БӨлім. Әскери қылмыстардың түрлері


-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару



бет3/5
Дата09.06.2016
өлшемі418 Kb.
#125365
1   2   3   4   5

374-бап. Дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару

Заң жауапкершілікті әскери қызметшінің ауруды сыл­тау ету немесе өзіне қандай да болсын зақым келтіру (де­не мүшесін зақымдау), не денсаулығына өзге зиян кел­тіру немесе жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жо­лы­мен әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы үшін қарастырады (ҚК 374-бабы 1-бөлігі).

Қылмыстың объективтік жағы әскери қызметтен ау­руды сылтау ету, дене мүшесін зақымдау жолымен немесе өзге тәсілмен жалтаруда болып келеді [15].

Заңда аталған әскери қызметшінің әскери қызмет мін­деттерін атқарудан жалтаруының барлық тәсілдерінің не­гізінде алдау жатыр.

Ауруды сылтау еткенде әскери қызметші коман­дир­де (бастықта) және басқа да өкілетті адамдарда онда әске­ри қызмет міндеттерін атқаруға уақытша немесе ұдайы ке­дер­гі ететін аурудың барлығы туралы алданышты көз­қа­рас­ты қалыптастырады, әлде ондағы бар аурудың (көз көр­­­ме­уі, естімеу, сақаулық, мүшелердің ауруы) сипат­та­рын (белгілерін) әдейі арттырады.

Дене мүшесін зақымдау әскери қызметші өзі немесе басқа адамның (көмектесуші) көмегімен, оны әскери қыз­метті атқаруға жарамсыз деп тану үшін, өзіне бір не­ме­се өзге органдарын, мүшелерін, ткандарын зақым­дай­ты­­нында көрінеді.

Бұл үшін әр түрлі тәсілдер мен құралдар қолданы­ла­ды: механикалық (мысалы: кінәлі оқ-дәрілі, суық қару, ке­сетін құралдармен, жылжымайтын көлік және с.с. кө­ме­­гімен өзінің қолын, аяғын, көзін зақымдайды), химия­лық (мысалы: ішке қабылданған немесе терінің астына енгізілген дәрі-дәрмектер, улар), қызулық және с.с.

Жалған құжат жасау арқылы жалтаруда әскери қыз­мет­ші басшылыққа өзімен немесе оның сұрауы бойынша бас­қа адаммен жасақталған құжатты ұсынады (мысалы: жа­сы туралы, жақын туыстары біреуінің өлімі немесе ауыр ауруы, өртпен немесе табиғи апатпен олардың тұрғын үйін жою туралы және с.с.) және осының не­гі­зін­де әскери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша не­ме­се тұрақты босатуды алады. Басқа алдау әскери қыз­мет­ші­мен әскери қызметті өткеру мерзімін қысқарту мақ­са­тын­да онда жоғарғы білім барлығы (алғаны) туралы мә­лі­мет­тер­ді беруде, кейбір реттерде – бір немесе әскери тап­сыр­ма орындалуын мүмкін етпейтін әскери техниканың бұзу­шы­лықтары және олардан асу мүмкін емес кедергілердің пай­да болғаны туралы жалған мәліметтерді хабарлауда кө­рі­ніс таба алады.

Кінәлімен әскери қызметті өткеруден жалтару мақ­са­тында алдаудың бір немесе басқа тәсілін таңдауы оның әс­кери қызмет міндеттерін өткеруден уақытша жал­тар­ғы­сы келгеніне (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) немесе өзінің мақ­са­ты қылып осы міндеттерден толық босатылуды қоюына (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) байланысты болады. Әскери қыз­мет міндеттерін атқарудан қысқа мерзімге босатылу ниетіне иемдене отыра (ҚК 374-бабы 1-бөлігі) әскери қыз­­­метші, әдетте, жалған құжат немесе өзге алдау жа­сай­ды, ал әскери қызмет міндеттерін атқарудан толық боса­ты­лу мақсатында (ҚК 374-бабы 2-бөлігі) ауруды сылтау ете­ді немесе дене мүшесін зақымдайды.

Қылмыс жаңылыстырылған командир (бастық) не­ме­се орган әскери қызметшіні әскери қызмет міндеттерін ат­қарудан босату туралы шешім қабылдаған сәттен аяқ­тал­ған болып есептеледі. Егер шешім қабылданбаса, кі­нә­лі осы шешім қабылданғанға дейін әшкереленген болса, онда оның әрекеттері қылмысқа оқталу болып танылады.

Субъективтік жақ тікелей қасақаналық және әс­ке­ри қызметтің бір немесе барлық міндеттерін өткеруден уа­қытша немесе тұрақты жалтару мақсатымен сипат­та­ла­ды.

Қылмыстың субъектісі қатардағы, сержанттық (стар­­шиналық) құрамның әскери қызметшілері, пра­пор­щик, мичман және офицерлік құрамдағы адам,сол сияқ­ты әскери жиынға шақырылған әскери міндетті тұлғалар.

ҚК 374-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, со­ғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әре­кет­тер үшін белгілейді.
2.3. Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар
375-бап. Жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу

Бұл қылмыстың мәнісі мемлекеттің қауіпсіздігі мүд­делеріне зиян келтіретін немесе зиян келтіруі мүмкін Қазақстан Республикасына кенеттен жасалған шабуылды дер кезінде байқау және тойтару бойынша не оның қауіп-сіздігін қамтамасыз ету бойынша жауынгершілік кезек­ші­лікті (жауынгершілік қызмет) атқарудың ережелерін бұзу әре­кеттерінде болып келеді (ҚК 375-бабының 1-бөлігі).

Қылмыстың нақты объектісі Қазақстан Республи­ка­­сы­ның Қарулы Күштерінің ішкі қызмет Жарғысымен, бас­­шылықтың басқа нормативтік актілерімен анық­тал­ған және Қазақстан Республикасының құрлық, теңіз және ауа аумағына қол сұқпаушылықты қамтамасыз ететін жа­уынгершілік кезекті (жауынгершілік қызметті) атқарудың тәр­тібі.

Жауынгершілік кезекшілік (жауынгершілік қызмет) жауынгершілік міндетті орындау болып келеді. Ол әскери бөлімдерден, әскери күштер түрлерінің және әскер тек­те­рі­нің бөлімшелерінен тағайындалған кезекші күштер жә­не құралдармен жүзеге асырылады. Кезекші күштер және құралдардың құрамына жауынгершілік есептер, ке­ме­лер мен ұшу аппараттарының экипаждары, басқару пунк­ті­лерінің және әскери қамтамасыз ету және қызмет көр­се­тудің күштері және құралдарының кезекші сменалары кі­реді.

Қылмыстың объективтік жағы құрлық, теңіз жә­не ауа аумағына қол сұқпаушылықты қорғау немесе Қа­зақ­стан Республикасына кенет шабуыл жасауды тойтару бо­йынша әскери кезекшілікті атқарудың тәртіптерін қалай да болсын бұзудан құралады.

Бұзушылық жауынгершілік кезекшілікті өз беті­мен тас­тап кетуде, пайда болған нысанаға бақылауды тоқ­­татуда, жауынгершілік тапсырманың орындалуын қамтамасыз ете­­тін қосылған радиотехникалық және өзге аппар­а­ту­ра­ны назарсыз қалдыруда, кезекшілік кезінде спирт ішім­дік­терін ішуде және с.с. көрінуі мүмкін.Әрбір ретте нақ­ты жағдайда, қандай тәртіптер бұзылғанын анық­тау қа­жет.

Құрылымына сай қылмыстың құрамы формалды-материалды, себебі қылмыс тәртіптерді бұзу мемлекет қа­уіп­сіздігі мүдделеріне зиян келтірсе немесе келтіруі мүм­кін болса аяқталған болып есептеледі.

Мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтіргені не­месе келтірмегені әр бөлек жағдайда оқиғаның нақты жағ­дайларына байланысты анықталады. Бұзушылық пен кел­тірілген зиян немесе зиян келтірілу мүмкінділігі арала-рындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жа­на­ма қасақаналық түріндегі қасақана кінәмен сипат­та­ла­ды.

ҚК 375-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті дәре­же­лен­ген белгі – ауыр зардап туындауы бар рет үшін орна­та­ды. Ауыр зардап болып мыналар танылуы мүмкін: Қа­зақ­стан Республикасы аумағына шетелдік әскери, барлау­шы­лық ұшақтардың, кемелердің өтіп кетуі, адамдардың өл­уі, қатардан әскери техниканың шығуы, маңызды әс­ке­ри шараның сәтсіздікке ұшырауы және с.с. Кінәлінің іс-әрекеттері мен ауыр зардап арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыстың субъектісі арнайы – тиісті командир (бас­тықтың) бұйрығымен әскери кезекшілік (әскери қыз­мет­ті) атқаруға тағайындалған әскери қызметші.

ҚК 375-баптың 3-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші және екінші бөліктерімен қарастырылған, соғыс уақытында жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін белгілейді.

ҚК 375-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлі­гінде көзделген алғаш рет жасаған әскери қыз­мет­ші­ні, қылмысты жеңілдететін мән-жайларда, сот қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

376-бап. Шекаралық қызмет атқарудың ережелерін бұзу

Нақты объект болып 1993 жылғы 13 қаңтардан "Қа­зақ­стан Республикасының мемлекеттік шекарасы ту­ра­лы" Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген ше­ка­ра­лық режим сақталуын қамтамасыз ететін қатынастар ке­­леді.

Қылмыстың объективтік жағы шекаралық наряд құ­рамына кіретін адамның шекараның қорғалатын учас­ке­сін тастап кетуінде,қорғау маскировканы бұзу, шетелдік мем­ле­кеттің шекаралық күзетімен құқыққа қайшы қаты­нас­қа кіру, заставаға мемлекеттік шекараның бұзылуы жө­нінде хабарламау, қару мен қорғаныстың арнайы құралдарын қолданудың тәртіптерін сақтамауда және с.с. көрінеді.

Құрылымына сай ҚК 376-бабының 1-бөлігіндегі қыл­мыстың құрамы формальды-материалды, себебі қыл­мыс іс-әрекет мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне зиян кел­тір­се немесе келтіруі мүмкін болса аяқталған болып есеп­те­леді.

Мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне зиян келтіргені не­месе келтірмегені әр бөлек жағдайда оқиғаның нақты жағ­дайларына байланысты анықталады.

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жа­­на­ма қасақаналық түріндегі қасақана кінәмен сипат­та­ла­ды.

Қылмыстың субъектісі – мемлекеттік шекараны қор­­ғау бойынша шекаралық нарядтың құрамына кіретін әс­кери қызметші.

ҚК 376-бабының 2-бөлігі жауапкершілікті ауыр зар­даптарға әкеліп соқтырған дәл осындай әрекеттер үшін қарастырады. Ауыр зардап ретінде: мемлекеттік шекара ар­қылы есірткі, улы, уландыратын, радиоактивті және жа­рыл­­ғыш заттардың, қару-жарақтың, жару құралдары-ның, оқ-дәрілі қарудың, оған арналған оқ-дәрілерді, яд­ро­­лық, химиялық, биологиялық және жаппай құрту қа­руы­ның басқа түрлерінің, оларды дайындау үшін ма­те­риал­дардың, сол сияқты Қазақстан Республикасы мен шет елдер халықтарының көркемөнерлік, тарихи және ар­хео­логиялық байлығы заттарының заңсыз ауысуы, ҚР ау­ма­ғына шетелдік барлау агенттерінің өтіп кетуі, адам­дар­дың құрбан болуы және с.с. танылады.

Бұл бөліктегі қылмыс құрамы – материалды, қыл­мыс көрсетілген ауыр зардап туындаған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.

ҚК 376-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бө­лігінде көзделген әрекеттерді алғаш рет жасаған әскери қыз­метші, қылмысты жеңілдететін мән-жайларда, қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.



377-бап. Қарауыл (вахта) қызметін атқарудың жарғылық ережелерін бұзу

ҚК бұл қылмыс қарауыл (вахта) күзететін объек­тіге зиян келтірілген немесе өзге зиянды зардаптардың бо­­луына әкеп соқтырған қарауыл (вахта) құрамына кіре­тін адамның қарауыл (вахта) қызметінің жарғылық ере­же­лерін бұзуы ретінде тұжырымдалады (ҚК 377-бабының 1-бөлігі).

Қылмыстың нақты объектісі болып қарауыл не­ме­се вахта қызметін атқарудың тәртібі болады.

Қарауыл қызметі жауынгершілік туларды, қару-жа­рақ, әскери техника, басқа материалдық құндылықтар сақ­талатын қоймаларды және өзге де әскери, мемлекеттік объектілерді берік қорғау, сол сияқты гаупвахтада және тәр­тіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды қорғау үшін арналған.

Қарауыл қызметіне Әскери-Теңіз флотының кеме­ле­ріндегі вахта қызметі, сол сияқты қамауда ұсталатын не­­месе ТМ-де жазасын тартып жатқан адамдарды күзету жә­не алып жүру бойынша қызмет теңестіріледі.

Қарауыл деп жоғарыда көрсетілген әскери мін­дет­­тер­­ді орындау үшін тағайындалған қаруландырылған бө­лімше аталады. Қарауылдың құрамына: қарауылдың бас­­ты­ғы, пост және сменалардың санына сай қарауыл­шы­лар, ауыстырушылар, ал қажет болған жағдайда қарауыл бас­тығының күзеттің техникалық құралдары және с.с. бойынша қарауыл бастығының көмекшілері тағайын­да­ла­ды [6].

Қылмыстың объективтік жағы Қарауыл қызмет Жар­ғысын және оны дамыту үшін қабылданған немесе өз­ге нормативтік актілерді бұзудан құралады және күзе­ті­ле­тін объектіні өз бетімен тастап кетуде, осы объектіге бө­тен адамдарды жіберуде, өрт болған жағдайда жа­уын­гершілік туды сақтау бойынша тиісті шараларды қол­дан­бау­да, қаруды дұрыс қолданбауда, дабыл қағу тәртіптерін сақтамауда, поста ұйықтауда және с.с. көрінісін табуы мүм­кін. Қылмыстық іс-әрекет қарауыл (вахта) күзететін объек­тілерге зиян келтіруге әкеліп соқтырса аяқталған бо­лып есептеледі. Мысалы: Күзетілетін объектіден әскери мүлік ұрланған, бөлімнің жауынгершілік туы бүлінген, жо­йылған немесе ұрланған, қамауға алынғанның бас бос­тандығынан айыру жерінен қашып кетуі болады және с.с. Қылмыс құрамы үшін іс-әрекет және туындаған зардап арасындағы себепті байланысты анықтау міндетті болып келеді.

ҚК 377-бабының 2-бөлігінде айтылған ауыр зардап ретінде адамдардың (бір адам болса да) өлімі немесе бір­неше адамдарға ауыр дене жарақатының келтірілуі, әс­ке­ри мүліктің жойылуы немесе ұрлануы, объектіде едәуір за­лал келтіретін өрттің пайда болуы және с.с.танылады.

ҚК 377-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді алғаш рет жасаған әскери қыз­метші, қылмысты жеңілдететін мән-жайларда, қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

378-бап. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу

ҚК 378-бабы негізінен жауапкершілікті екі қылмыс үшін қарастырады: бөлімнің тәуліктік нарядына (қарауыл мен вахтадан басқа) кіретін адамның ішкі қызмет атқа­ру­дың жарғылық ережелерін бұзуы үшін, сол сияқты пат­руль нарядының құрамына енген адамның гарнизонда пат­руль болудың жарғылық ережелерін және осы ере­же­лер­ді дамытуға шақырылған бұйрықтарды мен өкімдерді бұ­зуы үшін, егер ол зиянды зардаптарға әкеп соқса, оның ал­дын алу осы адамның міндетіне кіретін болса (ҚК 378-бабы).

Бірінші қылмыстың нақты объектісі Қазақстан Рес­­пуб­ликасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет Жар­ғысымен реттелетін ішкі қызмет атқарудың тәртібі, екін­ші­сінің гарнизонда патрульдық қызмет атқарудың тәр­тібі.

Екі қылмыстың да объективтік жағы әрекеттен әлде әрекетсіздіктен, туындаған зиянды зардаптан және бұзу­шы­лық пен зардап арасындағы себепті байланыстан құ­ра­луы мүмкін.

Тәуліктік нарядтар бөлімдерде, бөлімшелерде (кеме­лерде) олардың командирлерімен (бастықтарыменен) ішкі тәртіпті сақтау, жеке құрамды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, әскери бөлім (бөлімше) мүлкін, мекен-жайларын қорғау үшін, бөлімшелерде істердің халын ба-қылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу ша­ра­ла­рын дер уақытында қолдану, сол сияқты ішкі қызмет бо­йынша басқа да міндеттерді атқару үшін тағайындалады.

Жарғылық тәртіптерді бұзу белсенді әрекеттерде – постты өз бетімен тастап кетуде, қаруды заңсыз қол­да­нуда және с.с. немесе әрекетсіздікте – объектіде пайда бол­ған өрт туралы уақытылы хабарламауда, бөлім (бө­лім­ше­нің) күзетілетін аумағына бөтен адамдарды жіберуде жә­не с.с. көрінісін табуы мүмкін.

Әр гарнизонда патрульдеу гарнизон бастығының бұй­рығы бойынша тәртіпті сақтау және әскери қыз­мет­ші­ле­рінің көшелерде, басқа қоғамдық орындарында, темір жол станцияларында, вокзалдарда, порттарда, әуе­жай­лар­да, сол сияқты гарнизонға тіресетін елді мекендерде әс­ке­ри тәртіпті сақтауын бақылау үшін ұйымдастырылады.

Патруль болудың жарғылық тәртіптерін бұзу басшылықпен патруль наряды алдына қойылған нақты мін­деттерді орындаудан бас тартуда,патруль ету жолдарын өз бетімен өзгертуде, әскери тәртіпті бұзғаны үшін ұста­ла­тын әскери қызметшілерге қарулы заңсыз қолдануда жә­не с.с. көрініс табуы мүмкін.

Бірінші және екінші қылмыстың құрамы мате­риал­ды болып келеді. Бөлімнің тәуліктің нарядының құра­мы­на кіретін адамдардың ішкі қызметтің жарғылық тәртіп­те­рін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік осы іс-әре­кеттер, олардың алдын алу үшін тәуліктік наряд не­ме­се патруль тағайындалған, зиянды зардаптарға әкеліп соқ­тырса ғана туындайды.

Қылмыстың субъективтік жағы қасақаналықпен де абайсыздықпен де сипатталуы мүмкін.

Қылмыстың субъектісі – бөлім, бөлімше (кеменің) тәу­ліктік нарядының құрамына немесе птруль наря­ды­ның құрамына кіретін әскери қызметші.

ҚК 378-баптың 2-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші бөлігімен қарастырылған әрекеттер ауыр зар­дап­тарға әкеліп соқтырса белгілейді, олар болып күзет объек­тісінің жойылуы немесе елеулі зақымдануы, абай­сыз­дықтан өлтіру, адам денсаулығына ауыр немесе ауыр-лығы аздау зиян келтіру, маңызды әскери шараның сәт­сіз­дікке ұшырауы және с.с. келуі мүмкін.

ҚК 378-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді алғаш рет жасаған әскери қыз­метші, қылмысты жеңілдететін мән-жайларда, қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

379-бап. Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу

Бұл қылмыстың нақты объектісі қоғамдық тәр­тіп­ті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бо­йын­ша қызмет атқарудың ережелерін орындалуын қам­та­ма­сыз ететін қоғамдық қатынастар.

Қылмыстың объективтік жағы қоғамдық тәртіпті қор­ғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бо­йынша әскери нарядтың құрамына кіретін адамның қыз­мет атқару ережелерін, бұзу болып келеді, егер бұл іс-әре­кет азаматтардың құқықтарына немесе заңды мүдде­ле­ріне зиян келтірсе.

Біздің білуімізше, қоғамдық тәртіпті қорғау және қо­ғам­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізінде өз мін­дет­терін Қазақстан Республикасының Конституциясына, 1995 жылғы 21 желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер ор­гандары туралы", заң күші бар, Жарлығына және өзге құ­­қықтық актілерге мұқият еріп атқаратын Қазақстан Рес­публикасының Ішкі Істер органдарыменен жүзеге асы­рылады.

1992 жылғы 23 маусымнан Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның "Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Ми­нистр­лігінің ішкі әскерлері туралы" Заңының 21-бабына сәйкес қо­ғам тәртібін қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қам­та­ма­сыз ету ішкі әскерлердің жеке құрамының міндеті бо­лып келеді.

Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және қоғамдық қа­уіп­сіздікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілерінің әс­кери нарядтарының негізгі міндеттері болып: азамат­тар­дың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қор­ғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кө­ше­лерде, темір жол станцияларында, вокзалдарда, порт­тар­да, әуежайларда басқа да қоғамдық орындардағы қыл­мыс­тар мен әкімшілік құқықтық бұзушылықтардың ал­дын алу және оларды бұлтартпауды қамтамасыз ету ке­ле­ді.

Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және қоғамдық қа­уіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери нарядтарға адамның қа­дір-қасиетін кемітетіндей қарауға, заңға қайшы келетін аза­маттардың құқықтары мен міндеттерін шектеу амал­да­рын қолдануға, қажетті қорғаныс және мәжбүрлі қа­жет­тілік шектерінен асыға, онда заңды қажеттілік болмай тұ­ра ұсталатын қылмыстар немесе өзге құқық бұзушының ден­саулығына зиян келтіруге, жеткілікті негізсіз аза­мат­тар­дың тұрғын және өзге жайларына кіруге, заңмен, әс­ке­ри жарғылармен және өзге заң актілерімен қа­рас­тырыл­ма­ған реттерде дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қол­дануға тыйым салынады [7].

Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және қоғамдық қа­уіп­сіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті атқарудың ере­желерін бұзу бұл азаматтардың құқықтары мен заң­ды мүд­делеріне зиян келтіргенде қылмыстық жауапкер­ші­лік­ке әкеліп соқтырады. Қылмыстың құрамы мате­риалды. Бұзушылықтар мен келтірілген құқықпен қорға­ла­тын мүд­делерге келтірілген зиян арасында себепті бай­ла­ныс анық­талуы тиіс.

Субъективтік жақ әрекет(әрекетсіздікке) қарағанда ті­келей немесе жанама қасақаналық түріндегі кінәмен, ал зар­дабына қарағанда абайсыздықпен сипатталады.

Қылмыстың субъектісі қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойныша әс­ке­ри нарядтың құрамына кіретін әскери қызметші.

Қылмыстың дәрежеленген түрі болып (ҚК 279-ба­бы­ның 2-бөлігі) ауыр зардаптарға әкелген дәл осы әрекет ке­леді. Олар ретінде адам денсаулығына ауыр зиян кел­ті­руді немесе адамды абайсыздан өлтіруді, азаматтардың мүлкін едәуір мөлшерде бұзу немесе жоюды және с.с. тү-сіну қажет.

ҚК 379-баптың ескертуі бар: осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді алғаш рет жасаған әскери қыз­метші, қылмысты жеңілдететін мән-жайларда, қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.


2.4 Қаруды, оқ-дәрілерді, басқа әскери мүлікті ұстау тәртібін және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктерін бұзатын қылмыстар
382-бап. Құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету

Қылмыстың нақты объектісі Қазақстан Республи­ка­сы Әскери-Теңіз Флотының Кемелік Жарғысымен бе­кі­тіл­ген, әскери кемені оның құруының қаупін тудыратын жағдайда ұйымдасқан түрде қалдыру қамтамасыз ететін, кемеде әскери қызметті атқару тәртібі.

Қылмыстың объективтік жағы құрып бара жатқан әс­­кери кемені өзінің әскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сияқты командирдің оған тиісті үкімінсіз қызмет атқаратын кеме құра­мын­да­ғы адамның тастап кетуінен құралады.

Қылмыстың құрамы – формальды. Қылмыс көрсе­тіл­ген адамдармен құрып бара жатқан кемені құқыққа қай­шы тастап кетуі сәтінен бастап аяқталған болып есеп­те­леді.

Қылмыстың субъективтік жағы – тек тікелей қаса­қа­­налық.

Қылмыстың субъектісі арнайы – кеменің командирі не­месе кеме командасының құрамына кіретін қандай да бол­сын әскери қызметші.

ҚК 382-баптың 2-бөлігі жауапкершілікті осы бап­тың бірінші бөлігімен қарастырылған, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған іс-әрекеттер үшін бел­гі­лейді.

387-бап. Әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру

ҚК-де қару-жарақты, оқ-дәріні, қозғалыс құрал­да­рын, әскери техниканы немесе өзге де мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру үшін жауапкершілік белгіленген.

Қылмыстың нақты объектісі әскери мүлікті сақ­тау­дың белгіленген тәртібі. Қылмыстың заты - қару-жа­рақ, оқ-дәрілер, қозғалыс құралдары, әскери техника не­ме­се өзге де әскери мүлік.

Қылмыстың объективтік жағы әскери мүлікті құрту немесе бүлдіру де болып келеді. Қылмыстың құра­мы ма­те­риалды. Қылмыс әскери мүлік құртылған, яғни толы­ғы­нан жарамсыз болған және қалпына келтіруі және тү­зе­тілуі мүмкін болмаған кезде аяқталған болып есеп­те­ле­ді. Мүлікті бүлдіру оны тек жөндегеннен және қасиет­те­рін қалпына келтіруден кейін мақсатына сай пайдалануды мүмкін ететін жағдайға жеткізуде көрініс табады. Кінәнің әрекеттері мен зардап (мүліктің құруы немесе бүлінуінің) араларында себепті байланыс анықталуы тиіс.

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жа­нама қасақаналық. Кінәлі әскери мүлікті құртатынын немесе бүлдіретінін сезінеді, барлық салдарды алдын ала болжайды, олардың болуын тілейді немесе осының болу мүмкіндігін алдын ала біле тұра осыны тілемегенмен бол-уына саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды. Себептері әр түрлі болуы мүмкін: бұзақылық ниет­тері, мүліктің сақтығы үшін жауапкершілікті көте­ре­тін адамнан есесін алу және с.с..

Қылмыстың субъектісі арнайы – қандай да болсын әс­кери қызметші.

ҚК 387-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың дәре­же­лен­ген түрін қарастырады: ауыр зардаптарға әкеліп соқ­тыр­ған дәл сол әрекеттерді. Осындай зардап ретінде әс­ке­ри мүлікті ірі немесе аса ірі мөлшерде құрту немесе бүл­ді­ру бөлім, бөлімшенің өткізіліп жатқан немесе өткізуге жоспарланып жатқан әскери шараның сәтсіздікке ұшы­рауы және с.с..

388-бап. Әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру

Қылмыстың нақты объектісі ҚК 387-бабымен қа­рас­тырылған қылмыстың құрамындағыдай.

Бұл қылмыстың объективтік жағы ҚК 387-бабы­ның 2-бөлігінде берілгенге тепе-тең болып келеді.

ҚК 388-бабымен және ҚК 387-бабының 2-бөлігімен қарастырылған қылмыстар тек кінә нысанымен ғана ерек­шеленеді. Бірінші тек абайсыздықтан менмен­дікпен немесе қылмысты немқұрайлықпен жасалады.



389-бап. Әскери мүлікті жоғалту

Нақты объект әскери мүлікті сақтаудың бел­гі­лен­ген тәртібі. Қылмыстың заты әскери қызметшіге қыз­мет­­те пайдалануына сеніп берілген қару-жарақ, оқ-дәрі­лер немесе әскери техника заттары.

Қылмыстың объективтік жағы – олардың жоғалуы­на әкеліп соқтырған сеніп берілген қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе әскери техника заттарын сақтау тәртібін бұзу. Қару-жарақ, оқ-дәрілер немесе әскери техника зат­та­рын сақтау, күту, ұстаудың ережелері мен тәртібі Жар­ғы­лармен, нұсқаулармен, уағыздармен, бұйрықтармен анық­талады [3].

Қылмыс әрекет және әрекетсіздік жолымен де жаса­лы­нуы мүмкін.

Қылмыстың құрамы материалды. Қылмыс әскери қызметшіге сеніп берілген қару-жарақ немесе өзге әскери мү­лікті ұстау тәртіптерін бұзу салдарынан қоғамдық қа­уіпті салдар туындаған, мүлік жоғалған жоғалтылып алын­ған, жанып кеткен, толығынан жарамсыз болған жә­не с.с. сәттен бастап аяқталған болып есептеледі. Әскери мү­ліктің жоғалуы мен және оны күтіп ұстау ережелерін бұ­зу араларындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.

Субъективтік жақ менмендік немесе қылмысты немқұрайлық түріндегі абайсыз кінәмен сипатталады.

Қылмыстың субъектісі арнайы – оған қызметке пай­далануы үшін қару немесе өзге әскери мүлік тап­сы­рыл­ған қандай да болсын әскери қызметші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет