Дәріс. ІР мекен-жай құрылымы. Электрондық пошта.
Мақсаты: ІР мекен-жай құрылымы Компьютер желілерінің архитектурасы. Жергілікті есептеу желілері. Электрондық пошта қызметі. Интернет және электрондық пошта. FTP и Telnet протоколдары.
Компьютерлік желі – бір-бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
OSI эталондық моделі. Желілік программалық жабдықтарды құруды реттеу мақсатында және кез келген есептеу жүйелерінің әрекеттесу мүмкіндіктерін қамтамассыз ету үшін Стандарттаудың Халықаралық Ұйымы (International Standart Organisation - ISO) ашық жүйелер әрекеттестігі эталондық моделін (Open System Interconnection -OSI) құрды. Бұл есептеу желілері жұмысының жеті деңгейлі логикалық үлгісі, ол деңгейлер:
физикалық деңгей;
арналық деңгей;
желілік деңгей;
көліктік деңгей;
сеанстық деңгей;
көрсетімдік деңгей;
қолданбалы деңгей .
Бұлардың алғашқы үшеуі (физикалық, арналық, желілік) мәліметтер жеткізу мен бағдарлауға, көліктік деңгей алғашқы үшеуі мен жоғарғы деңгейлер арасындағы байланысты жасақтауға, соңғы үш (сеанстық, көрсетімдік, қолданбалы) деңгейлер пайдаланушы қолданбаларына қызмет көрсетуге негізделген.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір–бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Шағын аумақты алатын және бір-бірімен ортақ желілік ортамен байланысқан компьютерлер тобы жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) деп аталады. Желідегі әрбір компьютер түйін (узел) деп аталады. Желі негізгі үш атрибутпен сипатталады: топологиясы, ортасы және хаттамалары.
Компьютерлік желілердің басты мақсаты–ортақ компьютерлік ресурстарды бірлесе қолдануды қамтамасыз ету.
Компьютерлік ресурстар 3 түрге бөлінеді:
1) аппараттық ( мысалы: принтер);
2) бағдарламалық;
3) ақпараттық
Компьютерлік желілерде аппараттық және бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін, хаттама (протокол) деп аталатын арнайы стандарттар әрекет етеді.
Хаттама дегеніміз–мәліметтерді ұйымдастыру жайындағы келісімдер мен ережелердің жиыны. Ол мәліметтердің дұрыс бағытта тасымалданылуын және ақпарат алмастыру үдерісіне қатысушылардың барлығына осы мәліметтердің түсінікті болуын қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілер мына түрлерге бөлінеді:
1) жергілікті (локалды) желі (LAN – Lokal Area Network);
2) аймақтық (регионалды) желі (MAN – Meropolitan Arta Network);
3) корпоративті желі–бір корпорацияға жататын компьютерлерді біріктіретін желі. Мысалы: Intranet;
4) ауқымды (глобальды) желі (WAN – Wide Area Network).
Бір мекемедегі немесе кабинеттегі компьютерлерді өзара біріктіру барысында жергілікті желі пайда болады.
Жергілікті желіде жұмыс жасайтын компьютерлер тобын жұмыс тобы деп атайды. Бір ғана жергілікті желіде бірнеше жұмыс тобы жасауы мүмкін. Жұмыс тобындағы әр компьютердің желінің ортақ ресурстарына кіруі үшін, әртүрлі құқықтары болуы мүмкін. Мысалы, жергілікті желіде барлық компьютерлер тең құқылы болса, онда желі бір рангілі желі деп аталады. Компьютерлік желіге қатысушылардың құқықтарының бөлінуі мен шектелу тәсілдерінің жиынтығы желі саясаты деп аталады. Желі саясатын басқаруды желі әкімшілігі деп атайды.
Жергілікті желі мен ауқымды желі арасында желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін брандмауэр қолданылады. Желілер арасында мәліметтерді рұқсатсыз орналастыруға кедергі жасайтын арнайы компьютер немесе компьютерлік бағдарлама брандмауэр деп аталады.
Қандай да бір байланыспен жалғанып, деректермен алмасатын екі немесе бірнеше компьютер ақпараттық желіні құрайды. Байланыс құралдарына кабель, инфрақызыл сәулелер, радиотолқындар немесе модем мен телефон линиясы жатады
Топология - компьютерлерді жалғау схемасы. Топологияның мынадай негізгі түрлері бар:
1) «Шина» топологиясында компьютерлер желілік кабель арқылы тізбектей жалғанады. Мұнда компьютерден шыққан мәліметтер қалғандарының барлығына бір уақытта жетеді. Ең қарапайым және ең көп тараған топология.
2 -сурет – «Шина» топологиясы
«Жұлдыз» («Звезда») топологиясында әрбір компьютер орталық құрылғы-концентраторға (коммутаторға) жалғанады. Бұл топологияда орталық түйін–«хаб» немесе концентратор бар. Әрбір компьютер концентраторға жеке кабельмен жалғанады.
3 -сурет – «Жұлдыз» топологиясы
«Сақина» («Кольцо») топологиясы - екі жақ ұшы жалғанған «шина» топологиясы тәрізді. Айырмашылығы, тізбектің екі ұшы бір-біріне тұйықталады. Әрбір компьютер тек басқа 2 компьтермен байланысқан топология. Мәліметтер бір компьютерден екіншісіне бір бағытта тасымалданады. Компьютерлер бір-бірімен тізбектей жалғанады.
4 -сурет – «Сақина» топологиясы
Желідегі компьютерлер әр түрлі қызмет атқара отырып, бір-бірімен әр түрлі байланыста болады. Бұндай өз ара әрекеттің негізгі екі моделі бар: «Клиент-серверлік» және «бір рангті».
«Клиент-сервер» желісінде бір компьютер сервердің, ал қалғандары клиенттің ролін атқарады.
Сервер-басқа компьютерлерге қызмет ететін компьютер. (Нақтырақ, компьютерде жұмысқа қосылған қосымша программа).
Сервердің қызметін пайдаланатын компьютер клиент деп аталады.
«Клиент-сервер» желісінің негізгі желілік қызметі-файлдар мен принтерлерді бірлесіп пайдалану. Осы қызметті орындайтын компьютер-файлдық сервер немесе баспа сервері деп аталады. Сервердің басқа түрлері бар: қосымшалар сервері, почталық сервер, Web-сервер, деректер базасының сервері және т.б.
Клиент-серверлік желіде серверде сақталатын деректерді клиенттер бірлесіп пайдаланады және өңдейді.
Бір рангті желіде барлық компьютерлер тең дәрежелі және клиенттің де, сервердің де қызметін атқарады. Яғни, әрбір компьютер өз ресурстарын желідегі басқа компьютерге ұсына алады және олардың ресурстарына қол жеткізе алады.
Желілік адаптер (ЖА) немесе желілік тақта компьютер мен желі байланысын қамтамасыз етеді. Концентратор немесе хаб “жұлдыз” немесе “сақина” топологиясындағы компьютерлерді қосу үшін қолданылатын құрылғы.
Достарыңызбен бөлісу: |