Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы инттелектуалдық меншіктің түсінігі мен
ерекшеліктерін анықтау, интеллектуалдық меншік ережелерін саралау, азаматтық істі
шешудің жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Негізгі сұрақтар:
Творчестволық қызмет және оның азаматтық құқықтағы ролі. Интеллуалдық меншік
құқығының түсінігі, ерекшеліктері. Өндірістік меншік құқығы. Творчестволық қызметті
құқықтық қамтамасыз ету. Творчестволық қызметтің нәтижесін азаматтық құқықтық
қорғау институттары.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқық. Олардың әрекет еті
мерзімдері. Айрықша құқықтарды қорғау әдістері. Селекциялық
жетістіктерге құқық,
олардың қорғалуы, мерзімі.
Авторлық құқық объектілерінің түсінігі және белгілері. Авторлық құқық
субъектілері.
Авторлық шарт.
Сабақтас құқық.
Тауарлар мен қызметтер азаматтық айналымының қатысушыларын дараландыру
құралдары
Өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгінің ұғымы. Өнертабыс, пайдалы модель,
өндірістік үлгіні пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету. Патент түсінігі мен түрлері.
Қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өндірістік үлгі.
Тауарлар мен қызметтер азаматтық айналымының қатысушыларын дараландыру
құралдарының ұғымы. Фирмалық атау.
Тауардың шығу жері, атауы. Тауар және қызметтер азаматтық айналымы
қатысушыларының дараландыру құралдарын заңсыз пайдаланғаны үшін
жауапкершілік.
Тезис: Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық туралы” заңының 1-бабына
сәйкес, осы заң ғылым, әдебиет және өнер туындыларына (авторлық құқық),
қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік
және кабельдік хабар
таратушы ұйымдардың хабарларын құрумен және пайдаланумен байланысты пайда
болатын интеллектуальдық меншік аясындағы қатынастарды реттейді делінген. Көріп
отырғанымыздай, нақты бап қандай қатынастар авторлық құқық пәні болып
табылатындығы туралы анықтап бермеген.
Бұл мәселені шешу үшін, авторлық құқық азаматтық құқықтық бір бөлігі екендігін
ескерген жөн, осыған сәйкес, авторлық құқық нормаларымен
реттелінетін қатынастар
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 1 баьында көзделген азаматтық
құқықтық қатынастардың түрлері болып табылады. Осы бапқа сәйкес, азаматтық заңдармен
тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес қатынастар
реттеледі: мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық
заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес
жеке қатынастар мәнінен туындамайды делінген.
Яғни, авторлық құқықтың пәні болып тауар-ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты ғылым, әдебиет және өнер
туындыларын құрумен және
пайдаланумен байланысты пайда болатын қатынастар табылады.
Авторлық құқыққа дәстүрлі болып болып автордың шығармашылық нәтижелерін
пайдаланатын тұлғалар мен автордың арасындағы өзара қатынастардың шарттық нысаны
табылады, себебі, мұндай құқықтық құрылым автордың мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтарын жүзеге асыруды және қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, туындыларды шартты түрде пайдалануға бүкіл қоғам мүдделі, өйткені мұндай тәртіп
оның мүшелерінің шығармашылық белсенділігін ынталандырады және қоғамның рухани
байлығының кеңеюіне ықпал етеді.
Авторлық шартпен негізделетін құқықтық қатынастарға азаматтық құқықтық табиғат
тән, себебі олар ақылы, мүліктік құндылыққа ие болып келеді және осы қатынастарға түсе
отырып, автор да, пайдаланушы да белгілі бір мақсаттаоды көздеп, оны жүзеге асыру үшін
мүмкіндіктерге ие болады, Автор қоғамға өз туындыларын жеткізуге және сыйақы
(гонорар) алуға, ал пайдаланушы – оны шығаруға, туындыларын пайдалануға және пайда
табуға ұмтылады.
Авторлық құқық азаматтық
құқықтың құрылымдық бөлімшесі, ал авторлық шарт
азаматтық құқықтықтың бір түрі болғандықтан, біз авторлық шартты азаматтық-құқылық
шарттың түсінігін қарастырып, анықтаудан бастағанды жөн көреміз.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі бойынша азаматтық-құқықтық шарт
бұл – бұл екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу,
өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі (378-баптың 1 бөлімі). Өркениетті әдебиеттердегі
шарттың анықтамасы мазмұны бойынша кодекске қайшы келмейді. Мысалы, көрнекті
Қазақстакндық өркениетті (цивилист) Ю.Г.Басин шартты екі жақты немесе қопжақты
мәміле ретінде, яғни екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтармен
міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі деп анықтайды .
Ю.Г.Басин “Сделки” оқу құралында осы ойын дамытып,
әрі қарай жалғастырады,
сондай-ақ мәмәлені шарт деп тану үшін екі немесе одан да көп адамның жай ғана әрекеттері
емес, тіпті бірыңғай мақсатқа жетуге бағытталған әрекет болса да, ең алдымен олар өзара
келісілген болу керек: әрбір қатысушы саналы түрде мойындап отырған немесе екінші бір
қатысушы мақұлдап отырған әрекеттерді жүзеге асырады. Егер осындай әрекеттер
оқшауланған болса, және әрбір қатысушы екінші бір қатысушыға хабарламай өз бетінше
әрекет етсе, ол шарт емес, мәміле болып табылады (мысалы, өсиет қалдыру және оны
қалдырушы қайтыс болғаннан кейін өсиетте көзделген мүлікті мұрагердің қабылдап алуы).
Авторлық құқық ғылыми, әдеби және өзге де шығармашылық қызметті тікелей
реттемейді. Ғылыми техникалық және көрвем шығармашылық процесі оның әрекет ету
нормаларынан тыс жүзеге асырылады. Авторлық құқық жасалған шығармашылық
нәтижелерге авторлықты тану, олардың
құқықтық режимін анықтау, материалдық және
моральдық ынталандыру және олардың авторларының құқықтарын қорғау қызметін
атқарады. Сонымен қатар авторлық құқықтың жекелеген нормалары ғылыми-техникалық,
көркем және өзге шығармашылық аясында жаңа жетістіктерді жасау, беру және
пайдалануды (авторлық шарт негізінде) ұйымдастыру қатынастарын реттейді.
Авторлық шарт – бұл әдебиет және өнер туындыларын жасау және пайдалану мәселесі
бойынша жасалатын шарт. Қазақстандық авторлық құқықта автордың туындыларын басқа
тұлғалардың (пайдаланушылардың) пайдалануы заң актілерінде арнайы көзделген
жағдайларды ескермегенде, авторлық шарт негізінде жүзеге асырылады.
Шарттық нысан пайдаланушылардың мүдделеріне де сәйкес келеді, себебі олар
туындыны пайдалануға байланысты өзге тұлғаларда жоқ белгілі бір құқықтарға ие болады
және олар өз шығындарының орнын туындыларды қайта
шығарумен және таратумен
толтырып, пайда табуы мүмкін. Авторлық шартқа, ерекше жағдайларда, шарттың жазбаша
нысаны тән, әдетте, ол консенсуалды, екі жақты және ақылы сипатқа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: