Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Лекция (1)

Қатынастар анализі танудың күрделірек сатысы. Мысалы, қарапайым 
жіктеулік салыстырумен білім алушылардың іс-әрекетінің ішкі сипатын аша 
алмаймыз. Ол үшін оны бөліктерге бөліп, олардың арасындағы қатынастарды 
зерттеу керек. Оқушының оқу іс-әрекетін зерттеуде олар бұл іс-әрекеттің 
мақсатын, функцияларын білу, мұғалімнің оң немесе теріс бағаларының оқу 
сипатына ықпалы, оқу міндеттерінің және білім алушылардың таным 
процестерінің араларындағы тәуелділіктер және т.б. болуы мүмкін. 
Қатынастар анализі арқылы белгілі құбылыстардың даму процесін зерттеуге 


болады. Мысалы, білім алушының тәртібін зерттеу үшін төмендегі 
гипотетикалық шарттарды құруымыз керек: 
1) білім алушылардың жас ерекшеліктері
2) сыныптың, мектептің әлеуметтік құрылымы; 
3) білім алушылардың мұғалімдерге деген қатынасы және т.б. 
Дегенмен, қатынастар анализі себеп-салдар байланыстарын аша 
алмайды. 
Құбылыстар қатынасы және сол қатынастар нәтижесінде олардың 
өзгеруі «функция» ұғымы арқылы белгіленеді.
Қатаң функционалдық тәуелділік – бір құбылыстың өзгеруі екінші 
құбылыстағы нақты өзгерісті тудыратын, құбылыстар арасындағы өзара 
қатынас формасы. 
Себеп-салдар байланыстарын ашуға каузалдық анализ мүмкіндік 
береді. Бірақ, каузалдық анализ құбылыстағы жалпы байланыстарды үзіп, 
себеп пен салдарды жеке-жеке қарастырады. 
Педагогикалық процесс күрделі динамикалық жүйе. Каузалдық анализ 
оның бір жағын, бір қырын ғана қарастырады. Педагогикалық процесс 
жүйесін түсіну үшін оның жалпы байланыстарын қарастыру қажет. Оған 
диалектикалық анализ мүмкіндік береді. Диалектикалық анализ – анализдің 
ең жоғары формасы. 
Синтез – бөліктерді бүтінге біріктіру, бүтінді жеке элементтерден 
тұратын күрделі құрылым ретінде қарастыру.
Анализ және синтез диалектикалы өзара байланысқан. Анализ 
барысында алынған нәтижелерді схема, жоспар, бағдарлама түрінде 
синтездеуге болады. 
Абстрактілеудің 2 түрін бөлуге болады: қорыту және бөлектеу. 
Қорыту – көптеген біртекті заттар мен құбылыстардан ортақ, бірдей 
белгілерді бөліп алу. 
Бөлектеу - бір затты немесе құбылысты зерттеу процесі және талдау 
үшін бір қасиетін бөліп алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет