Дәріс мәтіндері дәріс №1 ХІХ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай және қазақ Әдебиеті


Дәріс №12 Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы (1845 -1904 )мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі



бет18/28
Дата01.03.2024
өлшемі0.58 Mb.
#493872
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
дарис

Дәріс №12


Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы (1845 -1904 )мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі


Абай енгізген жаңалықтар
Бірінші, ең алдымен Абай түр-мазмұнының түрі болуы ерек, ұлттық түр, әлеуметті к,адам баласылық идеяны айтып беру үшін жұмсалуы керек, әр сөз мағына жағынан дәл, пікірі анық, түсінуге жеңіл және сөйлемде екі ұшты не ойға қатысы жоқ сөз болмауы керек деген принципті ұстады.
Екінші, Абай қазақ тілінің араб, парсы, татар сөздерімен шұбарланып, қазақ тілінде деген кейбір өлеңдерді қай тілде екенін айыру қиын халге жеткен кезінде тарихи сахнаға шығып, қазақ тілін орынсыз шұбарлаушыларға аяусыз соққы беріп, ана тілін таза сақтады.
Үшінші, қазақтың өзіне дейінгі тіл байлығын, шығыстың, орыстың классик поэзияларының үлгілерін меңгеріп отырып, қазақтың әдеби тіліне дейінгі әдебиеттерде қолданылмаған жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді.Әрине, Абай енгізген жаңалықтарын жасанды сөздерден ойдан сөйлем құрастырған жоқ. Бұрынғы әдебиеттерде қолданылмаған, бірақ қазақтың сөздік құрамында бар сөздерді пайдалана білді. Абай сөздік қор мен сөздік құрамдағы бар сөздердің мағынасын шыңдай түсті. Сөйтіп ол қазақта сол сөздердің соны байланыстарын тауып, оны қазақтың әдеби тілінің классикалық үлгісіне айналдырды.
Төртінші, қазақ әдебиетінде ескіден келе жатқан ой-сананың сәбилік, бала кезімен байлынысты туған тілдегі әсірелеудің, литоталық поэтик тілдерді ескілік санап, оның орнына өмір шыңдығымен нық байланысты, өмір құбылысын суреттеудің жаңа әдісін ұсынды. Әр образ, әр суреттелген көрінісінің негізінде шындық болуы керектігінің айқын үлгісін көрсетті.
Бесінші, бұрынғы әдебиетте болса да, әлі дәуірлей алмаған сатиралық әдіс, оны өткір құралы саналатын сарказм, иронияларды ең жоғарғы сатыға көтеріп, халық тіршілігіне зиянды іс-әрекет, мінез-құлықтарды шенеудің күшті қоры етті.
Алтыншы, Абай өзіне дейінгі әдебиетте жоқ, адамның ішкі сезім дүниесін тікелей суреттеу әдісіне соныдан жол салып, жан-күйді суреттеуде дүние жүзінің аты шулы ақын, жазушыларының шығармаларымен тең түсетін шығармалар беріп, өзінің асқан шеберлік, ұсталығын ұрпаққа өнеге ретінде қалдырды.
Жетінші, Абай қазақтың өзіне дейінгі ауыз әдебиеті, тарихи әдебиетіндегі ақыл, нақыл сөздерінің үлгісін ала отырып дамытты, ілгерілетті. Сөздің бұл түрлерін тек бұрынғы шеңберлерінде қалдырмай, философиялық ойлау шегіне жеткізді. Қиюын тауып қалай білсе, қазақтың сөз байлығымен де терең – терең философиялық ой-пікірді айтып беруге болатындығын айқындап, философиялық ой-пікірді қалай айтып берудің үлгілерін қалдырды.
Сегізінші, қазақтың бұрынғы әдебиет нұсқаларында тек параллелизм түрінде ғана кездесетін табиғат құбылыстарын суреттеуді өз алдына өлеңнің бір жанрының түрі дәрежесіне жеткізіп, сұлу пейзаждық өлеңдерін жасады.
Тоғызыншы, орыс әдебиетінің ұлы классик ақындарының өлеңдерін аударып, олар арқылы дүние жүзілік әдебиетке қол созды. Қазақ жұртшылығын жер жүзінің даңқты ақын, жазушыларының сөз, идеяларымен таныстырып, классик аудармалардың үлгі, өнегелерін кейінгілерге сабақ етті. Орыстың ұлы ақындарын терең түсініп, аудара отырып, олардың үлгісімен қалай жаңа сөз, сөйлемдер құру және оларды қазақтың ұғымына жатық, көңіліне қонымды етіп шығару әдістерін көрсетті. Сөйтіп, қазақтың әдеби тілін байыту, күшейтуде бұл мүмкіншілікті де толық пайдалана білді. Дүние жүзілік әдебиетпен өзінің жақсы таныстығы арқасында, адамның мінезін суреттеу әдісі, кейде “ диалог” түрінде, кейде “қыстырма сөз” түрінде, сөйлем араларында қолданылатын “төл сөздердің” өзіне шеін әдебиетте болмаған жаңа үлгілерін жасады.
Оныншы, поэзияның әлеумет өміріндегі мәні мен орны үлкен екендігін терең түсініп, шын мәніндегі көркем поэзия жасаудағы негізгі құрал тіл екендігін дұрыс ұғынып, оған айрықша көңіл бөлу керектігін танытты. Тілді бағаламаушылыққа, оған жүрдім-бардым қарап, сөз “ қадірін” кетірушілікке, ар мен ақындық міндетін арзандатып, “мақтау” өлең айтушылыққа тағы басқа осылар сықылды сөздің мазмұнын және искусстволық қасиетін төмендетушілікке., түр қуалап жасанды сөз, шындықтан тыс образ жасаушылыққа да күрес ашып, сөздің әрі көркем, әрі түсінікті, әрі мазмұнды болуын талап е тіп, өзі оның айқын нұсқаларын жасап берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет