Дәріс
Жоспар:
1. Урология түралі түсінігі
2. Несеп жыныс жүйесінің зертеу әдістері
3. Несеп жыныс жүйесінің даму аккаулары
4. Несеп жыныс мүшелерінің жарақаттар
5.Несеп жыныс мүшелерінің аурулары: паранефрит,бүйрек тас ауруы, бүйрек шаншу ұстамасы, цистит.
Урология зәр-жыныс ағзалары (бүйрек, зәраққыштар (мочеточники), қуық, үрпінің ішкі тесігі (мочеспускательный канал), қуық алды безі ( предстательная железа), жұмыртқа (яичко), еркектердің жыныс мүшесі ауруларымен ауырғандарды емдеумен шұғылданады.
Науқас урографиялық тексерудің айырмашылығы және арнаулы терминология.
Урология хирургияның сондай бөліміне кіреді, онда диагноз қоярда және науқасты операциядан кейін жүргізгенде, емдегенде хирургияның осы бөліміне тән болған тексерудің арнаулы түрлерін жүргізу қажет болады.
Цистоскопия. Қуықты арнаулы аспап-цистоскоп жәрдемінде тексеру жасалады. Қуықтың сірі қабығынан басқа зәраққыштың қуыққа құятын сағалары көрінеді, оның қызметі анықталады және зәраққыштарды катетрлеу жәрдемінде көтерілуші пиеолография істелінеді.
Хромоцистоскопия. Бұл тәсіл бүйрек қызметін анықтауға көмектеседі. Осы мақсат үшін көк тамырға 0,4 пайыз 4 мл индигокармен жіберіледі. Қуыққа цистоскоп кіргізіледі. Нормада 3-5 минуттан кейін зәр аққыш тесіктерінен көк түске боялған зәр шығады. Индигокармен шығуы тоқтағанда бүйрек және зәраққыштардың қызметі бұзылғандығы туралы ойлау керек.
Зәраққыштарды катетрлеу. Арнаулы катетрлеу цистоскопы қолданылады. Оның көмегінде зәраққышқа арнаулы катетр өткізіледі. Зәраққыштың тыртықтанып тарылуында немесе оның тас пен тығылуында катетр тоқтатылады. Зәраққыштың катетр арқылы бүйрек қалтасынан тікелей зәр алынады.
Өрлегенде пиелография. Зәраққыштар катетрі арқылы бүйрек қалтасына контрасты зат -20 процент сергозин, кардиотраст, диодон еретіндісі немесе оттегі жіберіліп, рентгшен суретіне түсіріледі.
Контраст зат айналасында тастар және ісіктердің кескіні көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |