«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»
Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды қоспағанның өзінде 150 мыңнан аса мүгедек бала өмір сүруде.
Бұл әрине қынжылтарлық жағдай. «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» және «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық көмек көрсету туралы» ҚР-ның Заңдарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамаған емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де олса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.
Мүмкіндігі шектеулі жанды көргеніңде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып, тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ. Олар іштей жан азабын тартып, күйзелгенімен өмірде мықты, қандай қиындыққа болсын мойымай, қайсарлық танытқанын көргенде еріксіз қайран қаласың. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу-белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.
Дегенменде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімі Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 156 қаулысы негізінде 16 жасқа дейінгі 35 мүгедек балаларға 589,3 мың теңге төленді. Аудандық білім бөлімінің берген тізіміне сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін 5 мүгедек балаға да Қарғалы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 27 қыркүйектегі «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы»№ 313 шешіміне сәйкес 3000 теңге әлеуметтік көмек көрсетілуде, бүгінгі күні төленген сома 90,0 мың теңге. Сонымен қоса, 2013 жылы 5 балаға, яғни Әлімбеттен үшеуіне, Бадамшадан екеуіне мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жөргектер таратылған болатын.
«1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне»арналған іс-шараларға ауданымыздың барлық сегіз селолық округтері ат салысып қатысты. Жалпы атқарылған шаралар барысында Қарғалы ауданы бойынша барлығы 250 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген болатын. Аудандық клубтарда, мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда спорттық жарыстар, асфалтқа сурет салу, концерттік бағдарламалар өткізілді. Мерекені тойлау барысында барлық балаларға балмұздақтар, тәттілер тегін үлестірілді.
Аудандық кітапхана тарапынан ұйымдастырылған «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған "Біз бақытты баламыз" атты сурет салу байқауына Бадамша ауылының 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары В.Свитовпен Д.Даримановтар қатысып жүлделі орындар алып, сыйлықтар таратылып берілді.
Аудандық «Нұр Отан»ХДП филиалының «Жас Отан» жастар қанаты Әлімбет мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін мерекелерімен құттықтап, сегіз мың теңге көлемінде сыйлақтар, балмұздақтар, тәттілерді тарту етті.
Қарғалы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
жетекші маманы,
«Нұр Отан»ХДП филиалының,
«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі А.Бисембина
«БӘРІМІЗДЕ БІРДЕЙМІЗ-КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ»
Мемлекеттің әлеуметтік саяси ұстанымына сәйкес елімізде мүгедектерге арналып көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көп назар аударылып, әлеуметтік әлжуаз топтарға біраз қолдаулар көрсетілуде. Қазіргі уақытта мемлекетіміздің бұл ұстанымының маңызы өте зор.
Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан қалыс қалмауына толық мүмкіншілік бар. Яғни оларға міндетті гигиеналық, сурдо-тифло техникалық көмекші құралдар, кресло арбалар, санаториялық-курорттық емделуге жолдамалар және де тиесілі барлық құралдар беріледі. Биылғы жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 27 адамға жөргектер, 1 адамға нәжіс қабылдағыш, 1 адамға есту аппаратын, 7 адамға видеокомпьютер және 2 ұялытелефон беріп, 5 азаматқа Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Гульбах көшесі 10 «а» үй, «Денсаулық» санаторийіне жолдамалар берілген болатын.
Сонымен қатар, Тұңғыш рет «БӘРІМІЗДЕ БІРДЕЙМІЗ-КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» атты (мүмкіндігі шектеулі адамдар және ұйымдар үшін)республикалық конкурс өткізілейін деп отыр. Осы тақырып бойынша 2013 жылдың 4 шілдесінде аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті, комиссия құрамы, іс-шаралар жоспары, номинациялар бекітілген болатын. Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене аралстырудың тиімді тәжірибесін қолдану болып табылады. «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік мамандығы», «Үздік спортшы», «Ақылдылар», «Ең тату отбасы», «Үздік жасап шығарушы», «Үздік би», «Үздік орындаушы», «Алтын қауырсын», «Үздік студент», «Үздік оқушы» номинациялар бойынша қалаған азамат қатысуға ниет білдіре алады. Ниет білдіруші азаматтар қосымша ақпарат алу үшін АЖҚӘБ бөліміне, мекен жайы: Айтеке би көшесі 32, 19 кабинетке немесе 22731 телефон нөмері арқылы жолыға алады.
Қарғалы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
жетекші маманы,
«Нұр Отан»ХДП филиалының,
«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі А.Бисембина
Достарыңызбен бөлісу: |