1.Түйелердің азықтандыру және күтіп бағуына қойылатын гигиеналық талаптар
Түйенің ауызының іші сүйектеніп, қатқан эпителиямен қапталған болып келеді де, олар басқа малдар жей алмайтын тікенді, қатты өсімдіктермен, көбінесе шөлейт жерлерде өсетін, ащы, жұсан, ши, қараған, шеңгелдермен көректенеді.
Жетімсіз азықтандырылып, күтімі нашар болған кездерде түйелер бойына-өркештеріне жинаған майларын пайдаланып, шығындайды да, оны қайта қалпына келтіру үшін, кем дегенде үш ай уақыт керек болады.
Түйелердің бойына май жинап, семірулері екі мезгілде көктем және күзде болады. Ол кездерде олардың бар тұқымдарында да (нарлар-дромедарлар, қос өркешті-бактериандар тағы басқа олардың шаталары-гибридтары) өте көп мөлшерде май-жиналады (100 кг дейін). (сурет 15)
Оларды семірту кездерінде, көбінесе жынысы, жасына байланысты топтарға табындарға бөледі. Шағын түйе шаруашылықтарында бір табынға жас тайлақтарды, үлкен түйелерді, әртүрлі себептермен сұрыпталып, бракқа шығарғандарды да жатқызады. Көктемнің басында құрылған табындардың үлкендігі 60 бастан артық болмайды. Табындағы түйелер санының өте көп болуы, олардың шөлейт, жартылай шөлейт аймақтарда азық тауып көректенуі қыйынға түсіп және сумен қамтамасыз ету ауырлайды да, олар арып, күйі төмендеп кетеді, ал жас бота-тайлақтардың өсіп-дамуы тежеледі.
Өте суық жылдары жайылым шөптері жетіспеген кездерде салмағы кеміп, жүдеп кетеді де (20 % дейін) ұдайы өндірістік қабілеті төмендеп, ондай іңгендердің дер кезінде күйті келмей, көбінесе қысыр қалады.
Ұзақ уақыт ашығу және ішер судың жоқтығы түйелердің физилогиялық жағдайының нашарлауына апарып соғады. Түйе малдары, ұсақ және жылқы малдары сияқты қар астынан тебіндеп азық тауып жей алмай, тек қардан шығып тұрған (ши, қараған, тал, шеңгел т.б.) өсімдіктердің бас жағын ғана жеп көректенеді. Сондықтан еліміздің көптеген аймақтарында, әсіресе қары қалың солтүстік жақтарда, түйелерді қолда тұрғызып ұстайды. Кейбір жайылымдар да оларға арнап жеңіл қалқанды, ықтырмалар салады. Ондай жаппа-ықтырмалардың ауданын әр бас түйеге орта есеппен 5 м² есептейді. Шаруашылықтарда, ондай ауа райының қолайсыз кездерінде нашар, ауру, буаз іңгендерге беретін азық қорын дайындайды
Қыста қолда тұрғызып ұстаған кездерде тәулігіне үш мезгіл шөп береді (тәуліктік нормасы 16 кг). Түйелерді қыста сирек (2-3 күнде бір рет), күзде күн ара, ал жазда 2 реттен кем суармайды. Олар суды сылбыр, ұзақ тұрып және көп ішеді де, организмдегі қызыл қан түйіршіктерін (эритроциттер) суға қанықтырып алып, судан тапшылық көрген кездерде оны үнемдеп пайдаланады.
Түйелерді ащылы, көкпекті жерлерде жайғанда болмаса, басқа жағдайда оларға тұзды азық өте қажет болады. Сондықтан олардың рационына сүйек ұндарын, немесе мел қосып отырады. Тәуліктік сұранысы 100 г (бір басқа шаққанда) болса, содан кем болмайтындай тұз қосып беру керек. Күйі жақсы, өркештеріне май жинаған тік өркешті түйелер ауаның қолайсыз жағдайларынан (аяз, қардан) қорғанбай, инфекциялық ауруларға төзімді келеді. Олар тек әсіресе жүндері қырқылған кездерде суықтан емес жоғарғы ылғалдылыққа төзімсіз болады. Ондай кездерде (жауын-шашын) әсіресе боталарды сақтандыру үшін, суықтан жасырынатын ық жерлерге шөгеріп, немесе арнайы жабулар жабу керек. Жалпы түйе малдары жайылымдарда көректеніп, арнайы қорада жатпайды. Оларға жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тал, шілік, қамыс т.б. қорған, ықтырмалар салса жеткілікті болады.
Түйе малдарын қорғап, базыларда ұстаса, олардың асты сыз болмауын қадағалап, қажет болса төсеніштер (солома, қамыс, ағаш жапырақтары, шөп қыйқымдары т.б.) салып, кезінде жүнін бұлғатпай, алмастырып отырады. Жалпы түйе малдары қашық кетіп, жайылып жүргенді ұнатады да, көбінесе ащылы жерлерді іздейді, күннің суық, ауа райы бұзылғанда табиғи жер қыртыстарды, жар, тау, тоғай, қараған, шеңгелдердің ығында шөгіп жатып, тоңбайды, себебі олардың жүндері дымқылданбаса (жауында) суықты өткізбейді. Ондай қатты суық желді күндері ғана өте әлсіз, арық түйелерді қорада ұстайды, немесе киізден жабу жасап кигізеді.
2. Боталардың гигиенасы
Түйелердің басқа малдарға қарағанда буаздық мерзімі ұзаққа созылып, орта есеп пен дромедарлерде 390 күн, ал бактериандарда – 400-410 тәулікке созылады. Соған байланысты сауылатын мерзімі де 15-18 айға созылады да, екі жылда бір рет қана боталайды. Іңгендердің шағылысқа келу мерзімі, оның сауылу уақытының 10-12 айлығына және буаздықтың 5-6 айлығымен дәл келеді. Егер іңген ұрықтанбаса, оның сауылу мерзімі екінші жылдың аяғына дейін созылып, боталарды енесінен айыру 16-18 айлықтарында жүреді.
Іңгендерді буазыдықтың 8-айынан бастап жұмысқа пайдаланбайды да, боталағаннан соң екі айға дейін жұмыстан босатылады. Боталауына 20-30 күн қалғанда іңгендердің желіні толып, тууына бір тәулік жетпей үрпінен уыз шығады. Боталау кезінде іңгендер жекеленуге құмартып, елсіз жерге кетіп қалады, оны бошалап кетті дейді. Сондықтан туардың алдында мұқият бақылауда болады. Іңгендер жатып боталайды да, ол 30-40 мин. созылады. Іңгендердің боталауы, көбінесе оңай өтеді, тек өте сирек дәргерлік көмекті қажет етеді. Ондай кездерде, ботаның басы көрініп, аяғы шыққаннаң соң алдыңғы аяғына жіп салып, түйенің бауырына қарай бағыттап, сақтықпен тартып көмектеседі. Бота басқа малдардікі сияқты шаранасымен шығады да, оны жарып, ботаның аузын, көзін тазалайды. Іңгендер ботасын басқа малдардай жаламайды. Туған соң ботаның кіндігін қарнынан 8-10 см қашықтықта кесіп, орнын 5 % йод ертіндісімен өңдейді.
Жаңа туған бота енесінің салмағының 5-7 % дай болып, яғни салмағы 35-40 кг кем болмауы керек. Жас туған ботаны құрғатып сүрткеннен, кіндігін кесіп өңдеуден өткізгеннен кейін жылылап жабулайды. Себебі олар суыққа өте төзімсіз болып, тез ауруға ұрынады және жас боталар, басқа малдардың төлдеріндей - өздігінен аяқтанып, енесінің емшегін тауып еме алмайды. Сондықтан туғаннан соң 2-сағаттан асырмай, тұрғызып, енесінің бауырына апарып, емшегін аузына салып, уыз сорғызады. Іңгендердің уыз беру уақыты, басқа малдарға қарағанда ұзағырақ болады да, орта есеппен 10 тәулікке созылады. Ботаның кейбіреуі, туғаннан соң, 2-3 күннен кейін тоңғағы қатып, шықпай қалуы мүмкін де ондай кездерде оларға тәулігіне 2-3 рет ерітілген 150-200 гр сармай берсе ашылып кетеді. Ботаны енесіне әрбір 4 сағатта бір рет емізеді. енесінің сүтін емген боталар жақсы өсіп-дамиды.
Боталар енесінің бауырында 1,5 жасына дейін жүреді де, ол кездерде негізгі көрегі, әсіресе жарты жылға дейін, енесінің сүті болып саналады. Бірақ, кейбір шаруашылықтар, әсірсе оңтүстік аймақтарда, түйені сауып сүтін алу үшін ботаны бір айлығынан бастап енесін емуді шектеп, бөліп алып, іңгенді сауады.
Іңгендерді, әсіресе ботаның жас кезінен бастап сауу, олардың өсіп-дамуын тежейді де, күйі төмендеп әртүрлі ауруларға шалдығады. Сондықтан, ірі түйе шаруашылықтарында іңгендерді саумауға тырысады, ал егер сауса, бота өсіп жетілгеннен кейін саууды ұсынады.
іңгендер 7 айлық буаздығынан бастап сүт беруді тоқтатады, яғни боталарды 5-6 айлығынан бастап құрама азықтарды біртіндеп (200 г тәулігіне) беріп, енесінен айыратын мезгілге дейін 1,5-2 кг жеткізеді. Бірақ, боталар алғашқы айдан бастап жайылып, шабындық шөптеріне үйреніп, дағдылана бастайды. Боталар жарты жасынан бастап жайылып, дала өсімдігі мен көректенуге толықтай үйренсе де, тайлық күнінде де енесінің сүтін емуді тастамайды.
Жас тайлақтарды өсіру кезінде, олардын алғашқы 1-2 жастарында өте тез өсіп дамитын ерекшеліктерін ескеріп, оларды шөбі құнарлы, қалың жайылымдарға жайған жөн болады.
Боталарды енесінен бірден бөліп алып, бір тәулік бойы аш ұстап, енесін емізбей, сонан соң жайылымға жіберсе тез машықтанып, айдауға жүріп, оңай үйреніп өздігінен жайыла бастайды.
Тайлақтарды, бота күнінде қолда ұстап үйретілмеген болса, біртіндеп әуелі ноқтаға, одан кейін жетекке, шөгеріп жатқызып-тұрғызуға үйретеді.
3. Іңгендерді сауудың гигиенасы
Түйелердің тұқымына байланысты сауу мерзімдерінің ұзақтығы нарларда – 500-560, қос өркештілерде 520-540 тәулікке созылады. Алғашқы кездерінде сүт мөлшері дромадарларда 2800-3500, ал бактериндарда – 770-1700 кг дейін болады. Бірақ сүті аз бактриан іңгендерінде майлылығы жоғары болып, орта есеппен 5,4 % болса, сүтті нар іңгендерінде – 4,5 % болады.
Күнделікті іңгендердің сауынға келіп тұру үшін, оларды таңертең ерте боталардан бөліп алып, жайылымға жібереді де, ал олар көзден таса болған соң, 30-40 минуттан кейін боталарды шығарып, басқа жаққа жайылымға жібереді. Түс мезгілінде, боталар ашығып, іңгендер желіндеріне сүт жинағаннан соң, оларды қайта айдап келіп қамайды (сауу аланы, бота қорғанына).
Іңгендердің желіндерін саууға дайындау және сауу құрылымдары мен жабдықтарын тазартып, дезинфекциялау, сиырларды сауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Іңгендердің желіндерінің сиымдылығы кіші болғандықтан, оларды әрбір 3-4 сағаттан асырмай сауу қажет және олардың көбі ботасыз сүт бермейді. Сондықтан сауу кезінде әуелі ботаны жіберіп, бір-екі сорғызып, енесін иітіп алып, ботаны алдында ноқта мен ұстап тұрып, сауады. Егер іңген ондай жағдайда да иімесе, оның бір жағынан ботаны босатып, жарты желінен емізеді де, екінші жағынан жартысын сауып алады. Түйенің емшегі жерден жоғары (110-105 см) болғандықтан, іңгенді түрегеп тұрып сауады.
Іңгендерді машина арқылы саууда ірі шаруашылықтарда қолданылады да, ол үшін ДА-3м құрылымын пайдаланады. Бірақ іңгеннің желнінің анатомиялық ерекшеліктеріне сәйкес, ондай апаратты қайта өзгертулер керек болады. Бір түйені саууға орта есеппен 4 минуттай уақыт кетеді. Әр сағатта 50-60 бас іңгенді саууға болады. Сауу кезіндегі ваккум (қысым) – 0,7 кг/м² болып, әр минутта 60 қозғалыс жасап, бір литр сүт сауылады. Машинамен сауудан соң қолмен әр емшегін жебеп сауады.
Түйе тепкенде жанына және артына қарай айналдырып аяғын сермейтіндіктен, сауған кезде өте сақтық пен отыру керек. Кейде түйенің артқы аяғының тірсегіне жіп салып, сақтық үшін сауғанда бекітіп қояды. Жалпы іңгенді саууға жас кезінен бастап, біртіндеу үйрету қажет.
4. Түйелерді жұмысқа пайдалану гигиенасы және қырқудың гигиенасы
Түйелер денесінің қысқалығына байланысты, аяғы мен салыстырғанда төрт аяқтап жылқылар сияқты шабу, оларға өте қыйынға түседі де, көбінесе желіп, немесе аяңдап жүруді жаратады.
Міңгі білетін түйелер мен күніне аяң мен, 10-12 шақырым жылдамдықпен сағатына алып, 100 км дейін жүруге болады.
Түйенің арқасына артқан жүктің ауырлығы өз салмағынан аспауы керек. Бірақ тәжірибеде бір түйенің арқасына 750 кг жүк тиеп, тасылғаны дәлелденген. Түйенің арқасына жүкті артар кезде де, оны түсіргенде де, оны шөгеріп жасайды. Сондықтан, түйенің шөгетін жері қатты тастақ болып, тізелерін жарақаттандырмай және тайғақ болып, сіңірін созып, буынын шығарып алмауын қадағалау керек.
Алыс жолдарға жүк тасыған кездерде әрбір 5-6 шақырым жүрген соң түйелерді тоқтатып, үстіндегі теңін түзетіп, дем алдырады.
Түйелердің қалыпты жүк тартуға түсетін күші өз массасының 10 - 12% сәйкес болуы керек. Түйені жұмысқа пайдалану мерзімінің ұзақтығы тәулігіне 10 сағаттан аспауы керек, ал қалған уақытта олар жайылып, күйсеп дем алып жатулары қажет.
Егер түйелерді жегіп жұмысқа пайдаланса, бірден немесе екіден парлап жегеді. Көбінесе шөп, шабу жер жырту жұмыстарына парлап жегіп, ол екі түйенің салмақ айырмашылығы 25-30 кг артық болмауы керек. Ондай парлап жер жырту кезінде әр күнде 1,3 га жер жыртуға болады.
Түйелер басқа ауыл-шаруашылық малдарының бәрімен салыстырғанда сыртқы әртүрлі факторлардың әсерлеріне төзімділігі, жолсыз, шөлейт, жерлерде жүк тасуға тиімді және беріктілігі аштыққа және шөлге ұзақ уақытқа шыдамдылығы жағынан елеулі артықшылығы болады. Бірақ, олардың қысқа денелері және ұзын аяқтары биіктерден төмен қарай түскенде, әсіресе үстінде жүк артылғанда, өте ауыр болады. Сол сияқты, табанның жалпақ болуы құмды және жұмсақ батпақты жерлермен жүруге қолайлы болады да тайғақ, мұздақ жолдардан жүруі қыйынға соғады. Керісінше тастақ қатты жерлермен жүргенде табандары тозып, тасырқап қалады. Мұндай жағдайларда түйенің аяғының тасырқап, жарақаттанбауы үшін, арнайы шикі сиыр терілерінен табандарына байпақ жасап кигізеді.
Түйелерді жылына бір рет қана қырқады. Егер көктемде түйелерді қырқып үлгермесе, олардың денесіндегі жүндері түсіп қалып, жазда жалаңаштанып тоңғыш болады. Наурыз айынан бастап, жүні көтеріліп түлеп түсе, бастайды да, дер кезінде күзеп, жинап отырмаса, 3-18%, жүнін жоғалтады. Бірақ, наурыз айында түйені қырқу, суыққа ұрыну қаупі туатындықтан, жүргізілмейді де, тек тұрақты жылы күндерде ғана қырқады. Оған дейін түлеген жүндерін теріп алып отырады.
Қырқудың алдында, іштері өтіп жүндерін ластаудан сақтандыру үшін, суғармай, 10-15 сағат аш ұстайды. Түйелерді қолмен қайшы арқылы немесе қойларды қырқатын электр машинкаларымен қырқады. Қолмен қырқу кезінде 5-6 түйені жабық, едені тегіс, таза базаға орналастырып шөгереді де, аяқтарын тізесінен орап байлап бекітеді де, қырықтықпен (қайшы) қырқады.
Машинкамен қырқу кезінде, ұзындығы 20 м дейін, ені 70 см тар коридор жасап, түйелерді кіргізіп отырып, әрбір түйенің арт жағынан сырмалы жапқышпен жауып бөлектеп қояды да, түйені тұрып тұрғанда қырқады.
Түйенің жүндерінің, қойдікіндей кемістіктері (жіңішкеруі, үзілуі, қыйығы т.б.) болмайды. Түйе жүні тазалығы мен шығымы бойынша барлық қой тұқымының жүндерінен жоғары бағаланады. Бактриандардың жүні 3-4 жасына дейін өседі де, 5 жасында тұрақтап, орта есеппен 6,5-6,8 кг түседі. Нарлардың жүні бактриандардікіне қарағанда аз (5-6 кг) болып, бірақ биазы, түбітті болып келеді.
Дәріс 7. Бағалы терілі аңдардың гигиенасы (2 сағ)
Қаралатын сұрақтар:
-
Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы
-
Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы
3. Бағалы терілі аңдарды өсіру гигиенасы
4.
Андарға арналған фермаларды бағытына байланысты екі түрге бөледі: тұқымды фермалар – жас тұқымды андарды өсіріп дамытуға және бұрынғыларын жаңарту мен айналасатындар және өнімдік фермалар – бағалы аң терілерін алуға және нутрий фермалары-ет өндіру мен шұғылданады.
Аң терілерін өндіруде алдыңғы қатарда орын алатын норкалар, поляр түлкілерін, жай қызыл түлкілерінің фермалары, нутри және бұлғын өсіретін шаруашылықтар болып саналады.
-
Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы
Аңдар өсіру мен айналасатын шаруашылықтар қатынастар шектелген, жабық типті болуы керек. Ондай шаруашылықтың территориялары тұтас немесе тор көзді әртүрлі материалдармен қоршалып, қоршаудың төменгі басы кем дегенде 30 см жерге сіңірілген болады. Қорғанның биіктігі түлкілер және поляр түлкілері (песец) үшін 2 м кем болмай, жоғарғы басының қалқыны болса, норка мен бұлғындар үшін қоршау биіктігі 1,5 м болып, оның орта тұсында, аңдардың өрмелеп шығып кетпеуі үшін, жылтыр, тайғақ материалдан жолақ жол жасалады. Таулы және қары қалың түсетін аймақтарда барлық андардың түрлеріне арналған фермалардың қорғандарының биіктігі – 2,5 м жасалады.
Бағалы терілі аңдарды ұстау тәсілдері де үй қояндарын ұстайтын жүйелеріндей (сыртқы ауада клеткаларда, шедтерде және қораларда) болады. Оларға арналған қоралар мен технологиялық элементтердің размерлері мен орындарының нормативті көрсеткіштері ұстау жүйелері және андардың түрлі мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады (кесте 27).
Бұлғындар, норкалар, түлкілер, сол сияқты поляр түлкілеріне арналған сарайлар (шедтер) сыртқы ұзын бойымен төбенің карнизінен (қабырғаның жоғарғы ернеуі) серуен алаңының үстіне дейін және азық жолының бойы мен серуен алаңының астыңғы ернеуінен жерге 20 см сіңірілген сеткамен (торкөз) тартып, қоршалады. Аңдарды сарайларда ұстау, оларды ауа райының әртүрлі қолайсыз жағдайларынан (жауын-шашын, аяз борандар) сақтап және азықтандыруды, көң тазалап, шығаруды, сумен қамтамасыз етуді механикаландыруға мүмкіншілік тудырады.
Аңдарды жабық қораларда ұстау ірі фермаларда жыл бойына үздіксіз бағалы аң терілерін алуға қолданылады. Ол үшін размерлерімен конструкциялары аңдардың түрлері мен жасы және жынысына байланысты болатын клеткаларды пайдаланады.
Түлкілер мен песецтерге жеке тұруына арналған клеткалары екі бөлімнен тұрады: үйшік және алаңша. Аңдарды желмен жауын-шашындардан сақтандыру үшін, үйшіктің жан-жағынан саңылаусыз жабық қоршау болса, ал алаңшаның қоршауы-торкөзді сетка болады. Сетканы бағанаға немесе рамаға жерден биіктігін 0,7-0,8 м қылып, керіп тастайды. үйшіктің алаңша мен жалғасатын қабырғасынан, аңның кіріп-шығуына арналған тесік (20*20см) қалдырады да, ал алаңның азық-көң жолы жағынан, аңдарды қамап отыруға арналған есік жасайды да, оған су құбыры мен азық науасын орнатады.
Түлкілер мен песецтердің ұрғашысына арналған клеткалар төрт бұрышты параллелипипед тәрізді сеткалы (торкөзді) рамалардан жасалады. Күшіктейтін және күшіктерді азықтандыру мезгілдерінде клеткалардың ішіне ұялы үйшік қояды, үйшіктің қабырғасы тұтас болады да, бір қабырғасында аңның клеткаға қатысатын тесігі (лаз) болады. Үйшіктің төбесі немесе бір қабырғасы күшіктерге бақылау жасап, үйшіктегі ұяның төсенішін құрғатып ауыстырып отыруға ашылатын болуы керек. Түбі (едені) екі қабатты – бірі торкөзді, екіншісі тұстас болады да, тұстас тақтай едені жылжымалы суырылып алынатындай қылып жасайды.
Норкалар мен бұлғандардың жекелеме клеткалары сеткалы төрт бұрышты параллелепипед тәрізді алаң мен жабық үйшіктен тұрады. Үйшіктен аңдардан алаңға шығуына тесік қалдырылады. Үйшіктің төбесі екі қабатты: бірінші – үстіңгісі тұстас тақтайдан болады да, жылжымалы қылып жасайды, екіншісі – сеткалы көтеріп ашатындай болады. Үйшіктің еденіде екі қабатты: үстіңгі тұтас ағаштан, ал астыңғысы-торкөзді-жиналмалы болады. Клетканы азық науасымен және су құбыры мен жабдықтайды. Нутриларға арналған жекелеме клеткалар үйшіктен, алаңнан және су қоймасынан бассейн (немесе бассейнсіз) тұрады. Үйшік нутрилердің ауа райы қолайсыз болғанда және ұрғашы нутрилардың күшіктеуі үшін жасалады. Үйшіктін сыртқы қабырғасынан, алаңнан бөліп тұратын, жапқышты тесік қалдырады, ал алдыңғы, ортаңғы жол жағындағы қабырғадан есік шығарады.
-
Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы
Барлық бағалы терілі аңдар-ет көректілері болады да, тек нутрилар-өсімдіктер мен көректенеді. Нутрилердің көректенуі үй қояндарыныкі мен сәйкес келеді. Олар дәнді, бұршақты азықтарды, жемді тамыр-түйнектілерді, қант қызылшасының қоспасы (жом) т.б. көректенеді.
Ет көректі аңдардың рационына мал өнімдері және өсімдік азықтар кіреді. Клеткалы аңдардың фермаларында азықтарды нормалау, өңдеу және дайындау өте маңызды орын алады. Бағалы терілі аңдарды көректендіру үшін ет, балық, сүт өнімдері пысқан немесе шикі күйінде, көк өністер, дәнді өнімдер, витаминді құрама қоспалар пайдаланады. Бұл азықтарды ұнтақтап, кесіп, арнайы машинкалардың көмегімен араластырып су қосып немесе құрғақтай түрінде аңдардың сұранысына қарай көректендіреді.
Күні бұрын ет және балық өнімдерін дайындауға болмайды. Ондай жағдайда, көбінесе аңдардың уланып ауыр ішек-қарын ауруларына ұшырауы мүмкін. Ұсақталған азықтарды тез арада араластырып, қолма-қол аңдарға беру керек.
Аңдардың арасындағы аурулар мен өлім-жітім, көбінесе ет-балық азықтарының сапасыздығы мен (ескі, микробтар мен зақымдалған) немесе көректі заттардың (белок, витаминдер) жетіспеушілігімен байланысты болады. Көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулар (ауеска ауруы, туберкулез т.б.) негізінен ластанып, зақымдалған азықтармен (ет, балық) көректендірген кездерде болады.
Егер аңдарды көректендіруге бір кезде әртүрлі мал өнімдерін пайдаланса, мысалы жібек құрттары, ірімшік, ет, сүйек, балық ұндарын, тағы басқа шикі еттердің орнын алмастыратын азықтарды, онда толық құнарлы шикі ет өнімдерінің мөлшерін (ет, ішек-қарын, қан т.б.) ірі түлкілер мен песецтерге тыныштық кезінде – 30 %, шағылысқа дайындықта – 40 %, шағылыс және буаз кезінде – 50 %, күшіктері еміп жүргенде – 60 % кем болмайды.
Норкалардың ірілеріне шикі етті жай тыныштық мезгілдерде – 50 % кем емес, ал басқа уақыттарда - 70 % береді. Бірақ бір мезгілде тез ыдырап ашитын азықтарды (картоп, жемістер, ашытқы және көк өністерді) біріктіріп беруге болмайды.
Аңдарды азықтандыру кезінде, олардың жыл ішінде тірі салмақтарының жиі-жиі өзгеріске түсіп отыратындығын естен шығармау керек. Ол олардың эвалюциялық даму процесстеріндегі туатын биоритмге байланысты.
Органолептикалық көрсеткштері (исі, түсі, концентрациясы т.б.) қалыпты болса, ірі қара, жылқы және елік еттерін аңдарға шикі түрінде пайдалануға болады. Шошқа етін, аңдарға Ауеска ауруының жұқпауы үшін, температура мен өңдеп барып береді. Норкалар мен бұлғындарға қой еттері мен мүшелерін, энцефалопатия мен ауырмас үшін, пысырылған түрінде береді, түлкілер мен песецтерге және күзендерге, олар бұл ауру мен ауырмайтын болғандықтан, шикі қалпында бере береді. Бұзау және қоян еттерін, пастереллез және сальмонеллез аурулары мен ауырмау үшін, пысқан түрінде береді. Лажсыз сойылған малдардың еттерін, сол сияқты сойылған түлкілер, песецтер және бұлғандардың ұшаларын тек ыстық температуралық өңдеуден өткізгеннен кейін ғана аңдарға беруге болады. Есейген аңдар мен тұқымсыз жас күшіктерге тәулігіне бір рет, ал тұқымдық күшіктер мен буаз аналықтарға – 2 рет күніне азық беріп және су мен қамтамасыз етіп отырады.
Аңдарды еркінше азықтандыру қаралған. Арыған аңдарда жиі ішек-қарын аурулары, туберкулез және бауырдың аурулары кездеседі. Аңдарды көбінесе ұзақ уақыт көміртекті (углевод) азықтары жетіспеген рациондар мен көректендірсе, күшіктердің өсуі тежеліп және жүндерінің сапасы төмендейді. Түлкілер мен песецтердің азығында витамин С жетіспегенде қызыл-табан деген ауру пайда болады. Аңдар көбінесе майда ергіш витаминдерге А, Д, Е және суда еритін В1, В2, РР, биотин, аскорбин қышқылына өте жоғары сұраныстары болады.
Аңдардың арасында жиі кездесетін анемия (қан аз) ауруының себебі, олардың рационында көп мөлшерде треска тұқымдас балықтардың (солтүстік поляр теңізінің балығы) болуына байланысты. Мұндай жағдайда треска балығында болатын үшметиламиноксид қоспасының темірмен қосылып, аңдар организмі мен сіңірілмей қалады. Анемияның алдын алып, сақтандыру үшін аңдар рационына құрамында темірі бар препараттар кіргізеді. Норкаларды, түлкілерді, песецтерді, бұлғындарды және нутрилерді суғару үшін (бассейнсіз ұстағанда) автоматты немесе қолдан жасалған науа-табақшаларды пайдаланады. Қыста сарайларда және сыртқы клеткаларда ұстағанда аңдарға қар немесе мұз береді.
3 Бағалы терілі аңдарды өсіру гигиенасы
Ауыл шаруашылық малдарына қарағанда, аңдардың өсіп-жетілуі белгілі бір биологиялық мезгілді циклдермен өтеді де, олардың шектелген уақыттың ішінде түлеуі туып, мезгілдік жыныстық жетілуі келіп, организмдегі зат алмасу процесстері өзгеріске ұшырайды (жазғы мезгілдерде зат алмасу процесстері қарқынды жүріп, күзде төмендейді, ал қысқа қарай елеулі азайып, көктемде қайта көтеріледі).
Нутриларда мұндай мезгілді биологиялық цикл болмайды. Олар жыл бойына шағылысып өсіп жетіледі де, белгілі бір түлеу уақыты болмайды.
Түлкілер мен песецтер және норкаларда шағылыс мерзімі қыстың аяғы-көктемнің басына келеді. Ересек аңдарда, басқа жыл мезгілдерінде, жыныс органдарының размерлері кішірейіп, жыныстық жетілуі жетпеген малдардікіндей болады.
Алғашқы жыныстық өсіп-жетілу мерзіі норкаларда – 9, песецтер мен түлкілерде – 9-11, нутриларда -3-4 айлық жастарында пайда болады. Песецтер мен түлкілерде жыныстық күйті жылына бірақ рет келеді де, көбінесе қаңтардың 20-да, 2-5 күнге ғана созылады. Ал норкалармен бұлғындарда жыныстық күйті бірнеше рет қайталап, әр 7-10 күнде қайта күйлейді де, норкаларда наурыз сәуірге дейін, бұлғындарда маусымның ортасынан тамыздың екінші жартысына дейін күйті қайталап келіп отырады.
Биологиялық цикіліне байланысты аңдардың шағылысуы мен күшіктеуі белгілі бір жыл мезгілінде жүргізіледі.
Аңдардың күшіктер алдындағы дайындық кезінде үйшіктерін дезинфекциялаудан өткізіп, жылылап, құрғатып жаңа төсеніш материал салады. Норкалардың клеткаларында, күшіктері сетканың тесігінен жерге түсіп қалмау үшін, шит төсеніш қойылады. Күшіктеу кездерінде аналықтарды бақылау үшін тәжірибелі адамдардан кезекшілер белгіленеді.
Аңдарды шағылысқа дайындаудың негізгі міндеті, оларды толық құнарлы азықтармен көректендіру болып саналады. Көптеген аналықтар күшіктерін емізіп, айырған кездерде өте жүдеп арықтайды да, оларға жоғарғы құнарлы рацион керек болады. Олардың күйі қалыпқа жеткен кезде, шағылысқа дайындау алдындағы рационға көшіреді.
Аңдардың шағылысқа дайындығын, олардың түлеуінің барысы көрсетеді. Егер жазғы жүнінің түлеуі тежеліп немесе қысқы жүні уақытында шықпаса, онда организмдегі процесстердің бұзылып, өсіп-даму үшін қабілетінің төмендеуіне апарып соғады. Аңдардың дұрыс шағылыстан өтіп, ұрықтың аналық жатырында өсіп-дамуы үшін құнарлы, сапалы азық және олардың денесінде жарақаттанудың болмауы үшін оптималды жағдайда ұстау қажет болады. Мұндай талаптардың орындалмауы олардың іш тастап және қалыпты күшіктеуіне әсерін тигізеді. Аңдардың буаз және туғаннан кейінгі мезгілдерінде, олардың арасында анемия болмау үшін балықтарды (треска, минтай т.б.), сол сыяқты авитаминоз В (шабақ балықтардың түрлері – салака, корюшка, майшабақ т.б.) ауруынан сақтандыру үшін рационға еңгізбейді.
Норкалардың орта күшіктері – 6 (1-17), түлкілердікі – 5-6, кейде – 15, песецтердікі – 10-20, нутрилердікі5-6, кейде – 15 бас болады. Күшіктерінің туғандағы салмақтары: норкаларды - 5-15 г, түлкілерде 50-100, песецтерде – 80- 110, нутрилерде – 150-250 болады. Нутрилардікінен басқа аңдардың күшіктері әлсіз, көзі жұмулы, естімейтін, тіссіз, сирек жүнді болып туады. Ал нутрилердің күшігі ширақ, 1-2 тәуліктен соң суға жүзіп, азық жей бастайды. Аңдардың бауырында қалдыратын күшіктердің қалыпты мөлшері: норкаларда – 7-8, түлкілерді – 6-7, песецтерде – 12-14, нутриларда – 5-14 бас болуы керек. Қалған күшіктерді басқа бауырында 5 бастан кем күшігі бар аналықтарға салып телиді.
Күшіктерді туғаннан кейін алғашқы рет бірден тексереді де, әлсіздерін және ауруларын іріктейді. Ол үшін мынандай көрсеткіштеріне сүйенеді: жалпы көңіл күйі, ішінің тартылуы, жүзу қорғанысы (аяғының жанына тартылуы), жиі есінеуі, температурасының төмендеуі т.б. Әлсіз күшіктерді жеке жәшіке салып жылылайды, электр шамдарының көмегімен және мақта төсеп, температурасын 30-35С жеткізеді.
Күшіктердің әлсіз болуы көбінесе аналықтардың буаз кезінде рациондарында витамин А және С жетіспеушілігі болып есептеледі. Ондай жағдайларда түлкілер мен песецтердің күшіктері тек әлсіз болып қана қоймай табандары ісіп, қызарып кетеді.
Кей кездерде жақсы өсіп-дамыған күшіктерде де, енесінің желінінің маңайындағы жүндердің қалың өскендігінен емшегін тауып еме алмай (әсіресе түлкілер мен песецтерде) жүдеп, әлсірегендері кездеседі. Сол сияқты, аналықтардың сүті аз немесе керісінше өте көп болып емшегін қатты керіп, күшіктердің аузына симай, ашығып әлсірейді. Күшіктердің жүдеп ауырып өліп қалмауы үшін аналығының желімінің айналасындағы жүнін қысқартып, емшегіндегі артық сүтті сауып, жұмсартып, немесе басқа ыдысқа сауып алып күшікті еміздік пен көректендіреді.
Кей кезде аналықтардың күшіктерін тістеп тасымалдауы кездеседі, әсіресе бөтен адамдардың қатысуы мен мазасыздануы, судың немесе қардың жетіспеуі, артық емшектегі сүттің жиналуы т.б. себептерден болады.
Күшіктердің алғашқы үш-төрт аптадағы өсіп-дамуы, әсіресе аналықтың сүттілігіне байланысты болады. Ал 20-25 тәуліктік жасынан бастап күшіктерді тартылған ет, сұйылтқан сүт т.б. беріп, азықтандыра бастайды.
Түлкілер мен песецтердің күшіктерін 20-25 күндік жасынан бастап ішек-қарындарын (гельминттерден) тазарту үшін дегельминтизациялайды. Ол үшін оларға 0,1 мл құрамында тетрахлорэтилені бар капсула береді.
Туғаннан кейін 20 күннен 40 күн аралығында аналық аңдардың да және олардың күшіктерінің де ең ауыр мезгілдері болып саналады. Өйткені осы уақыттарда күшіктер тез өсіп, көрегі жетпегенде салмағын төмендетеді. Сондықтан аналықтардың жүдеп, азып кетпеуі үшін белгілі уақытында күшіктерді бөліп алады. Түлкілер мен песецтердің күшіктерін бірден енесінен айырады. Норкалардың әлсіз, жүдеген аналықтарының бауырында 2-3 күшіктерді қалдырып қояды. Өйпей барлық күшіктерін бірден бөліп алса, аналық азық жеуден бас тартып, өлім жітімге ұшырайды.
Барлық аңдардың бөлінген күшіктеріне қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін үйшіктердің іші кебу және қыста жылы, ал жазда қалыпты желдетілулері керек. Мысалы, норкалардың күшіктері төменгі температураға өте төзімсіз келеді де 22С температураның өзі қауіпті болып саналады.
Кейбір аңдардың түрлері клеткада ұстап өсіргенде, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, жарыққа қатыстары әртүрлі болады. Мысалы норкалардың жартылайы жарық сүйгіштер қатарына жатып, ең қарқындылығы таңертең ерте және кеш соңында туатын болса, песецтер арктикалық аймақта өсіп, ал түлкілер – оңтүстікте өмір сүргенге бейімделген. Бұлғындар тоғаймен қорғалмаған ашық жерлерде жүргенді жаратпайды да, аса жарықтанған аймақтарда жүрмейді. Бірақ барлық клеткаларда тұрған аңдардың елеулі өмірінің бөлігін жарықта өткізгенді ұнатады. Сондықтан, көптеген аң фермаларында күшіктеуін жоғарлатып, өнімін арттыру үшін жасанды түрде жарықтану мезгілін ұзартады. Әрбір 4-5 клеткаға 100-200 вт электр шамдарын қою арқылы.
Аңдардың бағалауын арттыратын ең басты көрсеткіші олардың жүндерінің түсі, түктерінің жағдайы және терілерінің өлшемдері болып саналады. Аңдардың ішінде ең көп тараған түлкілердің жүндерінің қырқылып қалуы, песецтердің жүндерінің ұйпалақтануы, норкалардың жүндерінің сиректенуі т.б. кемістіктері болып саналады. Норкалардың бауыр жүндерінің сулануынан (зәр мен) жүні түсіп, сиреп қалады. Ондай кемістікке көбінесе қуық жолына микробтардың түсуі, зәр шығару жолдарында тас түйірлерінің түзілуі, қан азаюы, қышқылдар мен улануы т.б. әсер етеді. Сол сияқты анемиядан басқа норкалардың арасында, қысыр қалуын арттырып, жас күшіктердің өсуін тежеп және шығынын жоғарлататын алеут ауруы болады.
Жаз айларында аңдарды, көбінесе бүргелер зақымдайды. Олар әсіресе жас күшіктерді жүдетіп, ал үлкен аңдар мазасызданып, жиі қасынып, жүндерін түсіріп, сапасын төмендетеді.
Күннің ыстық мезгілдерінде, бұлғынның күшіктерінде баздану кездесіп, олардың бауыры және артқы аяқтарының ішкі жақтарының терілері күлдіреп, талаурайды. Бұлғындардың үйшіктерінің желдетуін қалыпты келтіру арқылы, олардың күшіктерінің баздану ауруына ұшырауын төмендетеді. Ол үшін үйшіктердің ағаш қақпақтарын (төбесін) тәулік бойы, мамыр айының екінші жартысынан бастап ылғый ашық ұстау қажет. Ауа райы тұрақты жылығаннан соң үйшіктің, сеткасын қалдырып түбін де (еденін) алып тастау керек.
Әр аң фермаларында жұқпалы және жұқпайтын аурулардың шықпауы үшін, егер шыққан күнде тез арада шектеп, жою мақсатында ветеринариялық-санитарлық объектілері болуы керек. Олар карантин пунктері (негізгі табынның 10 %), изолятор (ауру малдар үшін), өтелдейтін пукт немесе өлексе жағатын пештер, сою орны, дезо өткелдер, ветсаноткел т.б.
Дәріс 8. Аралар мен балықтар гигиенасы (2 сағ)
Қаралатын сұрақтар:
1.Балық сулары тоғандарының сипаттамасы
2. Балыққа арналған тоған суларына қойылатын гигиеналық талаптар
3.Балыққа арналған су тоғандарының етеринариялық-санитарлық режимі
4.Аралардың гигиенасы
5.Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы
Балық шаруашылықтарының негізгі екі типі: жылы сулы және суық сулы болады. Мұндай типке бөлу өсіретін балықтардың биологиялық ерекшеліктері мен байланысты.
Жылы сулы тоғандық шаруашылықтарда жылу сүйгіш балықтарды: тұқы, ақ амур (сүйкімді), шекелі, табан т.б. өніп-өсуі үшін қалыпты су температурасы 20С жоғары болуы керек.
Суық сулы тоғанды шаруашылықтарының негізгі айналысатыны форель (құбылмалы – қызыл шұбар) балықтары болып саналады.
Ондай суық сулы тоғандарда көбінесе өзеннің рипустарын, пелядь, сиг (солтүстік балығы) тағы басқа лосостердің (арқан балықтар) түрлері өсіріледі. Суық сулы балықтардың ұрықтарының (эмбриондары) жетілуіне 0,2-9С температура, ал семірту үшін 12-15С қалыпты болады.
Балық пен айналысатын шаруашылықтар-толық жүйелі және толық жүйесіз болып екіге бөлінеді.Толық жүйелі шаруашылықтарда ұрығынан бастап өнімдік балықтарға денін өсіріп шығарады. Мұндай жүйеге тұқымды балықтар өсіретін шаруашылықтарда жатады. Толық жүйелі емес шаруашылықтарға балықтар питомниктері мен семіртіп өнім алатындар жатады.Балықтар питомниктарында балық семіртетін шаруашылықтарының су қоймаларында дамытып өсіруге арналған материалдар (жас балықтар) өсіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |