«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны Интеллектуалдық ойынның мақсаты



бет4/5
Дата01.03.2024
өлшемі0.63 Mb.
#493415
түріСабақ
1   2   3   4   5
биология ойын

ІІІ-кезең. «Ұлы тұлғалар» бөліміне де келіп жеттік. Берілген ұяшықтарды таңдайсыздар.Онда берілген тұлғаның кім екенін тауып, өмірі мен ашқан жаңалығы туралы сипаттама беріңіздер.

Николай Иванович Вавилов. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын ашқан(7 орталық бар)


Мендель Грегор Иоганн (22.7.1822Австрия-ВенгрияХейнцендорф –  1884, қазіргі СловакияБрно) – белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы.
Мендель бұршақ өсімдігіне ұзақ уақыт бойы (1856 – 1865) жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегін жариялады. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашты. Кейін бұл Мендель заңдары деп аталды.


Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған.
Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.


Луи Пастер (фрLouis Pasteur27 желтоқсан 1822 жыл, Доль (Юра) – 28 қыркүйек 1895 жыл, Вильнев л’Этан, Париж маңында) — француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы.
Жүргізуші: Саналы ұрпақ санасын саралайтын,
Біліммен даналығын даралайтын,
Ғылымның сан-санасын оймен әрлеп,
Жаңалықты кең шалып бағалайтын – деп,
ІV-кезең. «Жорға» бөлімінде топ басшылар сайысын тамашалайық.
1 оқушыға

  1. Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі: Микориза 

  2. Дизентерия ауруын тарататын: Шыбын, тарақан 

  3. Жануарлар жасушасында болатын қабықша: хитин

  4. Өрік өсімдігінің тұқымдасы: Раушангүлділер тұқымдас

  5. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше: Етті қарын 

  6. Балдырдың өсімді бөлігі: Таллом 

  7. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро

  8. Жіп тәрізді көп жасушалы балдыр: Спирогира 

  9. Қарапайымдыларды кім ашты? А. Левенгук 

  10. Иод тапшылықтан болатын ауру түрі: зоб

  11. Қанның ұюына қатысады: Тромбоциттер 

  12. Дені сау адамның асқазанындағы қышқыл Тұз қышқылы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет