¦дебиеттер


Сырғанау подшипниктерiнің материалдары



бет41/64
Дата08.12.2023
өлшемі5.14 Mb.
#485937
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
¦äåáèåòòåð

4.1.5. Сырғанау подшипниктерiнің материалдары
Сырғанау подшипниктерiнің астарының материалы төмендегі шарттарды қанағаттандыру қажет:
1. Үгітілуге төзімді және қажалуға қарсыласу қабілеті жоғары болуы керек; Достаточную износостойкость и высокую сопротивляемость заеданию в периоды отсутствия жидкого трения.
2. Соққы күштеріне қарсыласу қабілеті-морт сынып кетпеуі және төзімді болуы керек;
3. Үйкеліс коэффиценті мен жылу өткізгіштік коэффиценті төмен болуы керек.
Астарлар болаттан, баббиттен, шойыннан, қоладан немесе қалайы мен алюминий қоспаларынан жасалады. Тексталит, ағаш, металкерамикасы мен металемес материалдарда қолданылады.


4.2 Домалау подшипниктерi
4.2.1 Жалпы түсініктер
Домалау подшипниктерi домалау жолдары бар сыртқы және iшкi шығыршықтан , осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден және сепаторлардан тұрады. Сепатор домалау бөлшектерiнiң бiр-бiрiнен бөлiп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс әстеуiн қамтамасыз етедi.
Домалау подшипниктерi кеңiнен стандартталған және оларды өндiру iсi мамандандырылған заводтарда шоғырланған жаппай өндiру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен болуына мүмкiндiк бередi.
Домалау подшипниктерi сырғанау подшипниктермен салыстырғандағы артықшылықтары:

  • сырғанау подшипниктерiмен салыстырғанда домалау подшипниктерi аса көп күтiмдi қажет етпейдi;

  • үйкелiс пен қызуы шамалы аз болады;

  • майлау материалы көп жммсалмайды;

  • ауыстыруы мен жинастырвп орналастырудың оңайлығы;

кемшiлiктерi:

  • соққы және айнымалы күштердi қабылдау қабілетінің шектеулiгi;

  • үлкен күштерде жұмыс iстейтiн подшипниктердiң диаметрлерiнiң үлкен болыу;

  • жоғары жылдамдықпен қозғалатын жетектерде қолданылмауы;

  • жоғары жылдамдықта дыбыс шығаруы;

  • подшипниктердi аз шығарғанда олардың қымбатқа түсуi.

Қолданылуы: Домалау подшипниктері – білік пен осьтер тіректер болғандықтан, оларға түсетін күштерді қабылдайды және айналуын қамтамасыз етеді. Домалау подшипниктері машинажасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет