Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде не маңызды?
A) мұғалімдердің қолданатын бағалау құралдары
B) мұғалімдердің қолданатын АКТ-технологиялар
C) мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері
D) мұғалімдердің қолданатын бағдарламалар
Хэтти (Hattie, 2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін
жүргізілген педагогикалық зерттеу қандай қанша метаталдау әдісін пайдаланды
A) 9000
B) 60155
C) 9155
D) 6000
Хэтти зерттеу аясында оқушылардың алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізетін...
A) мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі
B) мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі
C) мұғалімдердің сабаққа дайындығы
D) мұғалімдердің жоғары санаттығы
Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады:
A) оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған
қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс
B) оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Мұғалім білімдерін өзі бағалайды
C) мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек
D) білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс
Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады:
A) оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алмайды және білімдердің қалай
алынғанын талдай алмайды
B) мұғалім білімдерін өзі бағалайды
C) мұғалімдер ғана пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағалануы тиіс
D) оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс
Хименес-Алехандренің дəлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасын қалыптастыруға
арналған ұсынысы
A) ақпараттарды əр оқушыға бөлек тарату
B) əр оқушыға арналған жеке тапсырмалар беру
C) мəтінді жаттауға бағытталған əдістер ұсыну
D) проблемаларды шешудің тəсілдерін қамту
Хименес-Алехандренің дəлелдерді құрудың оңтайлы ұсыныстарының бірі
A) мұғалімде қоятын сұрақтарға дайын жауаптар болады
B) мұғалімдер оқушыларға тапсырманы түсіндіріп береді
C) оқушылар білімдерді қалай алынғанын талдай біледі
D) оқушылардың білімдері тестілеу бойынша бағаланады
Оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім
алуы туралы тұжырымдамаға негізделген тәсілдер (Хэтти, 2011)
A) саралалу оқыту
B) сындарлы оқыту
C) инклюзивті оқыту
D) жекелену
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің қандай нәтижеге қол жеткізеді
A) төмен нәтиже
B) орташа нәтиже
C) жоғары нәтиже
D) нәтиже бермейді
Сындарлы оқытуда оқушылар бағдарламаны толықтай меңгеру үшін
A) ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек
B) мұғалім үнемі критериалды бағалауды пайдалану керек
C) оқушылар өздерінің коммуникативтік дағдыларын арттыру керек
D) оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін назар аудару
Сындарлы оқуға негізделген «Математика» пәні аясындағы педагогикалық тәсілдер
A) белсенді оқу
B) бірлескен оқу
C) коммуникация
D) саралау оқу
«Оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» түрткі болады
A) саралау
B) белсенді оқу
C) коммуникация
D) жекелену
Топтағы бірлескен жұмыс негізделетін қағидат (Nardi, 1992)
A) бірлескен таным
B) бөлінген таным
C) топтасқан таным
D) ұжымдық
Сындарлы оқытуда мұғалімнің рөлі
A) дәстүрлі заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануда
B) оқушылардың уәжін арттыруға ықпал ету мақсатында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануда
C) оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ету мақсатында суммативті бағалауды тиімді қолдануда
D) оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпал ету мақсатында оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануда
Топтағы бірлескен жұмыс бөлінген таным қағидатына негізделеді, оның
аясында:
A) мұғалімдер бір-бірімен білімімен және түсінігімен бөліседі
B) мұғалімдер формативті бағалауға тапсырмалар әзірлейді
C) мұғалімдер оқушылардың жетістіктерімен бөліседі
D) мұғалімдер оқушылардың жұмыстарына модерация жүргізеді
«Оқушылар туралы хабардарлықтың негізінде оқытуға» жаттығуларды оқушылардың мүдделері негізінде жоспарлау
A) Нарди, 1992
B) Томлинсон, 2008
C) Броди, 2000
D) Хатти, 2009
Оқу үдерісін жандандыру үшін мұғалімдер:
A) ресурстар ұсынып, оқу үдерісін қадағалайды
B) ақпараттандыру материалдарды ұсынып, оқушылардың жұмыстарына бағыт береді
C) бағалау критерийлерін ұсынып, оқушылардың білімдерін анықтайды
D) ынталандырушы материалдарды ұсынып, оқу үдерісіне таңдамалы түрде араласады
Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты (артығы)
A) оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
B) басқа пәндермен кіріктіру
C) жалпы адами құндылықтар негізінде және ұлттық мәдениеттің озық салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту
D) оқушылардың есептерді шапшаң шешудің дағдыларын
қалыптастыру
Математиканы оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер: (артығы)
A) жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл
B) проблемалық оқыту
C) құндылықтарға бағдарланған тәсіл
D) оқушыларға дайын түрде көп мөлшерде ақпараттарды беру
Негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасында математикалық білім
туралы қандай ой-пікір қалыптастыруда ерекше орын алады: (артығы)
A) математиканың практикалық маңызы
B) адамның ойлау қабілетінің дамуын қалыптастырудағы мүмкіндіктері
C) теориялық білім беру
D) шынайы өмірді танып-білудегі ғылыми әдістер
Белсенді оқу... (артығы)
A) білім, дағды және көзқарас деп аталатын оқудың негізгі үш саласы қамтып, оқудың бұл таксономиясын «оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады
B) тапсырмаларды орындауға бағытталған ойлау әрекеттері мен тәсілдері жиынтығы
C) шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді
D) білім беру бағдарламасының барлық салаларын барлық сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге болады
Оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдісі
A) белсенді оқу
B) инклюзивті білім беру
C) пәндердің бірігуі
D) тапсырмаларды жеңілдету
Бірлескен оқу...
A) білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады
B) үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады
C) ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне негізделген
D) ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің өздері әрекет етеді
Сабақ барысында (Ж. Аймауытұлы 1929) оқудың анағұрлым тиімді болады, егер:
(артығын таңдаңыз)
A) баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса
B) жұмыс жасайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей
C) тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе
D) мұғаліммен бірлесіп білім тапса
Сыныпта қолданылатын белсенді тәсілдерге кірмейтіні:
A) топтық жұмыс (Brodie, 2000)
B) ойын «баламалары» (Bergen, 2002)
C) пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998)
D) өзіндік, жеке жұмыс
Математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда
оңтайлы болатын ойын.
A) домино
B) шахмат
C) шашки
D) дойбы
«Адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің
тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат «жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді сипаттайды» сөздің авторы
A) Выготский (1978)
B) Хэтти (2014)
C) Ж.Аймаутов (1929)
D) Питерс (1989)
Белсенді оқу нені қамтамасыз етуді көздейді:
A) оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын
B) баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай қылса
C) оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу
D) оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқуды ұйымдастыру
Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту
шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек...
A) оқушылар мұқият тыңдап, білім алуда берілген нұсқау бойынша әрекет етуі керек
B) оқушылар қалыпты, тыныш ортада білім алуда
C) оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді
D) оқушылар мұқият тыңдап, математикалық тапсырмаларды орындайды
Оқушылардың оқуға қызығушылығын жоғалтуға əкеліп соғатын жағдай
A) ақпараттарды бірлесіп өңдеу
B) мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі
C) ойын элементтерін қолдану
D) топтық жұмыстардың өткізілуі
Математиканы оқыту барысында мұғалімдер белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тұлғаның қасиеттерін дамытуға назар аударғаны маңызды: (артығын таңдаңыз)
A) оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқуды ұйымдастыру
B) оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген мұғалімнің көмегімен оқуды ұйымдастыру
C) оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері, біліктері мен дағдыларын одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау
D) мұқият іріктелген математикалық тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды дамыта оқыту
Математиканы оқыту барысында мұғалімдер белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы тұлғаның қасиеттерін дамытуға назар аударғаны маңызды: (артығын таңдаңыз)
A) оқушылардың білім алуына «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету
B) оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту
C) оқушылардың кем дегенде төмен деңгейлі ойлау дағдыларын дамыту
D) оқушылардың жеке, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша...
A) ми құрылымы өзгеріссіз ойлаудан тұруы керек
B) ми неғұрлым баяу жұмыс істессе, оқу үдерісі соғұрлым сапалы болады
C) есеп шығарудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс туғызуы керек
D) ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс туғызуы керек
Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты болып табылатыны?
A) формативті бағалауда белсенді қатысу
B) суммативті бағалауды жақса жетістікке жету
C) оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету
D) ата-аналар көмегімен жұмыс істеге сенімін арттыру
Оқушының қалыптасқан дағдылары, қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше
орындай алмайтын, орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі:
A) белсені оқу
B) жақын арадағы даму аймағы
C) бірлескен оқу
D) алыс арадағы даму аймағы
Оқушылар түсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақын
арадағы даму аймағына өте алады
A) Выготский
B) Хэтти
C) Рата
D) Блэк и Вильям
Оқушы өзінің «Жақын арадағы даму аймағында» әрекет еткен кезде қажет
ететін қолдау
A) «үйлестіруші оқыту»
B) «дамытушы оқыту»
C) «оза оқыту»
D) «басқарушы оқыту»
Оқу үдерісінде мұғалім оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат
еткен жағдайда
A) оқушы ақпаратты тез түсіне алады
B) оқушы ештеңені үйренбейді
C) оқушы сабақта табысты болады
D) оқушының белсенділіктері артады
Белсенді оқуда барлық оқушыларға кері байланыс беру мақсатында мұғалім қызметі
A) дайындау
B) қолдау
C) сипаттау
D) үйрету
Педагогикалық тәсілдердің метаталдауын кім жүргізді?
A) Кавагнетто
B) Выготский
C) Хэтти
D) Блэк
Өзін тек «үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайықты
емес деп тұжырымдаған.
A) Выготский
B) Хэтти
C) Рата
D) Блэк и Вильям
Мұғалімнің қай ролінде оқушыларды оқытуда ең үлкен әсерін тигізеді (зерттеулерге сәйкес):
A) үйлестіруші
B) ынталандырушы
C) зерттеуші
D) ұйымдастырушы
Оқушыларды зерттеу сұрағын анықтау және тапсырма таңдау үдерісіне қатыстыру
олардың оқу үдерісіндегі белсенділік дәрежесін арттырады, себебі белгілі бір деңгейде зерттеу бағытын олар өздері бақылайды
A) Black and William, 1998
B) Hattie, 2009
C) Vygotsky, 1978
D) Cavagnetto, Hand & Norton-Meier, 2011
Белсенді оқыту әдісін әрі қарай дамыту үшін:
A) мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп көбейтіп отыруы керек
B) мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп азайтып отыруы керек
C) бастапқыда оқушы мұғалімнің қолдау сыз, кейін оны біртіндеп көбйтіп отыруы керек
D) оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана қолдануға рұқсат етілуі керек
Оқушылардың пән бойынша терең білім алу үшін маңызды
A) мұғалімдердің оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері
B) мұғалімдердің оқушылардың жаңа білімдерін бақылай білулері
C) үнемі формативті бағалау
D) мұғалімдердің оқушылардың коммуникативтік дағдыларын бақылай білулері
Әр оқушының жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болғандықтан:
A) мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай
ілгерілеуіне септігін тигізу үшін сыныпты үнемі бағалап отыруы керек
B) мұғалімдер ілгерілеуіне септігін тигізу үшін үнемі формативті бағалап отыруы керек
C) мұғалімдер оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін сыныпты үнемі бағалап отыруы керек
D) мұғалімдер әр оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек
Бақылай отырып, оқудың келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану
тәсілі метаталдаудың көмегімен білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998).
A) Brown&Renshaw, 2000
B) Simon et al., 2006; Katchevich et al, 2013
C) Black and William, 1998
D) Polya,1945
Белсенді оқу барысында мұғалімдер: (артығын таңдаңыз)
A) оқушылардың оқуын қатан бақылау
B) сенімді, жауапты, белсенді, жаңашылдыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін
талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге
C) барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыруға
D) оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерді қолдануға
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді
өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға
B) оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс
C) оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде
және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға
D) барлығы
Жаңартылған білім беру бағдарламасының оқу жоспарын рәсімдеуде маңыздылығы неде:
A) оқушылардың қызығушылықтарын анықтау
B) оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру
C) оқушылардың ойлаудың жоғары деңгейін анықтау
D) оқушылардың ойлаудың төмен деңгейін анықтау
«Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру» оқушылардың үлгеріміне жағымды ықпал етіп, оң нәтиже беретінін айтты:
A) Блэк
B) Хэмстон мен Мердока
C) Марцано, Пикеринг
D) Деки
Нақты критерийлерге негізделген оқушылардың жұмыстарына ауызша жəне
жазбаша түрде түсіндірмелер беру үдерісі
A) пікірталас
B) саралау
C) кері байланыс
D) сұрақ қою
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне кері байланыс берудегі
мұғалімнің алғашқы əрекеті
A) қиындықтарды анықтау
B) мақсатты белгілеу
C) тапсырмалар дайындау
D) шараларды жоспарлау
Оқушылардың тапсырмаларды қалай орындайтынын бақылау арқылы анықталады
A) оқушылардың қажеттіліктері
B) оқушылардың мақсаттары
C) оқушылардың міндеттері
D) оқушылардың ұстанымы
Танымдық талдаулар да бірінші кезекте...
A) оқушылардың әлсіз жақтары мен олар кездестіретін кедергілерді анықтап алу қажет
B) оқушылардың білімдерін анықтап алу
C) оқушылардың күшті жақтары мен олар кездестіретін қиындықтарды анықтап алу қажет
D) оқушылардың мінез-құлықтарын біліп алу
Оқушылардың күшті жақтары мен олар кездестіретін қиындықтарын қалай анықтаймыз:
A) ауызша жауаптарын бақылау және жазбаша жұмыстарын оқып тексеру
B) оқушылардың әлсіз жақтары арқылы
C) суммативті бағалау арқылы
D) бақылау жұмысы арқылы
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер (артығын табыңыз):
A) мұғалімдер оқушыларға өз жұмысының сапасын бағалау тәсілдерін ойлап табуға
көмектесу мақсатында барлық оқушылармен қарым-қатынас жасайды
B) мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
C) мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуден қорықады, тәуекелге бару мәдениетін қолдаймайды
D) мұғалімдер оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдайды
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру табысты етуге көмектесетін бірқатар элементтер (артығын табыңыз):
A) мұғалімдер оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беру үшін оқу мақсаттарын белгілеу арқылы, мақсатқа жетуді бақылау және оқытуды түзету арқылы оқу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді
B) мұғалімдер әртүрлі оқушылардың түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушылардың түсінуін бағалау тәсілдері мен оқытудың әртүрлі әдістерін үйлестіре қолданады
C) мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді
D) мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ақпарат бермейді
Мұғалім оқушылардың мағынаны түсіну, шешімді тұжырымдау, қабылдау және
орындалуын бақылау құзіректтіліктерін арттыруға ықпал ететін шарт (Hattie,2012)
A) оқуды ұйымдастыруды білу
B) оқушылардың ерекшеліктерін білу
C) оқыту заңдылықтарын білу
D) сыныптағы ахуалды жақсы білу
Ең алғаш бұл әдісін Е.Аронсон мен Д.Бриджмен (1979) әзірлеген. Бұл бойынша
оқушылар өмірлік маңызы бар ақпаратты игеріп, оларды пазлдың бөлшектері сияқты бірге жинауға тартылады. Әр оқушы өз білімінің терең түсініп, басқаларға оны үйрету керек. Яғни әр оқушы «сарапшы» рөлінде болады деген сөз. Сонымен қатар, оқушылар құнды ресурс ретінде бір-бірін тыңдауды үйренед
A) Джигсо
B) Фишбоун
C) SWOT-талдау
D) PEST-nfklfe
Достарыңызбен бөлісу: |