Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер
Жоспар:
Кіріспе
Пәннің тақырыбы және міндеттері.
Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер, ғылыми - әдістемелік принциптер, мағыналар, терминдер мен анықтамалар.
Қауіпсіздік жүйелер. Халықаралақ еңбекті ұйымдастыру конвенциялары және Қазақстан Республикамының халықаралық жоспар келісімдерін іске асырудағы ролі.
XXІ ғасырда орын алған қарқынды ғылыми-техникалық прогресс тек ғана өнімділіктің жоғарылауына әсер етпей, сонымен қатар көптеген көлемде қалдықтардың жинақталуы мен қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізіп отыр. Күн сайын көлемі артып жатқан қалдықтар адамзаттың өмірі мен денсаулығына, халықтың тұрмыстық объектілеріне, инфрақұрылымға және қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізуде.
Өндірістік кәсіпорындардың, энергетикалық жүйелердің және транспорт құралдарының атмосфераға, су ортасына және топыраққа шығаратын тастандыларының көлемі, кейбір өндірістік орталықтарда мүмкін шектік мөлшерлерінен әлде-қайда артып түсуде. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау мәселелері адамзаттың алдындағы маңызды тапсырмасы.
Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауынан, техникалық жоғарғы деңгейге жетпегендіктен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.
Өмір сүру ортасы адамға әр уақытта өзінің жағымсыз әсерін тигізіп келді. Бірақ, көптеген ғасырлар өте өмір сүру ортасы өзінің бейнесін біршама өзгерте бастады. Осыған орай жағымсыз әсерінің түрі мен деңгейі де өзгерді. ХХ ғасырдың аяғынан бастап адамның белсенді әсер етуінің нәтижесінде өмір сүру ортасында елеулі өзгерістер болды. Жер бетінде биосфераның шамадан тыс ластанған аймақтары пайда болды. Биосфера өзінің мәнін жоғалтып, адам көп шоғырланған жерлері техносфераға өтті. Нәтижесінде ғаламшарда экожүйесі бұзылмаған территориялар аз қалды. Әсіресе дамыған елдердің экологиялық жүйесі көбірек бұзылуда.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап өндірістердегі түпкілікті өзгерістер, көп жағдайда айтарлықтай деңгейде химиялық өнеркәсіптердің қарқынды дамуымен байланысты.
Біріншілей энергия көздері болып табылатын мұнай мен газ саласы 70% өсті. Заманауи объектілердің энергия тұтыну қабілеті орасан зор. Қуаты жылына 10-15 млн/тонналық мұнай өңдеу зауытының территориясында 300-500 мың тоннаға дейін көмірсутекті отын қоры жинақталды. Бұл қордың энергиясы эквивалентті түрде 3-5Мт тротил баламасына тең. Технологиялардың әр уақытта қарқындауынан температура, қысым, қауіпті заттардың мөлшері сияқты көрсеткіштер тоқтамсыз өсіп, өзінің шектік мәніне жетуде. Аппараттардың бірлік қуаттары да артуда, осыған сәйкес ондағы қауіпті заттардың да мөлшері артуда. Осы жіктелген заманауи өндірістік кәсіпорындардың ерекшеліктері апаттық жағдайлардың масштабын арттыруда.
Сонымен, адамның өз қолымен жасалған техносфера, оның қауіпсіздігі мен үптелген жағдайының талаптарын максималды қанағаттандыруда үмітін ақтамады.
«Еңбекті қорғау» пәні еңбекті қорғаудың құқықтық- ұйымдастырушылық негіздері, төтенше жағдайлардың туындау факторлары мен механизмдері, төтенше жағдайлардың жіктелуі, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою әдістері, табиғи, техногендік, әлеуметтік, экологиялық және өндіріс орындарындағы төтенше жағдайлар мен олардың зақымдаушы факторлары туралы мәліметтерді мен қатар зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін қарастырады.
Қазақстан Республикасында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне мемлекет басшылығы тарапынан тұрақты көңіл бөлінеді.
Ата Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы еңбек қауіпсіздігі мен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына құқылы. Еңбек іс-әрекеті (қызметі)үрдісінде қызметкерлердің денсаулығын сақтау жағынан мемлекеттің қамқорлығы, оларға қолайлы, қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын жасаудағы оның жүргізіп отырған саясатында айқын көрінісін тапты – Қазақстан Республикасының 2004ж. 28 ақпандағы №528-ІІ «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» (№125-111 2006ж. 31 қантардағы өзгертулермен және толықтырулармен) (бұдан әрі-Заң), «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңдары қабылданды, Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі Бағдарламасы әзірленіп қабылданды.
Бұдан келіп шығатыны, меншік түрі мен ұйым қызметінің түріне қарамастан әрбір жұмыс берушінің міндеті қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының жүзеге асырылуына негізгі бақылау жүргізу уәкілетті органға – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген. Уәкілетті органның өз құрамында арнайы қызметі – Мемлекеттік еңбек инспекциясы және оның аумақтуқ бөлімшелері бар. Басқа да мемлекеттік органдардың құрамында санитарлық-гигеналық, өнеркәсіптік, өрт, экологиялық және өзге қауіпсіздік түрлерінің ахуалын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүктелген тиісті бақылаушы және қадағалаушы органдары бар. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт-бағдарлары Зңмен көзделген. Осыған байланысты, әрбір қызметкер өндірістік жарақаттануға, кәсіби ауруға және жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды немесе қауіпсіт өндірістік факторлардың әсерінен қорғалған жұмыс орнына; жеке және ұжымдық қорғану құралдармен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті жарақат алу қауіпі жоқ жабдыққа және кәсіби даярлыққа, өзінің денсаулығына не өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға құқылы.
Жұмыс берушінің мемлекет және қоғам алдындағы құқықтық міндеті мен борышы – қызметкерлердің осы құқықтарының шубәсыз қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.
Бұл құралдың негізгі мақсаты келешек мамандарға еңбекті қорғау құқұқтарының негізін түбегейлі түсіндіру, әр өндірісте техника қауіпсіздігін, тазалықты, микроклиматты, жарықтандыруды, өрт қауіпсіздігін уақытылы, дағдылы шаралармен қамтамасыз етуді үйрету.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлерін өндірістегі жазатайым жағдайлардан және кәсіби аурулардан сақтандыру жайлы құжаттармен таныстырып, оны қалай толтыруды тәжірибе жұмыстары арқылы үйретеді.
Тіршілік ету әрекеті мен еңбек қауіпсіздігі - адамзаттың ғылыми және тәжірибелік мүдделерінің басым жақтарының бірі болып табылады, өйткені ол белгілі мөлшерде еңбек өнімділігін және экономикалық көрсеткіштерді анықтайды. Жарақаттану және кәсіби ауруларды болдырмайтын қауіпсіз және тиімділігі жоғары еңбек жағдайларын жасау - еңбек өнімділігін арттыруға экономикалық негізделген маңызды мемлекеттік міндет болып табылады.
Жаңа техникалар енгізу және арнайы құрылғылар қолдану, жұмыстың технологиялық процестерін жетілдіру және еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдастыру шараларын өткізу химиялық өндірісіндегі өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың азаюына мүмкіндік туғызады.
Еңбекті қорғау, шаралар кешені ретінде болып, өндіріске және өндірістен тыс ортада қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады.өмірдің және еңбектің жарамды шарттарын қамти отырып, соғыс бейбітшілік бағытында және табиғи немесе өндірістік сипаттағы төтенше жағдайларда кереті шараларды қолданады. Өмірді, денсаулықты және еңбектің қауіпсіздігін қорғауға ҚР Конституциясы кепіл. Сондай ақ ҚР тағы бір қатар заңдар мен нормалану – құқықтық актілерін атауға болады: «Еңбекті қорғау туралы», Еңбектің қауіпсіздік стандарттарының Мемлекеттік жүйесі (ССБТ), Санитарлық нормалар (СН), Құрылыс нормалары мен ережелері (СНменЕ), Радияциялық қауіпсіздік нормалары (НРБ) көп басқалары.
Мемлекет еңбек жағдайын, жұмыс орнын жақсартуға, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, оны механизациялау, автоматизациялау арқылы қара күш жұмыстыц азайтуға тырысады. Ол туралы «Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» ҚР заңында айтылады. Қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мүмкіншілігі өндірісітің өзінің әдісінде жату керек, ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен пайдалануда. Жұмысшылар еңбегін қорғауға құқы бар, сондықтан келешек болатын обьектілерде, цехтарда және С.С. алдын ала жобаларында қауіпсіз жұмыстың барлық мүмкінді және қажетті жағдайлар көзделуге тиіс.
Қазіргі заманның қауіпсіздік техникасының озық құралдарын енгізе отырып, өндірістік зақым алуды алдын алу, санитарлық-гигиеналық талаптарын қамтамасыз ету, кәсіби ауруларға жол бермеу шарттарын орындау қажет. Еңбекті дұрыс ұйымдастыру, оны қорғау тәсілдері заң-құқықтарға сай жүргізілуі керек, өйткені олар осы салада адам қатынастарын реттейді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында өнд1рісті одан ары дамыту мақсатында Сапа экологиялық және қауіпсіздік салаларындағы саясатты әзірлеп, қабылданған болатын. ОНSАS 18001:1999 кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі. Кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйесі – денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы ұйым қызметімен байланысты қатерлерді басқаруға мүмкіндік беретін басқару әдістерінің жиынтығы.
Мұндағы міндет - өндіріс дамуының жоғары жоғары деңгейдінде қол жеткізу. Атап айтқанда:
сапасы жоғары өнімдерді тұрақты шығару;
зиянды өндірістік факторлардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту;
кәсіп орын қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |