Нурдавлат
Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.
Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
САМАНДАР
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді құттықтаймыз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
КОМИЛЖОН
Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз
НАФИСА
Ұстазым, Әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл - кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз.
ЗИЯД
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
САРДОР
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
ВАЛИДА
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
КАМИЛА
Әр ата-ана ,Сізге ең құнды нәрсе - балаларды сеніп тапсырады, сіз оларды жақсы көресіз және оларға қажетті білім бересіз. Сіздің кәсібіңіз оңай емес, бірақ сіздің бүкіл өміріңіз бен бақытыңыз сонда. Біздің ұстазымыз болғаныңызға мың алғыс! Сізге қуаныш және сәттілік тілейміз. Мұғалімдер күнімен!
Бехруз
Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздарымызға мың алғыс.
Дияна
Аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп
жүрсін! Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін.
ПАЙЗИ
Оқушылар атынан сіздердің ең ізгі тілектеріңіздің орындалуын тілейміз, сондай-ақ отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік, келісім, қуаныш пен жайлылық болсын.
СЕВИНЧ
Құрметті ұстаздар! Сіздерді мерекелеріңізбен - мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге күнделікті жұмыстарыңыздан рахат алуға, ұжымда жақсы қарым-қатынас болуына, ақылды және тілалғыш оқушылар және жеңіл оқу жылын тілейміз. Сіздерге денсаулық және жеке бақыт, үйде амандық және өміріңіздегі ең жақсы күндерді тілейміз!
МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Достарыңызбен бөлісу: |