- 1. Бюджеттің ұғымы мен түрлері
- 2. ҚР-ның бюджет жүйесі және оның құрылымы.
- 3. ҚР-ның бюджет жүйесінің қағидалары.
- 4. Бюджеттік реттеу және оның әдістері.
Бюджет дегеніміз – заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған, салықтар, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры. - Бюджет дегеніміз – заңмен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған, салықтар, міндетті төлемдер, алымдар капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен орталықтандырылған ақша қоры.
-
- Жалпы алғанда бюджет – тиісті мемлекеттік құрылымның міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған жалпы мемлекеттік және әкімшілік - аумақтық бірлік деңгейінде орталық-ған ақша қоры.
- Мемлекеттік бюджет –өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталық-ған ақша қоры б.т.
- Бюджет құрылымы бұл бюджеттің әр түрлерінің құрамдас бөлігінің өзара әрекетінің және мемлекеттің бюджет жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын анықтайтын институт.
- Басқаша айтқанда, бюджеттік құрылыс – бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
-
- Бюджет жүйесі деп мемлекетіміздегі бюджеттердің, оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру әдістерінің, бюджеттерді әзірлеу қарау бекіту және атқару тәсілдері мен жолдарының бюджеттік қатынастарының тиісті қаржылық құқықтық актілерді бюджеттік қызмет аясындағы қаржылық және басқа мемлекеттік өкілетті органдарының бюджеттік бақылаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын айтамыз.
- ҚР БК сәйкес бюджет жүйесі:
- бюджеттердің;
- ҚР Ұлттық қорының;
- бюджеттік процестердің;
- бюджеттік қатынастардың жиынтығы.
- ҚР-ның Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді:
- бірыңғайлық, - толымдылық,
- шынайылық, - транспаренттілік,
- сабақтастық, - нәтижелілік,
- дәйектілік, - негізділік,
- уақтылылық, - кассалардың бірлігі, - тиімділік, - жауапкершілік,
- бюджеттердің дербестігі,
- бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |