МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...........................................................................................................
1 бөлім. Компьютерлік ойындардың агрессивті мінез-құлқына әсер ету факторы ретіндегі проблемаға теориялық талдау.
1.1 Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері...............................
1.2 Компьютерлік ойындардың адамның мінез-құлықтық
сипаттамасына әсер етуін зерттеудің теориялық
негізі..........................................................................................................
1.3 Компьютерлік ойындармен әуестенетін жеткіншектердің
агрессивтілік мәселесі.............................................................................
1 бөлім бойынша тұжырым..........................................................................
2 бөлім. Компьютерлік ойындардың жеткіншектер агрессивтілігіне әсер етудің эксперименталды зерттеліну жайы
2.1 Зерттеу мақсаты, жоспары, әдістемелер кешеніне
сипаттамалар............................................................................................
2.2 Компьютерлік ойындармен әуестенетін түрлі дәрежедегі
жеткіншектердің агрессивтілік деңгейін зерттеу мәліметтерін
талдау........................................................................................................
2.3 Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы............
Практикалық - әдістемелік нұсқаулар
Қорытынды...................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................
Қосымшалар.................................................................................................
|
3
7
22
29
37
38
44
52
55
56
61
|
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді, дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі және мектептегі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі.
Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді : « Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі - өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
Қазіргі кезде жеткіншектерге жаңа заманғы жеке өздерінің компьютерлері зиянды қауіп төндіріп отыр. Жеткіншектер әртүрлі көптеген компьютерлік ойындарға өзінің бос уақытының бәрін дерлік арнайды. Он бес жыл бойы фантазиядағы (ойындағы) және шынайы өмірдегі жауыздықтың арасында тығыз себеп-салдарлық байланысы бар ма деген пікір таластар жүруде. Алайда, психологияда компьютерлік ойындарға бейімділіктің, агрессивтіліктің жеке тұлғалық қасиет ретінде қалыптасуына ықпалы аз зерттелінген.
Бүгінгі күні білім беру саласын компьютерсіз елестету мүмкін емес. Балалар бұл күрделі техниканы жылдам және үздік меңгеруде. Меңгеру барысында мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті жылдамдап, өзіне тиісті қызметтерді жетік жоспарлайды және өмірге икемді келеді.
Компьютермен айналысу бала үшін пайдалы болғанымен, ұзақ уақыт экран алдында отыру жүйке жүйесіне күш түсіреді, ұйқысы бұзылады, психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін, арқасы, мойын еттерінің ауыруы байқалады.
Ал, компьютер ойындары балалар үшін оқу тапсырмаларынан гөрі ауыр. Әр түрлі ойындар реакция жылдамдығын қажет етеді. Олар балаға түрлі оқиғаның ішінде жүргендей сезінуге мүмкіндік береді, көптеген балалар ойыннның виртуальды әлеміне кіріп, жарысу кезеңдерін бастан өткізіп, жеңуге ұмтылумен сағаттар бойы отыруға дайын. Компьютерлік ойындардағы зорлық-зомбылық көріністері және соның салдарынан пайда болатын агрессивті фантазиялар жеткіншектерге де, қоғамға да қауіп төндіріп тұр. Жеткіншектер виртуалдық әлемде рұқсат етілетін жауыздық қимыл, іс-әрекеттерді ойынның мақсатына жету үшін қолдануға әдеттеніп, шынайы өмірде де өз көргендерін іс жүзінде асыруға, бірте-бірте өз мәселелерін шешетін әмбебап құрал ретінде қолдануға болады деген ұстанымның қалыптасу мүмкіндігі бар.
Психологтар, мұндай ойындар баланың психологиясын бұзады деп қатаң ескерту жасауда. Ойынға берілген бала мінез – құлқында өктемдік, аямаушылық, ойланбаушылық, белең алады екен. Өкінішке орай, бізде ойды дамытатын, білім үйрететін бағдарламалар саны шектеулі, таңдап, талғап пайдалануға мүмкіндік жоқ.
Теледидардағы қорқынышты фильмдер, компьютерлік ойындардағы күштеу элементерінің ықпалы туралы мәселе де әлі шешілмеген. Бірақ ,
агрессиялық мінез-құлық табиғаты біршама зерттелді. Сол себепті агрессияны зерттеу бағытының негізгі теорияларын көрсетуге болады. Атап айтсақ, инстинкт теориясы (З.Фрейд), агрессияның фрустрация теориясы (Дж. Доллард), когнитивті теория (З. Берковитц) және әлеуметтік үйрену теориясы ( А.Бандура) [1].
Агрессиялық мінгез-құлықты зерттеу мәселесі төңірегіндегі бұл теориялар бір-бірінен агрессиялық мінез-құлықтың дамуы мен қалыптасуын түрліше түсіндірумен ерекшеленеді. Соңғы көрсетілген теориялар реті адамның агрессиялық мінез-құлқын тоқтату мен бақылаудың барынша көп мүмкіндігін туғызады. Агрессияның әлеуметтік үйрену теориясы әлеуметтену процесінде меңгерілген жағымсыз мінез-құлық моделін көрсетеді. Мысалы, кіші жеткіншек жастағы балалар басқа балалармен өзара әрекеттестікке және өзара қатынас барысында түрлі мінез-құлық модельдерін меңгереді.
Мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқушылыққа себепші индивидтік, жеке–даралық, әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық факторлардың жүйелі талдануының жүргізілуі, ауытқушылықтан сақтандыратын тәрбиелік-сауықтырушы жұмыс та толық үздіксіз жүргізілуі керек. Сондықтан жеткіншектегі ерте қалыптасқан мінез-құлықтық мәселесі, оның қалыптасуының сипаттамасын жүйелі талдау және үздіксіз адекватты тәрбиелік-түзетуші жұмыс баланың жағымсыз әлеуметтенуіндегі агрессиялық мінез-құлықтан сақтап қалудың сәті болып табылады.
Біздің балаларға компьютерленген қоғамда өмір сүруге тура келеді, сондықтан оларды комьютермен айналысуда сауатты болуды үйретумен бірге денсаулығына зиян келтірмейтін жағын да үйреткеніміз абзал.
Ғылыми – техникалық әлемнің дамуына байланысты жеке тұлғаның өмір сүруіне жаңа әлеуметтік талаптар қойыла бастайды. Ойын-сауық индустриясының жаңа түрі - компьютерлік ойындардың пайда болуы жеке тұлғаға, оның ерекшеліктеріне жаңа зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Балалардың агрессивті мінез-құлқына компьютерлік ойындардың ықпалын психологиялық тұрғыда зерттеу.
Зерттеу объектісі. Түрлі дәрежедегі компьютерлік ойындармен әуестенетін 13-14 жастағы жеткіншек балалар.
Зерттеу пәні. Жеткіншек жастағы балалардың агрессивтілігінің психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің болжамы. Агрессивті, зорлық-зомбылық, жауыздық мазмұндағы компьютерлік ойындар жеткіншектердің агрессивтілік дәрежесінің артуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу болжамы анықталған соң, келесі зерттеу міндеттері туындайды:
-
Агрессия мәселесіне байланысты шетелдік, Ресейлік, Отандық авторлар еңбектеріне терең теориялық зерттеу жасау.
-
Компьютерлік ойындар тарихы, компьютерлік ойындардың психикаға әсері жөніндегі қағидаларды қалыптастыру.
-
Жеткіншек жасындағы балалардың психикасына компьютерлік ойындардың агрессивті ықпалын анықтайтын әдістемелердің кешені іріктеліп, таңдалуы.
-
Іріктелген әдістемелер қазақ тобы балаларына лайықталып, бейімделуі.
-
Әдістемелердің нәтижелері статистикалық жолмен өңделіп, қорытындысы негізделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
-
«Медиазорлық», «медиамәтін», «медиаэфект» сынды ғылыми терминдер қазақ тілінде бейімделіп, оларға ғылыми түініктеме берілді.
-
Агрессивті компьютерлік ойындардың қатыгездік мазмұн сипатындағы компьютерлік ойындардың баланың бойында агрессивтілікті дамытантындығы жөнінде ғылыми болжам расталды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Бұл жұмыста әлі зерттелмеген тың мәселе компьютерлік ойындардың баланың жеке басының қалыптасуына ықпалы сөз етіледі.
Компьютерлік ойындардың жіктелуі, мазмұны терең талданып, сараланады. Жеткіншек жастағы компьютерлык ойындармен әуестенетін балалардың психикалық даму ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық аспектілері айқындалады.
Зерттеудің практикалық құндылығы.
Дипломдық зерттеу жұмысы мұғалім-педагог еңбектерінде, педегог-психологтардың қызметінде, жалпы отбасы яғни бала тәрбиесінде ересектерге, ата-аналарға көмекші құрал ретінде үлкен септігін тигізетін материал бола алады.
Зерттеу жұмысының базасы. Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық лицейдің 7-8 сынып оқушылары.
Достарыңызбен бөлісу: |