Күні: 05.12.2012ж
ҰКТ тәрбиешісі: Асылханова Н.Қ
Сынып: 3-4
Сабақтың тақырыбы: «Ұшқыр ой мен шешен тіл»
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу,
белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, домбыра, киіз үй, презентация.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Құрметті ұстаздар оқушылар, қонақтар бүгінгі біздің «Ұшыр ой мен шешен тіл» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойында біз өз білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молдығын көрсетеміз.
Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Білімімізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер – дей келе, ойынға қатысушыларға сәттілік тілеймін.
Ортаға ойынға қатысатын топтарды шақырамыз. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Әділқазы алқасымен таныстыру.
2 «а» сынып жетекшісі: Мухамадиева Қ.Ж.
4 «а» сынып жетекшісі: Маратова С.М.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын VI айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру:
Ұшқыр ой
Құпия сандық
Ойлан тап
Айшықты сөздер
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Көркемдеу
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзідерін таныстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |