Қазақ хандығының құрылуының маңызы
|
А
|
Сасы-Бұқа мен Орыс хан басқарған Ақ Орда мемлекетті қайта жаңғырды
|
B
|
Дешті Қыпшақ даласындағы қандас ру-тайпалардың арасындағы соғысты тоқтатты
|
C
|
Дешті Қыпшақтан ығысытырылып, Шайбан әулиетінің хандары Мәуеренаһрға барып қоныстанды. Атадан мирас болып келе жатқан жер қайтарылды.
|
D
|
Дешті Қыпшақта бейбітшілік орнады. Қарапайым халық шаруашылықпен айналысты. Малшылар малдарын өсірді. Егіншілер егіс алқаптарын ұлғайтты. Өз өнімдерін Сыр бойы қалаларына әкеліп өткізді. Бұл халықтың тұрмысын жақсартты
|
E
|
Халық саны тез өсе бастады. Халық саны өсуіне екі жағдай ықпал етті: біріншіден, басқа ағайынды жұрттардың келіп қоныстануынан болса, екіншіден, халықтың тұрмысы жақсарып, адамдардың әл-ауқаты арттуына байланысты болды. Мысалы, ХV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының халық саны - 200 мың адамды құрады. Ал ХVІ ғасырдың басында Қазақ хандығының халық саны – 1 миллион адамға жетті
|
Ғ
|
Қазақ хандығы бірорталықтанған мемлекет болғандықтан, сыртқы саясаты күшейді.
|
G
|
Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және отырықшы шаруашылықтар арасында байланыс орнады. Шаруашылық өркендеді, сауда қатынастары дамыды.
|
H
|
Қазақ хандығы құрылып, ішкі алауыздық тоқтатылды.
|