Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Отбасылық кеңес берудің мақсат-міндеттері



бет17/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Дәріс

Отбасылық кеңес берудің мақсат-міндеттері.
Кеңес беруші клиентке заңды эмоцияларды бейнелеуіне көмек көрсетеді. Алғашқыда бұл тренинг адамның өз қүқығын жақтауына, мінез-қүлықтың оппозициялық дамуына бағытталады. Соңғы кезде басқа адамға қатысты жағымды эмоциялардың түрлі көріністерінің (махаббат, қамқорлық) байқалуына көп көңіл бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
9. Дәріс тақырыбы: Отбасылық терапия бағыты психологиялық көмек ретінде
Дәріс жоспары:
1.Психодинамикалық теория туралы.
2.Отбасының стратегиялық терапиясы туралы.
Дәрістің мазмұны:
1. Психодинамикалық теория туралы.
Отбасы терапиясы психологиялық көмек ретінде XX ғасырдың 50-жылдары қалыптаса бастады. Өмірдің келеңсіз жағдайларына көмек көрсетуде классикалық (психоаналитикалық, мінез-құлықтық) ықпал етудің пайдасы болмады. Классиктер отбасы қарамағындағылардың жеке тұлғалық дамуын емес, экономикалық тиімділігін көздеді.
XX ғасырдың алғашқы жартысынан бастап психиатрлар мен клиникалық психологтер, әлеуметтік психологтер және социологтер отбасына үздіксіз зерттеулер жүргізді. Олар тек бала тәрбиесіне ғана емес, отбасы құрылымына, түлғааралық қатынасқа, көшбасшылық қызметке, ерлі-зайыптылар арасындағы қақтығысқа, оны шешу жолдарына, жалпы мәдени-рухани құндылықтарға мән берді.
Отбасы терапиясының негізін салушы З. Фрейд 1936 жылы Нионда психоаналитиктердің конгресінде «Отбасы неврозы және невротикалық отбасы» деген тақырыпқа байланысты өз тұжырымын жасайды. Ал Ресейде алғаш 1817 жылдары Ф.И. Уден пікірінше, дұрыс тәрбие бермеудің қалыптасуы мінез-құлыққа истерикалық сипат береді делінген. Уден алғашқылардың бірі болып отбасы өміріне, оның ішінде ата-ананың балаға қатынасы психикаға өсер ететіні туралы пікір айтты.
Ол өзінің тәжірибесін топтық терапия ұстанымдарына сүйеніп, отбасы терапиясы көп деңгейлі процесс деп қарап, сөйлемейтін, үндемейтін мүшелеріне «Не үшін үндемейсіңдер?» деген сүрағынан бастаған. Кейіннен нақты отбасы динамикаеына көңіл бөлген. Концепциялардың ішінде теориялық көзқарастардың екі басты түрі болды, олар психодинамикалық теория жөне жүйе теориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет