Дәріс. Пәннің мақсаты және педагогтың әдіснамалық мәдениеті


Теориялық талдау мен жинақтау әдісі



бет17/44
Дата04.03.2023
өлшемі163.97 Kb.
#470371
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Лекция топтамасы- гыл-2023 (4)

Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.
Педагогикалық зерттеу әдістері - оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары.
Педагогикалық зерттеу әдістемесі – педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен реттеу тәсілдері, жолдарының жиынтығы, нақты ғылыми мақсатқа жетуде жүйелі қолдану мен алынған нәтижені түсіндіріп талдап көрсету.
Зерттеу әдістерін талдау принциптері:

  • бірнеше зерттеу әдістерін пайдалану арқылы ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде кең көлемді материал алынады. Педагогикалық құбылыстар мен процестер өте күрделі болғандықтан зерттеу нәтижесі түрлі факторлар мен шарттардың әртүрлі болуына ықпал ететіндей болуы керек.

  • Зерттеу әдістерін талдауда зерттеуші мен зерттелушінің мүмкіндігін және құбылыстың мәніне қарай таңдау қажет. Мысалы,бастауыш мектеп балаларына жазбаша сұрай түрлері анық, түсінікті болып, 2-3 топта бастап қолдану керек.

  • Зерттеу әдістері адамгершілік нормаларға қайшы келсе, зерттеуге қатысушыларға және оқыту-тәрбиелеу процесіне зиян келтіретін жағдайда тоқтату керек.

Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша: әрекеттік, жеке тұлғалық, жүйелілікпен келу керек.
Әрекеттікпен келу педагогикалық құбылысқа әрекеттің бүкіл компоненттерінің тұтастығы позициясымен, яғни мақсаты, мотиві, әрекеті, операциясы, ретке келтіру жолы, жөндеу, жеткен нәтижені бақылау және талдау.
Жеке тұлғалықпен келу – бүкіл педагогикалық процеспен құбылысқа жеке тұлғалық позициямен қарау, оның құрылымын, даму заңдылығын ескеру.
Жүйелілікпен келу – зерттелетін педагогикалық құбылысты және оның арасындағы байланыстың көптеген эелементін анықтау. Зерттелуші объектіні жүйе ретінде, оның элементін, олардың арасындағы байланысты және оны жіктеп, құрылымын және ұйымдастыруды, тұтастай білім беру ретінде басқару жолдарын анықтауға бағытталады.
Басқа ғылымдар тәрізді педагогика ғылымында бірнеше жалпы ғылыми зерттеу әдістері қалыптасқан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет