А. Құрсақтық кезең
1.эмбриондық даму фазасы (0 ден 3 айға дейін)
2.плаценттік даму фазасы(3 айдан туғанға дейін)
Б. Құрсақтан тыс кезең
1. нәрестелік кезең (0 ден 28 күнге дейін)
2. еметін жас кезең ( 28 күннең 12 айға дейін)
3. ерте мектепке дейінгі кезең (1 жастан 3 жасқа дейін)
4. мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін)
5. кіші мектептік кезең ( 7 жастан 11 жасқа дейін)
6. Ересек мектептік кезең (11 жастан 20 жасқа дейін)
1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды. Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа 600 г; бой ұзындығы — 3 см ұзарады, бас айналымы— 1-1,5 см.Қозғалысы шұғыл, бір — бірімен байланыспаған. Туа пайда болған рефлекстері жақсы жетілген. Вертикальды қалыпта бірнеше секунд басын ұстайды. Қол жетімді заттарды оқыс және рефлекторлы түрде ұстайды
2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді. Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа 800 г, бой ұзындығы — 3 см ұзарады, бас айналымы— 1,5 см
3 ай.Тамақтануы. Қажетті — ана сүті. 6 рет емізу әр бір 3,5 сағат сайын 130 — 150 мл.Жиі байқалатын жағдайлар:
Тамақтануы жиі және түнгі уақыттарда. Алғашқы айларда омыраумен емізу кезінде балада ритм өздігінен қалыптасатындықтан шектеудің қажеті жоқ, ал егер жасанды тамақтандыру болса, уақыты бойынша тек 20-30 минутқа ғана ауытқуға болады.Ішектік колика жиі мазалайды. Профилактика және көмек: тамақтану алдында ішімен жатқызу, нәресте ішін сағат тілі бойынша сипау және ішіне жылы қоюға болады (жылытылған жаялық), балаларға арналған арнайы фенхелмен шөптер беру; қалпы — тамақтан соң адамның қолында вертикальды түрде.Нәресте өзінің қолдарымен ойнайды және көз тоқтатып саусақтарына қарайды. Басын 1 минуттай жоғары және қалыпты ұстайды (45 градуста), оңға және солға бұрады.
4 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 750 г, бойының өсуі — 2,5 см. Осы айдан бастап дене массасын әр кезең сайын қосуы 50 г азаяды.Психомоторлы дамуы. Анасын көрсе қуанады, басын оңға және солға дыбыс шыққан жаққа бұрады. Ересек адамның еркелетіп шақыруына күледі, қолын көтереді. Қозғалған затқа тікелей қарайды. Ішімен жатып басын 45-90 градусқа көтереді.
5 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 700 г, бойының өсуі — 2 см.Психомоторлы дамуы. Ересек адамның қолындағы ойыншықты алып ұстайды, өздігінен арқасынан ішіне қарай аунайды, қолтығынан ұстап тұрғызса тік тұрады, қасықтан жартылай сұйық тамақты жейді. Арқасымен жатып, қолымен тізесін ұстайды аяқтарының бақайларымен ойнайды.
6 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 650 г, бойының өсуі —2 см. Иық ені, бой ұзындығының ¼ құрайды. Кеуде торының айналымы бас айналымынан үлкен.Психомоторлы дамуы. Арқасымен жатып басын жоғары көтереді, алғашқы буындарды айтады. Басын 90 градусқа бұрады. Егер баланы арқасына жатқызсаңыз бір жақ қырына бұрылады.
7 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 600 г, бойының өсуі — 2 см.Психомоторлы дамуы. Ойыншықтарымен ұзақ ойнайды оларды лақтырады. Ақырындап еңбектей бастайды. Қол қозғалысы анық.Тамақтануы. Әр бір 4 сағат сайын 5 рет тамақтану. Екіншілік қосымша тамақтандыруға болады, мысалы ботқа (таңғы екіншілік тамақтану).
8 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 550 г, бойының өсуі — 2 см.Психомоторлы дамуы. Өздігінен отырып, тұрады. Ересек адам ұстап тұрған кеседен ішеді.Өте жақсы еңбектейді. Жатқан қалпынан өздігінен отырады және демеусіз отырады. Белгілі заттан ұстап тұрып өздігінен екі аяққа тұрады
9 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 500 г, бойының өсуі — 1,5 см.Психомоторлы дамуы. «Қайда?» сұрағына таныс заттарын көрсетеді. Өз атын біледі. Үлкен кісіге еліктеп, буындарды қайталайды. Тез еңбектейді, үйдің ішінде саяхаттайды.
10 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 450 г, бойының өсуі — 1,5 см.Психомоторлы дамуы. Ересек адам бұйрығын дұрыс орындайды: қорапты ашып жабады, ыдыстарды бірінің ішіне бірін дұрыс салады. Көзімен көрген әр бір затқа талпынады.
11 ай.Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 400 г, бойының өсуі — 1,5 см.Психомоторлы дамуы. Өздігінен тұрады, бірінші қадамдарын жасайды. Бұйрық бойынша ойыншықтарын дұрыс табады. Алғашқы сөздерін айтады: «бер», «ма», «ав», «ба».Еңбектеуі толықтай. Горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа оңай ауысады. Еңбектеп келіп отыра алады. Өздігінен тұрады (белгілі заттың көмегімен)
12 ай.Физикалық дамуы. Туғаннан бастап бір жасқа дейінгі бала салмағы 3 есеге өседі, жалпы бойын қосуы — 25 см,Психомоторлы дамуы. Сурет бойынша жақындарын таниды. Нақты— «алып кел», «тап», «бер» бұйрықтарын орындайды. Ересек адам артынан жаңа буындарды қайталайды. «Болмайды» сөзін біледі. Отырады, еңкейіп әртүрлі заттарды алады, тоқтауға үйренед
Достарыңызбен бөлісу: |