Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет18/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Сұрақтар


1. «Биоценоз» ұғымын кім енгізді және оны қалай түсіндіріп бере аласыз?
2. «Экожүйе» терминін кім алғаш рет енгізді және оны түсіндіріп беріңіз?
3. Орман биогеоценозы дегеніміз не?
4. Биологиялық қауымдастықтың құрамына не кіреді және ол жайлы не білесіз?
5. Орманның табиғи жүйе ретінде қандай ерекшеліктерімен сипатталады және оларды талдап беріңіз?
Тапсырмалар
Кесте 1.5 деректері бойынша: а) орман құрамын, толымдылығын, формасын және бонитет класын; б) орман тауарлылық класын, орташа биіктігін және орташа диаметрін анықтаңыз.
Кесте 1.5 - Сүрекдіңдердің сипаттамасы

Варианттар

Ағаш түрі

Тегі

Жасы, жыл

Ағаш саны, дана/га

Орташа



Қоры, м3 /га

іс

отын

биіктік, м

диаметр, см

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Қ
Ш

Тұқым.
Тұқым.

50
50

720
600

35
40

17,3
6,3

17,6
5,9

160
10

2

Ақ
Кт
Қн

Тұқым.
Вегет.
Вегет.

50
50
50

120
180
180

19
10
15

17,0
17,1
16,8

17,5
17,0
17,0

25
30
36

3

Қ
Е
Шш
Ақ
Кт

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Вегет.

50
50
40
50
50

600
130
180
200
100

17
2
5
10
60

19,5
18,6
10,3
19,0
19,6

20,2
20,3
11,1
20,1
19,8

190
38
10
57
30

4

Е
Шғ
Ү
Кт
Қн

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Вегет.
Вегет.

80
80
80
70
70

220
80
90
60
50

8
3
5
2
1

25,5
24,9
25,3
24,8
24,6

30,3
25,7
26,0
25,5
26,0

196
80
60
37
31

5

Ш
Қ
Кт
Ақ
Шғ

Тұқым.
Тұқым.
Вегет.
Вегет.
Вегет.

70
70
60
70
70

920
230
180
180
50

5
1
5
5
-

16,4
16,7
16,3
16,3
16,3

16,2
17,2
17,0
17,0
16,4

150
45
34
34
8

6

Е
Шғ
Кт
Ақ
Қн

Тұқым.
Тұқым.
Вегет.
Тұқым.
Вегет.

60
60
55
55
60

390
60
90
80
40

5
1
2
1
1

22,0
22,1
21,8
22,0
22,0

24,0
13,7
22,0
21,5
21,3

190
25
31
29
10

7

Қ
Ш
Ақ
Кт
Е

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.

90
50
90
80
90

210
500
150
60
80

-
10
2
3
-

32,0
18,5
31,7
31,5
32,0

33,5
18,0
33,0
32,0
43,0

368
86
174
74
40

8

Ш
Қ
Шш
Е
Кт

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Вегет.

70
70
50
70
70

920
60
400
100
150

5
1
3
-
4

22,7
22,4
12,3
22,5
22,7

23,1
24,0
13,0
25,1
24,0

429
30
33
52
65

9

Е
Ш
Кт
Ақ
Шш

Тұқым.
Тұқым.
Вегет.
Вегет.
Вегет.

50
50
50
50
30

500
300
100
100
600

8
5
3
-
-

19,6
19,5
19,4
19,5
13,8

18,5
17,6
18,0
18,0
11,0

128
62
29
27
21

10

Қ
Ақ
Кт
Ш
Шш

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.

40
40
40
30
30

900
200
200
900
400

10
-
5
-
-

16,3
16,5
16,0
6,3
6,0

16,5
17,0
16,0
6,0
6,0

162
23
32
10
4

11

Шғ
Ү
Кт
Ақ
Шш

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.

80
80
75
75
50

240
100
80
50
300

3
-
4
-
-

24,6
24,0
24,7
24,5
15,3

30,0
28,2
28,0
28,5
16,0

200
73
64
34
55

12

Ш
Қ
Ақ
Кт
Ш

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Вегет.
Тұқым.

80
80
75
75
40

930
100
100
100
300

10
-
-
40
-

18,6
18,5
19,0
19,0
8,2

19,0
19,3
18,8
19,0
8,0

246
27
24
36
7

13

Қ
Ақ
Кт
Ш
Ақ

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.

100
80
80
50
30

380
50
53
950
100

10
-
3
10
-

29,5
29,3
28,1
13,2
14,0

35,0
35,0
36,1
13,0
12,0

530
60
70
88
18

14

Қн
АҚ
Кт
Шғ
Е

Вегет.
Вегет.
Вегет.
Тұқым.
Тұқым.

60
60
60
70
70

400
60
60
200
150

5
-
3
5
-

27,3
27,0
27,0
16,6
16,5

30,0
29,5
30,0
17,0
17,0

364
48
56
37
31

15

Кт
Қ
Ақ
Е
Ү

Вегет.
Вегет.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.

50
50
50
50
50

500
150
200
110
80

10
-
-
-
-

21,2
21,0
21,5
19,0
20,0

20,7
21,2
20,0
23,0
22,1

173
50
64
43
33

16

Ш
Қ
Ақ
Ү
Шш

Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.
Тұқым.

120
120
100
100
60

400
50
100
60
280

5
-
-
-
-

28,0
27,8
27,5
27,0
14,8

29,0
30,0
28,0
28,0
17,3

355
43
73
47
54



1.4 ОРМАН ЭКОЛОГИЯСЫ


1.4.1 Орман экологиясы туралы түсінік және экологиялық факторлардың топтары. Организм мен ортаның өзара байланысын, организмдер мен орта арасындағы өзара ықпалды, жердiң тiрi жабылғысының тiршiлiк заңдылықтарын зерттейтiн ғылым экология деп аталады.
Орман экологиясы биогеоценоздарды, яғни, популяцияларды және әр түрлердiң аумақтық жиынтығын зерттейдi.
Биогеоценоз – биологиялық ортаның (биосфераның) алғашқы қарапайым бiрлiгi. Ол орман өсiмдiгі пен орта бiрлiгi екенiн өте анық көрсетедi.
Орман экологиясында екi мәселенi алып қарауға болады: экологиялық факторлардың (әсерлердiң) орман тіршілігіне ықпалы және сондай-ақ, ерекше, өзіне ғана тән орман ортасының құрылуы. Осылайша, орман экологиясы мiндетiне орта жағдайларының орманға ықпалының сипатын, сонымен қатар орманның өзiндiк алып жатқан аумағы мен жақын жатқан кеңiстiгiне әсерiн зерттеу де кiредi. Экологиялық факторлар (әсерлер) орманға толығымен, сондай-ақ, оны құраушы компоненттеріне ықпал етедi.
Экологиялық факторлар жиынтығын үш негiзгi топтарға бөледi: абиотикалық, биотикалық және антропогендiк топтар.
Абиотикалық топтарға бейорганикалық табиғат факторларын жатқызады: климаттық, эдафикалық және геологиялық факторлар.
Климаттық факторлар – бұл күн радиациясы (жарық, жылу), жауын- шашындар, ауаның ылғалдылығы, жел, булану, көмiрқышқыл газы мен атмосфераның басқа компоненттерінің концентрациясы.
Эдафикалық факторлар немесе топырақ ортасы – бұл топырақ ылғалдылығы және оның (жеткiліксiз немесе шамадан тыс, тоқыраған немесе ағынды) сипаты, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерi.
Геологиялық факторларға жер бедері, аналық тау жынысы, үстiңгi ағын кіреді.
Биотикалық факторлар өсiмдiк пен жануарлардың өзара әсерiн (ықпалын) құрайды. Оған сондай-ақ, өсiмдiктердiң бiр-бiрiне өзара ықпалы және жануарлар мен микроорганизмдердiң өсiмдiктерге ықпалы жатады.
Антропогендiк факторларға немесе адам iс-әрекетi факторларына орманды кесулер мен орман өрттерi, мал жаю мен шөп шабу, орманды жерлердi құрғату мен тыңайтқыштар енгiзу, орманның сүректен басқа өнiмдерiн дайындау, адамдардың демалысы үшiн орманды пайдалануы жатады.
Экологиялық жағдайлар – бұл тіршілк үшiн маңызды факторлар жиынтығы, олар табиғат жағдайында неше түрлi үйлесiмде бола отырып, өз кезегiнде жер үстiнiң салыстырмалы, тiптi кiшкене учаскесiнде таңқаларлық әр түрлi орманның сипатын көрсетедi.
Орманның экологиялық жағдайын, оның ашық жерлерге ұқсамайтын ерекше iшкi ортасын қалыптастыру қабiлетiн бiлу, орман табиғатын түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, адамның шаруашылық мүддесi тұрғысында сан қырлы қасиеттерiн пайдалану үшiн маңызды.
1.4.2 Климат және орман. Климат типтері. Климат жарық, жылу мен ылғал үйлесуiнiң белгiлi режимі ретiнде өсiмдiктiң әр түрлiлiгiне үлкен ықпал етедi. Климаттың жiктелуiне сәйкес, жер шарында мынадай климат типтерiн бөледi:
- тундра климаты – ең жылы айдың орташа температурасы 0-ден 20 градусқа дейiн және өзіне тән аласа бойлы өсiмдiктерiмен және жыл бойы түскен жауын-шашын 300 мм-ден аз болуымен сипатталады;
- тайга климаты – ең жылы айдың температурасы 10-нан 20 градусқа дейiн және көбiне жаз кезiнде болатын жыл бойы 300-600 мм жауын-шашын түседі, бұл жерде қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар өсiп өнедi;
- қоңыржай аймақтың аралас қылқанды және жалпақ жапырақты ормандарының климаты – жылы төрт айлардың 10-нан 22 градусқа дейiнгі орташа температурасы және жыл бойғы жауын-шашын мөлшері – 400-700 мм болады;
- қоңыржай ендiктiң муссонды климаты – қысы аз қарлы және жылдың жылы уақытында түсетiн жауын-шашынды (жауын-шашынның жылдық қосындысының 85-90 пайызы);
- дала климаты – жаз айларының температурасы 20-33 градус және жауын-шашын мөлшерi 200-400 мм, дала өсiмдiгi басым.
- Жерорта теңiзі климаты – ыстық және құрғақ жазды, қысы жылы және ылғалды;
- субтропикалық ормандар өңiрiнiң климаты – ең салқын айының температурасы 2 градустан жоғары, мол жауын-шашынды.
Климаттың бұл түрлерiнен басқа, қоңыржай белдеудiң iшкi материктiк шөлдерi, субтропикалық шөлдер, саванналар немесе тропикалық орманды далалар және ылғалды тропикалық ормандар климаттарын бөледi.
Климаттық жағдайлар жер шарындағы ормандардың таралу шекарасын анықтайды; әр климат типтерiнінің өзіне тән ерекше ормандары болады.
Климат орманға әсер етсе, орман да оған әсер етедi. Өз кезегiнде орман өзiне климаттың ықпалын сезiнсе, бұл климатқа орман да әсерін тигізеді.
ТМД елдерi аумағы мынандай өсiмдiк аймақтарына бөлiнеді: тундра, орман аймағы, дала және шөл.
Тундрада орман өспейдi және жылудың аздығынан өсуi де мүмкiн емес, ал Каспий маңы ойпатында да ауадағы және топырақтағы ылғалдың жеткiлiксiздiгiнен осындай жағдай орын алады.
Теңiз деңгейiнен жоғарылаған сайын температура төмендей бередi, шамамен әр 100 м-ден соң 0,5 градус түседі. Сондықтан таулы жерлерде, биiк таулардың жоғарғы өңiрлерiнде көбіне сүректi өсiмдiк болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет