Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті Педиатрия кафедрасы Дені сау бала кабинетінде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру Орындаған: Дайрабай Нұрсұлтан Тобы: 904F Жоспары: Дені сау бала кабинеті туралы ереже Диспансерлік бақылау Кіріспе Дені сау балалар кабинеті – балалар емханасының құрылымдық бөлімшелері, әдістмелік орталық. Дені сау бала кабинеті балаға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 164 Бұйрығы. ДСБК-мақсаты Ерте жастағы бала денсаулығын сақтау, профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдіруді жаңарту арқылы консультациялық және оқу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ баланы тікелей күтіп-бағумен айналысатын ата-аналар мен өзге адамдарды үйрету арқылы ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші орталықтың рөлін атқарады. ДСБК – негізгі міндеттері 1) БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлерін 3 жасқа дейінгі бала ауруларын профилактикалық жұмыстарының мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыратын іс-шараларды өткізу; 2) медицина қызметкерлерін жүкті әйелдерге бала туғанға дейін патронаж өткізу, сондай-ақ ерте жастағы балаға патронаж өткізу ережесі мен әдістемесін үйрету; 3) әйелдер консультациясының және жүкті әйелдерді бақылаудағы сабақтастықтың тұрақты байланысын жүзеге асыру; 4) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес дені сау және ауру балаға, мүмкіндігі шектеулі баланың тамақтануы, физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуы күтім жасау мәселелері жөнінде тақырыптық сабақтар өткізу;
Достарыңызбен бөлісу: |