Бухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы 0705002 «Бухгалтерлік есеп және аудит»


Қаржылық есептіліктің № 2 ұлттық стандартына



бет22/45
Дата04.07.2016
өлшемі2.96 Mb.
#176747
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

Қаржылық есептіліктің

№ 2 ұлттық стандартына

4-қосымша




Кірісті тану мысалдары

1. Осы Стандарттың 22-бөліміне қоса беріліп отырған, бірақ оның бөлігі болып табылмайтын осы Стандарттың 22-бөлімінде айтылған табысты танып, қабылдау және өлшеу жөніндегі талаптарды қолдану үлгілері берілген.

Төменде берілген үлгілерде операциялардың нақты аспектілері қозғалады және ол табысты танып, қабылдауға ықпал етуі мүмкін барлық факторларды жан жақты талдауды білдіреді. Үлгілерде әдетте табыстың сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін екендігі көзделеді, болашақтағы экономиалық пайдаларды ұйымның алу ықтималдығы және келтірілген немесе болжанатын шығындар сенімді түрде өлшену ықтималдығы болады.

2. Әртүрлі елдерде заңнамалар осы Стандарттың 22-бөлімінің танып, қабылдау өлшеулері әртүрлі уақыттарда орындалатынын білдіретін жағдайлар болуы мүмкін. Атап айтқанда, заңда меншік құқығымен байланысты елеулі қауіп-қатерлер мен пайдаларды ұйымның беретін уақыт кезеңін айқындалуы мүмкін. Сондықтан бұл қосымшадағы үлгілер операция жасалатын елдегі тауарларды сатуға қатысты заңнаманың мәнмәтінінде зерделенуі тиіс.

3. 1-мысал – «Келесі жеткізілімге қосымша құжаттар жазып беру», мұнда сатып алушының өтініші бойынша жеткізу кейінге қалдырылады, бірақ сатып алушы меншік құқығын өзіне алады да жазып берілген есепшотпен келіседі.

Сатушы сатып алушы меншік құқығын өзіне алған кезде, егер:

1) жеткізуді жүзеге асыру ықтималдығы болса;

2) сатуды танып, қабылдау кезінде тауар болса, сатып алушыға жіберуге белгіленіп және оған дайын болса;

3) сатып алушы кейінге қалдырылған жеткізілім жөніндегі нұсқаулықты ашық түрде растаса; және

4) төлемнің әдеттегі шартары қолданылса, табысты танып, қабылдайды.

Тауарларды жеткізілу мерзіміне қарай сатып алу немесе жүргізу ниеті ғана болатын болса, онда пайда танылмайды.

4. 2-мысал – Орнату және тексеру жағдайында тиелген тауарлар


Табысты, әдетте сатып алушы жеткізілімді қабылдағанда және орнату мен тексеру аяқталғанда танып, қабылдайды.

Алайда, табысты сатып алушы тікелей жеткізілімді қабылдап алғаннан кейін:

1) орнату процесі қиын болмаса, мысалы, зауытта тестіленген теледидарды орамнан ашуды және қоректендіру көзі мен антеннасын қосуды ғана қажет ететін орнату болғанда; немесе

2) тексеру шарт бағаларын түпкілікті анықтау үшін ғана орындалғанда, мысалы, темір кенін, қантты немесе соя бұршақтарын жеткізу кезінде танып, қабылдайды.

5. 3-мысал – Тауарлар белгілеген тәртіпте уағдаластығы бар және шектелген қайтару құқығы бар сатып алушы мақұлдаған жағдайда тиелген тауарлар

Егер қайтару ықтималдығына қатысты белгісіздік болса, онда табысты жеткізілген тауарды сатып алушы ресми қабылдағанда немесе тауарлар жеткізілгенде және бас тарту үшін уақыт мерзімі асып кеткенде танып, қабылдайды.

6. 4-мысал – Тауарлар сату шартымен алушы (сатып алушы) жеткізушіден (сатушыдан) тауарды сату міндеттемесін өзіне алған консигнациялық негізде тиелді

Жеткізуші табысты алушының тауарларды үшінші тарапқа сатқаннан кейін танып қабылдайды.

7. 5-мысал – Тауарлар алу кезіндегі төлеу шарттарымен тиелді

Табыс жеткізілгеннен кейін сатушының немесе оның агенті ақшаны алғаннан кейін танылады.

8. 6-мысал – Тауарлар сатып алушының ішінара төлемдер сериясынан соңғы төлемдер жүргізген кезінде ғана жеткізілетін кейінге қалдырылған сатылымдар

Сатып алушы мұндай сатудан түскен табысты тауарларды жеткізгеннен кейін танып, қабылдайды. Алайда, егер мұндай сатудың көпшілігі соңына дейін жеткізілетінін тәжірибе көрсетсе, тауарлар болса, сатып алушыға белгіленіп және оған жеткізуге дайын жағдайда төлемақының елеулі бөлігі алынса, онда табыс танып, қабылданған болуы мүмкін.

9. 7-мысал – Артық қорда әлі жоқ, мысалы тауарлар жүргізілуі және үшінші тараптан тікелей сатып алушыға жеткізілуі тиіс болатын тауарларды жеткізуге дейін төлемақысы алынған тапсырыстар

Сатушы тауарлар сатып алушыға жеткізілген кезде ғана табысты танып, қабылдайды.

10. 8-мысал – Сатушы сол тауарларды біраз уақыт өткеннен кейін бір мезгілде сатып алуға келісетін немесе сатушыда сатылған тауарларды сатып алуға опцион болса немесе сатып алушыны сатылған тауарларды сатушының сатып алу талабымен сатуға опционы болса, сату және қайта сатып алу шарттары

Қаржылық актив болып табылмайтын активке сату және қайта сатып алу шарттарында сатып алушыға меншік құқығымен байланысты қауіп-қатерлер мен пайдалар іс жүзінде сатып алушыға берілгеніне көз жеткізу үшін шарттың талаптарын пысықтауы қажет. Егер олар берілген болса, онда сатушы табысты танып, қабылдайды. Меншік құқығымен байланысты қауіп-қатерлер мен пайдаларды сатушыда сақталса, құқықтық титул берілгеніне қарамастан, операция қаржыландыру жөніндегі келісім болып табылады және табыстың пайда болуына әкеледі. Қаржылық активтің сату және қайта сатып алу шартына қатысты осы Стандарттың 11-бөлімі қолданылады.

11. 9-мысал – Делдалдарға, мысалы, таратушыларға, дилерлерге немесе қайта сату үшін басқа тұлғаларға сату

Сатушы әдетте меншік құқығына байланысты қауіп-қатерлер мен пайдалар берілгенде мұндай сатудан түскен табысты танып, қабылдайды. Алайда, сатып алушы агент ретінде әрекет еткен жағдайда сату консигнациялық негіздегі сату ретінде қаралады.

12. 10-мысал – Баспа басылымдарына және ұқсас баптарға жазылу

Егер әрбір кезең ішінде қаралатын баптардың құны бірдей болса, онда сатушы сол кезең ішінде берілген баптар қойылатын кезең ішінде тура желі негізінде табысты танып, қабылдайды. Егер баптың құны кезең өткен сайын өзгерсе, онда табыс жазылуға қойылатын барлық баптардың сату есептік құнының негізінде танылады.

13. 11-мысал – Бөлшектеп алу арқылы өтелетін мерзім ұзартудағы сату

Сату күнінде сатушы, пайыздарды қоспағанда, табыстың сатылу бағасына қатысты бөлігіндегі табысты танып, қабылдайды. Сату бағасы өзгертілген пайыздық ставка бойынша алуға төлемдерді дискрнттау арқылы белгіленетін өтеудің берілген құнына тең. Сатушы тиімді пайыз ставкасының әдісін пайдалана отырып, пайыздық құрайтын табыс ретінде танып, қабылдайды.

14. 12-мысал – Жылжымайтын мүлікті сату

Әдетте меншіктің заңды құқығы сатушыға ауысқанда сатушы кірісті танып-қабылдайды. Алайда кейбір заңдық құқықтарда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жалпы құқыққа негізделген меншік құқығы алынғанға дейін сатушыға ауысуы мүмкін және меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайдалар осы кезеңде беріледі. Бұл жағдайларда шартты орындау үшін ешбір елеулі іс-әрекеттер жасау қажет болмаса, кірісті танып-қабылдау орынды болады. Осы және басқа жағдайда, егер әділет құқығы нормаларына және немесе ортақ құқыққа негізделген жылжымайтын мүлікке меншік құқығы берілгеннен кейін сатушы қанда да бір маңызды іс-әрекеттер жасауға мәжбүр болса, кіріс осы іс-әрекеттердің орындалуына қарай танылып-қабылданады. Мысал ретінде құрылысы аяқталмаған ғимаратты немесе құрылысты келтіруге болады.

15. Кейбір жағдайларда жылжымайтын мүлік меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайдалар берілмейтін дәрежеде сатушының үнемі қатысуы сақтала отырып, сатылуы мүмкін. Қарсы сатып алу шарттары осындай мәмілелердің мысалы болып табылады, олардың сатуға және сатып алуға опциондары және белгілі бір кезеңде мүліктің бос болмауына немесе сатып алушының инвестицияларына белгілі кезеңде пайдаға сатушы кепілідік беретін шарттары болады. Мұндай жағдайларда сатушының үнемі қатысуының сипаты мен деңгейі әрекеттің есебін жүргізу тәртібін белгілейді. Ол сату немесе пайданы бөлу туралы қаржы, жалға алу немесе қайсыбір басқа келісім ретінде ескеріле алады. Егер ол сату ретінде ескерілсе, сатушының үнемі қатысуы кірісті танып-қабылдауға кедергі жасауы мүмкін.

16. Сондай-ақ сатушы төлем қаражатын және сатушының толық төлеу ниетінің нақтылығын ескеруі тиіс. Мысалы, сатып алушының бастапқы төлемін қоса алғанда, алынған төлемдер сомасы немесе оның үнемі іске асырылатын төлемдері сатып алушының төлеуді аяқтау ниетінің ойдағыдай болмауын қамтамасыз еткенде, ақшалай түсімі алынған ақша көлемінде ғана танылып, қабылданады.

17. 13-мысал – Орнату үшін ақы

Сатушы орнату бойынша жұмыстардың аяқталуына қарай кіріс ретінде белгілеу үшін ақыны танып қабылдайды (ақысы тауарды сату ақысына ілескен болып табылған жағдайлардан басқа), ал мұндай жағдайларда ол тауар сатылғаннан кейін танып қабылданады.

18. 14-мысал – Тауар бағасына енгізілген қызмет көрсету үшін ақы

Тауардың сатылатын бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендіру сомасын қамтығанда (мысалы, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын сату кезіндегі жетілдіру және сатудан кейінгі қолдау), сатушы осы соманы танып, қабылдауды кейінге қалдырады және оны кіріс ретінде қызмет көрсету кезеңі бойы танып қабылдайды. Кейінге қалдырылған сома – осы қызметтерге келіп түсетін пайданы ескере отырып, шартқа сәйкес қызмет көрсету үшін болжанатын шығындарды өтейтін сома.

19. 15-мысал – Жарнама үшін комиссиялық сыйақылар

Бұқаралық ақпарат құралдарының комиссиялық сыйақылары тиісті жарнама немесе жаранамалық ролик жұршылыққа таныстырылған жағдайда танылып, қабылданады. Өндірістік комиссиялық сыйақылар жобаның аяқталу сатысына байланысты танылып, қабылданады

20. 16-мысал – Сақтандыру агенттігінің комиссиялық сыйақылары

Агенттің қосымша қызметтерін ұсыну қажет емес сақтандыру агенттігінің алынған немесе алынуға жататын комиссиялық сыйақылары тиісті сақтандыру полисінің қолданылу немесе жаңадан пайдалану күніне кіріс ретінде танылып қабылданады. Алайда, агент полистің қолдану мерзімі бойы қосымша қызметтер көрсетуге мәжбүр болған ықтималдығы болса, агент комиссиялық немесе олардың бөлігін танып, қабылдауды кейінге қалдырады және олар кіріс ретінде полистің қолдану мерзімі бойына танылып қабылданады.

21. 17-мысал – Кіру үшін ақы

Сатушы көркем-шығармашылық көріністерден, банкеттерден және басқа да ерекше іс-шаралардан келіп түсетін кірісті іс-шара өтіп жатқанда танып қабылдайды. Бірқатар іс-шараларға абонементті сату кезінде сатушы олардың әрқайсысына әрбір іс-шарада қызметтердің орындалу деңгейін көрсететін негізде ақыны бөледі.

22. 18-мысал – Оқу үшін ақы

Сатушы оқу кезеңі бойындағы кірісті танып, қабылдайды.

23. 19-мысал – Бастапқы, кіріс және мүшелік салымдар

Кірісті танып, қабылдау көрсетілетін қызметтердің сипатына байланысты. Егер жарналар тек мүшелікке ғана қатысты болса, ал барлық басқа қызметтер немесе өнімдер жеке төленсе, немесе егер жеке жылдық абонемент қарастырылса, оларды алуға қатысты елеулі күдік тумаған жағдайда жарна кіріс ретінде танылып, қабылданады. Егер жарна мүшеге мүшелік кезеңі бойы қызметтермен және жарияланымдармен пайдалануға немесе мүше емес адамдар үшін тағайындалатын бағалардан төмен бағалар бойынша тауарлар немесе қызметтер сатып алуға құқық берсе, жарна берілген пайдалардың мерзімдерін, сипаты мен құнын көрсететін негізде танылып қабылданады.

24. Франшиза үшін ақы

Франшиза үшін ақы бастапқы және кейінгі қызметтерді, жабдықтарды және басқа материалдық активтерді және ноу-хауды ұсынуды қамтиды. Тиісінше франшиза үшін ақы кіріс ретінде бұл ақы алынатын шеңбердегі мақсат негізінде танылып қабылданады. Төменде франшиза үшін ақыны танып, қабылдаудың қолжетімді әдістері аталады.

25. 20-мысал – Жабдықтарды және басқа да материалдық активтерді жеткізу кезінде франшиза үшін ақы

Франшиза беруші түсім ретінде активтерді жеткізу немесе меншік құқығын беру сәтінде сатылған активтердің әділ құнын танып, қабылдайды.

26. 21-мысал – бастапқы және кейінгі қызметтерді көрсету кезінде франшиза үшін ақы

Франшиза төлеуші төлем бастапқы немесе жеке болатынына қарамастан, қызмет көрсетуіне қарай кіріс ретінде үнемі қызмет көрсеткені үшін ақыны танып қабылдайды. Жеке төлемнің мөлшері үнемі қызмет көрсеткені үшін нақты шығындарды өтеу және пайданың ақылға қонымды үлесін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, үнемі қызмет көрсету үшін шығындарды өтеу және ақылға қонымды пайданы қамтамасыз етуге жеткілікті бастапқы төлеу бөлігі кейінге қалдырылуы және қызмет көрсетуіне қарай кіріс ретінде танылып қабылдануы тиіс.

27. Франшиза шартында франшиза беруші басқа сатып алушыларға тағайындайтын бағадан төмен баға бойынша немесе осы сату бойынша ақылға қонымды пайданы қамтамасыз етпейтін баға бойынша жабдықтарды, артық қорларды немесе басқа да материалдық активтерді жеткізу көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда осы бағадан асыра жасалған есептік шығындарды өтеу және осындай сату бойынша ақылға қонымды пайданы қамтамасыз ету үшін жеткілікті бастапқы ақының бөлігі кейінге қалдырылуы және франшиза алушыға тауарлар сату көзделген кезең бойы танылып, қабылдануы тиіс. Бастапқы төлем сомасы барлық бірінші қызметтер және шартта көзделген франшиза беруші міндеттемелері (орналасу жерін таңдау, қызметкерлер құрамын оқыту, қаржыландыру және жарнама сияқты) негізінен орындалғаннан кейін кіріс ретінде танылып қабылданады.

28. Франшизаның аумақтық шарты бойынша бастапқы және басқа да міндеттемелері осы өңірде белгіленген жеке сауда орындары санына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда бастапқы қызметтерге қатысты ақы бастапқы қызметтерді көрсету негізінен аяқталған сауда орындары санына үйлесімді кіріс ретінде танылып-қабылданады.

29. Егер бастапқы төлем ұзақ кезең бойы алып отыруға жататын болса және ол толық көлемде алынуына нақты белгісіздік бар болса, ақшалай жарналардың алуына қарай танылып, қабылданады.

30. 22-мысал – Франшиза үшін ақы: франшиза үшін ағымдағы төлемдер

Шарт бойынша берілетін құқықтарды үнемі пайдалану үшін немесе осы шарттың қолданылу мерзімі бойы берілетін басқа да қызметтер үшін алынатын ақы қызмет көрсету немесе құқықтарды пайдалануға қарай кіріс ретінде танылып қабылданады.

31. 23-мысал – Франшиза үшін ақы: делдалдық әрекеттер

Франшиза беруші және алушы арасында біріншісі негізінен франшиза алушының агенті ретінде іс-қимыл жасайтын әрекеттер іске асырылуы мүмкін. Мысалы, франшиза беруші өзіне түсетін пайдасыз тауарға тапсырыс бере алады және оны франшиза алушыға жеткізуді ұйымдастыра алады. Мұндай әрекеттер түсімнің болуына әкелмейді.

32. 24-мысал – Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу үшін ақы

Бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеуші сатылудан кейін сервистік қолдау бойынша қызметтерді қоса алғанда әзірлеуді аяқтау сатысына байланысты кіріс ретінде арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу үшін ақыны танып қабылдайды.

33. 25-мысал – Лицензиялық төлемдер мен роялти

Лицензиар кәсіпорын активтерін (сауда таңбалары, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары, музыкалық шығармаларға авторлық құқықтар, жазбаларының түпнұсқалары және кинофильмдер сияқты) пайдаланғаны үшін төленген сыйақылар мен роялтиді көбінесе шарт мазмұнына сәйкес танып қабылдайды. Практикалық тұрғыдан танып, қабылдау шарттың қолдану мерзімінің тікелей негізінде жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, лицензиаттың айқындалған уақыт кезінде белгілі технологияны пайдалану құқығы болғанда).

34. Лицензиатқа бұл құқықтарды еркін пайдалануға рұқсат беретін және олар бойынша лицензиар барлық міндеттемелерді орындаған күші жойылмайтын шарт бойынша бекітілген сыйақыға немесе өтелмейтін кепілдіктерге құқықтарды беру негізінде сату болып табылады. Жеткізуден кейін лицензиар ешқандай міндеттемелерге сай келмеген жағдайда бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға лицензиялық келісім осындай беру мысалы болып табылады. Басқа мысал: лицензиар кинофильмдерді көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорынды бақылау мүмкіндігі жоқ және әрі қарай билеттен кассалық түсімдерді алуды күтпейтін жағдайда кинофильмдерді коммерциялық мақсаттарда көрсетуге құқығын беру. Мұндай жағдайларда түсім сату сәтінде танылып қабылданады.

35. Кейбір жағдайларда лицензиялық сыйақы немесе роялти алу алдағы уақытта болатын қандай да бір оқиғаға байланысты. Бұл жағдайларда түсім осы сыйақылар немесе роялти алыну ықтималдығы болған жағдайда ғана танылып қабылданады, бұл көбінесе аталған оқиғаның орын алған кезінде болады.

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы «21» мауысым

№217 бұйрығына

қосымша
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының күші жойылған кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есепке алу әдіснамасы департаментінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі


1. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 239 болып тіркелген).

2. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы № 4 қаулысы.

3. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысы.

4. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 21 қарашадағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 240 болып тіркелген).

5. «5 «Кіріс» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «7 «Тауарлық-материалдық қорлардың есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) өзіндік құнына енгізілетін шығындардың құрамы мен сыныптамасын қалыптастыру бөлігінде әдістемелік ұсынымдар», «7 «Тауарлық-материалдық қорлардың есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетін және кезеңнің шығыстары болып танылатын шығыстарды қалыптастыру бөлігінде әдістемелік ұсынымдар», «8 «Қаржылық инвестициялардың есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «9 Шетелдік валютадағы операциялардың есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «10 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «11 «Табыс салығы бойынша есеп» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «12 «Күрделі құрылысқа арналған мердігер шарттары» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар», «20 «Мұнай-газ өңдеу қызметіің есебі мен есептілігі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 7 бұйрығы.

6. «14 «Тәуелді шаруашылық серіктестікке инвестициялардың есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы № 85 бұйрығы.

7. «24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлiк есеп стандарты» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 455 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 455 болып тіркелген).

8. «17 «Жалға беру есебі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 456 бұйрығы.

9. «5 «Кіріс» бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар күмәнді борыштар бойынша резерв қалыптастыру тәртібі» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 457 бұйрығы.

10. «13 «Шоғырланған қаржылық есептілік және инвестицияларды еншілес серіктестіктерге есепке алу» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 458 бұйрығы.

11. «15 «Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есепке алуда көрінуі» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 459 бұйрығы.

12. «Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді түгендеу жүргізуі тәртібі туралы 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 6 наурыздағы № 47 бұйрығы.

13. «Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тарапынан жүргізілетін есеп-қисап және есеп беру тәртібі» 25-ші Бухгалтерлік есеп Ережесін (стандарт) Бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 16 сәуірдегі № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 515 болып тіркелген).

14. «Брокерлік және дилерлік ұйымдардың есебі мен есептілігі» 26-шы Бухгалтерлік есеп ережесін (стандарт) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 6 шілдедегі № 108 бұйрығы.

15. «27 «Есепті кезеңнің күнінен кейін болатын күтпеген жағдайлар мен оқиғалар» бухгалтерлiк есеп ережесін (стандартын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 14 шілдедегі № 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 576 болып тіркелген).

16. «26 «Брокерлік және дилерлік компаниялардың есебі мен есептілігі» бухгалтерлiк есеп ережесіне (стандартына) әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 30 қазандағы № 161 бұйрығы.

17. «27 «Есепті кезеңнің күнінен кейін болатын күтпеген жағдайлар мен оқиғалар» бухгалтерлiк есеп ережесіне (стандартына) әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 185 бұйрығы.

18. «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекіткен 16 «Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі» және 19 «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына өзгерістер мен толықтырула енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 824 болып тіркелген).

19. «Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесін (стандартын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 210 бұйрығы.

20. «Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесіне (стандартына) әдістемелік ұсынымдар» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 485 бұйрығы.

21. «Бухгалтерлік есептің 29 «Материалдық емес активтерді есепке алу» ережесін (стандартын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 490 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 935 болып тіркелген).

22. «Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 маусымдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1191 болып тіркелген).

23. «Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1507 болып тіркелген).

24. «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 28 тамыздағы № 390 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1977 болып тіркелген).

25. «Қазақстан Республикасы Каржы министрлiгiнiң «Бухгалтерлiк есептiң 29 ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу» ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы» № 824 тiркелген 1999 жылғы 19 мамырдағы № 210 және «Бухгалтерлiк есептiң 28 «Материалдық емес активтердi есепке алу» Ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы» № 935 тiркелген 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 490 бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 558 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2059 болып тіркелген).

26. «№ 239 нөмірмен тіркелген «Бухгалтерлік есептің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 12 қарашадағы № 568 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2060 болып тіркелген).

27. «№ 239 нөмірмен тіркелген «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 593 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген).

28. «30 «Қаржы есептілігін беру» бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы


17 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2182 болып тіркелген).

29. «31 «Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)» бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2183 болып тіркелген).

30. «№ 239 болып тіркелген «Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2160 болып тіркелген).

31. «№ 455 болып тiркелген «24 Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру» бухгалтерлiк есеп стандартын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлік есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2225 болып тіркелген).

1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған № 1 ұлттық қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.

2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3. «23 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есептілігі» бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 ақпандағы № 84 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 наурызда № 2754 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4 Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр Н.Коржова

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы 21 маусымдағы

№ 218 бұйрығымен

бекітілген



Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты
1-бөлім. Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет