Дәріс. Биогеоценология. Ұғымдары



бет2/5
Дата21.09.2022
өлшемі23.52 Kb.
#461061
1   2   3   4   5
3лекцЭиУР2022каз

Биогеоценоз - табиғаттағы бедердің бөлігі және биосфераның үстіртін құрамды бірлігі. Биогеоценоз - жабық жүйе емес, онда іргелес биогеоценоздарды байланыстыратын энергетикалық «шығыс» - «кірістер» бар. «Тірі зат» ретінде жануарлардың орын ауысу арқылы және газ, сусын және қатты денелердің сатысы ретінде көршілес биогеоценоздарда зат алмасу жүреді. Сөйтіп, биогеоценоз - биосфераны тұрғызатын кірпіш болып табылады.


Экожүйелердегі экологиялық әрекеттестері.
3.2 Трофиялық байланыстар. Литосфера, гидросфера, атмосфера - құрауыштартардан бейбиотикалық құрамды бөлігі шығады.
Биотикалық құрамды бөлігі (биоценоз) құрамында, дамуында, қызмет етуіне ерекшеліктермен сипатталатын фитоценоз - өсімдіктер, зооценоз - жануарлар, микробоценоз - микроағзалар кіреді.
Әр экожүйеде тағамдық (трофиялық) байланыстар және келесі құрауыштардың (компонентердің) салыстырмалы ретіндегі әрекеттесулер болады. Бұл күннін қуатын шоғырлайтын алғашқы өнімнің продуцентті (туындаушы) - фитоценоз; өмір сүру үшін фитоценоздың ағзалық (органикалық) заттардың қуатын пайдаланатын консументтер (екінші туынды өнімдердің туындаушысы) - зооценоз; өлген ағзалық заттардың қуатын пайдаланатың - ағзалардың редуценттері (деструкторлар) - басқаша айтқанда, құрамын бұзушылар, ыдыратушылар - микробоценоз. Микробоценоз өліктерді құртып, алғашқы органикалық затты өндіру үшін өсімдіктерге қолайлы бастапқы минералды элементтерді шығарады.
3.3 Қоректену тізбектер. Бір ағзаның басқа ағзаны жеуі арқылы тамақтың қуатын, соңы туғызатын өсімдік ағзаларын қатар бойынша тасымалдауын қоректік (трофиялық) тізбек деп атайды. Қоректену әдісі бойынша ағзалар автотрофиялық және гетеротрофиялықтарға бөлінеді.
Автотрофиялық ағзалар (дербес қоректілер) Күннің және химиялық реакциялардан бөлінетін қуатын пайдаланып, органикалық емес заттан органикалық затты жасап алады. Осындай ғарышпен өмірді байланастыратын жалғыз тірі заттарға - өсімдіктер жатады.
Гетеротрофиялық ағзалар (тыс қоректілер) тамақ ретінде органикалық затты пайдаланады (өзіне денеден тыс жатқан органикалық тамақты алады). Оларға тірі өсімдіктер, өсімдіктердің тұқымы және өсімдіктердің, жануарлардың өлі қалдықтары қорек болады.
Консументпен пайдаланбаған, олардағы қорекке жататын ағзалар өліктік ағзалық (органикалық) затты толтырады. Қабылданбаған қоректің бөлігі бар нәжіс және суда, топырақтың бет жақтарында болатын жануарлардың өлекселері, өсімдіктердің қалдықтары (жапырақ, бутақ, балдыр) сол затты құрастырады. Солармен бірге суқоймасының органикалық тұнбасын детрит деп атайды. Онымен қоректенетін ағзалар - детритофагтар. Солар құратын қоректік тізбекті детриттік қоректік тізбек деп атайды.
Өсімдіктердің және жануарлардың энергетикалық қорының 90 % астамы солар өлгеннен кейін пайдаланылады. Алдымен өлекселер солардан ірі аңдармен - некрофагтармен (өлімқоректілермен: шиебөрі, қорқау қасқыр (гиена), жұртшы (стервятник), қумай (гриф гималайский), тазқара (гриф чёрный)) желінеді. Содан кейін майдалары (өлексе шыбындардың балапанқұрты мен және өлексе қоңыз), аяғында микроағзалар - деструкторлар (құрылым құртышы) оны жояды.
Топырақ фаунасының (мақлұқаттарының) - педофаунаның - тіршілігі өсімдіктердің құйымды органикалық қосыластарына дейін ажыратудан тұрады (мысалы, шұбалшанның әрекеті арқылы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет