Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу сұлбалары



бет60/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

2.2.7 Кесілетін орманды кесіп құлату-тасымалдау машиналарымен өңдеу сұлбалары. Олар екi түрге бөлiнедi: манипуляторлық машиналар (ЛП-17, ЛП-19) және рычагтық машиналар (ВМ-4М, ВММА). 2.7-суретте осы машиналар жұмыс iстейтiн негiзгi технологиялық сұлба көрсетiлген.
Кесу жұмысы таспаның ең шетiнен басталады, машина тасымалдау жолымен қозғала отырып, сол жағындағы ағаштарды құлатады.
Ағашты кесіп құлату-тасымалдау жұмысы режимінде машина текшенi терiп алған соң, оны тасымалдау жолына алып келедi. Текшенi бiрiнен соң бiрiн ала отырып, бiртiндеп жолға жақындайды.
Бiрiншi таспаны бiтiрiп, машина келесi таспаларды кесiп өңдейдi. Кесіп құлату-пакеттеу жұмысы режимінде машина ағаштарды әр өңдеу жолағында кесіп құлатады және оларды текшелерге жинайды. Текшелердi гидроманипуляторы бар трактормен немесе тiстеуiк қысқаштармен тасымалдайды. Бұтақтарды кесiп тастау үшiн ЛО-72 бұтақ кесу қондырғысын немесе ЛП-30Б бұтақ кесу машинасын пайдаланады.
Ағаштарды кесiп өңдеу жұмысын тасымалдау жолдарына параллель салынған таспалар арқылы да жүргiзедi. Бұл сұлба топырақ қабаты қатты алқа ағаштарда, әсiресе, қыс кезiнде тасымалдау жолдарын салу көп еңбектi қажет етпейтiн жерлерде қолданылады.
Кесiп өңдеу жұмысы жүрiп жатқанда және машиналар қашықтаған сайын, бульдозерлер және ағаш таситын машиналар арқылы бiрiншi тасымалдау жолына параллель және одан 40-50 метр аралықта кезектi жол тегiстеліп дайындалады.





Сурет 2.7 - Ағаш тасымалдау жолына перпендикуляр орналасқан
таспа түрінде, ағаш кесіп құлату-пакеттеу машиналарын
(ЛП-17, ЛР-49, ВМ-4М, ВМ-4А) қолданып кесу сұлбасы:
1 – кесіп құлату машинасы, 2 – ағаш текшелері (штабель).


2.2.8 Кесілетін орманды ВМ-4 типтi ағаш кесіп құлату машиналарымен өңдеу сұлбалары. Бұл сұлбаның варианттары әр түрлi. Машиналар жүкпен және жүксiз, ағаштарды лақтырып және лақтырмай тиеу арқылы жұмыс iстеуi мүмкiн, осылай тасымалдау жолына параллель немесе перпендикуляр салынған жолақтармен машиналардың келесi жолға өтуi қамтамасыз етiледi.
Құрғақ, тығыз, сондай-ақ, тоң басқан жердегi орманда шеңбер немесе екi тасымалдау жолы бойынша жұмыс iстеу сұлбасы тиiмдi, яғни, машинаға бос жүрiссiз жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi. Кесілетін орманды ВМ-4 ағаш кесіп құлату машинасымен өңдеу технологиялық сұлбасының мысалы ретiнде, тасымалдау жолына тiк жасалған таспа арқылы ВМ-4, ЛП-18А, ЛО-72 машиналар жүйесiмен кесiп өңдеудi алуға болады (2.8-сурет).





Сурет 2.8 - Ағаш тасымалдау жолына перпендикуляр орналасқан
таспа түрінде кесу сұлбасы: 1 – ВМ-4 ағаш кесіп құлату машинасы;
2 – орман; 3 – кесілген ағаштар; 4 – ЛП-18А ағаш сүйрейтін трактор;
5 – ЛО-72 бұтақ кескіш машина.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет