БАҒдарламасы (Syllabus) nteis 2211 «Экономистің автоматтандырылған жұмыс орны»



бет1/9
Дата08.07.2016
өлшемі1.14 Mb.
#185319
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пәні бойынша оқыту бағдарламасы титулдық парағы (SYLLABUS)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы


ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

NTEIS 2211 «Экономистің автоматтандырылған жұмыс орны»

Павлодар, 2013 г.


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19








БЕКІТЕМІН




Қаржы-экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

20_ ж «____»_____________



Құрастырушы: _____________аға оқытушы Д.А. Атажанова



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
NTEIS 2211 Экономистің автоматтандырылған жұмыс орны

Есеп және аудит кафедрасы


күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығының
Бағдарлама «__» ________ 20_ж. бекілілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
20_ ж. «____»____________кафедра отырысында ұсынылған

№ ____ хаттама


Кафедра меңгерушісі ___________ А.Ж. Мусина 20_ ж. «____»____________
Қаржы - экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «____»_________№_____ хаттама


ОӘК төрағасы __________А.Б. Темиргалиева 20__ж. «____»_________

1. Оқу пәннің паспорты
Пәннің атауы Экономикалық талдау
Міндетті компонентінің пәні

Кредиттің саны және оқу мерзімдері

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6

Аудиторлық сабақтардың барлығы– 45 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжирибелік сабақ – 15 сағат

СӨЖ– 90 сағат

Оның ішінде ӨСӨЖ– 22,5 сағат

Жалпы еңбексыйымдылығы - 135 сағат


Бақылау нысаны

Емтихан –6 семестр


Перереквизиттер

«Экономикалық талдау» курсын оқу үшін келесі пәндерді білу қажет: «Бухгалтерлік есеп», «Аудит негіздері», «Статистика», «Кәсіпорын экономикасы», «Экономикалық статистика», «Корпоративтік қаржы», «Экономикалық математикалық модельдеу».


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар дипломдық және курстық жумыстарды айындауға әдістемелік және теориялық негіз болады.


2 Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Мусина Алма Жумагельдыевна

Қызметі – есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі

Есеп және аудит кафедрасы Бас корпусында, мекен-жайы Ломов 64, 426 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 673643 іш. 1141
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пәннің мақсаты

Пәнді жүргізудің мақсаты болып студенттерде кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметін экономикалық талдауының әдістері мен тәсілдеріне үйренуіне қол жеткізу табылады.


Пәннің міндеті:

Пәнді оқудан студент арнайы әдістермен және экономикалық ақпаратты жинаудағы тәсілдермен, шаруашылық субъектісінің қазіргі уақыттағы өндірістік-шаруашылық қызметін экономикалық талдай алуы, бөліктенген талдаудың нәтижелерін бір бүтінге жинай білуі және рационалды басқару шешімдерін қабылдау үшін қорытынды шығара білуі қажет.


4 Білім, икем, әдет пен компетенцияға қойылатын талаптар
Бұл пәнді оқыту студенттерге экономикалық, кәсіпорынның техникалық параметрлеріне аналитикалық зерттеу облысында білім алу және оны арттыру, сонымен қатар басқару шешімдерін экономикалық талдау үшін дәлелдеудің арнайы әдістеріне үйрену болып табылады. Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студентердің:

- экономикалық жағдайлардың және процесстерінің мәнін, олардың өзара байланысын және өзара тәуелделіктерін;

- экономикалық процесстерді жүйелеуді, моделдеуді және детальдауды;

- факторлардың әсерін, жеткен нәтижелерді бағалай білу, кәсіпорынның функционалдауының тиімділігінің өсуінің резервін шығаруды білуді жөнінде түсініктері болуы.

- ағымдағы өндірістік қызметтің әр түрлі облыстағы талдау;

- алынатын шешімдерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жағдайда объективті дәлелдеу;

- толығымен қолданылмаған резервтерді шығару және бағалау жүргізуді білуі;

Орташа шама мен обсалюттік және салыстырмалы ауытқулыларды табуға икемді болуы;

Әрбір тақырыптың теориялық материалдарын сіңіруді бақылау үшін студенттерге өзін өзі тексеру сұрақтары берілген.

Курс программасы тәжірибелік есептен, емтихандық сұрақтардан, өзін өзі бағалау сұрақтарынан тұрады.



«Экономикалық талдау» пәнін оқу кезінде студент өзің теориялық білімін жетілдіру және тереңдету үшін семинарлық және практикалық сабақтарды өткізу ұсыныс береді сонымен қатар практикалық машықтарды иемденуі қажет.

5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспар
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды тарату

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы күндізгі оқыту формасы

п/п

Тақырыптың атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

Модуль 1. Экономикалық талдаудың теориялық негіздері

1

Тақырып 1 Экономикалық талдаудың пәні мен міндеттері, обьектісі және мазмұны.

1




5

2

Тақырып 2 Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.

2

1

5

3

Тақырып 3 Факторлық талдау

1




5

4

Тақырып 4. Қаржылық коэффициентер әдісі

1

1

5

Модуль 2. Басқарушылық талдау.

5

Тақырып 1. Басқарушылық талдаудың негізі.

1




5

6

Тақырып 2. Компанияның маркетингілік қызметін алдау

2

1

5

7

Тақырып 3. Өнімді өткізу және өндірісті талдау

4

2

8

8

Тақырып 4. Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау

4

2

8

9

Тақырып 5 Өнімнің өзіндік құнын талдау.

4

2

8

Модуль 3. Қаржылық талдау.

10

Тақырып 1. Қаржылық талдаудың негізі.

1




5

11

Тақырып 2. Компанияның қаржылық жағдайын жалпы бағалау.

2

2

5

12

Тақырып 3. Баланс өтімділігін талдау.

2

1

6

13

Тақырып 4. Қаржылық тұрақтылықты талдау.

2

1

6

14

Тақырып 5. Ақша ағынын талдау.

1

1

6

15

Тақырып 6. Компанияның табыстылығын талдау.

2

1

8

Қорытынды

30

15

90



Модуль 1 Экономикалық талдаудың теориялық негіздері
Тақырып 1.1 Экономикалық талдаудың пәні, мәні және міндеттері

Экономикалық талдаудың мақсаттары, мазмұны және түсінігі
Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді талдаусыз зерттеу мүмкін емес.

Талдау (анализ) сөзі «analisis» грек сөзінен шыққан және бұл талданатын бөлімді ажырату, элементтерге бөлу.

Талдау сөзі «синтез» сөзімен диалектикалық қарама-қарсы мағынада, яғни бастапқыда бөлінген элементтерді бірегей бірлік ретінде біріктіру болып табылады. Анализ – синтез ғылыми зерттеудің жалпы синонимі ретінде анықталады. Әрбір ғылым саласында, адамның әрбір шаруашылық қызметінде анализ-синтезсіз зерттеу жүргізу мүмкін емес.

Алайда талдау-синтездің аса қажетті маңыздылығы экономикада пайда болды және бұл барлық әлемнің негізі болып табыалды.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы ең біріншіден, талдаудың микро деңгейде дамуымен анықталады, яғни жеке кәсіпорындардың және олардың ішкі құрылымдық бөлімшелер деңгейінде, себебі бұл төменгі құрылымдар нарықтық экономиканың негізін құрайды.

Микро деңгейде талдау әлемдік және ұлттық экономика деңгейінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді зерттейді.

Оның қалыптасуын және дамуын бухгалтерлік есептің пайда болуы және дамуымен байланыстырады. Алайда экономикалық талдаудың теориялық және практикалық дамуы капиталистік қарым-қатынастардың дамуы кезеңі 19 ғасырдан бастау алады.

Талдаудың қалыптасуы объективті талаптары мен шарттарымен байланыстырылған.

Біріншіден, кешендік және жүйелік талдаудың тәжірибелік қажеттілігі өнеркәсіптік күштің дамуымен байланыстырылады, өндірісік қатынастардың жетілдіруі және өндіріс масштабын кеңейту. Шаруашылық қызметті жан-жақты талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару, оңтайлы шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Екіншіден, бұл жалпы ғылымның дамуымен байланысты. Экономикалық талдау арнайы ғылыми білімдердің саласы ретінде, экономика сияқты бірталай өзгерістерге ұшыраған. Осылайша, бухгалтерлік есептің қаржылық және басқаруға бөлінуі экономикалық талдаудың бөлінуіне әкелді.

Экономикалық талдаудың ішкі және сыртқы бөлінуінің негізгі себебі пайдаланатын ақпараттың сипаттамасы болып табылады.

Сыртқы талдау жарияланатын мәліметтер есебіне негізделген, яғни кәсіпорын қызметі үшін ақпараттың шектеулі емес бөлімдері, бәріне рұқсат берілген.

Ішкі талдау кәсіпорын жағдайы туралы барлық ақпаратты пайдаланады, бұл тек белгілі адамдар тобына ғана қол жетімді немесе кәсіпорын басшылығына қол жетімді.

Шаруашылық қызметтің мазмұны оның рөлі мен функцияларынан шығады, ол кәсіпорынның басқару жүйесін орындайды.

Талдау есеп және басқару шешімін қабылдау арасында байланыстырушы құрал болып табылады.

Шешім қабылдау барысында есептік ақпарат аналитикалық өндеуден өтеді, өткен уақыт кезеңдерімен қызмет мәліметтерінің қол жеткізген нәтижелерін салыстырумен айналысады, басқа кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады, әртүрлі факторлардың ықпалы анықталады, кемшіліктер, қателіктер, пайдаланылмаған мүмкіндіктер айқындалады. Талдау көмегімен ақпаратты дұрыс түсіну, ойластыру пайда болады.

Талдау негізінде басқару шешімдері жасалады.

Сондықтан экономикалық талдауды басқару шешімдерін ғылыми негіздеу және оңтайландыру үшін қажетті мәліметтерді дайындау бойынша қызмет ретінде қарастыруға тура келеді.

Талдау басқару қызметі ретінде жоспарлау және болжам жасаумен тығыз байланысқан, себебі толыққанды, терең, нақты зерттеусіз жоспарлау мен болжам жасау мүмкін емес.

Осылайша, талдау өндірісті басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады, ішкі шаруашылық резервтерді айқындау үшін құрал ретінде пайдаланады, ғылыми негізделген жоспарларды жасау үшін негіз болып табылады.

Талдаудың негізгі мазмұны:

1. бизнес-жоспарларды ғылыми негіздеу, оларды орындауының объективті бағалау;

2. қызметі туралы сандық өлшемін, теріс және оңтайлы факторларды айқындау;

3. алдыңғы тәжірибені жалпылау, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау;

4. шаруашылық дамудың тенденциялары мен пропорцияларын ашу, ішкі резервтерді анықтау.

Экономикалық үрдістерді зерттеу аздан басталады, бірліктен, яғни жеке шаруашылық фактлерден, жағдайдан, құбылыстардан, олар жалпы шаруашылық үрдістер жиынтығы білдіреді. Жекелерді, бірліктерді талдай отыра жалпыны да ескеру қажет. Мысалы, өндірістік бригаданың және жеке орындаушылардың қызметін зерттей отыра, сонымен қоса цех көрсеткіштері мен ондағы бригаданың рөлін есепке алу керек, кәсіпорындар – ары қарай цех – кәсіпорын, кәсіпорын – АҚ және т.б.

Экономикалық талдаудың басты мақсаты кәсіпорындардың жұмыс сапасының және резервтерді жүзеге асырудың тиімділігін жоғарлату болып табылады.



Экономикалық талдаудың пайда болудың тарихи аспектілері және дамуы.

Философиялық сөздіктен талдау сөзін қарастырайық. Бұл ғылыми ойлаудың түсіну әдісі және әрбір ғылымның әдіс-тәсілі болып табылады. Яғни, ғылыми пәнді атаған кезде талдау сөзін пайдаланған кезде бұл түсінік зерттеу пәні болмаса, ешқандай мәні жоқ.

Қолданбалы ғылым ретінде экономикалық талдаудың маңызы мен қажеттілігі болады, ол келесіден байқалады: адамдардың тәжірибелік жұмысының тиімділігі жоғарлаған кезде, белгілі кәсіпорында экономикалық жағдайын талдау үшін, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет болады.

Жаңа тарихта бухгалтерлік есептің негізгі төрт мектепті айқындайды: итальяндық, француз, неміс, ағылшын-американдық, олар өзінің қалпын сақтап және заманауи экономикалық ғылымға ену мүмкіндігін сақтап қалды. Осы мектептердің белгілер бойынша негізгі сипаттамалары 1-ші кестеде келтірілген:

Ұлттық есеп мектептердің және экономикалық талдаудың ерекшеліктерін анықтай отыра, келесінің естен шығармау керек. Кәсіпорын әртүрлі серіктес топтардың мүдделері, қажеттіліктерін (топтардың мүддесі) қанағаттандыру үшін құрылады, олардың ішінде негізгі және негізгі емес түрлерін бөлуге болады. Сондықтан әрбір топтың арнайы өзінше ерекшеліктері болады, экономикалық талдаудың мақстаттары мен міндеттері де әртүрлі болады.

Кесте 1 - Әртүрлі ұлттық мектептердің экономикалық талдауды және бухгалтерлік есеп міндеттерін шешу және құру ерекшеліктері




Есеп және талдаудың құру міндеттері

Ұлттық мектептер

Италия

Франция

Германия

Англия - АҚШ

Мақсаты

Орындаушылардың тәртібін бақылау

Ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлату

Оңтайлы есептік және аналитикалық жасау

Менеджерлерің тәртібін бақылау



Пәні

Тұлғалардың құқығы мен міндеттемелері

Ресурстардың қоры және ағымдары


Процедуралар

Менеджерлердің тәртібі

Базалық ғылым

Құқық

Саяси экономия

Математика

Психология

Әдіс

Индукция

Индукция

Дедукция

Индукция


Талдаудың объектісі, пәні және міндеттері

Әрбір ғылымның өзінің зерттеу пәні болады, ол белгіленген мақсатпен сәйкес, өзінің арнайы әдісі арқылы зерттеледі. Зерттеу пәні болмаса, ғылым де болмайды.

Талдау пәні шарушылық қызметтің нәтижелерінің өзгерісі және қалыптасу себептері болып табылады. Бұл себептерді біліп тану экономикалық құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік береді және осының негізінде қол жеткізген нәтижелерге дұрыс баға берілеуді бағалауға, өндіріс тиімділігінің жоғарлату резервтерін анықтауға, жоспарларды және басқарушылық шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді.

Шаруашылық қызмет көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономика, статистика, бухгалтерлік есеп және т.б.

Экономика нақты жағдайда жеке кәсіпорында немесе саласында экономикалық үрдістердің дамуына жалпы, жеке және спецификалық заңдардың ықпалын зерттейді.

Статистика шаруашылық қзыметте болатын жалпы үрдістер мен құбылыстардың сандық жақтарын есептейді.

Бухгалтерлік есеп құжаттандырылған түрінде барлық шаруашылық операцияларды, кәсіпорын құралдарының қозғалысымыен байланысты үрдістерді және оның қызметінің нәтижесін көрсетеді.

Талдау объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады (өндіріс, өнімді жүзеге асыру, ресурстарды пайдалану, өзіндік құн).

Экономикалық талдаудың басты міндеттеріне келесілер жатады:


  1. Резервтерді анықтау және кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату үшін оларды пайдалану жолдарын бекіту.

  2. Бизнес-жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндіктерді тексеру.

  3. Еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау.

  4. Кәсіпорынның жұмыс қортындысын, оның соңғы нәтижесін бағалау.


Экономикалық талдау және оның басқа пәндермен байланысы

Біріншіден, талдау экономикалық теориямен байланысты, ол өз кезегінде экономикалық заңдарды, олардың қызмет етуінің тетігін зерттейді, барлық экономикалық пәндердің дамуына теоретикалық негіз қалыптастырады.

Сонымен қатар, талдау экономикалық теорияның дамуына септігін тигізеді. Көптеген аналитикалық зерттеулер қайсыбір экономикалық заңдарды толығырақ анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономика дамуының жаһанды болжамдарын жасауға септігін тигізеді.

Талдау өндірісті жоспарлаумен және басқарумен байланысты. Аналитикалық жұмыста кеңінен жоспарлы көрсеткіштер пайдаланылады. Сонымен қатар, экономиканы ғылыми негіздеу және жоспарлау экономикалық талдауды кеңінен пайдаланбаса мүмкін емес. Ол жоспарларды жасау үшін және басқарушылық шешімдерді мақсатты түрде таңдау үшін ақпараттық база қалыптастырады.

Талдау неғұрлым тығыз бухгалтерлік есеппен байланысқан, яғни оны негізінде қалыптасқан. Сонымен қоса, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметінің экономикалық ақпаратының «жабдықтаушысы» болып табылады. Үлесі 70% дейін жетеді.

Экономикалық талдау мен статистика арасындағы байланыс көрсетіледі:

біріншіден, статистикалық есеп және есептілік ақпараттық базаның талдауына қажет.

екіншіден, талдау барысында экономикалық қызметті зерттеген кезде статистикалық әдістер пайдаланылады.

Сонымен қоса, экономикалық талдау математикамен, өндірісті ұйымдастыру және технологиясы, басқа да ғылымдармен байланысты.
Тақырып 1.2 Экономикалық талдаудың әдістері, тәсілдері және мүмкіндіктері

Экономикалық талдаудың әдістері және оның сипаттамалары

Ғылым әдісі – бұл құбылыстар мен үрдістерді зерттеудегі әдіс, зерттеу амал-тәсілі.

Экономикалық талдаудың әдісі ретінде шаруашылық үрдістердің диалектикалық зерттеу амалын айтады. Оның жиынтығына кәсіпорынның шаруашылық қызметінің зерттелетін пәнінің мазмұны мен мәнін ашатын, амал-тәсілдер және мүмкіндіктер жиыны.

Экономикалық талдаудың әдістерінде сипаттама ерекшеліктері бар: шаруашылық үрдістерді, құбылыстарды оқытуда көрсеткіштер жүйесін пайдалану, қайсыбір көрсеткіштердің пайда болуына дәлел болған себептерді зерттеу, шаруашылық құбылыстар мен үрдістердің тәуелділігінің себептерін бекіту, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты мөлшерлеу.


Экономикалық талдаудың амалдары және тәсілдері

Диалектикалық әдістер. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаған кезде кеңейтілген түрде синтез және анализ пайдаланылады. Анализ шаруашылық үрдістерді оқыту әдісі ретінде бөліну, тарату, зерттелетін объектіні бөлу, жеке элементтерге бөлу болып табылады. Мысалы, өнімді шығару динамикасын қарастырған кезде, оның кәсіпорын бойынша өсімі ғана емес, сонымен қатар өндірістік бөлімшелер бойынша, кез-келген уақыт аралығындағы өсімі (квартал, жарты жыл, жыл) қарастырылады, яғни серпін көрсеткіштері уақыт және орын бойынша қарастырылады. Бұл кәсіпорын қызметі туралы неғұрлым толық түсінік алуға мүмкіндік береді.

Қаржылық-шаруашылық қызметті зерттеген кезде зерттеу объектілері құрамдық бөліктерге ғана бөлінбейді, сонымен қатар жеке мәліметтерге және бөлінген бөлшектерге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет