ДӘРІС МӘТІНДЕРІ
Дәріс № 1
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХИ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ХІХ ғасырда экономика, өнеркәсіп, мәдениет дами түсті. Ресей патшалығы қазақ елін билеу ісіне тікелей араласты. Қазақ хандығын жойып, аға сұлтандарың балаларына ауысып келетін хан билігі орнына сайланып қойылатын өкімшілік орнатылды. Бұл тәртіп қазақтың әкім-билерін патша ұлықтарының өзіне тәуелді етіп өз қолдарында ұстауына мүмкіндік берді. Ұлықтардың келісімінсіз, ұйғарымынсыз ешбір сұлтан әкімшілік өз бетінше дербес іс жүргізе алмады. Ақсүйек, төре тұқымдары хан атағын сақтауға тырысты, ұлықтар ішінара болса да санасуға тырысты. Мысалы, Жәңгір хан өле-өлгенінше Бөкей ордасының ханы болып есептелді. Басқа жүздің хандарынаң айырықша құрмет көрсетіп, қазақ даласына ықпал етудің қолшақпарына айналдырды. Еділ мен Жайықты мекендеген кіші жүздер сырт елдермен көп байланыс жасай алмады. Тек Ресеймен тікелей байланыс жасап, өз хандығының экономикасын нығайтуды, патшаға адал қызмет атқаруды ойлады. Бөкей ордасына қарасты құнарлы жер шонжарлардың меншігіне беріледі... Шаруалар жер қысымына тап болады. Шұрайлы жер феодалдардың иелігінде болды... Жерді пайдаланғаны үшін феодалдарға ақшалай, малмен, өніммен ақы төлеуге мәжбүр болды. Жәңгір ханның тұсында халықтың берекесі қашты, алым-салық көбейді. Ханның салық жинаушылары қарулы жасауылмен шығып, қолма-қол жинап отырды . Ішкі Орда шаруалары жер қысымына қатты ұшырады... Беріш руынан Исатай Тайманұлы мен М.Өтемісұлы сияқты өжет ерлер көтеріліп халық кегін алу үшін ханға қарсы атой салды. 1836-1837 жылдары көтеріліс шарықтау шегіне жетті-халық қаћарының, ел намысының іште қайнаған ыза-кегі жалынша лаулап жалпақ елді шарпыды...Сол кездегі қазақ арасындағы Ресей патшалығына деген наразылықты Орта Азия хандықтары өз мүдделеріне пайдаланып қалуға тырысты... Оңтүстік Қазақстан жеріне сұқтанған Қоқан Хиуа бектері, өз хандықтарына шектес жерлерін басып алып, өздерінің әмірлерін жүргізуге әрекеттенді. Хиуа ханы Кіші жүздің Ресейге наразы төре-сұлтандарымен байланыс жасап, оларға қару-жарақ беріп, елден зекет жинатты. Қоқан ханы Оңтүстік өлкені өзіне қаратып, ауыр алым-салық жинатты. 1821 ж. Қоқан басқыншыларына қарсы Тентек төре бастағап қозғалыс басталды, бірақ қазақ бай-манаптарының берекесіздігінен көтеріліс сәтсіз аяқталды. Бұдан кейін 40-шы жылдары Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс келіп жетті... Қалың қазақ бұқарасы орыс халқына қол ұсынып, айналасына топтасты... жер өңдеу, сауда-саттық, отырықшылдық тұрмыс, оқу, мәдениет әсерін тигізді... Кіші жүз Әбілқайыр... Хандық мақсаттағы қозғалыстар феодалдық идеологияны күшейтті.(Х.С.) Бірақ халық оларды түсінді, ел намысын қорғап жүрген ардагерлер етіп көрсетуге: Байтөқ, Жанұзақ, Нысанбай, Досқожалар Жәңгір, Кенесары, Наурызбайларды дәріптеді...
ХІХ ғасырда екі түрлі идеялық ағым қалыптасты. Еңбекші халықтың мүддесін көздеген бұқарашыл әдебиет (Махамбет, Шернияз, Арыстан, Сүйінбай т.б.). Екіншісі-феодалдық идеядағы ескішіл әдебиет ағымы. XlX ғасыр әдебиетінің негізгі бітім болмысы саяси-тарихи жағдайлары Халел Досмұхамбетұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Х. Сүйінішәлиев, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, М. Мырзахметов, М. Мағауин, А. Жақсылықов т.б. ғалымдар еңбегінде жан-жақты қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |