Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі


Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде



бет31/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде. Сақтандырудың көмегімен тәуекелдердің экономикалық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.
Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банкті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.
Сақтандыру ерікті негізде екі үлгіде (формада) жүзеге асырылады:

  • қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру (қарыз алушы сақтындырушы болып қатысады, несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздарды енгізе отырып, несиені уақытылы және толық өтеудегі несие берген банктің алдындағы оның жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып саналады);

  • несиені қайтармау тәуекелін сақтандыру (сақтандырушы – банк, ал сақтандыру объектісі – несиені пайдаланғаны үшін несие мен пайыздарды уақытылы және толық қайтарудағы банк алдындағы бүкіл немесе жекелеген қарыз алушылардың жауапкерішілігі).

Келесілер сақтандырудың негізгі кезеңдері болып саналады:

  • сақтанушы қабылдайтын жауапкершілік мөлшері;

  • сақтандыру оқиғасын анықтау;

  • шығындарды өтеу тәртібі;

  • сақтандыру тарифі мен сыйлықтардың мөлшері.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру ерекшелігі назар аударуды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін валюталық тәуекел мәселелері мен оларды сақтандыру әдістері өзекті бола түседі. Шетел валюталары бағамдарының ауытқуы шаруашылық қызметінің нәтижелеріне маңызды түрде әсерін тигізеді. Кәсіпорындардың валюталық қорларына жасалатын аударымдар көлемінің өсуіне қарай жиынтық бағам шығындары да өседі, сондықтан да валюталық тәуекелді шектеу әдістерін таңдау өмірлік маңыздылыққа айналады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз валюталық қорларын банк шоттарында сақтауы кезінде валюталық тәуекелдердің келесідей екі түрі туындайды:

  • барлық шетел валюталарына ұлттық валюта бағамының түсу тәуекелі;

  • әрбір теңге құнын түзетуге әкелген шетел валюталары бағамдарының өзара өзгеру тәуекелі.

Валюталық тәуекелдердің туындауы оларды сатып алу-сату кезіндегі мәмілерді жүзеге асыру барысындағы валюталар бағамының өзгеруінен болатын шығындар қауіпімен байланысты болады. Осыған орай сақтандырудың жалпы және өзіндік әдістері қолданылады.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру әдістері – бұл күтіліп отырған валюта бағамының өзгеруімен немесе алыпсатарлық арқылы пайда алумен байланысты туындаған тәуекелден толық немесе жартылай жалтарып кетуге мүмкіндік беретін операциялар. Хеджирлеу – болашақта айырбас валюта бағамдарының өзгеру ықтималдылығын ескеретін және осы өзгерістердің қолайсыз зардаптарын болдырмау мақсатын көздейтін шұғыл контрактылар мен мәмілелер жасау жүйесі.
Нақты хеджирлеу (мәміле жасау мен тауарды жеткізу арасындағы уақытта бағаның өзгеруінен болатын жағымсыз өзгерістерден сақтандыру мақсатындағы қорғаныс операциялары) әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • құрылымдық теңдестіру (активтер мен пассивтер, кредиторлық және дебиторлық борыштар);

  • төлем мерзімдерінің өзгеруі;

  • своп үлгісіндегі (типіндегі) операциялар;

  • опциондық мәмілелер;

  • қаржылық фьючерстер;

  • шетелдік валютамен несие беру және шетелдік валютамен инвестициялар салу;

  • валюталық берешектерді қайта құрылымдау;

  • қосанжарлы (параллельді) ссудалар;

  • лизинг;

  • шетел валютасындағы талаптарды дисконттау;

  • «валюта себетін» пайдалану;

  • банк филиалдарының төлемдерді «өсіп отырған» валюталармен жүзеге асыруы;

  • өзін-өзі сақтандыру.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, 2-6және 11 әдістері қысқа мерзімдік хеджирлеу үшін, ал 7-10, 13 және 14 әдістері ұзақ мерзімдік хеджирлеу үшін қолданылады. 1 және 12 әдістері барлық жағдайларда табыспен пайдаланылады, ал 9 және 13 әдістерін шетелдік филиалдары бар компаниялар мен банктер қолданады.
Құрылымдық теңдестіру (балансировка) осы өзгерістерден банктің басқа позициялары бойынша алынған пайдаға валюта бағамының өзгеруінен болған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін активтер мен пассивтер құрылымын ұстап тұруға ұмтылуынан тұрады.
Төлем мерзімдерін өзгерту валюталар бағасы немесе төлем валюталары бағамдарының (төлем валюталары бағамының көтерілуін күту жағдайында тауарлар мен қызметтерге мерзімінен бұрын төлем жасау немесе керісінше бағамның төмен түсуін күту жағдайында төлемді кешіктіру; пайдаларды репатриациялауды жеделдету немесе баялату, несиелердің негізгі сомаларын өтеу және пайыздар мен дивидендтерді төлеу; шетелдің валюта қаржысын алушының түсімдер конверсияларының мерзімдерін ұлттық валютаға реттеуі) күрт өзгеруін күту жағдайында қолданылатын есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімдерімен алаяқтық (манипулирование) жасауды білдіреді.
Форвардтық мәмілелер – шетел валюталарын сатып алу – сату операциялары бойынша тәуекелдерден жалтару мақсатымен қолданылады және уақытында жеткізуді қарайды. Мәміленің маңызы мынада: төлем валюталары бағамының көтерілуінен сақтанған импорттаушы банкке ертерек өтініш білдіреді және бұл оған валютаны төлем мерзіміне жақындатылған жеткізіп беру мерзімімен сатып алу құқығын береді. Қарапайым түрде қарсы әрекет жасайтын экспорттаушы валюта тәуекелдерін сақтандыруды форвардтық операциялардың көмегімен жүзеге асыра алады.
«Своп» үлгісіндегі (типіндегі) операциялар форвард жағдайында одан кейін кері операциялар жасау арқылы «Своп» жағдайымен шетел валюталарын сатып алу кезінде жасалады. Мұндай мәмілелер нәтижесінде банктер халықаралық есепайырысулар үшін қажетті валюталарды сатып алады және өзінің валюталық позицияларын жабық ұстайды.
Опциондық мәмілелер – сатып алушы белгілі бір мерзім ішінде немесе белгіленген баға бойынша шетел валютасының қосымша ескертілген (оговоренную) сомасын сатып алатын немесе оны сату құқығына ие болатын контрактының түрі. Опционның иегеруі тап болатын тәуекел барлық жағдайда опцион бағасымен күні бұрын шектелген болады, ал ұтысқа шығуы теориялық тұрғыдан шектелмеген. Опциондық мәмілелер «форвардтық» операциялардан кәсіпорынның немесе банктің таңдау құқығын сақтайтындығымен, операцияның тиімділігін арттыратындығымен ерекшеленеді.
Қосанжарлы (параллель) ссудалар - әртүрлі елдерде орналасқан кәсіпорындар мен банктердің бір-біріне ұлттық валюта түрінде несие берулері болып саналады. Екі ссуда да тура сол бір мерзімге беріледі.
Төлем талаптарын шетелдік валютамен дисконттау векселдер дисконтының бір түрі болып саналады және банкке шетел валютасы түріндегі берешектерінің жиынын ұлттық (немесе өзге шетел валютасымен) валютаға айырбас түрінде тез арада төлеу құнын талап етуді банкке беруді білдіреді.
Осындай операциялар форфетирлеу деп аталады.
«Валютаның орташа мөлшері» - белгілі бір сәйкестікте алынған валюталардың жиыны.
Өзін-өзі сақтандыру тәуелсіз және жарыспа түрде жоғарыда сипатталған өзге де хеджирлеу әдістері арқылы қолданылады. Ол валюта бағамының өзгеруінен болуы мүмкін шығындардың көлемі күні бұрын бағаға енгізілетіндігінен және сақтандыру қорын құру үшін пайдаланылатындығынан тұрады.
Банктің хеджирлеумен байланысы екіжақты түрде көрінеді. Біріншіден, банк меншікті валюталық ресурстарын басқару кезінде валюталық сақтандыру тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген әдістерін күнделікті тәжірибеде қолдануы мүмкін. Екіншіден, хеджирлеу жағдайларында банктің өз клиенттеріне ұсынатын (клиенттерге кеңестер беру) қызметі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет