Д. Б. Абулкасова (қолы) (аты-жөні)


Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар – жоспарланбаған



бет7/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.65 Mb.
#19244
1   2   3   4   5   6   7

10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар – жоспарланбаған.

11.Студенттерді бақылау мен оқу үлгерімін бағалау бойынша материалдар.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛАР.

Білімді бағалаудың мақсаты-студенттерді оқу процесі барысында ынталандыру және студенттің оқу процесі барысында алған білім мен дағдыларын меңгерген дәрежесін көрсету.

Студент өзінің оқудағы жетістіктерін бақылау және тексеру үшін оқу процесінің басында үлестірілген жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өз бетімен дайындалу сұрақтары, емтихан сұрақтары бойынша даярланады. Ол үшін:

-үнемі дәріс пен семинар сабақтарына қатысып, өзіне тапсырылған тапсырмаларды дер кезінде орындап белсенділік танытуы керек;

-дәріс пен семинарларда қарастырылған тақырыптар мен сұрақтар жүйесін қайталап отыруы керек;

-әр дәріс соңында берілетін өзін-өзі тексеру сұрақтарымен жұмыс жасауы керек;

-дәріс пен семинарларда берілген оқулықтармен, әдебиеттермен жие жұмыс жасап, еске сақтау қабілетін арттыруы керек.

-алдын-ала бақылау, емтихан сұрақтарына дайындық жүргізу керек.

1. 1895ж Симоносеки келісімі бойынша Жапонияға қай елдер тиесілі болды?

а) Симоносеки

б) Янцзы, Ляодун, Тайвань.

в) Эдо, Осака, Тайвнь.

г) Ляодун, Пенхуледао, Тайвань


2. Мамлюктер дегеніміз кімдер?

а) құлдар

б) феодалдар

в) халықтың төменгі тобы.

г) шетелдіктер
3. « Гоминдан » партиясы қашан құрылды, жетекшісі кім?

а) 1913ж наурыз Ю.Шикай

б) 1913ж мамыр Л.Сючен

в) 1912ж тамыз С.Ятсен

г) 1910ж сәуір К.Ювей
4. ХІХ ғ. 70-ж. Иран қандай империалистік державаның тәуелді отарына айналды?

а) Англия, Ресей

б) Франция, Испания

в) АҚШ, Ресей

г) Франция, Англия
5. Дурраний мемлекетінің өмір сүрген жылдары.

а) 1749-50

б) 1810-20

в) 1716-41

г) 1747-73
6. Жас түріктер билік басында қай жылдар аралығында болды?

а) 1909-18

б) 1900-11

в) 1912-19

г) 1911-18
7. Қытайдағы 1919 ж. «4 мамыр қозғалысы» деген не?

a) Жасырын монархиялық бірлестік.

б) Армияның саяси ықпалдылық үшін күресі.

в) Студенттердің, жұмысшылардың және интеллигенцияның антиимпериалистік қозғалысы

г) Оңтүстік аудандардағы шаруалар көтерілісі.
8. 1920 ж. тәуелсіз Түркия мемлекетін алғаш мойындаған қай ел?

a) Дания.

b) Ресей

c) Германия.

d) Армения.
9. ХХ ғ. 30 ж. бірінші жартысында барлық Қытай территориясындағы саяси жағдайға ықпал еткен маңызды фактор?

a) Орталық және Оңтүстік Қытай провинциясындағы гоминьдан мен компартия арасындағы азаматтық соғыс

b) Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.

c) Компартия жетекшісі Сунь-Ятсеннің өлімі.

d) Қытай Коммунистік партиясының құрылуы.

10. БҰҰ Бас Ассамблеясы Палистинаға британ мандатын жою және екі мемлекетті – Араб және Израиль мемлекеттерін құру туралы шешімді қашан қабылдады?

a) 1949 ж.

b) 1944 ж.

c) 1946 ж.

d) 1947 ж

11. Мына оқығалардың қайсысы бұрын болды?

a) Африкада 17 мемлекеттің тәуелсіздігін алуы.

b) Тәуелсіз Бангладеш Халық Республикасының жариялануы.

c) Тунистің тәуелсіздігін жариялауы

d) Кенияның тәуелсіздігін алуы.

12. Араб – Израиль жанжалының себептері?

a) Еврейлердің тарихи отанына оралып, ұлттық мемлекет құру ниеті.

b) Интифада – арабтардың еврей қоныс аударуына қарсылық көрсетуі.

c) БҰҰ-ң 1947 ж. Палестинаны Израиль еврейлік мемлекетіне және араб Палестинасына бөлу туралы шешімі

d) Таяу Шығыс жанжалына АҚШ пен КСРО-ның араласуы.


13. Тәуелсіз Африка мемлекеттерінің 1958 ж. сәуірде өткен І Африка конференциясында қандай мәселе қаралды?

a) Африка елдерінің аграрлық мәселелері.

b) Экономикалық дамуды арттыру мәселесі.

c) Империализмге және барлық материкте отаршылдыққа қарсы күрес мәселесі

d) Ұлттық өндірісті жетілдіру мәселесі.

14. ІҮ араб-израиль соғысы қашан болды?

a) 1967 ж. 5-сәуір.

b) 1968 ж. 12-қазан.

c) 1971 ж. 3-қазан.

d) 1973 ж. 6-қазан


15. 1955 ж. құрылған Бағдат пактісінің құрамына енген мемлекеттер:

a) Түркия, Ирак, Англия, Пакистан, Иран

b) Ирак, АҚШ, Англия, Пакистан.

c) Түркия, Пакистан, Ирак.

d) АҚШ, Англия, Ирак,
16. «Неоколониализм» саясатының мәні:

a) Отарлық империя шеңберінде өзін-өзі басқару құқығына ие болған отар елдер.

b) Адаммен, мемлекетпен және т.с. қандай да болсын қарым-қатынасты тоқтатудан тұратын күрестің бір түрі.

c) Тәуелсіздіктің бір түрі, бір мемлекет қорғау деген сылтаумен басқа мемлекетті ішкі саяси дербестігінен айырады

d) Жас мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін ресми түрде ғана танып, империалистік экономикалық қанауды сақтауға бағытталған шаралар жүйесі

17. ІІ д.ж. соғыстан кейін алғашқы 5 жылда Азия және Африкада қанша тәуелсіз мемлекет пайда болды?

a) 50

b) 27


c) 13

d) 10


18. 1947 ж. Жапония конституциясының 9- бабының негізгі мазмұны:

a) Император – «мемлекет символы».

b) Заң шығару билігін парламент іске асырады.

c) Соғыстан және халықаралық дауларды шешудің құралы ретінде қарулы күштерді қолданудан бас тарту

d) Парламент үкіметтің құрамын бекітеді.
19. Ауғанстанға кеңес әскерлері қашан енгізілді?

a) Желтоқсан, 1979 ж

b) Мамыр, 1980 ж.

c) Қыркүйек, 1980 ж.

d) Қаңтар, 1979 ж.
20. 80-ші жылдардың басында әлі де империализмнің отаршылдық жүйесінде болған елдерді атаңыз?

a) Индонезия, Гуам аралы, Бруней.

b) Сирия, Ливан, Гонконг.

c) Намибия, Гонконг, Бруней

d) Алжир, Тунис, Намибия.

«Білімді бағалау схемасы»







Бағалау критериясы

Бағалау түрі

%

барлығы

1

Үй тапсырмасы (ОЖСӨЖ)

100

30




Дәріске қатысу

100

15

2

Жеке жұмыс

100

2

3

Бақылау жұмысы

100

2

6

Зертханалық сабақта белсенділік

100

15

7

Бақылаудың басқа т үрлері

100

N




Аралық бақылау (Р1, Р2)

100

Барлық бағалардың орташа мәні




Ағымдағы бақылау

(Р1+Р2)/2




Барлық семестр уақытында 2 рубеждік бақылау (7-ші – 15 – ші жұмада). Студенттердің үлгерімі бақылау уақытында максимальді көрсеткіш 60% құрайды. Семестр аяғында сабақ пәні бойынша емтихан өтеді. Максимальді көрсеткіш 40% құрайды. Екеуін қосқанда 100% құрайды. Емтихан тест түрінде, курсты теориялық және практикалық материалды қамтитын 30 сұрақтан тұруы керек.


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:


Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Жаңа дәуір қарсаңындағы Шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.

  2. ХҮІ-ХІХ ғғ. Маньчжур династиясы билігіндегі Қытай.

  3. Қытайдағы тайпин шаруалар көтерілісінің негізгі кезеңдері, ерекшеліктері.

  4. 1894-1895 жж. жапон-қытай соғысы.

  5. 1911-1913 ж. Қытай революциясының әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары.

  6. 1911-1913 жж. Қытай революциясының кезеңдері, сипаты, барысы, жеңілу себептері, маңызы.

  7. Жапонияда Токугава мемлекетінің құрылуы.

  8. Муцухито императордың ішкі және сыртқы саясаты.

  9. 1867-1868 жж. Мейдзи революциясы.

  10. 1904-1905 жж. орыс-жапон соғысы.

  11. 1868 ж. кейінгі Жапонияның саяси жағдайы.

  12. Үндістандағы Ұлы Моғолдар империясы.

  13. 1857-1859 жж. Үнді көтерілісінің алғышарттары мен себептері.

  14. 1857-1859 жж. көтерілістің басты орталықтары, жетекшілері, қозғаушы күштері.

  15. 1857-1859 жж. көтерілістің жеңілу себептері мен салдарлары.

  16. 1905-1908 жж. Үндістандағы революция алғышарттары.

  17. «Сварадж» және «Свадеши» қозғалыстарының дамуы.

  18. М.Ганди және оның ілімдері.

  19. Сунь Ятсеннің «халықтық үш принцип» бағдарламасы.

  20. 1895 ж. Симоносеки келісім-шарты, оның мәні.

  21. Үндістан Ұлттық Конгресі, саяси қызметі.

  22. Үндістанда ағылшын отаршылдық аппаратының нығаюы.

  23. І д.ж. соғыс жылдарындағы Жапония.

  24. Токугава сегунатының әлеуметтік-экономикалық саясаты.

  25. Қытайдағы апиын соғыстары.

  26. І д.ж. соғыс жылдарындағы Шығыс елдерінің экономикалық және саяси жағдайы.

  27. І д.ж. соғыстан кейінгі Қытайдың экономикалық және саяси дамуы.

  28. 1925-1927 ж.ж. Қытайдағы азамат соғысы.

  29. ҚХР-ның құрылуы.

  30. «Мәдени революция» және оның салдарлары.

  31. 1918-1940 ж.ж. халықаралық қатынастар және Жапония.

  32. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Жапония.

  33. Коноэ үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.

  34. 1918-1945 ж.ж. Үндістан.

  35. Үндістан және Пакистан.

  36. «Азаматтық бағынбау қозғалысының» принциптері.

  37. 1918-1939 ж.ж. халықаралық қатынастардағы Осман империясы.

  38. Кемаль Ататүріктің сыртқы саясаты.

  39. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Түркияның сыртқы саясаты.

  40. «Этатизм» саясаты.

  41. І д.ж. соғыстан кейінгі Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  42. ІІІ ағылшын-ауған соғысы және Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялауы.

  43. Ауғанстан Демократиялық Республикасының жариялануы.

  44. 1918-1940 ж.ж. халықаралық қатынастар жүйесіндегі Иран.

  45. Реза-шах Пехлевидің ішкі және сыртқы саясаты.

  46. 1978-1979 ж.ж. Иран Ислам революциясы.

  47. Мұхаммед Мосадықтың ішкі және сыртқы саясаты.

  48. Курд мәселесі және оны шешу жолдары.

  49. 1945-1965 ж.ж. Иранның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері.

  50. Иранның Европа мемлекеттерімен қарым-қатынастары.

  51. 1918-1945 ж.ж. Корея.

  52. Кореядағы Ли Сын Ман режимі.

  53. Кореяның екіге бөлінуі.

  54. Ким Ир Сеннің жеке тұлғасы.

  55. Оңтүстік Кореядағы ІҮ Республика (1972-1981 ж.ж.).


8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


  1. Иранда Каджар династиясы билігінің орнатылуы.

  2. І орыс-иран соғыстары.

  3. 1828 ж. Түрікменчай келісімінің мәні.

  4. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас. Ирандағы Ресей мен Англия қарама-қайшылықтары.

  5. 1905-1911 жж. Иран революциясының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары.

  6. 1905-1911 жж. Иран революциясының сипаты, қозғаушы күші, жүру барысы, негізгі кезеңдері.

  7. 1905-1911 жж. Иран революциясының жеңілу себептері, тарихи маңызы.

  8. ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Осман империясының халықаралық жағдайы және «Шығыс мәселесінің» пайда болуы.

  9. ІІІ Селимнің ішкі және сыртқы саясаты.

  10. Танзиматттың әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары.

  11. 1853-1856 жж. Қырым соғысы және танзиматтың «ІІ кезеңі».

  12. 1877-1878 жж. орыс-түрік соғысы.

  13. 1908-1909 жж. жас түріктер революциясының алғышарттары мен себептері.

  14. 1908 ж. революцияның барысы, қозғаушы күштері, жетекшілері, кезеңдері.

  15. 1908-1909 революцияның нәтижелері мен маңызы.

  16. Ауғанстанда Дурраний мемлекетінің қалыптасуы.

  17. 1839-1842 жж. ағылшын-ауған соғысы.

  18. Ауғанстандағы Шер-Әлихан реформалары.

  19. 1878 ж. ағылшын-ауған соғысы, себебі,салдарлары.

  20. Осман империясы құрамындағы араб елдері.

  21. Мұхаммед Али реформалары және оның сыртқы саясаты.

  22. Ағылшын-бур соғысы.

  23. ХІХ ғ. Африканы империалистік «бөлу» және оның салдарлары.

  24. Оңтүстік Африкада Европалық отаршылдықтың басталуы.

  25. «Египет дағдарысы» және Ұлы державалар.

  26. І д.ж. соғыстан кейінгі Вьетнамның саяси және экономикалық дамуы.

  27. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Вьетнам.

  28. Вьетнамдағы АҚШ-тың агрессиялық саясаты.

  29. Азаттық алғаннан кейінгі Пакистан.

  30. Бангладеш Республикасы құрылғаннан кейінгі Пакистан.

  31. Үнді-Пакистан қақтығысы.

  32. Халықтық революция жылдарындағы Моңғолия.

  33. Версаль-Вашингтон жүйесіндегі араб елдері. Мандаттық жүйе және оның мәні.

  34. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Таяу Шығыс елдері.

  35. 1967 және 1973 ж. араб-израиль соғысы.

  36. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Африка.

  37. Неоколониализм саясаты және оның мәні.

  38. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Шығыстағы жаңа тәуелсіз мемлекеттер.

  39. Империализмнің отаршылдық жүйесінің күйреуі.

  40. КСРО-ның құлауынан кейінгі геосаяси жағдай және Орталық Азияда жаңа мемлекетердің қалыптасуы.

  41. ХХ ғ. ІІ ж. Шығыс елдерінің саяси және идеологиялық дамуы.

  42. Қазақстан республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  43. «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және оның маңызы.

  44. Қазақстанның Қытаймен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысы.

  45. Қазақстан және халықаралық ұйымдар.

  46. ІІ д.ж. соғыс жылдарындағы Араб елдері.

  47. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар және Батыс африка елдері.

  48. Африка тәуелсіз мемлекеттердің конференциясы (1958, 1960, 1963).

  49. Д.Ж. саясаттағы Үндістан.

  50. ХХ ғ. соңындағы Шығыс елдерінің сыртқы саясатының негізгі бағыттары.



Емтиханға дайындық сұрақтары.
1. Маньчжуриялық Цинь династиясы Қытайда қай жылдары билік жүргізді?

2. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. отаршылдық басқыншылықтың негізін қалаушы европалық держава?

3. Аса маңызды мәселелер шешіліп отырған барлық ауған тайпалары өкілдерінің жалпы жиналысы қалай аталды?(ХҮІІІ ғ.)

4. Қай жылы Надир Иран шахы деп жарияланды?

5. Орыс – жапон соғысының Портсмут бейбіт келісіміне қол қоюмен аяқталуы нені білдіреді?

6. Ағылшын-бур соғысы қай жылдары болды?

7. ХҮІІІ ғ. 30-40 ж.ж. Иранның өндірістік күштерінің құлдырауына және шаруалар көтерілісінің күшеюіне қандай жағдай әсер етті?

8. І дүние жүзілік соғыс кезінде жасырын герман-түрік келіссөздерінің нәтижесінде құпия келісімге қашан қол қойылды?

9. Сунь Ятсеннің «Халықтық үш принцип» бағдарламасындағы «ұлтшылдық» принципінің мәні неде?

10. Жас түріктер революциясы жылдары?

11. ХҮІІІ ғ. 40 ж. Орталық Аравиядағы түріктерге қарсы күресте маңызды роль атқарған қандай қозғалыс?

12. 1870 ж. еуропалықтар Африка территориясының қанша процентін жаулап алды?

13. ХХ ғ. басында Түркия экономикалық тәуелділікке тап болып, іс жүзінде қай елдің жартылай отары болды?

14. 1905-1908 ж.ж. Үнді революциясының басталуына қандай оқиға түрткі болды?

15. Токугава сегунаты кезінде Жапонияда қандай сословиелік жүйе қалыптасты?

16. 1857-1859 ж.ж. көтеріліс ошақтарының бірі – Канпурдағы көтеріліс қашан басталды және оған кім жетекшілік етті?

17. 1865 ж. Стамбулда құрылған құпия саяси ұйым – «Жаңа осман» қоғамының басты мақсаты не?

18. 1839 ж. қабылданған танзимат реформаларында қандай негізгі үш мақсат басшылыққа алынды?

19. «Метрополия» ұғымы нені түсіндіреді?

20. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы жапон империализмінің басты сипаттамаларының бірі?

21. Қырым соғысының І кезеңінің басты оқиғасы:

22. Оңтүстік-батыс Африкадағы 1904 ж. гереро тайпаларының көтерілісі кімдерге қарсы бағытталды?

23. 1850 ж. басталған тайпин шаруалар көтерілісін кім басқарды?

24. Иран революциясының жеңілуінің ең басты себептерінің бірі?

25. Төмендегі оқиғалардың қайсысы ертерек болды?

26. Қытайдағы 1919 ж. «4 мамыр қозғалысы» деген не?

27. І дүние жүзілік соғыстан кейін тәуелсіздігін сақтаған Африка елдерін атаңыз?

28. Сұлтан билігінің орнына Түркияда қашан республика орнады?

29. Египеттің тәуелсіздік үшін күресін кім басқарды?

30. 1949 ж. тәуелсіздігін алған Ұлыбританияның ең үлкен отарларының бірі?

31. 1947 ж. Жапония конституциясының 9- бабының негізгі мазмұны:

32. Гоминьданмен соғыс қашан, қалай аяқталды?

33. 1935 ж. Үндістанды басқару туралы ағылшын империалистері қабылдаған, үнді халқы «құлдық конституция» деп атаған Заң қандай мақсаттарды көздеді?

34. ІІ дүние жүзілік соғыс кезінде Жапонияның Тынық мұхит бассейніндегі негізгі қарсыласы қай ел болды?

35. 1955 ж. Ауғанстан – пакистан қатынастары қандай оқиғаға байланысты күрт шиеленісіп кетті?

36. БҰҰ Бас Ассамблеясы Палистинаға британ мандатын жою және екі мемлекетті – Араб және Израиль мемлекеттерін құру туралы шешімді қашан қабылдады?

37. 1968 ж. 17-шілдедегі Ирактағы революциялық төңкеріс нәтижесінде қандай партия елге басшылық жасау ісін қолына алды?

38. Вьетнамдағы қарсыласу қозғалысының жетекшісі кім?

39. Египет пен Израиль арасындағы соғысты тоқтатқан Кэмп-Дэвид келісімдеріне қашан қол қойылды?

40. «Шөлдегі боран» деген не?

41. 1955 ж. Жапонияда либералдық және демократиялық партиялардың бірігуі негізінде қандай партия құрылды және жетекшісі кім болды?

42. Қай жылы Ирандағы антимонархиялық революция нәтижесінде Иран Ислам Республикасы жарияланды?

43. «Мәдени революцияны» жүзеге асыру барысында Мао Цзэдунның негізгі тірегі «қызыл сақшылар» кімдер еді?

44. ІІ д.ж. соғыс қарсаңында Ирандағы шах үкіметі қай елмен тығыз байланыста болды?

45. Этатизм саясатының тиімді жақтары қандай?

46. Индонезияда үкімет басына Сухарто қашан келді?

47. «Мәдени революцияның» соңғы кезеңі:

48. 1991 ж. желтоқсан айының басында Белорусь астанасы Минск қаласында қай елдің басшылары бас қосты?

49. Орталық Азиялық Одақ қашан құрылды?

50. Президенттің халыққа Жолдауындағы (2030) өзекті сөздерді анықтаңыз?

51. Қай жылдан бастап Жапонияда Токугава сегунатының билігі орнатылды?

52. Алжир, Тунис, Марокконы орта ғасырлық араб географтары қандай атаумен біріктірді?

53. Цинь династиясы билігі кезінде Қытай билеушісі – богдыхандар қандай органға арқа сүйеп, заң шығару қызметін жүзеге асырды?

54. Үндістан Ұлттық конгресі қай жылы саяси партия ретінде құрылды?

55. Қырым соғысынан кейін қол қойылған Париж бейбіт келісімі бойынша Россия қандай жерлерінен айырылды?

56. Европа билік етуіне қарсы Қытайда боксерлік (ихэтуань) көтеріліс қай жылдары болды?

57. ХІХ ғ. соңғы он жылдығында Балкандағы ұлт-азаттық қозғалысқа қандай оқиға себеп болды?

58. Жапонияда өнеркәсіп төңкерісі қашан болды?

59. Сунь-Ятсеннің «Халықтық үш принцип» бағдарламасындағы «халық билігі» принципінің мәні неде?

60. Ирандағы революция жылдары:

61. 1893-1894 ж.ж. Кореядағы шаруалар көтерілісіне кімдер жетекшілік етті?

62. ХХ ғ. басында империалистік державалар Африка территориясының қанша пайызын басып алды?

63. ХХ ғ. соңында Того, Камерун, Оңтүстік-батыс Африка қай елдің отары болды?

64. 1905-1908 ж.ж. Үндістандағы революциялық күрес кезіндегі «свадеши»қозғалысының басты мақсаты?

65. Қандай оқиғадан кейін 1857-1859 ж.ж. қарулы күрес партизандық соғысқа айналды?

66. 1908 ж. Тебриздегі көтеріліс жетекшілері -

67. 1904-1905 ж.ж. Орыс-жапон соғысын бастаудағы Ресейдің басты мақсаты?

68. ХІХ ғ. 70 ж. Түркиядағы либералдық-конституциялық қозғалыстың көрнекті өкілдерінің бірі?

69. Тайпиндер деген кімдер?

70. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. отаршылдық басқыншылық кезіндегі отаршылдарды қызықтырған басты тауар не болды?

71. 1877-1878 ж.ж. орыс-түрік соғысының маңызы:

72. Қытай ХІХ ғ. қай елдің отары болды?

73. ХІХ ғ. соңында Үндістан ұлт-азаттық қозғалысының басында қандай ұйым болды?

74. 1911 ж. 10 қазанда басталған Қытай халқының азаттық күресі тарихқа қандай атаумен енді?

75. Төмендегі оқиғалардың қайсысы ертерек болды?

76. Танака меморандумының мағынасы (1927ж.):

77. І д.ж. соғыстан кейінгі мандаттық жүйе бойынша Сирия мен Ливан қай елдің иелігіне айналды?

78. Жапония Маньчжурияны қашан басып алды?

79. ХХ ғ. 20-шы жылдары азаматтық міндеттілік науқанында тәуелсіздік үшін күресте Үндістанда кімнің көзқарасы мен тактикасы пайдаланылды?

80. ІІ д.ж. соғыстан кейін тәуелсіздігін жариялаған алғашқы мемлекеттердің бірі?

81. Араб – Израиль жанжалының себептері?

82. І араб-израиль соғысы қашан болды?

83. Реза-шах үкіметі кезінде қандай режим нығайтылды?

84. 1920 ж. тәуелсіз Түркия мемлекетін алғаш мойындаған қай ел?

85. КСРО мен Жапония қатынастарындағы негізгі мәселені анықтаңыз?

86. Ұзақ жылдарға созылған қарсылықтан кейін Жапония премьер-министрі Танаканың Қытайға алғашқы сапары қашан болды?

87. 1977 ж. Үндістандағы парламент сайлауында қай партия жеңіске жетті және жетекшісі кім болды?

88. ІІ д.ж. соғыстан кейінгі Қытай коммунистерінің жетекшісі кім болды?

89. Пакистаннан бөлініп, Бангладеш тәуелсіз мемлекетінің құрылуы қай жылы болды?

90. «Неоколониализм» саясатының мәні:

91. 1973 ж. тамыздағы жаңа конституция бойынша Пакистан қандай ел деп жарияланды?

92. Қай жылы Реза-хан бастаған парсы казактары Тегеранда мемлекеттік төңкеріс жасады?

93. 1953 ж. Үндістанның оңтүстігінде құрылған тұңғыш ұлттық штат қалай аталды?

94. 44. 1967 ж. «алты күндік» соғыс қай елдер арасында болды?

95. Қытай Халық Республикасы жарияланғанннан кейін (1949ж.) қытай халқының алдында қандай міндеттер тұрды?

96. Қытайдағы экономикалық реформа қашан басталды?

97. Қай жылы Қытай Халық Республикасының құрылғандығы туралы жария етілді?

98. ТМД дүниеге қашан және қай жерде келді?

99. Қазақстан БҰҰ – на қашан кірді?

100. Презденттің пікірі бойынша (2030), шет елдермен байланыста неге қатты көңіл бөлу керек?

101. ХҮІІ ғ. ортасында Иранда қандай династия билік жүргізді?

102. Африкадағы құл саудасының орталықтары негізінен қайда орналасқан?

103. ХҮІІ ғ. ІІ жартысы – ХҮІІІ ғ. Египеттегі паша билігі кезіндегі кеңесуші орган қалай аталды?

104. Бірінші апиын соғысы қашан және қай елдер арасында болды?

105. 1894-1895 ж.ж. Қытай-жапон соғысының нәтижесінде қол қойылған Симоносеки келісімі бойынша Жапонияға қандай жерлер берілді?

106. Қытайдағы Тайпин шаруалар көтерілісінің ең шырқау шегіне жеткен кезеңі?

107. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ. басында Шығыс елдерінің Батыс елдері тарапынан экспансия объектісіне айналу себептері?

108. 1826-1828 ж.ж. Орыс-иран соғысынан кейін қашан және қандай келісімге қол қойылды?

109. Сунь-Ятсеннің «Халықтық үш принцип» бағдарламасындағы «халық игілігі» принципінің мәні неде?

110. Қытайдағы буржуазиялық революция жылдары:

111. 1857-1859 ж.ж. Үнді халқы көтерілісінің басты қозғаушы күші кімдер?

112. І д.ж. соғыс қарсаңында аумағы және халқы бойынша ірі отарлық иеліктерді иемденген империалистік держава?

113. Оңтүстік Африкада Кап отарының негізін кім қалады?

114. 1905-1908 ж.ж. Үндістандағы революциялық күрес кезіндегі «сварадж» ұранының мәні неде?

115. Қай елдің шабуылы Ұлы Моғолдар империясының күйреу процесін тездетті?

116. ХХ ғ. басындағы Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысты кім басқарды?

117. 1908 ж. көтеріліске шыққан Тебриз демократтарының басты мақсаты не болды?

118. Танзимат реформаларын жүргізуге дайындық жұмыстары қай сұлтан тұсында басталды?

119. «Гоминьдан» ұғымы нені білдіреді?

120. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында Жапонияда қандай мемлекеттік құрылым болды?

121. Париж келісімі – бұл...

122. 1882 ж. Египетті кім жаулап алды?

123. 1912 ж. тамызда «Біріккен одақтың» басқа либеральдық ұйымдармен бірігуі негізінде қандай партия құрылды?

124. 1911-1913 ж.ж. Қытай революциясының басты нәтижесі қандай?

125. Төмендегі оқиғалардың қайсысы бәрінен кейін болды?

126. ХХ ғ. 30 ж. бірінші жартысында барлық Қытай территориясындағы саяси жағдайға ықпал еткен маңызды фактор?

127. Үндіқытай елдерін атаңыз:

128. Үндістандағы азаматтық бағынбаудың бірінші науқаны қашан ұйымдастырылды?

129. Түркия Республикасының бірінші президенті кім болды?

130. Солтүстік Африкадағы француз отары болып, 1954-1962 ж.ж. соғыстан кейін тәуелсіздігін алған мемлекетті атаңыз?

131. 1949 ж. аяқталған Қытайдағы 20-жылдық азаматтық соғыстың себептері:

132. Лозанн келісіміне қашан қол қойылды?

133. І араб-израиль соғысының басталуына қандай оқиға түрткі болды?

134. 1947 ж. 15 тамызда дүние жүзінің саяси картасында қандай екі жаңа доминион пайда болды?

135. 35. Қытайдағы «мәдени революция» қандай мақсатпен жүргізілді?

136. Иран әскери Бағдат Пактісіне қашаннан бастап кірді?

137. 1949 ж. дейін Қытайда билік басында болған саяси партияны атаңыз?

138. Жемқорлығы үшін түрмеге қамалған Жапонияның бұрынғы премьер-министрін атаңыз?

139. 1960 ж. Африканың қанша елі тәуелсіздігін жариялады?

140. «Интифада» деген не?

141. 1963 ж. Иранда өткізілген референдум барысында қабылданған заңдар қандай атауға ие болды?

142. Мао Цзэдун қай жылы қайтыс болды?

143. 1958 ж. 8-қазандағы Пакистандағы әскери төңкерістен кейін үкімет басына кім келді?

144. 1946-1954 ж.ж. Вьетнам халқы қай елдің отарлауына қарсы күресті?

145. 1973 ж. желтоқсанда КСРО мен АҚШ-тың басшылығымен шақырылған Женева конференциясында қандай мәселе қаралды?

146. Дж. Неру қай жылдары премьер-министр қызметін атқарды?

147. Қытайда І бесжылдық жоспары қай жылдары жүргізілді?

148. КСРО-ның өмір сүрген уақытын белгілеңіз:

149. 1990 ж. қарашасында Сауд Аравиясымен бірге шетелдіктердің қатысуымен Қазақстанда құрылған тұңғыш банк?

150. Президенттің пікірі бойынша (2030) Орталық Азия Одағын Қазақстан қандай елдермен қарым-қатынасын дамыту арқылы нығайтады?


12. Оқу үрдісінің бағдарламалық және мультимедиялық жабдықталуы – жоқ.
13. Арнайы аудиториялар мен кабинеттердің саны – сабақ кестесіне сай №3 оқу корпусы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет