Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Азот пен күл тәрiздi элементтердiң биологиялық айналымы



бет38/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.9.7 Азот пен күл тәрiздi элементтердiң биологиялық айналымы. Ормандағы биологиялық айналым – сүрекдiң тiршiлiгі кезiнде қоректік элементтердiң теңдей мөлшерi әлде неше рет айналым жасайтын құбылыс: топырақ → ағаштар → өсімдік қалдығы → орман қордасы → топырақ.
Бұл құбылыс ауа мен топырақтан қорек элементтерiн тұтынудан, қорек элементтерiнiң өсiмдiкте ұсталуынан және оларды топыраққа қайтарудан (өсімдік қалдығымен қоса) жинақталады. Биологиялық айналымның кез келген түрiнiң басты көрсеткiштерi – оның сiңiмдiлiгi және қарқындылығы. Сiңiмдiлiк – айналымға қатысатын элементтің көлемі немесе қуаты.
Айналымның қарқындылығы – элементтiң айналым циклын өтіп шығу жылдамдығы.
Жалпы орман айналымын екіге бөледі:
1) кiшi биологиялық айналым – жапырақтар, ұсақ бұтақтар, түбiрлер және топырақ арасында болатын қоректік элементтердiң циклі;
2) үлкен биологиялық айналымқоректік элементтердiң дiңдер, iрi бұтақтар және тамырлар құрамына кiруі және ағаштар қурап кеткен соң топыраққа олардың қайта оралу циклы.
1.9.8 Орман топырағын жақсарту жолдары. Орманның топырақ құнарлылығына оң әсерi негiзiнен биологиялық айналымның сiңiмдiлiгi мен қарқындылығына негiзделген.
Дегенмен, ол орман топырағы құнарлылығын арттырудың басқа да арзан тәсiлдерiн қолдануды жоққа шығармайды. Олар:
1) ормандағы шiрiмеген қалдықтардың қалың қабаты бар кезде топырақты өңдеу;
2) топыраққа нитрифициялайтын бактериялар егу;
3) күлдi топырақты әктеу;
4) тым дымқыл топырақты құрғату;
5) ағаш және бұта түрлерін араластырып отырғызу;
6) мал жаю;
7) күтiп-баптау кесулерi;
8) кесілген орманды тазалау;
9) орман топырағын биологиялық және химиялық мелиорациялау.
Орман топырағын жақсартудың аса тиiмдiсi – кешендi әдiстерді қолдану болып табылады. Олар заттардың биологиялық айналымын қарқындатуға көмегiн тигiзедi.


Сұрақтар
1. Топырақтың орман тіршілігіндегі маңызы қандай?
2. Орманның өнімділігіне топырақтың механикалық құрамының әсері қандай (мысал келтіру керек) ?
3. Орманға макро-, мезо- және микро жер бедерінің әсері қандай?
4. Ағаш түрлерінің қажеттілігі мен талап етуі жайында түсініктердің айырмашылығы не?
5. Микроэлементтер дегеніміз не және олардың өсімдік тіршілігінде маңызы қандай?
6. Орманның топыраққа әсерінің ерекшеліктері қандай?
7. Орман қордасының түрлері, құрамы және маңызы қандай?
8. Топырақты жақсартатын және нашарлататын ағаш пен бұта түрлерін атаңыз, осылай жіктеудің шартты екендігін түсіндіріңіз.
9. Олиго-, мезо- және мегатрофқа қандай ағаш түрлері жатады?
10. Биологиялық айналым қарқындылығы мен сыйымдылығы туралы түсінік беріңіз.
11. Орман топырақтарын жақсарту жолдары атаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет