Деректерқорын, мəліметтертипін, біркестелі жəне көпкестелі деректер қорын жасау Деректер қорымен жұмыс жасау ережелері. Әдетте деректер қорымен орындаушылардың екі түрдегі категориялары жұмыс жасайды. Бірінші категориядағы орындаушылар – жобалаушылар. Олардың негізгі міндеті: деректер қоры кестесінің құрылымын өңдеу және оларды тапсырыс берушілермен келістіру. Жобалаушылар кестеден басқа, бір жағынан деректер қорының жұмысын автоматтандыруды, ал басқаша жағынан деректер қорының жұмыс жасаудағы функциянальдық мүмкіндіктерін шектеу үшін тағайындалған деректер қорының объектілерін өңдейді.
Деректер қорымен жұмыс жасайтын екінші категориядағы орындаушылар – қолданушылар. Олар алғашқы деректер қорын жобалаушылардан алады да, оларды толтырумен және қызмет көрсетумен айналысады. Жалпы жағдайда, қолданушыларда деректер қорының құрылымын басқаруға ену құралы болмайды.
Осыларға сәйкес деректер қорын басқару жүйесінің екі жұмыс режімі бар: жобалаушылық және қолданушылық. Бірінші режім қор құрылымын өзгертуге немесе құруға және олардың объектілерін құруға тағайындалған. Екінші режімде бұрын дайындалған объектілерді қорға толтыру немесе олардан деректерді алу үшін қолдану жүргізіледі.
Деректер қорының объектілері Деректер қорында кестелерден басқа объектілердің басқа түрлері де болатындығын біз бұрын еске салып кеткенбіз. Объектілердің негізгі типтерін Microsoft Access ДҚБЖ мысалында қарастыра аламыз. Microsoft Access 2000 нұсқасы ДҚБЖ әртүрлі жеті типті объектілерді қолдануға және құруға мүмкіндік береді.
Кесте. Кез келгендеректер қорының негізгі объектісі. Біріншіден, қорда бар барлық деректер кестеде сақталады, ал екіншіден, кестелер қор құрылымын сақтайды (өріс, олардың типтері және қасиеттері).
Сұрату деректер базасынан информацияны іріктеп алу құралы, деректер бірнеше кестелерде орналасулары ықтимал. Microsoft Access–те сұратуларды құрастыру үшін үлгі бойынша сұрату деп аталатын тәсіл қолданылады. Оны қолдану арқылы визуалдық информацияның негізінде қажетті информацияны бір немесе бірнеше кестелерден іріктеп алуға болады.
Формалар форма терезесінде кестелерді енгізуге және қарап шығуға арналған. Формалар экранда бейнеленетін информацияның көлемін шектеуге және оны қажетті түрде бейнелеуге мүмкіндік береді. Мастердің көмегімен форма құрастыруға, оған берілген кестенің өрістерін алдын-ала құрастырылған шаблонға сәйкес орналастыруға болады. Форманың конструкторы арқылы қандай да болмасын күрделі форманы құрастыруға болады.
Есеп беру. Бұл деректерді баспаға шығаруды ұйымдастырудың, тиімді әрі икемді құралы. Сонымен қатар бұл деректер қорынан деректерді қол-данушыға қажет түрінде баспаға жіберудің тәсілі. Мысалы, оқитыны жайлы анықтама, емтихан ведомосі, қандай- да бір шартпен біріктірілген кестелер және т.с.с.
Беттер. Бұл Microsoft Access 2000 нұсқасындағы ДҚБЖ – ң арнайы объектілері. Шынында, бұл бетті деректерге ену беттері деп атайды. Клиентке өзімен бірге тасымалданатын HTML кодында орындалған, физикалық мағнасы жағынан ерекше объект.
Макростар жиі қолданылатын амалдарды автоматтандыруға арналған. Әр макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысы белгілі амалды орындайды, мысалы, форманы ашады немесе есеп беруді баспаға басып шығарады.
Модуль - бұл соның көмегімен қорды жобалаушы, оған стандарт емес функциональдық мүмкіндіктерді орнатуға мүмкіндік беретін, тапсырушының арнайы талаптарын қанағаттандыратын, басқару жүйесінің жұмыс істеу қабілетін сонымен қатар, оның қорғану деңгейін арттыратын құрал.