Дайындық тест. 10-сынып
27 тақырып.
1. Ерте көшпелі тайпалардың құрған әскери демократиялы қоғамында үлкен рөл атқарған жиналы:
A) көсемдер жиналысы B) батырлар жиналысы C) бектер жиналысы D) халық жиналысы E) абыздар жиналысы
2. көшпелілер мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы неше үлгісі бөліп қарастырылады:
A) 2 үлгі B) 3 үлгі C) 4 үлгі D) 5 үлгі E) 6 үлгі
3. Ерте көшпелілер империясы деп аталатын үлгіге тән саяси құрылым:
A) туыстыққа негізделген мұрагерлік билігі бар көсем басқаратын саяси құрылым. B) рулық және рудан тыс байланыстарға негізделген көп сатылы саяси құрылым. C) мемлекеттің дамыған кезеңі. Мәжбүрлеу жүйесі мен заң пайда болды. D) құл иеленушілік құрылыс ыдырап, қауымдық жүйе қалыптасты. E) феодалдық қатынастар орнап, билік демократияландырылды.
4. сақ әйел патшалары туралы аңызға айналған дастанда, қарсыластарымен соғыс жүргізіп, бірнеше қаланың негізін салған әйел патша:
A) Зарина B) Томирис C) Ұмай D) Клеопатра E) Домалақ ана
5. б.з.б. ІІ ғасырда Сырдарияның орта ағысында күшейген мемлекет:
A) Үйсін B) Сармат C) Қаңлы D) Ғұн E) Юэчжи
6. Қаңлылардың астанасы болған қала:
A) Битянь B) Чигу C) Суяб D) Маракан E) Мыңбұлақ
7. Қаңлылардың гүлденген шағында бағындырған көршілері:
A) Үйсін B) Дах C) Юэчжи D) Дунху E) Сармат-алан
8. б.з.б. 101 жылы Даваньды (Ферғананы) жаулап алған мемлекет:
A) Қаңлы B) Үйсін C) Қытай D) Ғұн E) Парсы
9. б.з.б. 47-46 жылы үйсіндерге қарсы күресте қаңлылар көмектесті:
A) Қытайларға B) Парсыларға C) Сарматтарға D) Юэчжилерге E) Ғұндарға
10. Қаңлылардың сарай үлгісіндегі құрылыстарына қазба жұмыстары жүргізілген қалашық:
A) Суяб B) Ақтөбе C) Қойлық D) Жент E) Янгикент
11. V ғасырда қаңлылар бағынышты елге айналды:
A) эфталитеттерге B) ғұндарға C) үйсіндерге D) жужандарға E) қытайларға
12. б.з.б. І мың жылдықтың соңынада Жетісу, Тарбағатай және Тянь-Шань аумағында құрылған мемлекет:
A) Қаңлы B) Үйсін C) Сармат D) Ғұн E) Парсы
13. Үйсіндер кімдердің ұрпағы саналды:
A) Ғұндардың B) Сарматтардың C) Аргипийлердің D) Тиграхауданың E) Исседондардың
14. Үйсіндердегі жоғарғы билік иесінің атауы:
A) хан B) қаған C) күнби D) патша E) тәңірқұты
15. Үйсін билеушісінің сарайы орналасқан қала:
A) Суяб B) Чигу C) Ходжент D) Битянь E) Фараб
16. Үйсін билеушілерінен кейінгі лауазымды тұлға бас уәзір аталды:
A) тулы B) бек C) шадтүтік D) жабғу E) инал
17. үйсіндер күшті мемлекетке айналды:
A) б.з.б. III ғасырда B) б.з.б. II ғасырда C) б.з.б. I ғасырда D) б.з. І ғасырда E) б.з. II ғасырда
18. үйсіндер ғұндармен күресте одақтасты:
A) қаңлылармен B) жужандармен C) эфталитеттермен D) қытайлармен E) парсылармен
19. Үйсін мемлекеті «кіші күнби» және «үлкен күнби» иеліктеріне бөлініп, өзара соғысты:
A) б.з.б. III ғасырда B) б.з.б. II ғасырда C) б.з.б. I ғасырда D) б.з. І ғасырда E) б.з. II ғасырда
20. екі иелікке бөлінген үйсіндерді бағындырды:
A) қаңлылар B) эфталитеттер C) қытайлар D) ғұндар E) парсылар
21. ІІ ғасырда үйсіндердің қытаймен болған соғысына кімдер көмектесті:
A) эфталитеттер B) қаңлылар C) ғұндар D) жужандар E) сарматтар
22. IV ғасырда үйсіндерді Тянь-Шань тауларына қарай ығыстырған мемлекет:
A) эфталит B) қаңлы C) ғұн D) жужан E) сармат
23. көшпелілер мемлекетінің екінші үлгісіне жататын, көшпелілер тарихындағы алғашқы империяны құрушылар:
A) Қаңлылар B) ғұндар C) үйсіндер D) жужандар E) сарматтар
24. «Садақ тартатын халықтарға» ғана емес «жер үйлерде өмір сүретін адамдарға» да билік жүргізуге ұмтылған билеушілер:
A) үйсін билеушілері B) қаңлы билеушілері C) ғұн билеушілері D) жужан билеушілері E) юэчжи билеушілері
25. ғұн мемлекетінің билеушісі аталды:
A) хан B) қаған C) күнби D) патша E) тәңірқұты
26. ғұн билеушісінен кейінгі жоғарғы тұлға, «сол жақ» және «оң жақ» билеушілері:
A) тулы B) бектер C) түменбасы D) кіші хандар E) тудұндар
27. ғұндарда он мыңдық әскерді басқарушы, ғұн билеушілерінің туыстарынан тұратын түменбасылардың саны:
A) 12 B) 14 C) 24 D) 20 E) 30
28. ғұндарда ер адамдардың негізгі міндеткерлігі болып саналады:
A) салық тапсыру B) әскери қызмет C) мал бағу D) ат баптау E) садақ ату
29. ғұндарда әскери борышынан жалтарғандарға қолданылатын жаза:
A) құлдыққа салу B) дүре соғу C) айыппұл төлеу D) өлім E) жер аудару
30. мемлекеттік істерді талқылау үшін кіші хандар мен түменбасылар жылына неше рет тәңірқұтының ордасына жиналатын болды:
A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5
31. кіші хандар мен түменбасылар жылдың қандай мезгілінде мал санын есептеу және тексеру үшін тәңірқұтының ордасына жиналатын болды:
A) жазда B) күзде C) қыста D) көктемде E) кез келген уақытта
Достарыңызбен бөлісу: |