Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Дәріс-11: Эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы



бет44/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77
5.Лекциялық кешен

Дәріс-11: Эфир майлы өсімдіктер және олардың шаруашылықтағы маңызы

-Эфир майларының өсімдіктер құрамында болуы


- Эфир майларын шаруашылыкта пайдалану
-Қазақстанда өсетін эфир майлы өсімдіктер

Пайдалы өсімдіктердің ішінде эфир майлы өсімдіктер маңызды орын алады. Өйткені олар косметикада, парфюмерияда, тағамдық және фармацефтикалық өндірісте, яғни медицинада кеңінен пайдаланылады.


Эфир майлы өсімдіктер шикізатына сұраныс тұрақты өсуде. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша егер, мысалы 1984 жылы 226,5 мың тонна эфир майлы өсімдіктер шикізаты дайындалса, 1990 жылы 350 мың тонна, 2002 жылы 700 мың тонна шамасында қажет болды. Осылайша сұраныс жылдан - жылға өсуде. Эфир майларын өндіру мәдени өсірілген өсімдіктер плантацияларынан жиналатын болғандықтан, ең жақсы деген дүниежүзілік генефондты пайдаланып, әртүрлі сорттар және гибридтер алудың манызы өте зор. Қазіргі кезде, әрине үлкен перспективасы бар деп биотехнологиялық жұмыстарды айтуға болады. Яғни, биотехнологиялық тәсілдерді, клетка, ұлпа және мүше культурасын пайдаланып жаңа шикізаттар алу.
Орта Азия флорасындағы эфир майлы өсімдіктер әлі жеткіліксіз зерттелген. Алғашқы ірі зерттеу жұмыстарын Орта Азия мемлекеттік университетінің ботаникалық бақтарының қызметкерлері 1930-1931 жылдары жүргізді. Олар өз жұмыстарын Гиссар жотасында (Тәжікстан) және Талас өзенінің ортаңғы ағысында (Қырғызстанда) жүргізеді.
Экспедициялық жағдайда эфир майлы 75 өсімдіктің сипаттамасы берілді.
1938 жылы Шатқал экспедициясында эфир майлы өсімдіктерді сипаттауға қосымша өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріндегі олардың (яғни эфир майларының) мөлшері анықталды. Ортa Азияның жабайы өсетін хош иісті өсімдіктері ішінде Artemezia absinthium L (ащы жусан - полынь горькая); Artemizia аnnuа L (біржылдық жусан - полынь одналетняя); Artemizia cina L Beng ex. Poljak (дәрмене жусан - полынь цитварная) ерекше аталып көрсетілді.
Т.П.Березовская (1968, 1970) Сібірде өсетін жусан түрлеріндегі эфир майларының химиялық құрамын зерттеді. Сібір территориясында жусанның 63 түрі кездеседі. Березовская олардың ішінде Таулы-Алтайда өсетін жусанның екі түрінің эфир майларын зерттеген. Т.П.Березовская (1976) эфир майларында 6,5% азулен болатындығын анықтады. Эфир майларын жинақтайтын бездер өсімдік гүлінің күлтесінде орналасқан.
Қазақстандық ғалымдар Чумбалов, Фадеева (1967, 1970) Чумбалов, Мухамедьярова (1970) шыралжын жусанын (А. Dracunculus - полынь эстроген), Іле жусанын (A. Transiliensis -п. заилийская), күздік жусанды (A.serotina - полынь осеним ) зерттеп, оларда флаванойдтар бар екендігін анықтады.
Л.С.Атюкина (1977) Қазақстандағы жусанның кейбір түрлерін зерттеп, оларда оксикумариндер бар екендігін анықтады. Оксикумариндер мөлшері өсімдіктің түріне байланысты 0,25-тен 1,52%-ға дейін өзгеретіндігін анықтады.
Мысалы, көкшағыр жусанда (Artemisia marschalliana - полынь маршалловская) - 0,25; құм жусанда (А. Агепагіа - полынь песчаная) - 0,66; бөлшекті жусанда (A. QuinqueloB - полынь пятидольчатая) - 0,97; шашақты жусанда (A.Scoparia - полынь метельчатая) - 1,52.
О.А.Коновалова, К.С.Рыбалю, А.И.Шретер (1976) КСРО флорасынан құрамында кумариндер бар жусанның 20 түрін тауып көрсетті.
М.И.Горяев (1952) өзінің монографиясында КСРО флорасындағы құрамындағы эфир майлары бар жусандарды көрсеткен, оның ішінде Қазақстанда өсетін жусанның түрлері де келтірілген.
Қазақстанда кеңінен таралған тамыр жусан (Artemisin terrae albae - п. белоземеяьная) өсімдігінің алғаш химиялық зерттеу жұмысын (Бетпақ даладан жинаған) Л.П.Данилевский (1935) жүргізді.
Л.П.Данилевский тамыр жусанда 0,79% эфир майы болатынын анықтады. Оның кұрамында мынадай компоненттер болды. Цинол - 8%, камфор - 37%, кумин альдегиді - 6%, борнеол -7%.
Алматы облысы Караой үстіртінде жиналған тамыр жусанда эфир майының мөлшері 0,87% болды. Жамбыл облысы Шу ауданынан жиналған тамыр жусанда эфир майының мөлшері 0,56% болды.
М.И.Горяевтің бірнеше авторлармен бірге жазып шығарған «Химический состав Польшей» деген кітабында жусан туыстарының, туыс тармақтарының, секцияларының әртүрлі өкілдерінің химиялық құрамдары келтірілген. Мұндай мәліметтер ғылым үшін өте құнды саналады. Өйткені мұндай мәліметтер жеке таксондардың биология - химиялық тұрғыдан филогениясын түсінуге мүмкіншілік береді. Сонымен қатар пайдалы органикалық заттардың түзілу заңдылықтарын ботаникалық тұрғыдан табуға мүмкіншілік береді.
Орта Азия жағдайында эфир майлы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтерді И.К.Озолин (1931) мен С.Н. Кудряшев (1935) жарияланған мақалаларында көрсетті.
Орта Азия ботаникалық бағында олар біржылдық жусанды (Artemizia annua - п. однолетняя) зерттеді. Алынған эфир майының мөлшері - 0,08%.
Дәрмене жусанның (A. сіna – п цитвария) химиялық құрамын зерттеу үшін сол Орта Азия ботаника бағынан жинады. Ол өсімдіктегі эфир майы мөлшері 1,31 % балды.
Е.В.Вульф, Л.А.Михольсон (1937) мәліметері бойынша екпе жағдайда эфир майларының мөлшері шыралжында (A.dracunculus - п. эстрагон) - 1,018%.
A.nutans өсімдігінде -0,972% A.maritima өсімдагінде -0,985% екендігі анықталды. Н.Т.Нечаева, С.Я.Приходька (1956) Түркменстан жағдайында жасанды жусандықтар жасау үшін екпе жағдайда Бадқыз жусаны - A.feadhysii (полынь бадхызская) өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, сор топырақты жерлеріне егіп тәжірибе жасады.
Қазақстанда жусанды мәденилендіру туралы алғашқы мәліметтерді В.Н.Ворошилов (1941) жариялады. Екпе жағдайда ақшыл жусан медицина өндірісіне өте қажет, өйткені оның эфир майларында 73-96%-да камфора бар.
Қазақстан Ғылым академиясының бас ботаник бағында Іле жусанын (A.Transiliensis - п. заилиская) жерсіндіру туралы тәжірибелерді Е.А.Белова (1950, 1961) жүргізді. Тәжірибелік жағдайда ол жусанның биологиялық ерекшеліктері, өнімділігі зерттеліп, оны өсірудің тиімді агротехникасы жасалды.
Кейбір дәрілік және эфир майлы өсімдіктер жан-жақты зерттеліп, нәтижесінде оларды тиімді пайдалану ережелері ұсынылды.
Қазақстанның ботаник - ресурстанушылары эфир майлы өсімдіктерді зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті. Эфир майлы өсімдіктер тізімі жасалды. Олардың саны - 456, оның ішінде эфир майына бай 100 түрінің толық сипаттамасы берілді. Олар 23 тұқымдасқа жатады.
Құрамында эфир майының мөлшері 1%-дан жоғары 38 өсімдік түрі анықталды. Олар:

  1. Сібір қарағайы - сосна сибирская.

2.Сібір самырсыны - пихта сибирская.
3.Қызыл арша - можжевельник казачьии.
4.Түркістан аршасы - можжевельник туркестанский.
5.Сібір аршасы - можжевельник сибирский.
6.Бұқтырма либонотисі - порезник бухтарминский.
7.Ақшыл либонотис - порезник седоватный.
8.Ақышкен сасыры –ферула акчикенкая
9.Жоңғар сасыры - ферула джунгарская.
10.Салалы сасыры - ферула рассеченная.
11.Сыпырғы сасыры - ферула метельчатая.
12.Сібір жебірі - тимьян сибирский.
13.Маршалл жебірі - тимьян маршаловский.
14.Ірігүлді сайсасық - иссоп крупноцветковый.
15.Азия жалбызы - мята азиатская.
16.Бұташық аяния - аяние кустарничковое.
17.Сантолин жапырақ жусан - полынь санталинояиста».
18.Мұз жусан - полынь холодная.
Осы жоғарыда келтірілген 18 және қалған 20 түрінің ресурстық сипаттамасы берілген.
Эфир майлы өсімдіктердің және олардан алынған эфир майларының шаруашылықтың әртүрлі саласындағы маңызы өте зор. Олар өте кеңінен парфюмерияда, косметикалық өндірісте, медицинада пайдаланылады. Мысалы, иіс сулар, кремдер және тағы басқалары шығарылғанда барлық өндірілетін эфир майларының 90%-ы сол парфюмерия - косметология өндірісінде пайдаланылады.
Микробтарға қарсы инсектицидті, фунгицидті қасиетеріне байланысты эфир майлы өсімдіктер және олардың майлары халықтық және ғылыми медицинада кеңінен пайдаланылады.
Эфир майларымен емдеу өте тиімді болғандықтан, оларды ғалымдар ерекше терапия, ароматотерапия деп атады (Павлов, 1942, Лушников, 1943 және т.б.).
Эфир майларының фармацевтикалық өндірісте дәрілік препараттарды өңдіруде маңызы зор. Мысалы, «Энатин» препараты құрамыңда андыз тамыр, айыр (Acorus calamus - айр, ирный корень) және жалбыздың (Menta - мята) майлары болады. «Артемира» препараты кұрамыңда жусанның, жалбыздың және шабдалының майлары болады. Аталған препараттың спазмаға зәр айдаушы, өт айдайтын әсерлері бар.
Бұрыш жалбыздың (Menta piperita - м. перечная) эфир майлары және оның кейбір компаненттері дәрілердің дәмін жақсарту үшін және ауыз шаятын ертінділерге, тіс пастасына, иіс суларға жалбыз тұнбаларына олардың сапасын жақсарту үшін , өтті айдауды күшейту үшін ішіледі.
Ол әртүрлі жүрек-қан жүйелеріне әсер ететін комплекстік препараттар құрамында болады (мысалы: валдол, зеленин тамшылары). Мигренге қарсы қолданылатын майлардың және тұмауға қарсы тамшылардың, ингаляцялық қосылыстардың құрамында болады.
Медициналық практикада раушан эфир майлары кеңінен қолданылады, мысалы, раушан майының негізінде дайындалған май ауыз қуысының ауруын емдеуге пайдаланады.
Халық медицинасында мускат, шалфейдің эфир майлары ревматизмді, асқазан ауруларын, бүйрек ауруларын және жараларды емдеуге пайдаланылады. Жусаның кейбір түрлері ресми қабылданған дәрілік шикізат болып саналады;.
Жусандардан (Сиверс жусанынан - A.Sieversiana.) алынған хамазулен демікпе (астма) ауруын, ревматизмді, экземаны, күйікті емдеуге қолданылады.
Ермен жусан (Artemisia vulgaris - полынь обыкнавенная ) халық медицинасында әйелдер ауруларын емдеуге, эпилепсия болғанда, сіңірі тартылғанға қарсы қолданады.
Австрия жусаны (A. Austriacea - полынь австриская) малярияға қарсы ішіледі.
Дәрмене жусанынан (А. Сіяа - полынь цигварная) алынған эфир майында (дәрмене құрамында) цинолдың болуына байланысты бактерияларды өлтіретін қасиеті бар. Ревматизмді және жүйке ауруларын емдеуге және қан қысымы жоғары болғанда ішіледі. Дәрмене жусанның тұқымдары және одан алынатын сантонин гельминттерді өлтіретін дәрі ретінде ішіледі.
Қазіргі медициналық практикада құрамында эфир майлары бар көптеген препараттар беріледі. Мысалы: роватниекс, цистенол, энатин және т.б. Б.Д.Алексеев, Г.П.Березовская (1968) және т.б. және жусандардан алынған эфир майларының микробтарға қарсы белсенділігін зерттеді. Нәтижесінде жусандардың эфир майларының бактерияцидтік және фунгицидтік (санырауқұлақтарды өлтіретін) әсерлері бар екендігі дәлелденді.
Ресей дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу институтының микробқа қарсы дәрілер лабораториясында жұқпалы ауруларды емдеу үшін эфир майларының ішінен химиятерапевтикалық препараттарды іздеу өте перспективалы деп саналады.
С.А.Вагапованың (1968) зерттеулері нәтижесінде 122 эфир майының 10-ы 43 компонентімен микробтарды өлтіретін қасиеті бар екендігі дәлелденді.
Тамақ өнеркәсібінде әртүрлі өнімдер шіруден және зеңнің (плесень) пайда болуынан үлкен шығынға ұшырайды. Ал эфир майларын пайдаланып, ол процестерге тосқауыл қоюға болады.
Дермотофиттер (дерма-кожа-қабық) мен зеңдер теріні және ішкі органдарды әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Бұл ауруларға қарсы медицинада тиімді дәрілер шектеулі.
Т.П.Березовская және т.б. (1968) гмелин және мұз жусандарының Artimisia gmelini, A.fngida жусандарының бактерияларды өсіретін қасиеті бар екендігін анықтады.
Кейбір эфир майлы өсімдіктер және олардың мүшелері тағам ретінде пайдаланылмағанымен тамаққа қосса оған ерекше дәм береді. Мұндай өсімдіктерді хош иісті өсімдіктер деп атайды. Ол өсімдіктердің хош иісті болатыны олардың құрамында эфир майы, гликозидтердің және басқа да химиялық қосылыстардың болуына тікелей байланысты. Мұндай хош иісті қасиет беретін заттар әртүрлі вариантта пайдаланылуы мүмкін.
Ет және еттен жасалынған өнімдерге хош иісті заттар эфир майларының, майонездің, соустардың және салат тұздығының жиынтығы ретінде пайдаланылады.
Көптеген эфир майлы өсімдіктер микробтарды өлтіретін қасиетіне байланысты консерванттар ретінде пайдаланылады. Мысалы: саз қызанақ (ledum palustre - багульник болотный), көкбас жұпаргүл (Origanum tyttanthym - душица мелкоцветковая).
Құйып жасайтын ет консервілерінде, колбаса, кулинарялық өнімдерді жасағанда өсімдіктерді түгел немесе ұнтақ түрінде пайдалануға болады. Мысалы, шатыргүлділер жемістері, ерінгүлділер жапырақтары.
Жемістен жасалған хош иісті препараттарға эфир майлары қосылады.
Қазіргі кездері конфеттер массасына әтүрлі эфир майлары, мысалы, раушан, қалампыр, кардамон, жалбыз, лимон ,апельсин, шалфей және т.б. өсімдіктердің эфир майлары қосылады.
Нан өндіретін өндірістерде әртүрлі хош иісті өсімдіктер пайдаланылады: Мысалы: кәдімгі анис (Aпis vulgare – анис обыкновенный), кориондр (Coriandrum - кориондар), тмин (Carum - тмин), кәдімгі құлмақ (Humulus Lupulus - хмель обыкновеный), көкнәр (Papaver - Мак), бәйшешек (Crocus-шафран).
Парфюмерияда және сабын өндіретін өндірісте қарағай (Pinus - сосна), шырша (Рісеае - ель), арша (Juniperus -можжевельник), айыр (Aeoras - аир), қайың (Betula- береза) раушан (Rosa - роза), жалбыз (Mеnta - мята) кеңінен пайдаланылады.
Сонымен, эфир майлы өсімдіктер медицинада және өндірісте кеңінен пайдаланады, жылдан-жылға эфир майлы өсімдіктерге сұраныс артуда. Қазақстанда эфир майлы өсімдіктері өте көп және жақсы зерттелген. Көп зерттелген аймақ - Оңтүстік Қазақстан облысы.
Қазақстанның территориясында, әсіресе Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс аудандарында табиғи фитоценоздар құрамында өте мол эфир майлы өсімдіктер кездеседі.
Қазақстанда өсетін 500 эфир майлы өсімдік зерттелген. Ғылыми әдебиеттерде құрамында эфир майының мөлшері 0,5мг 100гр құрғақ массасында болатын өсімдіктерге сипаттама берілген. Эфир майлы өсімдіктер, негізінен қарағайлар (Ріnaceae - сосновые), кипаристер (Cupressaceae - кипарисовые), астралар (Asteraceae - астровые), селдерейлер (Аріасеае - селдерейные), тауқалақайлар (Lamiaceae - яснотковые) тұқымдастары өкілдері. Сондықтан осы негізгі тұқымдастарға жататын ең манызды саналатын кейбір түрлеріне қысқаша сипаттама беріп өтейік.
I. Pinaceae (қарағайлар - сосновые) тұқымдасы.
1. Сібір самырсыны (Abies sibirica - пихта сибирская) көпжылдық ағаш биіктігі 30 м-ге дейін. Кронасының формасы енсіз, қисық пирамида тәрізді. Қазақстанда тек таулы жерлерде жоғарғы орманды шекараға дейін 2000 м биіктікке дейін таралады.
Самырсында эфир майларының мөлшері қылқандарында тіршілік ететін ортасына байланысты 3,09-3,27% шамасында болады.
Бұл өсімдіктің бүршіктері, қылқандары және қабығы халық медицинасында кеңінен пайдаланылады. Эфир майларының компоненттерінен бориеол және борнилацетаттан медицинада қолданылатын камфара алынады.
Бұл тұқымдастан Шренк шыршасы (Рісеа Schrenkiana - ель шренка), самырсын қарағай (Pinus sibirica - сосна кедровая) өсімдіктеріде эфир майлы өсімдіктерге жатады.
ІІ. Cupressaceae (кипаристер - кипарисовые) тұқымдасы.
Бұл тұқымдастан 5 түр негізгі эфир майлы өсімдіктерге жатады. Олар J.Pseudosabina (қара арша - м. ложноказачий), J. Sibirica (дәрі арша - м. сибирский), J. Turcestanica (балғын арша, Түркістан аршасы - м. туркестанский), J. Semiglobosa (сауыр арша - м. полушаровидный). Осы бес түрдің ішінде Juniperus Sabina - қызыл арша өсімдігіне толығырақ тоқталып өтейік.
Көпжылдық төселіп өсетін өсімдік, биіктігі - 1-2м бұта. Қабығы қызыл-сұр, көлеңке жағындағы жапырақтары ине тәрізді. Бүршікжемістілер. Өте мол, дара орналасқан, майда, сұр-қара түсті, тұқымдары екіден. Екі үйлі өсімдік. Негізінен құмда, таулы жерлерде төменгі белдеуінде құрғақ бөктерлерінде өседі. Жалпы таралуы Оңтүстік, Батыс Европада, КСРО-да, Қырымда, Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірде кездеседі. Көк бұташықтары дәрілік зат ретінде пайдаланылады, оларда эфир майлары болады. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында популяциялары молырақ таралған. М.Қ.Кукенов (1990) және т.б мәліметтері бойынша Шығыс-Қазақстан облысында бұл өсімдіктің 100 гр құрғақ массасында 2,473-4,72 мл эфир майы болатындығы анықталған. Ал Жоңғар Алатауында 1,600-2,420 мл алынған. Бұл өсімдіктің эфир майының құрамында сабинен, пинен, сабинола - 10-17%, сабинолацетат - 50%, цитронилол, гераниол, казцинел, дегидрокумин спирті болатындығы анықталды.
Қызыл аршадан эфир майларынан басқа биологиялық белсенді заттар: рутин, апитенин, катехиндер бөлініп алынған.
ІІІ. Аріасеае - сельдерейлер (селъдерейное) тұқымдасы. Бұл тұқымдаста:
1. Angelica decurrens (аласа аюбалдырған – дудник низбегающий).
2. Seseli buchtormense - (Бұқтырма либанотусы - порезник бухтарминский).
3. Seseli schrenkianaum - (Шренк либонотусы - порезник шренковский).
4. Seseli incanum - (ақшыл либанотусы – порезник седоватый)
5. Seseli glabratum - (тегіс тырнашөп - жабрица гладкая).
6. Ferula ovina - (бағаншалы сасыр - ферула стелбиковая) (+).
7. Ferula dissecta - (салалы сасыр - ферула рассечанная).
8. Ferula kitschkensis - (ақышкен сасыр – ферула акичкенская)
9. Ferula feralaeoides - (сыпырғы сасыр – ферула метельчатая)
10. Ferula soongarica - (жоңғар сасыры - ферула джунгарская).
11. Ferula karatavіensis - (Қаратау сасыры - ферула каратауская).
12. Ferula diversivittata - (әрсалалы сасыр - ферула разнокальцевая).
13. Ferula kelleri - (келлер сасыры - ферула келлера).
14. Ferula penniпеrvis - (тамырлы сасыр - ферула перибожальтое).
15. Ferula tenuisеcta - (жіңішке сасыр - ферула тонкорассеченная).
16. Tallasia transiliencis - (Іле талассиясы - талассия заилийская).
17. Schrenkia involucrata - (оралған Шренк - шренка обернутая).
18. Athamantha macrophylla - (іріжапырақты атаманта -атаманта крупнолистая).
19. Heracleum dissectum - (тілік балдырған - борщевик рассеченный).
20. Cuminum setifolium - (тікежапырақты құмшөп - песколюб щетинолистый).
Енді осы жоғарыда аталған Аріасеае тұқымдастарына жататын 20 негізгі эфир майлы өсімдіктің кейбір маңыздыларына толығырақ сипаттама беріп өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет