді ендірудіңбелсенді рөлін атап өткен. XIX ғ.басында олардың жұмыстарында кәсіпкерліктің экономикалық, ұйымдастырушылық және психологиялық белгілері ерекшеленеді, олар кейіннен оның негізгі функцияларына ауысады. Сол кезде, XIX ғ. экономист ғалымдар кәсіпкерліктің инновациялық сипатын көрсетті. Бұл көзқарас ХХ ғасырда, әсіресе оның екінші жартысында кеңінен қолданылады.
Қазіргі заманғы кәсіпкерлікті дамыту үшін XVIII-XIX ғғ. ғалым экономистердің кәсіпкер - капиталдың иесі, өз ісінің иесі, оны басқаратын, әсіресе өз капиталының (ісінің) жұмыс істеуінің бірінші сатысында, меншік иесінің жеке өндірістік еңбегімен функцияларын жиі қоса атқаратын деген тұжырымы маңызды мәнге ие болды.
ХХ ғасырда «кәсіпкерлік қызмет» туралы өздерінің ой-пікірлерін білдірген бірқатар ғалым-экономисттер бар. ХХ ғ. екінші жартысы – бұл батыс елдерінің көпшілігінде тәжірибелік өркениетті кәсіпкерліктің даму кезең
Осы уақытта, дамыған нарықтық экономикада кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар, компаниялар) үй шаруашылықтарымен және мемлекетпен қатар маңызды шаруашылық жүргізуші субъектілер болып табылатынын ескере отырып, көрнекті ғалымдар осы өзекті мәселеге жүгінеді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет