Алгоритмді құрушыға қарағанда алгоритмді атқарушыдан аз білім талап
етілетіндіктен есеп шығаруды
айтарлықтай оңайтылады;
Әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған
командалардан тұрады;
Командалардың атқарылу реттелгін алгоритм анықтайды;
Атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп
атайды;
Алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;
Алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп аталады;
Алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы деп аталады;
санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;
алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;
бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;
құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп
оны талдауды қажет
етпейді, тек командаларды формальды орындай береді;
алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;
алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатыны болуы тиіс;
алгоритмді атқаруды тек адамға емес, компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу
процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді
жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек.
Алгоритмдік тілді пайдалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік
қауымның пайдалануына мүмкіндік береді. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар.
Төменде алгоритмді бейнелеу әдістерінің логикалық құрылымы көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: