Дәріс 1 Кіріспе. Генетика пәні және әдістері. Тұқым қуалаушылық және оның түрлері Өзгергіштік және оның түрлері


Дәріс 3 Жыныстық көбею барысында белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары



бет2/3
Дата19.06.2016
өлшемі7.27 Mb.
#147510
1   2   3

Дәріс 3

Жыныстық көбею барысында белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары

1.Тұқым қуалаушылықты зерттеудің гибридтік әдістері.

2.Доминанттылық түрлері.

3.Гендердің леталды әрекеттері.

Қазіргі генетиканың тарихы 1900 ж Э.Чермак, К.Кор жəне Г.Де Фриздердің жеке белгілердің тұқым қуалау заңдарын ашып, ген теориясының қабылдануынан басталады, олар осы заңдарды 1865 ж Г.Мендель ашқанын білмеген болатын. Қарама-қарсы белгілерімен сипатталатын өсімдік сатыларын будандастыру нəтижесін талдай отырып. Г.Мендель тұқым қуалау факторларының бар екендігі туралы идеяны дəлелдеді. Осындай факторларды зерттейтін жаңа ғылым У.Бэтсонның ұсынысы бойынша 1906 ж бастап генетика деп, ал олардың өздері Иогансеннің ұсынысы бойынша 1909 ж бастап дамыды. Көптеген ғалымдар Мендельге дейін де биологиялық белгілердің қалайша тұқым қаулайтынын білуге талпынды. Олар өсімдіктерді не жануарларды будандастырды жəне ұрпақ пен ата-аналар арасындағы ұқсастықтарды байқады. Алайда бұл ғалымдар тұқым қуалау процесін жеке белгілерде емес,барлық белгілерді тұтастай алып зеттеуге тырысты. Мендель жеке белгінің тұқым қуалауын зерттеу қажеттілігін алғаш рет атап көтсетті. Мендель тəжірибелерге мынадай талаптар қойды:

1)Будандастыру үшін алынған ата-аналық формалардың зерттелгелі отырған белгілері қарама-қарсы болуы керек.

2)Ата-аналық формалар таза линияға жатуы керек,яғни олардың əрқайсысы өзара шағылысуда мəлім белгіні ұрпақтан ұрпаққа əр уақытта беруі қажет.

3)Будандар мен олардың ұрпақтарының тіршілік қабілеттілігі мен тұқымдық қасиеті тұрақты болуы керек.

Мендель осы объектілерді гибридологиялық əдісті жете зерттеп,тұқым қуалауды зерттеудің жаңа принциптерінің негізін салды. Мендель басқа бір ерекшелігі – сандық талдау. Ол əрбір келесі ұрпақта зерттеліп отырған белгілері бойынша айырмашылығ бар дарақтардың санын есепке алды. Гибридологиялық əдісте белгілердің тұқым қуалауын зерттеу үшін шағылыстыру схемасын құрастырады. Шағылыстыру немесе будандастыру көбейту белгісімен(х) таңбаланады да,бұл белгі ата-аналар арсына түсіріледі. Шағылыстыру схемасын жазған кезде алдымен ұрғашы,сонан соң «х» белгісінен кейін еркек жыныстың белгісі мен гендері жазылады. Ұрғашы жыныс шолпан планетасының символы белгісімен,еркек жыныс марс планетасының символы белгісімен жазылады. Одан төмен орналасқан қатарда ата-аналар түзетін гаметалардың барлық типтері жазылады. Ата-ана P əрпімен (латын parents - ата-ана),ал қатардан алынған будандар Ғ əрпімен (латын fields - ұрпақ) белгіленеді. Будандардың бірінші ұрпағы Ғ1, 2-ші ұрпағы Ғ2 т.с.с. белгіленеді.



Мендель заңдары: Мендель бір не екі жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар бұршақтарды шағылыстырып,олардың 1-ші жəне 2-ші ұрпақта тұқым қуалауын талдады,сонымен қатар будандарды бастапқы формаларымен шағылыстыру нəтижесін де зерттеді. Осы жұмыстардың нəтижесі Мендельге тұқым қуалаудың 3 ережесін тұжырымдауға мүмкіндік берді,кейін олар Мендель заңдары деп аталып кетті. Мендельдің 1 (Ғ1-дің біркелкілік) жəне 2 (Ғ2-де белгілердің ажырау) заңдары. Гибридологиялық талдауда будандастырудың ең қарапайым түрі – моногибридтік будандастыру. Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналық форманы будандастыру моногибридтік будандастыру деп аталады. Бұл будандастыруда дамуы аллельді гендермен анықталатын тек бір ғана жұп белгілердің тұқым қуалау заңдылығы зерттеледі. Ата-ананың басқа белгілері есепке алынбайды. Моногибридтік будандастыру тəжірибелерінің бірінде Мендель ас бұршақтың тегіс жəне бұдыр дəнді сорттарын өзара будандастырды,нəтижесінде 1-ші ұрпақтағы барлық будандар тегіс дəнді болып шықты,яғни сыртқы пішіні бойынша біркелкі. Тұқым сортының тегіс пішінді белгісі бұдыр белгіге басымдылық дамуын тежейтін белгі доминантты деп аталады. Мұндай белгілер Мендель бойынша доминантты тұқым қуалау факторлары əсерімен анықталады,шағылыстыру схемасында олар латын əріптерінің бас əрпімен белгіленеді. Дамымай қалған белгі рецессивті деп аталады. Мұндай белгілердің тұқым қуалау факторлары латын əліпбиінің кіші əріптерімен белгіленеді. 1909 ж дания ғалымы В.Иогансен ғалымға «ген», «генотип» жəне «фенотип» ұғымдарын енгізді. Ген –тұқым қуалау бірлігі. Ген доминантты не рецессивті болуы мүмкін. Организм гендерінің жиынтығы генотип деп аталады. Зерттеліп отырған белгінің гендері бойынша генотип 2 түрлі болуы мүмкін:гомозиготалы немесе гетерозиготалы. Генотиптері бірдей гендерден тұратын дарақтар гомозиготалы деп, ал əр түрлі гендерден тұратын дарақтар гетерозиготалы деп аталады. Генотип пен ортаның өзара əрекеттесу нəтижесінде қалыптасқан организмнің байқауға болатын белгілерінің жиынтығы фенотип деп аталады. Организмнің тіршілігі бойында оның фенотипі өзгеруі мүмкін бірақ генотипі өзгермейді. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі ата-ана генотипі гомозиготалы болса ғана сақталалды. 1-ші ұрпақ генотип бойынша да біркелкілік гетерозигаталы. Сонымен Мендельдің 1 заңын былай деп тұжырымдауға болады: бір-бірінен қарама-қарсы белгілері бойынша айырмашылығы бар гомозиготалы ата-аналар формасын шағылыстырғанда барлық 1-ші ұрпақ біркелкі фенотиппен сипатталады. 1-ші ұрпақты өздігінен тозаңдандыру немесе өзара будандастыру арқылы 2-ші ұрпақ будандарын алуға болады. Мендель тəжірибелерінде 2-ші ұрпақ будандары дəнінің сырты тегіс те жəне бұдыр да болатындығы анықталады, əрбір бұршаққапта 2 пішінді де дəндер əбден кездесуі мүмкін. Саналған __________7324 дəннің 5474-і тегіс, 1850-і бұдыр дəнді болып шықты,мұның өзі 2,9 тегістің 1,1 бұдырға н\е жуық шамамен 3:1 арақатынасын береді. Мұндай арақатынас басқа белгілердің тұқым қуалауын зерттегенде де байқалады. Ғ2-де доминантты өсімдіктер саны рециссивті өсімдіктер санынан шамамен 3 есе көп болды. Сары тұқымды бұршақты жасыл__тұқымды бұршақпен будандастырғанда 1-ші ұрпақ будандары түгелімен сары реңді, ал 2-ші ұрпақ будандарының 3,01 бөлігі сары, 0,99 бөлігі жасыл реңді болып шықты.Осы бақылауға негізделген Мендельдің 2 заңын былайша тұжырымдауға болады:2-ші ұрпақта белгі белгілі бір арақатынас аралығында ажырайды,атап айтқанда доминантты белгісі бар дарақтардың рецессивті белгісі бар дарақтарға қатынасы 3:1-ге тең. Рецессивті белгілердің 1-ші ұрпақта байқалмай 2-ші ұрпақта көрілуіне сүйеніп,Мендель тұқым қуалаушылықтың дискреттілігін тұжырымдайды, демек организмнің кез-келген белгісі жеке тұқым қуалаушы факторларға байланысты.Қарама-қарсы белгілердің қалайша тұқым қуалайтынын ұғу үшін Г.Мендель тұқым қуалайтын факторлардың жұп екендігі туралы даналық гипотеза ұсынды.Сонымен таза линиялық доминантты жəне рецесивті организмдерді шағылыстыру нəтижесін мына схемадағыдай етіп өрнектеуге болады. Мендель клетка бөлінуіндегі хромосманың ажырау тəртібін білмесе де, тұқым қуалайтын факторлардың гаметалары кездейсоқ ажырайтынын дұрыс түсіне білді. Бұл арада Г.Мендель гаметалар тазалығының гипотезасын ұсынды.Бұл гипотеза бойынша гетерозиготалы будандарда əр түрлі тұқым қуалайтын факторлар араласып кетпейді,олар жыныс клеткалар процесінде əр түрлі гаметаларда жеке,таза күйде болады.Мендель процесінің ашвлуымен Мендельдің осы жорамалы толық цитологиялық дəлелдеме алды, əрбір жыныс клеткаға гомологты хромосманың тек бір сыңары ғана түседі,яғни жұп геннің біреуі,ал гаметадағы алуан түрлі гендердің қисындасуы кездейсоқ жүреді де, статистика заңдылығына бағынады.Жалпы Мендель заңдары барлық тірі организмдерге тəн жəне олардың ауыл шаруашылығындағы маңызы үлкен.

Доминанттылық түрлері. Моногибридтік будандастырудың 2-ші ұрпағында фенотиптің 3:1 арақатынаста ажырау белгінің толық ылық түрлері.доминанттылығында байқалады. Алуан түрлі организмдердің көптеген белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу бір белгінің 2-ші белгіден басым болмайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайда «доминантты» жəне «рецессивті» белгілер не организмдер туралы сірə айтуға болмайды. Осыған сəйкес толық доминанттылықтан басқа толымсыз, кодоминанттылық жəне тысқары доминанттылық ажыратады. Толымсыз доминанттылық жануарлар мен өсімдіктер жиі байқалады. Мұндай жағдайда 1-ші ұрпақ Мендельдің 1 заңына сəйкес генотип бойынша біркелкі, бірақ белгінің көрінісі аралық сипатта болады:гетерозиготалы 1-ші ұрпақтың əр түрлі гендері бір-біріне басымдық жасамайды.Екінші ұрпақта фенотиптердің ажырауы генотиптің ажырауына дəл келеді:1:2:2, себебі АА жəне Аа генотиптерінің фенотиптік көрінісі əр түрлі болады .Мысалы,құлағы жоқ жəне құлағы ұзын қойлар шағылыстырылса, шұнақ ұрпақ туады, ал 2-ші ұрпақтың арақатынасы 1 ұзын құлақты (АА):2 шұнақ құлақты (Аа):1 құлақсыз (аа) болады.Осы жолмен андалузия тауығы қауырсынының көгілдір түрі, тауық қауырсынының бұйралығы, паломино жылқысының сары түсі тұқым қуалайтыны дəлелденді.Жалпы толымсыз доминанттылықты белгілердің қарапайым аралық көрінісі емес, көп гендердің өзара ерекше əрекеттесу нəтижелі деп түсіну керек. Мысалы,қара жəне ақ құстардан алынған андалузия тауығының көгілдір түсі жаңа фенотип пайда болғандай əсер береді.Алайда андалузия тауығы (Аа) шынында қара,бірақ оның қауырсынының боялуы төмен сондықтан да көгілдір түстің əсерін береді. Кодоминанттылық – екі геннің гетерозиготалы дарақ белгісін қалыптастыруға қатысуы.Кодоминанттылықтың нақты белгісі болып қан топтары мен организм белоктары типтерінің басым қуалауы саналады. Мысалы,ірі қарада гемоглобиннің бірнеше типі кездеседі.Бұлардың ішінде А жəне В типі гемоглобиндер жиі кездеседі.Гетерозиготалық (АВ) ұрпақта гемоглобиннің осы 2 типі болады.Кодоминанттылық көбінесе молекулалық деңгейде анықталатын белгілерге тəн,сонымен бірге ол кəдімгі деңгейде анықталатын сапалы белгілерде байқалуы мүмкін. Кодоминанттылықта басымдылық құбылысы тəн емес екеніне қарамастан 1-ші ұрпақ буындары бірдей болады,демек Менделдің 1-ші заңы бұл құбылыс үшін де дəл. Тысқары доминанттылық деп гетерозиготалы дарақтар(Аа) белгілерінің дамуы жағынан гомозиготалы дарақтардан (АА,аа) асып түсуін түсіндіреді. Бірінші ұрпақ будандары даму көрсеткіштері жағынан ата-анадан асып түседі. Мұндай құбылыс гетерозис деп аталады. Будандардың 1-ші ұрпағы жəне кейбір түраралық гибридтер тіршілік қабілеті жəне өнімділігі жағынан жақсы деген ата-ана формасынан асып түседі. Гетерозис,əсіресе түраралық гибридтерде айқын көрінеді. Қашыр (бие мен əңгінің гибриді) тіршілігінің ұзақтығы,жұмысқа қабілеттілігі жəне қолайсыз жағдайларға төзімділігі жағынан жылқыдан да,есектен де асып түседі. Ал айыр түйе мен аруанадан алынған Ғ1- қоспақ салмағы жəне жүк тарту күші бойынша ата-аналық формалардан асып түседі. Тысқары доминанттылықтың генетикалық мəні соған байланысты гетерозис құбылысының байқалуы 1-ші ұрпақ дарақтарының белгісіне əсер ететін бірнеше гендердің гетерозиготалық күйге ауысып олардың басым түсу нəтижесімен сипатталады. Сондықтан да генетикалық тұрғыдан алшақ формаларды будандастыруда гетерозистің көрінісі бірнеше белгілерде байқалды,ал тұқым ішілік шағылыстыруда тысқары доминанттылықтың əсері 1-2 белгіден аспайды.

Гендердің летальды әсері



Практикалық сабақ 5

Тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері

Жасуша -Тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе.




Ядро – ағзадағы нәруыздың алмасуын реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін клетканың негізгі бөлігі


  • Ядроның диаметрі – 3-10мкм

  • Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады.

  • Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді.

  • Ядрода ядро шырын сөлі, хроматин және бір немесе бірнеше ядрошық болады.

  • Ядро шырын сөлі ядроның құрылым аралық кеңістігін толтыратын мөлдірлеу тұтқыр сұйықтық, болып саналады.

  • Ядро шырын сөлінің құрамында нәруыздар, ядро ферменттері, хроматин нәруыздары, бос нуклеотидтер, РНҚ-ның барлық түрлері, ядрошық пен хроматин әрекеттерінің өнімі болады.

Хромосома




Практикалық сабақ 6

Жануарлар мен өсімдіктердің кариотиптерін зерттеу.









Кариотипті зерттеу (кариотиптеу) - хромосомалық және геномдық мутацияны диагностикалауға мүмкіндік беретін цитогенетикалық зерттеу әдісі



Дәріс 4

Аллельді емес гендердің өзара әсерлері

1.Эпистаз

2.Гендердің көпжақты әрекеттері

Аллельді емес гендердің өзара əрекеттесуі

Комплементарлық. Бұл дегеніміз доминантты гендердің бірлескен ықпалы арқылы жаңа белгінің дамуы. Комплементарлық əрекеттесудің мысалдарын қарастырайық. 9:3:3:1 арақатынас. Мұндай ажырау роза күлтесіне ұқсас айдары бар виандат тауық тұқымы мен айдары бұршақ тұқым тəрізді таза тұқымды корниш əтештерін шағылыстырғанда пайда болады. Осындай шағылыстырудан Ғ-де белгінің біркелкілігін жəне де доминантты айдарлы тауықтар күту керек еді. Бірақ бұл арада мүлде жаңа айдар типі – жаңғақ жемісі тəрізді айдарлы тауықтар пайда болды. Енді осы Ғ1-ді өзара шағылыстырсақ, Ғ2-де 9 жаңғақ жемісі, 3 роза күлтесі, 3 бұршақ жемісі жəне 1 жапырақ тəрізді тауық айдары 27 типтерінің ажырауын аламыз. Пайда болған жаңа түзілістердің көрінісіне мəн бермесек, бұл шағылыстырудың ажырауы жоғарыда қаралған қарапайым дигибридтік шағылыстырумен салыстырғанда ешқандай айырмашылығы болмас еді. Мұны түсіну үшін айдар түрлерінің тұқым қуалауына тəуелсіз екі жұп ген қатысатынын білу қажет. Тəуелсіз екі геннің тұқым қуалауы Мендельдің 3-ші заңына толық бағынады,осыған қарамастан олардың белгіге ықпал етуінде өзара байланысы байқалды. Осы екі жұп ген қатысатынын дигетерозиготалық тəн 9:3:3:1 арақатынасы дəлелдейді. Бастапқы шағылыстыруға алынған айдары роза күлтесі тəрізді тауықтың генотипі RRpp бұршақ жемісі тəрізді айдары бар əтештің генотипі rrPP яғни олар гомозиготалы болған. Ғ1-дің барлығында Ғ2-нің 9\16 бөлігінде тауық айдары – жаңғақ жемісі тəрізді. Жаңа фенотипінің дамуы бірін-бірі толықтыратын немесе комплементарлы екі жұп доминантты гендердің өзара əрекеттесуіне байланысты. Жаңғақ жемісі тəрізді тауық айдары генотипінің жалпы формуласы – R-P. Ал екінші жаңа түзіліс – жапырақ тəрізді айдар қос рецессивті геннің бірін-бірі толықтыруын, яғни комплементарлық өзара əрекеттесуін жорамалдап тұрғанын көрсетеді. Дəл осындай арақатынас дрозофила шыбыны көзінің қызғыш жəне тоты құс қауырсыны жасыл түстерінің тұқым қуалауында байқалады. Мысалы, көгілдір тоты құс сары құспен шағылыстырылса, Ғ1 будандары түгелдей дерлік жасыл түсті болады, Ғ2 будандарында белгілер 4 фенотиптік кластарға ажырайды:9 жасыл:3 көгілдір:3 сары:1 ақ. 9:7 арақатынас. Қоян жүнінің ұзындығы қалыпты болуы үшін қоян генотипінде комплементарлы жəне бір-біріне аллельді емес екі доминантты ген қатысуы қажет. Осы екі доминантты аллельдің бір өзгеріске ұшырап, рецессивті аллельге айналса, онда қоянның жүні қысқа болады. Ал осындай генотипі əр түрлі қысқа жүнді қояндар шағылыстырылса Ғ1 ұзын жүнді болады. Екінші ұрпақтың 9\16 бөлігінің жүнінің ұзындығы қалыпты болса, 7\16 бөлігі қысқа жүнді болып туады. Осыған ұқсас жағдайлар генетикалық əр түрлі ақ қояндарды жəне ақ қауырсынды тауықтар мен əтештерді шағылыстыру нəтижесінде де байқалады.

Эпистаз. Генетикалық өзара əрекеттесу бір-бірін екі жақты толықтыратын гендердің бірігіп əрекеттесуімен шектелмейді. Кез-келген жұп доминантты ген рецессивті серігінің байқалуына кедергі жасайды. Кейде аллельдің белгіге əсері басқа локуста, мүмкін басқа хромосомада орналасқан геннің əсерімен тежеледі. Мұндай құбылыс эпистаз деп аталады. Ал геннің белгіге деген əсерінің тежелуі

гипостаз деп аталады. Эпистаз екі түрлі, яғни доминантты жəне рецессивті болуы мүмкін. Доминантты эпистаз жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде жиі кездесетін құбылыс, оны АВ немесе Ав теңсіздіктерімен белгілеуге болады. Бір доминантты аллельдің екінші доминантты аллельдің белгіге əсерін тежеуі салдарынан қайсы бір мал түліктерінің түстері мен кейбір генетикалық__ақаулары тұқым қуалайды. Доминантты эпистаздың белгілі мысалы болып жылқының кейбір түстерінің тұқым қуалауы саналады. Гомозиготалы боз жəне қара жылқылар өзара шағылыстырылса, С>В болғандықтан алынған ұрпақ түгелдей (СсВв) боз түсті болады. Ғ2-де фенотип бойынша 12 боз :3 қара:1 жирен пайда болады. Генотипінде С аллельі жоқ, бірақ генотипінде В аллельі болса, қара фенотип даимды ал жирен жылқылар əр уақытта қос рецессивті гендерден дамиды. Ақ жəне қоңыр ит шағылыстырылса дəл осындай арақатынас байқалады. Ғ1 түгел ақ түсті болады, ал Ғ2 кезінде белгі 12\16 ақ, 3\16 қара жəне 1\16 қоңыр түс болып ажырайды. Рецессивті эпистаз дегеніміз рецессивті аллельдің басқа рецессивті немесе доминантты аллельден басым түсуі:аа>вв немесе аа>В. Жоғарыда қоян түгі ұзындығының 9:7 қатынаста ажырауы гендердің өзара комплементарлы əрекеттесу мысалы ретінде баяндалады. Осы жағдайды рецессивті эпистаз ретінде де қарастыруға болады. Ғ2-нің 6\16 бөлігінде еселенген рецессивті эпистаздың əсері байқалады: агені В геннің (аа>В)в гені А генінің (вв>А) белгі дамуына əсерін басады, сондықтан да қоян түгі қысқа болады. Жоғарыда талқыланған 9:3:4 қатынаста генотипі аавв тышқанның альбинос болуы да рецессивті эпистаз арқылы қалыптасады.



Полимерия. Полимерияда немесе полигенді тұқым қуалауда бір белгінің дамуы біржақты əсер ететін бірнеше аллельді емес гендердің өзара əрекеттесуіне байланысты болады. Гендердің осылай əрекеттесу типін алғашқы рет швед генетигі Нильсон-Эле бидай дəні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашты. Бидай дəнінің ақ түстен бозғылт қызылға, одан əрі қызыл түстің түрлі реңдеріне түрленуі екі аллельден үйлескен генотиптің доминантты гендерінің санына тікелей байланысты:аавв – ақ, ааВв, Аавв – бозғылт қызыл ...ААВВ - қоңыр қызыл т.б. Полимерияның принципі өте маңызды мағынаға ие болды, өйткені оның көмегімен сандық белгілердің тұқым қуалау ерекшелігі түсіндіріледі. Малдан қырқылған жүн, аналықтың сүттілігі мен төлдегіштігі,тауықтың жұмыртқалағыштығы, организмнің тірі массасы т.б. альтернативті 5588(_)сипатта емес белгілердің əрқайсысы үздіксіз өзгеріспен сипатталады. Мұнда мендельдік ажыраудың қарапайым формулаларын қолдану мүмкін емес сияқты, бірақ жете талдаулар сандық белгілердің полигенді тұқым қуалайтынын көрсетеді. Шынында да осындай күрделі белгілердің дамуына көптеген гендер əсер етеді. Əрбір жеке жұп аллельдің тұқым қуалауы Мендель заңдарына дəлме- дəл сəйкес келеді, бірақ фенотип бойынша ажыраудың көрінісі кенет күрделенеді. Полимерлі тұқым қуалауда негізінен гендердің аддитивті немесе кумулятивті əсері байқалады, яғни сандық белгінің дəрежесі бір мағналы əсер ететін доминантты гендердің жалпы санына тең. Гендердің арақашықтығы ұлғайған сайын кроссинговер жиілігі арта түседі, ал гендер арасы жақындаған сайын хромосомалардың айқасуы төмендейді. Осыған байланысты Морган гендер аралығының қашықтығын кроссинговержиілігі арқылы табуға болатынын ұсынды: х=(a+c)\n 100.Мұнда х – гендерінің ара қашықтығы немесе кроссинговер жиілігі, а – бірінші кроссовер тобындағы дарақтар саны, n- тəжірибедегі ұрпақтар саны. 1% кроссинговерге тең гендер арақашықтығы морганида деп аталады. Бұл формуланың қолдануын түсіну үшін мына мысалды қарастырайық. Тауықта роза гүлінің күлтесіне ұқсас айдардың жапырақ тəрізді айдардан басым екендігі жоғарыда айтылды, ал тауық аяғы ұзындығының əдеттегідей болуы қысқа аяқтылықтан рецессивті болады. Роза күлтесі тəрізді айдары бар қысқа аяқты дигетерозиготалы əтешті айдары жапырақ тəрізді ұзын аяқты тауықтармен талдаушы шағылыстыру жүргізгенде алынған 60 ұрпақ мынадай қатынаста ажырайды делік:22 айдары роза күлтесі тəрізді,аяғы қысқа: 1 айдары роза күлтесі тəрізді, аяғы ұзын: 4 айдары жапырақ тəрізді, аяғы қысқа:33 айдары жапырақ тəрізді, аяғы ұзын. Бұдан тауық айдарының формасы мен аяқтары ұзындылығының гендері бір жұп гомологты хромосомада орналасатынын көреміз. Бұл екі геннің ара қашықтығы шамамен 8 морганидаға тең. х= (1+4)*100\60=8,3. Гендерді_ орналасуы. Хромосомалардың генетикалық картасы. Морганның жас шəкірттерінің бірі – Альфред Стертевант өзінің дипломдық жұмысын орындау кезінде кроссинговер жиілігі гендердің хромосома бойында тізбектеле орналасатындығын көрсетеді деп бірінші болып уəж айтты. Үш ген арасындағы өзара қатынасты зерттей келе ол бірінші мен екінші,екінші мен үшінші,бірінші мен үшінші гендер арасындағы кроссинговер жиілігі не олардың қосындысына, не айырмасына тең екенін көрсетті. А жəне В гендерінің ара қашықтығы,мысалы 17 морганидаға, ал В мен С гендерінің ара қашықтығы 10 морганидаға тең болса, онда А жəне С гендерінің ара қашықтығы АВ жəне ВС қашықтықтардың қосындысына (АС=АВ+ВС=27 морганида) не айырмасына (АС=АВ-ВС=7) тең. Бұл А,В жəне С гендері хромосомада тізбектеліп орналасқан жағдайда ғана мүмкін. Яғни олардың хромосомада орналасуы бір түзудегі үш нүктеден ара қашықтығының геометриялық заңдылығына сай келеді. Осы ереженің дұрыстығын бір хромосомада орналасқан көптеген үштік гендерде жүргізілген тексерулер дəлелдеді. Гендер арасындағы кроссинговер жиілігінің талдау арқылы хромосоманың генетикалық картасы жасалды .Хромосоманың генетикалық картасы дегеніміз гендердің хромосомадағы орналасу нүктелерінің үлгісі. Геннің хромосомадағы орнын табу үшін ең алдымен оның қандай хромосомада орналасқанын анықтау керек. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу тобын құрайды. Тіркесулер тобының саны əр уақытта түрдің хромосоманың гаплоидты санына тең болады. Мысалы, дрозофиладағы хромосоманың гаплоидты саны мен тіркесулер тобы 4-ке, қойда 27-ге, жылқыда 32-ге тең. Əдетте гендердің ара қашықтығын анықтау үшін бір мезгілде ең аз дегенде 3 ген арасындағы кроссинговер жиілігі есептелінеді.

Триангуляция деп аталатын бұл əдіс гендердің хромосомадағы орналасу тəртібін анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы, 4 ген арасындағы кроссинговер__жиіліктерін қарастырайық: D-А=27%,В-D=17%,D-С=10% жəне С-D=7%. Гендердің ара қашықтығын жəне орналасу тəртібін анықтау үшін,ең алдымен хромосоманы кескіндейтін түзу салып, оның ортасына кроссинговер жиілігі ең аз гендерді түсіреді, яғни С-D=7%. Екіншіден мəніне қарай келесі гендер арасындағы кроссинговер жиілігі таңдалады, яғни В-С=10% жəне В генінің С генінің не оң не сол жағында орналасу мүмкіндіктері белгіленеді. Үшіншіден келесі кроссинговер жиілігі В-D=17% дəл жоғарыдағыдай белгіленеді. Бұл арада В гені генінің оң жағында орналаса алмайды, олай болған жағдайда В- С=24%-ке тең болар еді. Төртінші А генінің орнын анықтау үшін А мен В гендері арасындағы кроссинговер жиілігін білу қажетА-В10 болса, А гені В генінің сол жағында орналасады.


Практикалық сабақ 7

Моногибридті будандастыру

Г.Мендельдің тәжірибелері,тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары,өзгергіштіктердің типтері мен сұрыптаудың әдістерін оқып үйрендіңдер. Енді Г.Мендель тәжірибе жұмыстарының нәтижелі,табысты болуына нелер себепші болғанын еске түсірейік.

Ол,біріншіден,тұқым қуалаушылықтың зерттеудегі гибридиологиялық әдісті дұрыс қолдана білді. Екіншіден,будандастыруға алынған өсімдіктердің барлық белгілерін емес,жеке белгілердің тұқым қуалауын қадағалап,есепке алып отырды. Үшіншіден,тәжірибеге өте ыңғайлы өсімдікті таңдап алды; баубұршақ өздігінен тозаңданатын өсімдік болғандықтан,айқас тозаңдануы сирек кездеседі. Мендель барлық асбұршақ  өсімдігінің 34 сортының ішінен бұршақтың 22 сортын таңдап алып,олардың көзге айқын түсетін жеті жұп белгісі бойынша шағылыстыру жүргізді. Оған,тұқымының түсі мен пішіні,сабақтың биіктігі мен аласалығы,гүлінің орналасуы мен реңі,жемісінің түсі мен пішіні жатады. Мендель будандастыруға алған бұршақ сорттарын бірнеше жыл бойы егіп,белгілердің ұрпаққа берілуі тұрақты екеніне көзі жеткеннен кейін будандастыруға қатыстырды.

  Моногибридті будандастыру.  Гибридиологиялық талдауда будандастырудың ең қарапайым түрі-моногибридтік будандастыру қолданылады. Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналар дараларын будандастыруды моногибридтік будандастыру деп атайды. Бұл будандастыруда аллельдік гендерге байланысты тек бір ғана белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары зерттеледі. Ата-аналарындағы және ұрпақтарындағы барлық басқа белгілер есепке алынбайды. Г.Мендель тәжірибелерінің бірінде гүлінің түсі қан қызыл және гүлінің түсі ақ бұршақ өсімдігінің екі сортын алған. Аналық ретінде алған қан қызыл гүлді бұршақ сортын,гүлі ақ түсті бұршақ өсімдігінің тозаңымен қолдан тозаңдандырғанда,бірінші ұрпақтағы барлық будан өсімдіктердің гүлі қан қызыл болған,яғни фенотип бойынша-біркелкі.

   Будандастыруға алынған ата-аналық даралар гомозиготалы болғандақтан,мейоздық бөлінуде бір типті гаметалар түзіледі. Осы гаметалардың үйлесуінен пайда болған бірінші ұрпақ өсімдіктерінің генотипі гетерозиготалы,ал фенотипі бойынша қан қызыл. Осыған ұқсас құбылыс Мендельдің басқа тәжірибелерінде де кездескен. Мысалы,тұқымы тегіс өсімдікті тұқымы бұдыр өсімдікпен  будандастырғанда,бірінші ұрпақтағы өсімдіктердің тұқымы тегіс болған.

  Тұқымының түсі сары бұршақ өсімдігін,тұқымы жасыл бұршақ өсімдігімен будандастырғанда,Ғ1 ұрпағының барлығының тұқымы сары түсті болған. Сонымен,Г.Мендель өз тәжірибелерін талдай келе,бірінші ұрпақта көрінетін белгіні доминантты деп атады. Олар латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгіленеді. Ал бірінші ұрпақта тұншығып көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атады. Олар кіші әріптермен белгіленеді. Бұл байқалған заңдылықты Г.Мендель”Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі”деп атады. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік ережесі егер ата-аналардың генотипі гомозиготалы болса ғана сақталады. Бұл құбылысты кейде басымдылық заңы немесе Мендельдің бірінші заңы деп атайды.

    Белгілердің ажырау заңы. Бірінші ұрпақ будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандыру арқылы,екінші ұрпақ будандарын алады. Екінші ұрпақ өсімдіктерінің біреулерінің гүлдері қан қызыл,екіншілерінікі ақ болады немесе екінші ұрпақта доминантты белгілері бар өсімдіктер де кездеседі. Екінші ұрпақта ата-аналарының екуіне тән белгілердің көрініс беру заңдылығын белгілердің ажырау заңы немесе Мендельдің екінші заңы деп атаған. Мысалы,Мендельдің тәжірибелерінде екінші ұрпақта алынған 929 өсімдіктің 705-і қан қызыл түсті гүлді,ал 224-і ақ түсті гүлді болды. Екінші ұрпақтағы  8023 бұршақ тұқымының 6022-сі сары және 2001-і жасыл түсті,ал тұқымының пішіні бойынша жүргізілген тәжірибеде алынған 7324 тұқымның 5474-і тегіс және 1850 бұдыр болып келген.

   Тәжірибелерде алынған нақты мәліметтерді талқылай келсе,Мендель мынандай қорытындыға келді. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау жиілігі,белгілі бір сандық арақатынасында жүреді,доминантты белгілер 75%-ын құраса,рецессивті белгілер 25%-ын құрайды немесе 3:1 қатынасына тең болып өзгереді. Сонда екінші ұрпақта алынған барлық өсімдіктердің 3/4-і қан қызыл гүлді де,1/4-і ақгүлді бодып шығады.

  Будандастыруға алынған Ғ1 ұрпақ будандары гетерозиготалы болғандықтан,мейозда гаметалардың екі типі түзіледі. Бір гаметада А гені болса,екіншісінде а гені болады. Бірінші ұрпақ будандары өздігінен тозаңдану нәтижесінде мынандай гаметалар түзіледі:АА,Аа,аа. Сонымен екінші ұрпақта белгілердің ажырауы: фенотип бойынша 3:1,ал генотип бойынша 1:2:1-ге тең болады. Белгілердің ажырауын түсіну үшін жасушаның мейоз жолымен бөлінуін еске түсірейік. Мейоздың редукциялық бөлінуінің нәтижесінде жаңа түзілген жасушаларда гомологті хромосомалардың тек біреуі ғана қатысады. Кейіннен осы жасушалардан гаметалар түзіеді. Гаплоидті гаметалардың қосылуынан диплоидті зиоталар пайда болады. Ұрықтану нәтижесінде 4 түрлі зигота АА+2Аа+аа түзіледі.

      Жаңа сабақты бекіту:

1.Мендельдің неше заңы бар?

2.Не себепті Мендель өз тәжірибесіне бұршақ өсімдігін алды?

3.Бірінші заңы қалай аталады?

4.Екінші заңы қалай аталады?

   Үй жұмысын сұрау:

  Үй тапсырмасымен жаңа тақырыпты біріктіріп,  оқушыларды 2 топқа бөліп ”Кім жылдам”топ аралық жарыс түрінде өткізу.

 1-тапсырма.Қай топ көп біледі?Генетикалық терминдерді жазулары тиіс,әр топқа генетикалық терминдерді жазулары үшін сызбанұсқа таратылады. Тапсырманың дұрыс не бұрыс екенің тексеру

 2-тапсырма. Есте сақтау қабілеттерін тексеру? Ғалымдардың аттары және ашқан жаңалықтарына дайындалған кесте беріледі. Әр топ ғалымдардың аттары жазылған жеріне ашқан жаңалықтарын жазып шығады. Тапсырма орындалғаннан кейін тексеріледі.



  1. Грегор Иоганн Мендель-Будандастырудың типтерін ашты

  2. Томас Хант Морган-тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашты

  3. Фуго Де Фриз-мутациялық теорияны ұсынды.

  4. В.Иогансен-популяциялар және таза сорттармақтар туралы теорияны ұсынды.

  5. Н.И.Вавилов-гомологтік қатарлар заңын қалыптастырды.

  6. О.Эври-

  7. Ф.Крик-ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады.

3-тапсырма.Сәйкестікті табайық? Берілген сұрақ және анықмалардың жанына дұрыс жауабын тауып сызықшамен көрсету.

    Сергіту сәті.  Екі топқа арнайы дайындалған қызықты генетикалық есептер беріледі. Шешімін жылдам әрі шапшаңдық танытып шешеді.

        

               1-топқа

             Миоплегия(паралич) аутосомалы-доминантты тұқым қуалайды.

          Осы ауру бойынша әкесі гетерозигота,шешесі-сау отбасында ауру       

          балалардың туу мүмкіндігі қандай?

           2-топқа

        Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа                    шыққан. Егер алты саусақты белгі басым болса,олардың балаларының генотипі мен фенотипі қандай болуы мүмкін?

Студенттердің берген жауаптарын тыңдап есепті тексеру.

  Сабақты қорытындылау: Сөзжұмбақ шешу


  1. Гендердің хромосомада орналасқан орны қалай аталады?

  2. Тірі организмнің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым саласы?

  3. Генетика терминін алғаш ұсынған ғалым?

  4. Жыныс жасушасы қалай аталады?

  5. Хромосоманың қасиеттері мен белгілерін бақылайтын гендер қалай аталады?

  6. Басымдылық танытатын белгілер қалай аталады?

  7. Қазақстанда генетика және селекция ғылымының дамуына үлес үлес қосқан академиктердің бірі?

  8. Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерінің ұрпақтарында қайталанып көрінуі.

  9. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы қалай аталады?

  10.  Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?

  11.  Бірдей аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан түзілген организмді қалай атайды?

  12.  Уотсон мен Крик ненің молекуласының құрылысын анықтады?

  13.  Әр түрлі аллельді гендері бар гаметаның қлсылуынан пайда болған дараларды қалай атайды?

                            Жауабы:

  1. Локус

  2. Генетика

  3. Бэтсон

  4. Гамета

  5. Құрылымдық

  6. Доминантты

  7. Удольская

  8. Тұқымқуалаушылық

  9. Зигота

  10.  Басымдылық

  11.  Гомозиготалы

  12.  ДНҚ

  13.  Гетерозиготалы

         Үйге тапсырма беру:

 § 20. Тұқым қуалаудың заңдылықтары. Будандастырудың типтері тақырын оқу және  есеп шығару: ҚОЯН жүнінің қалыпты ұзындығы,қысқасына қарағанда басым. Қалыпты жүнді қоян 4 көжек туады;оның 1-еуі қысқа және 3-еуі қалыпты жүнді. Аталық генотип пен фенотипін анықтау керек.

  Бағалау: Студенттердің сабаққа қатысуларына, жауап берулеріне және тәртіптеріне сәйкес бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет