Дене шынықтыру және спорт туралы


даярлау және дене шынықтыру мен спорт



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі415.57 Kb.
#174230
1   2   3

              даярлау және дене шынықтыру мен спорт
              қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар

      1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi педагогтiк қызметке жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар адамдар жiберiледi.

      3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн арнаулы бiлiктiлiк нормаларымен анықталады.

      4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешiлiгiне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгiленген тәртiппен спорт түрлерiнiң төрешiсi ретiнде аттестатталған адамдар жiберiледi.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
жеңiлдiктер және әлеуметтiк кепiлдiктер

      29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен


              көрсетiлетiн қызметтер

      Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi.


      Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

      30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы

      1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер, жергiлiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға - олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.

      2. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергiлiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады.

      2-1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелерiне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен жағдайда бюджет қаражаты есебiнен өтемақы төлеудi жүзеге асырады.

      3. Спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) немесе шетелдiк дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдiк спорт клубына) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) өзара келiсiмiмен ауысуға құқығы бар.


      4. <*>
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2003.07.04. N 471 (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      30-1-бап. Еңбек сiңiрген спортшылар мен


                жаттықтырушыларды мемлекеттiк
                әлеуметтiк қолдау

      1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрi - материалдық қамсыздандыру) түрiнде өмiрлiк әлеуметтiк қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берiлетiн ай сайынғы төлемдер болып табылады.

      2. Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:

      1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлерi және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алғандарға және "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" атағы барларға - 24 айлық есептiк көрсеткiш;

      2) "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген спортшыларды даярлағандарға - 24 айлық есептiк көрсеткiш.
      3. <*>

      4. Осы баптың 2-тармағында белгiленген бiрнеше негiздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бiр мезгiлде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негiздердiң бiреуi бойынша ғана төленедi.


      Ескерту. Жаңа 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.12.02 N 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      31-бап. Спортшыларды сақтандыру

      Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезiнде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиiстi дене шынықтыру-спорт ұйымдарының, дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) және басқа да мүдделi заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезiнде бюджет қаражаты есебiнен сақтандыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471 (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерiс енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
халықаралық қызмет

      32-бап. Халықаралық спорт қызметi

       Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық спорт шараларына қатысуға құқығы бар.
      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық


              комитетi

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi:


      Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшiн құрылған қоғамдық бiрлестiк болып табылады және өз қызметiн осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
      Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетiстiктер спортын дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi;
      дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе, спорт түрлерi бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктермен, жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткiзетiн басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшiн спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын құру мен қамтамасыз етудi үйлестiредi;
      өзiнiң қаржыландыру көздерi есебiнен өз алдында тұрған жарғылық мiндеттердi орындауды iске асырады;
      Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттiң олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, "Олимпиадалық", "Олимпиада" деген атауларын пайдалануға меншiк құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.

      2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының өнер көрсетуi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзеге асырылады.


      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.04. N 471 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және 


               спорт туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық 

      Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кiнәлi жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


      Ескерту. 7-тарау 34-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет