26 тақырып.
ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ
1. Түсіндірудің түсінігі.
2. Түсіндіру тəсілдері.
3. Субъектілер бойынша түсіндіру түрлері.
4. Көлемі бойынша түсіндіру түрлері.
5. Құқықты түсіндіру актілері.
1. Түсіндірудің түсінігі. Құқық нормаларын түсіндіру – бұл
мемлекеттің,
лауазымды тұлғалардың,
қоғамдық ұйымдардың,
жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсін-
діруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған əлеуметтік
күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі. Түсіндіру процесін-
де нормативтік ереженің мəні, оның негізгі мақсаты мен əлеумет-
тік
бағыттылығы, түсіндіріліп отырған актінің мүмкін салдары,
оның құқықтық реттеу жүйесіндегі орны жəне т.б. анықталады.
Түсіндірудің мақсаты – заңшығарушының не айтқысы келгенін
емес, оның қалыптастырған ережесінің мəнін анықтау. Түсіндіру
қолданыстағы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді
жəне енгізе алмайды да, ол заңдағы ережелерді түсіндіруге жəне
нақтылауға бағытталған. Түсіндіру екі жақтан құралады:
- норманың мəні мен оны түсіндіруді түсіну (өзі үшін);
- норманың мазмұнын түсіндіру (өзгелер үшін).
Достарыңызбен бөлісу: