№ 14
Дәріс
|
Синтаксис, салалары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу. матасу, меңгеру, кабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып белінеді. Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі- интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: I) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Грамматика:
А) Тілдің құрылымы, морфологиялық категориялар мен тұлғалар, синтаксистік категориялар мен құрылымдар, сөзжасам тәсілдерінің жүйесі
В) Лексикалық мағынаны зерттейді
С) Фонетика саласы зерттейді
D) Сөздің тура мағынасын зерттейді
Е) Фразеология саласын зерттейді
2. Сөз тіркесінің құрамына қарай түрлері:
А) Күрделі сөз тіркесі
В) Жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі, аралас сөз тіркесі
С) Жалаң сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі
D) Аралас тіркес
Е) Еркін сөз тіркесі
3. Сөйлемнің құрылымына қарай түрлері:
А) Бастауыш-баяндауыштық
В) Жалаң сөйлем, күрделі сөйлем
С) Жай сөйлем, құрмалас сөйлем
D) Құрмалас сөйлем, хабарлы сөйлем
Е) Лепті сөйлем, сұраулы сөйлем
4. |