Дәріс-1: Пәнге кіріспе. Биологиялық ресурстар


Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая)



бет49/77
Дата08.09.2023
өлшемі343.62 Kb.
#476884
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
5.Лекциялық кешен

4. Ajania fastigiata (калқан аяния - аяния щитковая).
Көпжылдық, биіктігі - 30-90см, қалың түктенгенген содан түсі бозғылт. Сабақтары түптерінде сүректенбейді, қалың жапырақты, ортаңғы және жоғарғы жапырақтары қанатты сағақты.
Тасты баурайларда және далаларда, бұталар арасында өседі.
Алматы облысы Түрген шатқалында өскен қалқан аянияда эфир майының мөлшері 0,55-0,71мл шамасында болған.
5. Artemisia santolinifolia (Сантолин жапырақ жусан - полынь сантолиолистая).
Жартылай бұта биіктігі – 7-45см, тамыры жуан. Сүректенген, төменгі бөлігінде күшті бұтақтанған.
Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, қысқа сағақты. Қазақстанда таулардың субальпі белдеуінің тасты, майда тасты тау баурайларында, шалғындық-дала баурайларында өседі. Жалпы таралуы - Оңтүстік Орал, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібір, Монғолия, Қытай, Тибет.
Сантолин жапырақ жусаннан алғаш рет эфир майын алған О.А.Прохорова және И.М.Лебедев (1932) жаңа ылғал өсімдіктен 1%, ал құрғағынан 0,46%. Бұл өсімдіктің эфир майының құрамында фенолдар - 16%, альдегидтер - 14%, спирт - 20%, борнеол - 2,3%, крезол - 9%, органикалық қышқылдар - 8% болады.


Дәріс-12: Балды өсімдіктер

-Ара шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы


-Тозандану, тозаң, нектар және прополис туралы түсінік
-Тозаңдардың химиялық құрамы
-Eгiс даласының, бау-бақшалардың, орман алқаптарының және шалғындықтардың бағалы балды өсімдіктері

Ара шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды қосымша шаруашылығы болып саналады. Ара шаруашылығы көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда және малазықтық шөптерге қатысты тұқым шаруашылығында дамытуда бағалы тағам өнімдерін өндіруде табиғат байлығын, өндірістік шикізатты тиімді пайдалануда және де пайдалы медициналық препарат өндіруде өте маңызды рөл атқарады.


Азық қорын тиімді пайдаланып, ара шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру шаруашылыққа үлкен табыс әкеледі. Мысалы, кеңес үкіметі кезінде кейбір колхоздарда шаруашылықтағы жалпы табыс-кірістің 35-50 %-ын ара шаруашылығы беретін еді. Одан басқа насекомдармен тозаңданатын дақылдардың аралармен тозаңдануы оған қосымша алдыңғы қатарлы агротехниканы қолдану өнімділікті 20-30 пайызға көтереді. Жоғары өнімді ара шаруашылығы мәдени және табиғи фитоценоздардағы балды өсімдіктерді тиімді, ебін тауып дұрыс пайдалануға негізделген. Сондықтан ара шаруашылығын дұрыс жолға қойып табыс табу үшін сол регион флорасындағы балды өсімдіктерді зерттеп, олардың биологиялық ерекшеліктерін білудің маңызы зор.
Нектар (тәтті шірне) беретін өсімдіктер өте көп болғанымен, олардың ішінде мол балдылары өте аз. Балды өсімдіктердің көп не аз болуы ол ара ұяларының тұратын жерінің өсімдіктеріне байланысты. Орманды жерде, әрине балды өсімдіктер көп болады, ал батпақты жерлерде балды өсімдіктер аз болады.
Аралардың тіршілігі гүлді өсімдіктермен тығыз байланысты, гүлді өсімдіктердің тұқымдары гүл түйінінің ішінде дамиды және жеміс қабырғаларымен қорғалған.
Көп өсімдіктердің гүлдері қосжынысты, бірақ жиі гүлде біздер тек аталықты немесе тек аналықты көреміз, мұндай гүлдер біржыныстық деп аталады. Егерде аталық және аналық гүлдері өсімдіктің бір индивидінде орналасса, оларды бір үйлі, ал әртүрлі индивидтерге орналасса, екі үйлі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет